т.ғ.к., Рахманова Ж.С.,  т.ғ.д., профессор Немеребаев М.Н.,

магистрант Сейтбек Е.Ж., студент Жамалбай А.

Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті

Қазақстан Республикасы

 

Жанармайдың өндірілуі мен көрсеткіштерін талдау

 

Ғылыми техникалық және әлеуметтік жетістік әр уақытта пайдаланатын энергияның өсуімен және жаңа тиімдірек энергия қорларын қосумен анықталынады. Қазіргі адамдардың өмірін жарықсыз, телерадиосыз, қазіргі тұрмысқа керекті техникасыз және жол көлігінсіз ойға алу қиын. Энергиясыз кибернетиканың, автоматты жүйенің, есептеу техникасының, атом энергиясын өндіру және космостық техниканың және т.б. өсуі мүмкін емес.

Сондықтан энергияның және оның қорларының пайдалануы күшті қарқынмен әсіресе ХХ ғасырда өсті. Дүние жүзінде энергияны пайдалану әрбір адамға есептегенде 1950 ж. ғасырдың басы мен салыстырғанда 2 есе өсті. Келесі 2 есе өсу 1975 ж. болды. Осы кезде мұнай мен электр энергиясының 2 есе өсуі 10-12 жылдардың ішінде болды. Мұндай өсу жер жүзі халқының тез өсуімен және олардың сыбағалы энергия қажет ететін көздерінің өсуімен байланысты болды. 1975 ж. дүние жүзінде әрбір адамға есептегенде энергияның орташа пайдалануы 2,2 шартты жанармай тонна (ШОТ) өлшемінде болды. Бірақ оның пайдалануы елдер арсында бірдей емес.

Көптеген өркендеуші елдерде ол 0,2 ШОТ болса, ал АҚШ және ГФР – 12 және 6 ШОТ тиісінше. Келешек болжам бойынша, ХХ ғасырдың аяғында - 6 млрд адам шамамен 2,5,-3,0 ШОТ энергияны жылына әрбір адам басына шаққанда пайдаланады, немесе жер жүзіндегі адамдар жылына 15-18 млрд ШОТ пайдаланады. Осы жанармайның басым көпшілігі қатты органикалық жанғыш заттардан тұрады. Бүкіл дүние жүзінде органикалық жанғыш заттар қорының 90% астамы қатты жанғыш заттарға жатады (тас және қоңыр көмірлер, антрацист, сланецстер, торф және т.б.) Олардың мәні маңызы және үлесі, сұйық пен газ түрінде жанғыш заттармен салыстырғанда, бұрын және ХХ ғасырдың жартысына дейінгі уақытта, басымдау болды және қазір дүние жүзілік экономикада жоғары деңгейде қала береді. Негізгі қазылымды қатты жанғыш заттардың негізгі мөлшері энергетикалық жанармай есебінде пайдалануда. Көмірлерді химиялық өңдеуден ең көп қолданатын өнімі кокс-қара және түсті металургия негізінен құраған және құрай береді. Ал, оның сұйық бөлігінен – шайырдан көптеген құнды коксхимиялық өнімдер: бояулар, лактар, тыңайтқыштар, қопарғыш заттар, дәрілер, антисептиктер, жұтылушы және байланыстырушы материалдар, көміртекті және графитті заттар және т.б. алынады. Әсіресе мұнай мен газдың экономикалық маңызы өте жоғары.

Мұнай және газ-теңдесі жоқ өте құнды пайдалы қазба. Оларды өңдеуден шыққан өнімдері жәй тұрмысқа да және мемлекетті қорғауға да қажет. Олар өндірістің барлық саласында, көліктің барлық түрлерінде, соғыс және азаматтық құрылыста, ауыл шарушылығында, үй қызыметінде, энергетикада және т.б. қолданылады. Соңғы бірер онжылдықта мұнай мен газдан көп мөлшерде әртүрлі мынадай химиялық материалдар ала бастады: пласмассалар, жасанды талшықтар, жасанды каучук, лактар, жуғыш заттар, минералды тыңайтқыштар және басқа. Мұнайды бекер «қара алтын» деп атамайды.

Табиғи газ - бұл тек қана электр энергия, жылу алу үшін жоғары сапалы жанармай емес, сонымен қатар өндірісте, оның ішінде әсіресе химия өндірісінде көп қолдалынады. ХХ ғасырдың мұнай мен газдың дәуірі деп атайды. Бұл кездейсоқ емес, себебі дүниежүзі мемлекеттерінде елді мұнай мен газ қорымен қамтамасыз етуге баса көңіл аударылуда және солай береді. Мұнай мен газ мемлекеттердің тек қана экономикалық және техникалық потенцияларын анықтап қана қоймай, сонымен қатар саясатын да айқындайды.

Қазіргі кезге дейін мұнайды пайдалануды энергиялық және көліктік бағыт негізгі және басым болып отыр (өндірістің шамамен 90% дейін ), былайша айтқанда оны энергетикада және көлікте қозғалтқыш жанармай түрінде қолданылуы (автобензин, реактив дизель және қазан жанармайы) басым. Бұл жағдайда мұнайдың басқа жанғыш қазбалардың арасында арзандығымен, жоғары колориялығымен, ыңғайлылығымен, «тазалығымен» және жоғары концентрациялы энергия қоры болуымен және іс жүзінде қозғалтқыштар жанармай өндіруде жалғыз көз екендігімен түсіндіріледі. [22]

Жалпы мұнайды дүние жүзілік экономикада пайдалану бағытында оның электр және жылу энергетикада үлесін қазан-пеш жанармай есебінде қолдануды азайту, ал оның көліктік қозғалтқыш жанармай және мұнай химиялық шикізат есебінде көбейту көзделген. Мұнайдың пайдалану құрылымының былай өзгеруі соңғы жылдарда оның ішкі жану қозғалтқыштары бар көлікте қолдалынуы, энергетикадағы қолданылуының өсуіне қарағанда, жедел болғандықтан, былайша айтқанда, қозғалтқыштандырудың электрлендіруден көп ілгері болғандығынан деп түсіндіріледі.

1 кесте - Дүние жүзі экономикасында мұнайдың пайдалану құрылымы, %

 

1980 ж.

1985 ж.

2015 ж.

1

 

Көлікте,

сонымен бірге автомобиль көлігінде

38,6

 

27,8

43,3

 

32,0

54

 

41

2

Электр және жылу энергетикада (қазан – пеш жанармай)

51,5

 

46,1

 

31

 

3

Мұнайхимия

5,2

5,9

10

4

Энергетикадан бөлек пайдалану (майлар, битум, парафиндер, кокс және б.)

4,7

4,7

5,0

 

 

Қазіргі кезде мұнайхимия үлесіне пайдаланып жатқан мұнайдың аз мөлшері ғана (шамамен 6 % мас.) келеді. Әртүрлі елдерде бұл үлес 2-8 % арасында (Батыс Еуропа елдерде бұл үлесі 2-8 % арасында (Батыс Еуропа елдерінде 7-8 %, бұрынғы КСРО және АҚШ - та 4-5 % ). 2003 ж. дүние жүзінде мұнайдың мұнайхимия мұқтажына пайдалануы күшті қарқынмен өсіп, ол 10 % құрайды. ХХ ғасырдың соңында мұнайхимия мұнайды пайдалануда жалғыз бағыт болып қалуы мүмкін. Жанармай бағытының келешегінің барлығын ескере отырып, олардың кекмшіліктерін де атап өткен жөн. Өндірістің бұл саласы табиғатқа мынадай теріс әсер етеді:

- ауаны, суды және жерді қатты бөлшектер мен механикалық ластау (тозаң, күл);

- химиялық, радиактивті, иондану, жылу, электромагнитті, шу және басқа ластау түрлері;

- көп мөлшерде суды, жерді және ауа оттегін жұмсау;

- өте күшті парник эыфектісінің болуы, жердің биосферасының температурасының біртіндеп көтерілуі және планетада апат болу қаупі.

 

Қолданылған әдебиеттер

1 Назарбаев Н.Ә. Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы.// Егеменді Қазақстан, 2009, 19 қаңтар,Б.1.

2 Омаралиев.Т.О. Мұнай мен газ өңдеу химиясы және технологиясы.-Алматы: Білім, 2004.- 399б.

3 Сарданашвили А.Г., Смидович Е.В. Мұнай шикізатынан жанармай өндіру.-М, 2004.

 4 ҚР жанармай-энергетикалық балансы –Статистикалық мәліметтер.-2011

5 Богомолов О.Т. Страны социализма в международном разделении труда.-М., 2010.- 125с