Технические науки/ 9.Автоматизированные
системы
управления на производстве
Жаппарова А.К., РhD, докторы
Мукаева А.М., т.т. магистры
М.Х.Дулати
атындағы Тараз мемлекеттік университеті
Эргономикалық жобалау принциптерін қолдану негізінде балалар
киімдерін жетілдіру
Кіші жас категориясындағы балалар үшін
киімдерді өндірушілердің негізгі шешімі олардың физикалық және моральдық денсаулықтарын
сақтау болып табылады. Организмнің психофизиологиялық жас
ерекшеліктеріне сәйкес әдемі және ыңғайлы балалар
киімдері баланың өмірге табысты бейімделуіне ықпалын
тигізеді.
Сапа деңгейі жоғары
бәсекегеқабілетті балалар киімдерін заманауи эргономикалық
жобалау әдістемесі, В.Я Сурженко., В.Е Романова., Е.Б. Кобляков
еңбектерінде негіздері тұжырымдалды.
Балалар киімдерінің белсенді пайдалану мерзімін ұзартуға ұмтылу, әрдайым жобаланатын құрылысының негізсіз өсуіне әкеледі, яғни бұйымның эстетикалық қасиетіне әсер етеді. Бұл балалар денесінің өлшем белгілерінің жас және эргономикалық динамикасы есебімен жобалық параметрлерін әдістерін жетілдірудталап етеді.
Балалар бұйымдарына арналған
киімдердердің статикалық сәйкестігінің ерекше
маңыздысы болып динамикалық ыңғайлылық табылады.
Сондықтан ескеру керек, әр түрлі жастағы балалардың
қозғалу ерекшеліктері бар (қозғалыс амплитудасын
негіздейтін, бұлшық еттің даму дәрежесі), яғни ол динамикада балалар дене
өлшемінің өзгеруі шамасына әсер етеді. Мектепке дейінгі
және жоғарғы сынып оқушыларының
қозғалысы туралы бұрын жүргізілген зерттеулердің
нәтижелерін кіші мектеп жасындағы балалардың киімдерін жобалау
кезінде психофизиологиялық жас ерекшеліктеріне қолдануға
мүмкіндік бермейді.
Осылайша балалар киімдерін жобалау саласында қол жеткізген прогресс нәтижелері, кіші мектеп жасындағы балаларға арналған киімдердің эргономикалық тиімді конструкциясын (статика және динамикада балаға ыңғайлы болу) құру міндетіне қарамастан, ол әлі күнге дейін өзекті болып табылады.
Физиологиялық
жағынан баланың белсенді қызметінің сыртқы
көрінісі болып қозғалыс табылады.
Типтік
қозғалыстарды тиімді жүзеге асыру негізінен баланың дұрыс
дене бітіміне байланысты болады. Тіпті ең босаңсыған
дене бітім абсолюттік тыныштықта болмайды, бұл сондай –ақ тонустық
бұлшық еттің қызметін жүзеге асырады. Айта кету керек, дене
бітімнің қалпы, оның ыңғайлылығы негізінен
екі жағдайға байланысты болады: тірек ауданы мен ауырлық
күшіне және дене бөлшектеріне сәйкес орналасуына
әсер ететін тонустық бұлшық ет топтарының тартылу
шамасына.
Ұсынылып отырған
жұмыстың бірінші сатысында жылдың әр мезгілінде
белсенді жұмыс күндері кіші мектеп жасындағы балалардың
қозғалысы мен дене бітіміне зерттеу жүргізілген. Зерттеуді
кино мен суретке түсіру әдістерін қолданып жүргізді. Салыстырып
талдау нәтижесінде суреттегі балалар дене бітімі мен
қозғалысында параметрлерді өлшеу негізгі екі топқа типтелген
және жіктелген: тұрған кездегі дене бітімінің
қозғалысы және отырған кездегі дене бітімінің
қозғалысы.
Осы топтардың
әрқайсысы үш топ ішіне біріктірілген
қозғалыстарды қамтиды: жоғарғы қолдың
қозғалысы, төменгі аяқтың қозғалысы
және дененің қозғалысы. Жоғарғы
қолдың қозғалысы әр түрлі болады, ең
негізгісі болып әр түрлі бұрышта шынтақ буынында
бүгі және созу, иық буынында бұру (алға-артқа,
жанына).
Төменгі
аяқтың негізгі қозғалысы: төменгі аяқ
арқылы рессорлық функция мен тірек-қимыл
қозғалысын (жүргенде, отырғанда) орындайтын тірек
функциясына байланысты –қозғалыс. Ал дененің жасаған
қозғалысына бүгілу және созылу (алға және
артқа, жанына еңкею) жатады.
Балалардың бос уақытында дене бітімдерінің әрдайым өзгеріп отыратындығын атап өтуге болады, осымен дененің жұмыс істеуі мен еттің тартылуын қайтадан топтау арасындағы жүкті қайта бөлуді қаматамсыз етеді. Осылайша «тұрған» дене бітімі энергиялық шығынды көп талап етеді (шамамен «отырған» дене бітіміне қарағанда 10% көбірек). Сонымен қатар, «тұрған» дене бітімінде ағзаның шаршауы тез келеді.
Сонымен қатар, осы жастағы балалар 4-5 сағат мектепте сабақта болады, сондықтан негізгі дене бітімі «отырған» болып табылады. Мұндай дене бітімде дененің тұрақтылығы артады, осындай дене бітімді қолдауда ағзаның энергия шығыны айтарлықтай қысқарады. Бірақ бала қосымша қамқорлығынсыз қалған кезде, мысалы дене бітімі «корточкада» ойнаған уақытында, «отырған» дене бітімі белгіленген.
Баланың негізгі жоғарғы қол қозғалыстары - бел деңгейінен жоғары тұратын, шынтақта жартылай бүгілген қол. Сондай-ақ өте өзгеше қозғалыстар болып тігінен 4 ден 850 денені бұрып қолды алға созу болып табылады. Бұл қозғалыстың түрлерін киімдерді құрастырған кезде ескеру қажет, себебі олар белгілі бір өлшем белгілерінің өзгеруіне әкеледі, демек еркін қозғалысқа берілген қосымшаларға әсер етеді. Талдау нәтижесінде көбінесе баланың жасайтын қозғалыстары «ыңғайлы дене бітім» тобына жатады. Кейбір физиологтар айтады, ең дұрыс «отырған» дене бітімі омыртқасы тік, тізе буынында түзу бұрышпен аяғы бүгілген және басын көтеріп тұрған дене болып табылады.
Мектепте және үйде, көшеде эксперименттер барысында жасалған, балалардың қозғалыстарының барлық процестері, отыру, еңкею және тағы басқалары фотосуреттер мен фильмдерде жазылған, олар балалардың негізгі қозғалыстарын көрсетеді. Бұл жастағы балалардың жіктелген типтік қозғалыстары эргономикалық схемалар түрінде жазылған .
Айта кету керек, балалар
киімдерін жобалау кезінде, типтік қозғалысты орындағанда антропометриялық
нүктелер мен дене бетінің арасындағы арақашықтықтың
өзгеруін ескеру қажет. Сондықтан зерттеудің екінші
сатысында типтік қозғалысты орындаған кезде балаларға
арналған иықты және белді киімдердің
құрылыс параметрлерін есептеу кезінде нақты мәлімет болып
табылатын, өлшем белгілерінің өзгеруіне талдау
жасалған.
Өзінің мәнін айтарлықтай ұлғайтатын өлшем белгілерінің бір қатары, дененің осы бөліктеріне жабысатын киімнің бөліктері, созылу мен жыртылу деформациясына тап болады. Осындай өлшем белгілеріне: артқы бойдың ені, белге дейінгі артқы бойдың ұзындығы, қиғаш иық биіктігі, бел сызығынан отыру жазықтығына дейінгі арақашықтық, қолдың минус тік диаметріне білек айналдыра сызығына дейінгі қолдың ұзындығы, бел сызығынан тізеге дейінгі арақашықтығы жатады. Сонымен қатар негізгі өзгерістерге келесі киім бөлшектерінің конструктивтік бөліктері ұшырайды: артқы бой ұзындығы, артқы бой ені, отыру биіктігі, бөксе айналымы, тңзе айналымы, кеде ені, жеңнің шынтақ зонасы мен шалбардың тізе зонасы.
Осылайша белгіленген өлшем белгілері бойынша динамикалқ эффектінің шамасын анықтау қажеттіліг туды. Зерттеудің үшінші сатысында статика мен динамикада фигураның параметрлерін және нақты өлшем белгілеріне өлшеу жүргізілді. Кіші мектеп жасындағы балалардың типтік фигураларына өлшеу жүргізілді. Өлшеу техникасы ЕМКО СЭВ әдістемесіне сәйкес орындалды. Жоғарыда көрсетілген өлшем белгілерінен басқа фигураның келесі параметрлері анықталды:
- тік осьтен (у) тұла бойының ауытқуы;
-
иық пен білек
арасынағы бұрыш (a);
-
бөксе
мен сирақ арасындағы (р1);
-
дене мен бөксе
арасындағы бұрыш (z);
-
әр түрлі
қозғалыстағы қолдың жағдайы (b).
Бұл көрсеткіштердің сандық сипаттамасы сызу жабдықтарының көмегімен фотоматериалдар бойынша анықталған.
Осы алынған шама мәндерінен a, р1,
у, z және b минимальді, максимальді және
орта шамалары таңдалды, сіздің ойыңызша, зерттеу
нәтижелерінің қажетті сенімділігін қамтамасыз етеді.
Өлшем
белгілерінің өзгеруін анықтау үшін жоғарыда
көрсетілген дене бітіміндегі фигура, типтегіге жақын, таңдалған
мәндерді a, р1, у, z және b сақтай отырып осы қозғалысқа
ұқсады. Осылай өлшем байланыс әдісін пайдалана отырып
өлшем белгілерін анықтады. Өлшем белгілерінің
өзгеруін бағалау үшін динамикалық эффект
анықталды.
Мәліметтерді талдап, бір өлшем белгілері үшін
динамикалық өсудің бірнеше шамасы тән,
сондықтан қосымша шамаларды
саралап таңдау қажеттілігі туатынын анықтады. динамикалық эффектіге жауап беретін,
қосымшаның максимальді
шамаларын таңдау керек, өйткені олар күні бойы баланың
әр түрлі қозғалысты орындау кезінде өлшем
белгілері қандай шамаға максималді өзгеруі мүмкіндігін
өте анық көрсетеді.
Осылайша
жүргізілген эргономикалық зерттеу нәтижесінде тәрбие
мен білім беру процесінде барлық заманауи қойылған
талаптарға жауап беретін, балалар киімдерінің ассортиментін жобалау
кезінде қолдануға ұсынылуы мүмкін, кіші мектеп
жасындағы балаларға арналған иықты және белді киімдер үшін негізді және
тиімді қосымшаларды анықтауға мүмкіндік беретін динамикалық
эффектілер.
Әдебиеттер
1. Романов В.Е. Системный подход к проектированию специальной одежды. – М.: Лёгкая и пищевая промышленность, 1982. – 128 б.
2. Коблякова Е.Б., Ивлева Г.И. и д.р. Конструирование одежды с элементами САПР – М.: Легпромбытиздат, 1988. – 464 б.
3. Шамухитдинова Л.Ш. Разработка рациональных ассортиментных
коллекций детской одежды и способов повышения ее долговечности для условий Средней Азии: Дис. канд. техн. наук. М., 1992,- 220 б.
4.
Мачинская Ю.В. Проектирование и
оценка конструктивных параметров
изделий
в эргономическом дизайне специальной одежды:
автореф. дис. ... канд. техн. наук – С-Петербург, 2009. - 20 б.