Абдрақов
Б.Қ.,Қашқынбаева Л.Б., Толтаева Б.С.
Тараз
мемлекеттік педагогикалық институты, Қазақстан
РАДИОБИОЛОГИЯНЫҢ
КЕШЕГІ, БҮГІНГІ МЕН БОЛАШАҒЫ
Радиобиология–бұл
иондайтын сәулелердің әсеріне биологиялық объектілер
мен жүйелердің жауапты реакциясын зерттейтін ғылым. Алайда
бұл анықтама кешегі ғылымның жағдайын
көрсетеді, себебі Чернобыль жағдайынан кейін тірі
ағзаларға радионуклеидтердің созылмалы әсерін
радиоэкологиялық терең бағалаудың қажеттілігі
туды.
Сондықтан
қазіргі кездегі радиобиология жедел сәулелік
зақымдалудың механизмі туралы және оның химиялық
профилактикасы туралы шынайы м атериалдар жинауды жалғастыра отырып,
қуаттылығы аз иондайтын радиацияның әсерінің
салдары туралы сұрақтарға жауап береді [1,2].
Сондай
зерттеулердің арқасында радиация әсерінен туындайтын
биологиялық өзгерістерден ағзаларды қорғау
шараларын табуға және оны жетілдіруге мүмкіндік туды. Алайда
қазіргі кезде осы айтылған мәселелердің өзі де
радиобиология үшін бір жақты болғаны анық болып отыр,
себебі болашақтың ойлауға келмейтін жаңадан міндеттері
пайда бола бастайды. Олар иондалмайтын электромагниттік
сәулеленудің адам ағзасына және
іс-әрекетінің әсеріне бағытталған.
Қазірдің өзінде радиобиология аумағында иондамайтын
сәулелердің адам организміне әсері туралы дәлелдейтін
ғылыми жұмыстар жетерлік. Мысалы, олардың адамның
психикалық іс-әрекетіне әсері жайлы ғылыми
еңбектер баршылық [2].
1896
жылы наурызда Париж музейінің физика профессоры Анри Беккерель уран
тұзының шығатын (α,β- сәулелер) көзге
көрінбейтін сәулелер туралы жаңа құбылыстарды
байқады. Кейін торий да аналогиялық мүмкіндікке ие екені
анықталды. Уран және торий сәулелерінің ашылуы
табиғи радиоактивтілікті зерттеудің бастауы болды. 1898 жылы
Кюри-Мария Склодовская және Пьер деген ерлі зайыптылар полоний және
радиймен бөлінетін сәулелерді зерттеді. Осы екі табиғи
элементтер маңыздырақ болып табылады. 1934 жылы Ирен мен Фредерик
Жолио Кюри ядролық реакцияны жүргізу барысында [27А] α
жаңа түзілістерді анықтаған, ол табиғаттағы
фосфордың радионуклеидтері еді. Осылайша жаңа жасанды
радиоактивтілік элемент физикада дамуын тапты.
1896
жылдың басы радиобиологияның туған күні рентгендік
сәулеленудің ашылуымен сәйкес келеді. Осы уақытта
Петербургтік физиолог Иван Романович Тарханов бақалар мен
жәндіктерге рентгендік сәуле арқылы алғашқы жұмысын
жүргізді. Нәтижесінде ол «Х- сәулесімен тек суретке тісіріп
алу мүмкін емес, оның өмірлік ағзаларға да
әсерін айтты» (И.Р.Тарханов «Известия СПб» биологическая лаборатория,
А.Н.Т.№3.С47).
Тағы
да басқа радиобиолог Ефим Семенович Лондон, 1896 жылы бастаған
зерттеулерін, 1901 жылы П.Кюри және А. Беккерель екеуі бірігіп
жұмыс істеулеріне радиацияның патологиялық әсерін
айтқан және қолайсыз жұмыс істеп жатқанда
радиацияның теріге түсіп күйіп кететінін зерттеген.
Біртіндей
келе радиацияның көрінбейтін өткізгіштілігі тек теріні
зақымдап қана қоймай, сонымен қатар ішкі
ағзалардың тіндеріне, тірі ағзалардың
зақымдануына, жойылып кетуіне әкелетін (Е.С.Лондонның Ресейде
жүргізген эксперименті, Г.Хейнекенің Германияда жасаған арнайы
зерттеуі және т.с.анықталды).
Уақыт
өткен сайын әртүрлі биохимиялық процестердің
өзгерістеріне тіндермен мүшелердегі ферменттердің
активтілігінің бұзылыстарына, қанда токсикалық
заттардың кездесуі (лейтоксиндер). Сонымен қатар биологиялық
эффектілігі (тиімділігі) радиобиологиялық жұмыстардың
көбінесе сәулелену күшті жарылысқа әкеледі.
Бұл радиобиологияның бастапқы суреттелген кезеңінде
тарихы сипатталады. Атомдарға және молекулаларға енетін
радиацияның иондайтын әсері зерттеуде, сандық
дозиметрияның жасалуы радиобиологтардың сәулелену дозасы мен
радиобиологиялық тиімділігін байланыстырататын сандық принциптерін
құруына мүмкіндік берді [3].
Осы
мен келесі кезең – радиобиологияның сандық кезеңі
басталды. Бұл кезеңде «қылмыстың басты
кінәлісіне», яғни сәулелік зақымдау дамуына жауапты
басты өлім жағдайына әкелетін критикалық,
биологиялық, молекулалық және жасушалық
құрылымдарын, сонымен қатар, сәулеленген
ағзаның мүшелері мен тіндеріне іздеу жүргізілді.
Биологиялық тиімділіктің
сәулелену дозаның көлеміне байланысты сандық
заңдылықтарын талдаудада осындай іздеу жүргізілді.
Көптеген келтірілген жұмыстарда бөлінетін жасушалардың,
ядро жасушасының, ДНҚ молекуласының жоғары
радио-сезімталдығы туралы фактілер келтірілген. Генетикалық
сәулелік бұзылыстар сәулеленгеннен кейін бірден
көрінеді, келешекте ұрпақтарында, тіпті, бірнеше
ұрпақ өткеннен кейін ағзада қатерлі ісіктер,
сонымен қатар, генетикалық кемістіктер туатыны айқын белгілі
[4,5].
ХХ
ғасырдың ортасында негізгі иондаушы сәулелермен
зақымдаушы факторлар (әртүрлі сәулелену жоғары
температура, токсикалық заттар, т.б. физикалық және
химиялық әсерлер) секунд ішінде кез келген атом немесе
молекуланың иондауының жоғары активті белгілі болды. Фундаменталдық
ғылыми бағыттар құралды, жалпы және
медициналық радиобиология дами бастады.
Ғасырлар
бойы зерттеулердің қорытындысына қарап,
радиобиологияның негізгі теориялық принципін
құруға болады.
1. Ионизацияланған сәулеленудің жылулық
сәулеленуден айырмашылығы-дискретті, олардың энергиясы
«концентриленген порциямен» беріледі («түсу принципі»).
2. Гетерогенді және иерархиялық құрылымның
радио-сезімталдығы ең бастапқы звеньяны анықтауға
мүмкіндік береді («мишендер», «критикалық мүше»), сонымен
қатар зерттеліп отырған диопазондағы сәуленің
мүшелері, системаның біртіндеп зақымдалуы (гетерогенді
принцип).
3. Сәулелік зақымдалуда басқарушы биофизикалық
процесс болып ионизация және қышқылдатқыш
механизмнің деградациясының биологиялық системасының
күшеюі болып табылады (қышқылдатылған деграция
принципі).
4. Сәулелік ауру – бұл бір-бірімен тығыз
байланысқан комплекстердің бқзылуы (биохимиялық,
физиологиялық және т.б., ағзадағы
сәулеленудің системалық кооперативті жауабының
қорытындысы, системалық жауаптың принципі).
Радиобиологияда фундаменталды зерттеулер тоқтап, тек қана
«бөлімдік», «косметикалық» жұмыстар ғана
қалған сияқты. Бірақта радиобиологияда қайтадан
шығара берді.
1986 жылы Чернобыль апатындағы құпиялардың ашылуы
экологиялық, қазіргі заманға сай радиобиологияның
дамуына ықпал етеді.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
1.
Бак З.,
Александер П. Основы радиобиологии, пер.с англ.М.,1963
2.
Абдрахманов
Ж,Садыков С,Толеутаев К. Медицинская радиобиология, Алматы, 2003
3.
Кузен А.М.
Прикладная радиобиология. М, «Энергоиздат» 1981
4.
Поливода Б.И. и
др. Радиоционное поражение биологических мембран. М. «Медицина»,1990
5.
С.Ордабеков.
Радиобиология, Тараз, 2011 Ж.Абдула
Б.Қ.Абдрақов, Д.Минарбеков, Кулжабаев М.
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты,
Қазақстан
ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ТӘСІЛДЕРІНІҢ ЕМДІК
ӘСЕРІ
Дене шынықтырудың процестері ең алдымен ,
жаттығулар кезеңдегі бұлшық еттердің
жұмысынан көрінеді. Бұлшық еттердің
қимылға келуі ағзадағы қимыл-қозғалыстарды
іске асырады. Осыған байланысты туындаған қуат жүйке
бұлшық еттеріндегі зат алмасуды ретке келтіреді.
Дене шынықтыру тәсілдерінің әсірін
ынталандырушылық әсерлендірушілік, қайтарымдылық
қалыпқа келтірушілік бағыттарында қарастыру
көзделген. (В.К.Добровольский, 1970)
Дене тәрбиесі тәсілдерінің ынталандырушылық
әсері ағзаның физиологиялық жүйесінің
қызметін күщейтуден көрінеді. Ол бұлшық еттер
жұмысы үшін пайдалынатын қуат көзі биохимиялық
құрылымның ыдырауын және қуаттың
бөлінуіне байланысты, бұл бүлінген гомеостаз бен қуат
мөлшерін қалпына келтіруге бағытталған вегетативтік
жүйеде бірқатар реакция тудырады. Қосымша капиллярдың
ашылуы арқасында мәселен, жұмыс істейтін бүлшық
еттерді қанмен қамтамасыз ету бірден күшейе түседі.
Қан айналудың функционалдық жүйесі қайта
құрылады: қан қайта бөлінуге түседі,
соған сәйкес бұлшық ет жұмысына қанмен
қамтамасыз ету күшейеді. Бұған ұқсас
өзгерістер тыныс алуда және басқа жүйелерде
байқалады. Сонымен, дене тәрбиесі тәсілдерінің
ынталандырушылық әсері тіршілік әрекетінің мөлшерін
және оның функционалдық жүйесін өсіреді.
Ауырған кездегі физиологиялық өзгерістер бұлшық
ет жұмысының мөлшеріне , яғни дене жүктемесіне
тәуелді болады.
Дене шынықтыру тәсілдерінің әсер етушілік
ықпалы жалпы алғанда, белгілі бір бұлшық ет
топтарының жұмысымен байланысты болып келетін бұлшық
еттердегі және ішкі ағзалардағы зат алмасудың
өзгеру бағытынан көрінеді. Жаттығуларды арнайы іріктеп
алу мысалы осы не басқа ағзалардағы қызару, ісу
дегендерді жоюға немесе бесендетуге септігін тигізеді.
Дене тәрбиесі тәсілдерінің қайтарымдылық
әсері бейімделу реакцияларын күшейту немесе қайта
құру дегенді білдіреді. Мұндай беімделу реакциялары ағзаның тіршілік әрекетін
қамтамсыз ете отырып, жойылған немесе өзгеріске түскен
қызметін уақытша немесе тұрақты түрде орнын
басуға қызметі нормаға келтірушілік әсері. Дене
тәрбиесі тәсілдерінің бұл емдік әсері
қалпына келтіру жүйесінде кеңінен пайдаланылады.
Қалыпқа келтіру әсер-ықпалының мәні
патологиялық өзгеріске түскен жүйде функционалдық
көрсеткіштер көлемін физиологиялық нормаға дейін
біртіндеп кеңейте беру дегенді білдіреді. Мұндай
қалыпқа келтіру жұмысы дене жаттығуларының
және бұлшық ет жұмысының үнемі
қайталануы машыққа айналдырылуы арқылы іске асады.
Жаттығудың жеке жағдайы ретіндегі дене шынықтыру
жаттығуының қалыпқа түсірушілік
әсер-ықпалы функционалдық жүйелерде физиологиялық
көрсеткіштердің кемуінен көрінеді. Мәселен, тыныс алу
ағзасы ауырған кезде дене шынықтыру жаттығуының
мөлшерін өсіру тыныс алу мен оттегін қажет етуді
азайтуға мүмкіндік береді. Жүрек-қан тамырлар
жүйесі ауырған кездегі дене шынықтыру
жаттығуларының нормаға түсірушілік
әсер-ықпалы жүрек қуатының өсуінен денеге
күш түскендегі жүрек соғысының жиілігін азайтудан
көрінеді. Дене шынықтыру жаттығуларының
қалыпқа тұсіретін әрекеті патологиялық процесі барысында
туындаған, бұзылған қызметті жоюда көрінеді [1,2,4].
Дене шынықтыру жүктемесінің мөлшері. Бұл
термін дене шынықтыру жаттығуларын орындау барысында
бұлшық еттің жұмысына ағзаның
жұмсайтын физиологиялық жиынтық «шағын» білдіреді. Дене
шынықтыру жүктемесін реттеу әдістері денсаулықтың
және фунционалдық көрсеткіштердің қажетті
бағытқа өзгеруін қалпына келтіру үшін
ағзаны үйлесімді өзгерістермен қамтамасыз етеді. Дене
шынықтыру жүктемесі бір жағынан, туындаған
бұлшық ет жұмысының мөлшеріне және
оның белсенділігіне, екінші жағынан,
жүйкелік-психологиялық реакцияға байланысты[1].
Дене шынықтыру жүктемесі мөлшерінің ең
көп тараған тәсілдері мыналар болып табылады дене
шынықтыру жаттығуларының орындау ұзақтығы
жаттығуларды іріктеп алу қайталаулар мөлшері бастапқы
қалыпта таңдау, ауырлық түсіру және
қарсыласуды қолдану, қозғалыс жылдамдығы мен
қалпы. Әр жаттығуды қайталау мөлшері
жүктемені ұлғайтуға ғана мүмкіндік беріп
қоймайды, сонымен қатар жеке студенттің және
зақымданған ағзалардың мүмкіндігіне қарай
күш түсіруді бөліп береді. Бұлшық еттің
жұмыс істеу қарқындылығы мен физиологиялық
өзгерулері студенттің өзін субъективті сезінуіне оның
дене шынықтыру жүктемесіне бейімделу денесіне тәуелді
болғандықтан да, бұл аса маңызды. Бұлшық
еттің бұл тобына жүктемені көтеру қажеттілігі
ауырлық түсіру және қарсыласу тәсілдерін қолдануға
әкеледі[3].
Бастапқы қалып жұмыс істеп тұрған
бұлшық етке күш түсіру деңгейі мен жиынтық
дене шынықтыру жүктемесі үшін аса маңызды.
Студенттің бұлшық ет жұмыс істеп тұрған
қозғалыстың жылдамдығы мен қалпына байланысты.
Аса қатты жылдамдық белгілі бір уақыт ішінде көптеген
жаттығулар орындауға мүмкіндік береді, соған
қарай көп күш түседі[2,4].
Жиынтық дене шынықтыру жүктемесі сабақ өткізу
кезінде барлық жаттығуларды орындау барысында үш
дәрежеге бөлінеді: аз, орташа және көп. Аз
жүктемеге сабақтарда студентке жақсы таныс және
меңгерген қозғалыстарды қолдану арқылы
жеткізіледі. Қайталау мөлшері үш-төрт реттен аспауы
тиіс, орындау жылдамдығы орташа. Қозғалмай тік тұрып
жасайтын жүктеме мөлшері өте төмен болады, күш
түсіру және қарсыласу жаттығулары алынып тасталады. Орташа
қарқындылықтағы жүктемеге жету үшін
сегіз-тоғыз рет қайталанылатын барлық бұлшық ет
топтарына арналған дене шынықтыру жаттығулары
қолданылады. Жаңа жаттығулар енгізіліп, күш
түсіру және қарсыласу тәсілдері қолданылады.
Қарқыны орташа және тез жаттығулар арасындағы
үзілістер азаяды, сабақтың жиілігі артады.
Жоғары жүктемеге жету мақсатында күш
түсірудің түрлі тәсілдерін пайдалана отырып тез
қарқынмен елеулі ауытқулармен ірі бұлшық еттерге
арналған жаттығулар қолданылады [4].
Пайдаланған
әдебиеттер тізімі:
1. Дубровский
В.Н. Лечебная физическая культура М., изд-во «ВЛАДАС», 2001
2. К.
Мустафина Спорттық медицина, Алматы, 1992
3.
С.Төлеуханов,А. Маутенбаев, А. Еланцев, Г. Мадиева Дене шынықтыру
мен спорт түрлерінің физиологиялық негіздері, Алматы,
«Қазақ университеті», 2001
4.
Б.Төтенай Дене тәрбиесі, Астана « Фолиант баспасы! 2008