Бажигалиева М. Б.
С. Аманжолов атындағы
ШҚМУ, Қазақстан Республикасы, Өскемен қ.
Жергілікті өзін-өзі
басқару құрылымының
«қазақстандық»
үлгісін жетілдіру
Президенттің
«Қазақстан 2050» атты Қазақстан халқына
Жолдауында Қазақстан Президенті Н. Назарбаев басқару
жүйелерін орталықтан жергілікті деңгейге
орталықсыздандыру, басқару стратегиясындағы ең негізгі
қағида екендігін атап өтті, яғни «Біз
басқаруды орталықсыздандыруды сауатты жүргізуіміз керек. Орталықсыздандыру
идеясының мәні – шешім қабылдау үшін
құқықтар мен қажетті ресурстарды орталықтан
өңірлік билік органдарына беру. Біз жауапкершілік пен өкілеттіктерді
орталық пен өңірлер арасында бөлу жөнінде нақты шаралар
қабылдауымыз қажет» деп атап өтті.
Билікті
орталықсыздандыру - «басқару өкілдігімен басқару
жүйелерін,
материалды-техникалық, қаржылай және басқа да
ресурстарды, және де жауапкершілікті орталық билік органдарынан
жергілікті билік органдарына беру үрдісі,
төменгі құрылым органдарының өкілеттілігінің
шеңберін жоғарғы құрылымдардың есебінен
кеңейту процесі.
Басқаруды
орталықсыздандыру келесіге мүмкіндік береді:
-
басқарудың тиімділігін
өсіруге;
-
әлеуметтік белсенділікті
арттыруға және басқару үрдісіне
тұрғындардың кең ауқымын қосуға.
Орталықсыздандыру
түсінігінің мәнін анықтау тәсілі:
1)
Орталықсыздандыру – басқару
жүйелерін орталық билік органдарынан жергілікті органдарға
беру, төменгі құрылым органдарының
өкілеттілігінің шеңберін жоғарғы құрылымдардың
есебінен кеңейту үрдісі;
2)
Орталықсыздандыру – басқару
жүйесі, орталықтандыруға қарама-қайшы, яғни
жергілікті әкімшілік органдар мен қоғамдық
өзін-өзі басқару мекемелерінің басқару мен билеу
шегін кеңейту;
3)
Орталықсыздандыру – бұл
азаматтар алдында жауап беретін жергілікті органдарға міндеттерді беру.
Орталықсыздандыру – билеу өкілеттілігін үкіметтен,
оған саяси, қаржылай және экономикалық
тұрғыда тәуелді емес, жергілікті өзін-өзі
басқару органдарына беру үрдісі. Бұл, бірінші кезекте, саяси
жүйенің өзгеруі.
Біздің ойымызша, жергілікті өкілетті
органдардың қазіргі жүйесі – маслихаттар жергілікті бюджетті
қалыптастыру мен орындау, жергілікті қоғамдастықтар
тіршілігінің
әлеуметтік-экономикалық саласында максималды түрде
өкілеттіктерді беру шарты жүзеге асқан жағдайда,
яғни түбегейлі реформалау болған жағдайда ғана
Қазақстандағы жергілікті өзін-өзі басқаруды қалыптастырудың
негізі болып табылуы мүмкін.
Жергілікті
өзін-өзі басқару институтын қалыптастырудың
қажетті шарты болып жоспарлы орталықсыздандыру табылады, ол
жүйелік тәсілдеме негізінде, бірнеше бағыт бойынша
жүзеге асуы керек.
Жергілікті
өзін-өзі басқару саласында төмендегі мемлекеттік
саясаттың басты бағыттарын жүзеге асыруды ұсынамыз:
- жергілікті
өзін-өзі басқарудың
құқықтық негіздерін қалыптастыру;
-
қаржылық-экономикалық негіздерін қалыптастыру;
- азаматтарды
белсендіру жағдайларын жасау және жергілікті өзін-өзі
басқаруға азаматтардың қатысу формаларын дамыту;
- жергілікті
өзін-өзі басқаруды
ұйымдастырушылық-әдістемелік қолдау және
өзін-өзі басқару қызметін мемлекеттік бақылау
жүйесін қалыптастыру;
- жергілікті
өзін-өзі басқару органдары үшін кадрларды даярлау
және қайта даярлау жүйесін құру.
Жергілікті
өзін-өзі басқару қызметінің
құқықтық негіздерін қалыптастыру
мақсатында ҚР
заңнамалық-құқықтық актілеріне келесі
түзетулер қабылдау қажет:
- мемлекеттік билік
органдары мен жергілікті өзін-өзі басқару органдары арасында
иелік ету заты мен өкілеттіктерін бөліп ажырату;
- қалалар мен
ауылдық аймақтарда жергілікті өзін-өзі басқаруды
ұйымдастырудың ерекшеліктері, қалалар үшін азаматтар
қатысуының негізгі формасы – АҚӨБ, ауылдар үшін –
жиын;
-
өзін-өзі басқарудың қаржылық ресурстарын
қалыптастыру тәртібі;
- жергілікті
өзін-өзі басқару органдары мен жергілікті
қоғамдастықтың меншігін қалыптастыру;
- жергілікті
өзін-өзі басқару органы қызметкерінің
мәртебесі;
- жергілікті
тұрғындардың құқықтары мен
міндеттері;
- заңды
тұлға ретінде маслихаттың мәртебесін бекіту.
Жергілікті
өзін-өзі басқарудың
қаржылық-экономикалық негіздерін қалыптастыру
үшін төмендегілер қажет:
- жергілікті
өзін-өзі басқару органының салық базасын
анықтау;
- ҚР
бюджеттік кодексіне және басқа да заңнамалық актілеріне
өзгерістер енгізу;
- жергілікті
өзін-өзі басқару органдарына өз міндеттерін
жүзеге асыруға қажетті қаражатты салықтық
емес қаражат көздерінен алуға заңнамалық
мүмкіндік беру;
- мемлекеттік
бюджет пен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының
бюджеті арасында табыстарды нақты ажыратып бөлуді қамтамасыз
ету;
-
өзін-өзі басқару органдарының жерді басқару
құқықтарын анықтау.
Жергілікті
өзін-өзі басқару
жүйесі туралы болашақтағы заңдар пакеті
жинағының тұжырымдамалық қалыптасуына және
осы жүйенің дамуына осы
жұмыста ұсынылған ұсыныстар көмектеседі деп
үміттенеміз.
Қазақстан
Республикасында жергілікті өзін-өзі басқарудың
қалыптасуы – бұл мемлекет институттары мен азаматтық
қоғамның дамуымен, елдің
әлеуметтік-экономикалық дамуының жалпы деңгейімен,
жергілікті халықтың өміріне тікелей әсер ететін
басқа да факторлармен және жағдайлармен байланысты көп
кезеңді және серпінді процесс.
Қазіргі уақытта
жергілікті өзін-өзі басқаруды ұйымдастыру мен
жүзеге асыруда бірқатар проблемалы мәселелер орын алып отыр.
Әлемнің дамыған елдерінде жергілікті өзін-өзі басқару
бірнеше кезеңде қалыптасқаны және бұл процесс
тарихи ұзақтығымен сипатталатыны белгілі.
Қазақстанда жергілікті өзін-өзі басқару
проблемаларын шешу тәсілдері де пысықталуда және негізгі
мәселе біздің еліміздің жағдайы мен болмысына
сәйкес келетін жергілікті өзін-өзі басқару моделі
параметрлерін айқындауға келіп тіреледі. Қазақстанда
жергілікті өзін-өзі басқару органдарының
қалыптасуы мен дамуы процесі салыстырмалы түрде жақында
басталды. Заңнама базасын, қолдану практикасын қайта
қарауда, басқару жүйесін түзетуде және
халықтың таным-түсінігін өзгертуде үлкен
жұмыс күтіп тұр.
Бұл
жұмыс заманауи қазақстандық өзін-өзі
басқару құрылысының тәжірибесін жинақтай
отырып, жергілікті өзін-өзі басқаруда үш айнымас
және өзара байланысты құрамдас бөліктерді
белгілеп алу жөн екендігіне сүйенеді: біріншіден, белгілі бір
аумақтың халқы құрған
бұқаралық билік; екіншіден, бұл мемлекеттік
құрылымның элементі, мемлекеттік саясат жүйесінің
маңызды құрамдас бөлігі, үшіншіден, бұл
азаматтық қоғам институты.
Қазақстандағы жергілікті өзін-өзі
басқарудағы қоғамдық қатысу өте
төмен деңгейде тұр, өйткені қажетті
заңнамалық базасы жоқ. Бұл жағдайды жолға
қою үшін жергілікті өзін-өзі басқару туралы
заңдағы азаматтардың жергілікті өзін-өзі
басқаруға қатысу формаларының тізімін кеңейту
керек. Қатысудың қоғамдық аумақтық
өзін-өзі басқару, азаматтық кеңестер,
қоғамдық тыңдаулар сияқты формаларын қосу
керек. Сонымен қатар жергілікті өзін-өзі
басқарудағы азаматтардың ұсынымдық қатысуын
міндетті қатысу мәртебесіне өзгерту қажет. Жергілікті
өзін-өзі басқару ерекшелігі оның басты міндеті –
жергілікті мүдделерді қорғайтындығында.
Азаматтардың пікірін ескерусіз мұндай қорғау
мүмкін емес. Ол бейнелік сипатқа ие болады да, даму үшін
алғышарты болмайды.
ШҚО облысындағы жергілікті
өзін-өзі басқару деңгейін анықтау бойынша
Өткізілген іс-шаралардың нәтижесі азаматтардың
жергілікті деңгейде шешім қабылдау үрдісіне қатысуы
облыстың қалалары мен аудандарында едәуір шектеулі деген
қорытынды жасауға негіз болды. Бұл төмендегі
факторларға байланысты. Біріншіден, азаматтық қатысу мен
жергілікті өзін-өзі басқару арасында, сондай-ақ
жергілікті өзін-өзі басқару және жергілікті мемлекеттік
басқару арасында нақты ажыратулар жоқ. Екіншіден, жергілікті
өзін-өзі басқарудың қаржыландыру көздері
белгісіз және үшіншіден, халықтың және билік
органдарының бірнеше жылдан бері әртүрлі ақпараттық
және оқыту семинар-тренингтері мен басқа да
іс-шараларының өткізіліп отырғанына қарамастан,
құқықтық сауаттылығы төмен.
Заңнамалық базаның жетілдірілмеуі және «Жергілікті
өзін-өзі басқару туралы» жеке заңның
жоқтығы да маңызды ықпал ететін факторлар болып
табылады.
Жергілікті өзін-өзі басқарудың
негізгі билік көзі – аудандарда,
ауылдық округтерде, шағын мөлтек аудандарда, поселкелерде
тұрақты түрде мекендейтін тұрғындар болып
табылады. Жергілікті өзін-өзі басқару ұйымдарын
халық өз аумағында
тұрақты тұратын адамдардың ішінен сайлауы арқылы жүргізілуі
керек. Қорыта келе, жергілікті өзін-өзі басқару
жүйесінде бюрократияны болдырмау үшін біреуі басқарып,
екіншісі иеленіп, үшіншісі тек еңбек етпеуі керек. Керісінше, ол
басқаруы керек, жұмыс істеуі керек және иеленуі. Яғни
үш қызмет те бір тұлғаның бойынан табылуы керек.
Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының
өкілеттілігін белгілеу ісіне аса жауаптылықпен қарау керек. Халық
билігінің аталған институты толық күшінде жұмыс
істеуі үшін заң дейгейінде қызмет етудің
материалдық негізін анықтау керек, бірінші кезекте –
тұрақты қаржы көздері. Қалыптасу мен даму
кезеңінде салық төлемдерін төлеуде жеңілдіктер
берілуі қажет.
Әрине,
өзін-өзі басқарудың болашақ жүйесі тиісті
экономикалық жағдайлардың, мемлекет пен жергілікті
өзін-өзі басқару арасындағы басқару нысанын
ажыратып беретін нақты құқықтық
базаның болуын, бұқаралық сана-сезімнің,
құқықтық мәдениет және
адамдардың мінез-құлқының өзгеше сапалы
деңгейінің болуын көздейді. Бұл үрдіс
ұзақ мерзімді және күрделі, заң
шығарушылардың, жергілікті мемлекеттік басқару органдарының
тәжірибелік жұмыскерлерінің, үкіметтік емес
ұйымдардың және қоғамдастық
өкілдерінің тарапынан парасатты және еңбекті көп
керек ететін жұмысты талап етеді.