Ешенгазина
Г.С., Кударинова А.С.
Е.А.Бөкетов
атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті
Психикалық дамуы тежелген оқушыларға
география пәнін меңгерту ерекшеліктері
Психикалық
дамуы тежелген оқушылар үшін география пәнін меңгеруде
өзіндік қиындықтар ұшырасады. ПДТ
балалардың география пәнін
меңгеруде кездесетін қиындықтар ең алдымен
психикалық процестердің жетілмеумен байланысты. Мысалы, ойлау
әрекетінің ерекшеліктеріне келсек, бұл
оқушылардың көрнекі-бейнелік, көрнекі-әрекеттік,
және сөздік – логикалық ойдау түрлерініңтежеле
дамуын көрсетеді.
Бұл балалардың ойлау кемшіліктерінің спецификалық
ерекшеліктеріне байланысты, оқу материалын ұсыну әдісі
балалардың ойлау деңгейіне сәйкес болмаған
жағдайлардың салдарынан бағдарламаның
меңгерілмейтіндігі анықталды. Бұл әсіресе
географиядағы есептуге үйретудегі сөздік және
көрнекі әдістерді салыстырудан анық байқалады.
Материалды меңгерту үшін оқытудың тиімді
әдістерін пайдалану үшін
мұғалім үнемі ізденуі қажет.
ПДТ оқушылардың басым көпшілігінде
ең алдымен, зияткерлік мәселені шешуге деген
дайындықтың жоқтығы көзге түседі.
Ақпараттарды қорытындылау немесе топтау
процесінде де осындай ситуация туындайды. Қорытындылау
операциясының жеткіліксіз деңгейде қалыптасуы заттарды
белгілеріне қарай топтастыру кезінде байқалады. Олар терминдерді
меңгеруде қиналады, кейде объектіні жақсы таниды, ал
оның атын білмейді.
Балалардың көбі классификация жасаудың
элементарлы түрлерін жақсы меңгерген. Қарапайым
геометриялық фигураларды топтастыру (түсі мен көлеміне
қарай) сияқты тапсырмаларды еш қиындықсыз орындайды. Ал
күрделі геометриялық фигуралармен жұмыс істегенде жұмыс
өнімділігі бірден төмендейді, тек санаулы балалар ғана
қатесіз орындай алады.
Көрнекі – әрекеттік ойлау түрінің
деңгейі бұл балаларда сау балалардың деңгейімен
бірдей десе де болады, психикалық
даму тежелуі өте айқын балаларда ғана сәл өзгеше
болуы мүмкін. Балалардың басым көпшілігі берілген
тапспмаларды дұрыс және жақсы орындайды, тек кейбіреулеріне
ынталандырушы көмек керек болады, кейбіреулеріне тапсырманы қайталап
түсіндіріп, нақты нұсқау беру қажет болады.
Тұтастай алғанда, ПДТ балалардың ойлаудың бұл
түрі қалыпты дамып келе жатқан құрбыларының
көрсеткіштерімен бірдей.
Көрнекі-бейнелік ойлау түрі
көрнекі-әрекеттік ойлауға қарағанда
жоғарырақ деңгей болғандықтан, сараптамалар
әртүрлі көрсеткіштер береді. Мысалы, мектепке дейінгі
жастағы балалардың кейбірі ешқандай қиындықсыз
тапсырмаларды орындай алса, балалардың жартысынан көбі бірнеше рет
түсіндіру мен түрлі көмек беру қажет болады, ал
қалғаны жоғарыдағы мүмкіндіктерді пайдаланса да,
бәрібір тапсырманы орындай алмаған. Айта кететін бір жай,
балалардың көңілін бөліп, алаңдататын жағдайлар болғанда тапсырма
орындау деңгейі күрт төмендеген.
Сөздік-логикалық ойлау түрі – ойлаудың ең
жоғарғы деңгейі, сондықтан да көрсеткіштер бірден
төмендей бастайды. Сөйтсе де, ПДТ балалардың арасында
ойлаудың бұл түрінің даму деңгейі
қалыпқа сәйкестері де кездеседі. Балалардың көбінің
тапсырманың тек жартысын ғана орындауға шамалары жетеді.
Көп жағдайларда балаларға сөздік
қордың аздығы,
логикалық байланыстарды орната алмау, заттар мен
құбылыстардың
өзара қатынасын ұғынбау тәрізді
кемшіліктер кедергі жасайды.
Қалған балалардағы ойлау деңгейі өте
төмен. Олардың сөздік – логикалық ойлау түрі әлі жетілмеген, тек
енді ғана дами бастаған деп есептеуге болады.
Сондықтан ПДТ балаларға география пәнін оқытуда
арнайы әдістелік талаптар қажеттігі туындайды.
Түзету мектебіндегі материктер және мұхиттар географиясын
оқыту ерекшелігі
Мұғалім тапсырмасы ілетін географиялық суреттің және
оқулықтың иллюстрациясын қолданып, мұқият
анализ жасау, ПДТ оқушылар қысқаша суреттеп және
қарым – қатынас жасауды түйіндейді.
География сабағында материкті кенінен әңгімелеуге болады,
мұғалімнің әңгімесімен үйлесімділігін,
суреттер мен оқулық иллюстрациясын қолдануға болады.
Әңгіме себеп – салдар тәуелділігін бекітіп және
территорияның ерекшеленетін белгілерін, картадан көрінбейтін
және дұрыс сыртқы түрін қолданады. Осыдан барып
суреттер мен слайдтар қолданады.
Барлық жағдайда карта білімнің қайнар көзі
болу керек және көрнекілік құралдардың
түрімен үйлеседі.Табиғатты материкті оқу барысында пайдалы қазбалар,
моделдерді, өсімдік гербарийін қолдануға болады.
Географиялық материал курсын меңгеру үшін мыналар
қажет:
- картамен жұмыс (ілетін,үстел үсті,кескін);
-оқулықтағы сурет және ілетін сурет жұмысы, слайдпен
және диапозитивті қолдану;
- оқулықпен және дәптермен жұмыс,үнемі
сөздікпен жұмыс;
- көрнекілік құралдармен әр түрлі
әдістердің үйлесімділігі;
- салыстыру әдісін қолдану, себеп – салдар тәуелділігін
шығару және оқытылатын объектіні, территорияны
оқушыларға шамалы суреттеу;
«Материк географиясы» кіріспе курсы бойынша өтілетін сабақ.
Бұл сабақта (1 сағат)оқушылар материк географиясы
нені оқытады және материк дегеніміз не деген сұрақпен
танысады.
Сабақтың тақырыбы: Материктер және мұхиттар.
Мақсаты: оқушыларға материк дегеніміз не және оны
физикалық жарты шар картасынан және глобустан қалай табуды
көрсетуді үйрету керек.
Құрал – жабдықтар:
физикалық және жарты шар кескін картасы, глобус,
оқулықтағы сурет «Материктердің өлшемін
салыстыру», материк кескіні.
Сабақ глобус және жарты шар карта жұмысынан басталады.
Әрі қарай мұғалім география материгін
оқитынын әңгімелеп, «материк» түсінігін береді, «жер
шарының бөлігі» деген түсінік береді. Одан әрі
мұғалім тақтаға мына сөздерді жазады: материк,
континент, жер шарының бөлігі, материк атаулары. Сөздік
жұмысын жүргізеді, оқушылар дәптерге көшіреді.
Үйге тапсырма:картадан материкті табуды үйрету,жер шарынан
материктің айырмашылығын білу, қатты
қағазға кескін картасын жапсырып және қайшы
әкелу.
Кез келген материал оқытуы мемлекет туралы немесе географиялық
орыннан басталады.
Әңгіме барысында мұғалім әңгіме
және картамен жұмыс береді:
1.Жаға сызықтарына мінездеме (түзу, шамалы кесілген).
2.Мұхиттар көрсетіледі (Атлант және Үнді); сулар,
Африка жағалауы, теңіздер, ағыс, арал, жарты арал.
Қорытындыға оқулықтың мақалаларын
оқуға, карта бойынша географиялық объектілерді
табуға,кескін картасымен жұмыс жасауға беруге болады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1 2010-2011 оқу жылында ҚР жалпы бiлiм беру ұйымдарында
ғылым негiздерiн оқыту
ерекшелiктерi туралы әдістемелік
нұсқау хат. Астана, 2010.(Ы.Алтынсарин ат. ҰБА Ғылыми
Кеңесінің 26.05.2010 №5 хатт.)
2
Мишина Г. А. Коррекционная и специальная педагогика: учеб. пособие для
студ. учреждений среднего проф. Образования.- М.: Форум-Инфра-М, 2007.
3
Гилленбранд К. Коррекционная педагогика \Под науч. ред. Н. М. Назаровой. 3-е изд. - М. : Академия, 2008.
4 Новоторцева Н. В. Коррекционная педагогика и
специальная психология/ Под ред. Н.В.Новоторцева. - Изд. 4-е, перераб. и доп. - СПб.:
Каро, 2006.
5 Специальная педагогика/ Под ред. Н. М. Назаровой. М.:
Академия, 2009.