ТӘРБИЕШІ ЖҰМЫСЫНДА ТЕАТРЛАНҒАН
ПЕДАГОГИКАНЫҢ ЭЛЕМЕНТТЕРІН ПАЙДАЛАНУДЫҢ МАҢЫЗЫ ТУРАЛЫ
Алматы, Қазақстан
Абай атындағы ҚазҰПУ PhD докторанты
Жумашева Толқын Сабитовна
Бүгінгі
күні педагогиканың
тәжірибиесінде рөлдік және театрланған ойындар
өте сирек пайдаланылып жатыр. Бірақ, дәл осы ойынның негізінде
тұлғалық көзқарас жатыр яғни, мұнда
бала мен ересек адамның қарым-қатынасы қалыптасады.
Ойын мұнда – балаларды тек еліктіру ғана емес, ол балаларды
шығармашылық іс-әрекетке итермелейтін ерекше әдіс, оларды
белсенділікке жетелейтін әдіс. Педагогтар балаларды дамыту мен
тәрбиелеудің құралы ретінде ойынды неге аз пайдаланып
жатады? Оның бір себебі рөлдік ойынды тікелей ықпал етуден гөрі, жанама әдіс ретінде
пайдалану әлдеқайда қиын. Сонымен қатар ол педагогтан
арнайы психологиялық-педагогикалық білімді, рухани күшті,
педагогикалық шеберлікті талап етеді.
Тәрбие
үрдісін ұйымдастырудың негізгі кемшіліктеріне (М.И.Никитина,
А.М.Прихожан, Н.Н.Толстых, В.А.Поварницина және т.б.)
төмендегілерді жатқызады:
·
тәрбие жұмыстарының әдістері мен
формаларының біркелкілігі;
·
мекеме шеңберінде іс-әрекетті шектеу.
Бұл өз кезегінде балалардың әлеуметтік байланысын
төмендетеді, олардың қоршаған орта туралы
түсініктерін азайтады, әлеуметтік тәжірибиесінің
қалыптасуын қиындатады;
·
тәрбиені фрагментарлық сипатқа ие жеке
тәрбиелік мерекелік іс-шарамен алмастыруға тырысу;
·
баланың жеке қызығушылықтары мен
талпыныстары еленбейтін тәрбие үрдісін ұйымдастыру;
·
педагогтар мен тәрбиешілердің
арасындағы серіктестікті жояды, сенім мен шығармашылық
атмосферасының жоғалтады[1, 24б].
Өкінішке
орай, тәрбие жұмысын ұйымдастырудағы бұл
кемшіліктер бүгінгі күнге
дейін сақталып, оны игеру өте баяу болып отыр.
Баланың
жеке тұлғасын дамыту үшін ересек адамның оны
әрдайым басқарып, белгілі бір тәртіппен реттелген күн
тәртібіне бағынуын қадағалап, оған қысым
көрсетуі қажет емес. Сонымен қатар егер бала
қызық емес, оның жеке тұлғасына маңызы
жоқ іс-әрекетке қосылмаса, егер оқу-тәрбие
үрдісі әрдайым тыйым салу мен ересектер тарапынан «шектен тыс
қамқорлық» негізінде құрылған болса, онда
балада ешқандай тұлғалық және толық
психологиялық дамуды қамтамасыздандыру мүмкін емес.
Тұлғаны іс-әрекеттің субъектісіне айналдыру өз
бетімен білім алу, сана-сезімді және шығармашылық
қабілеттерді дамытудың белгілі бір алғышарттарында
жүреді.
Тұлғаның
ақыл-ойының дамуы мен рухани-адамгершілік қасиетіне
күшті әсерін беретін ойындардың ішінен рөлдік
және театрланған ойындарды ерекше атап өтуге болады.
Рөлдік және театрланған ойындардың ерекшелігі сол
мұнда нәтиже емес, ойындық әрекетпен байланысты
уайымдау, күйзеліс тәрізді
үрдістерді бастан кешіру маңызды. Бала ойнаған
жағдайлар қиялдан туғанымен, ол сезінетін сезімдер, эмоциялар
шынайы. Бұл ойындар әртүрлі тәрбиелік
мүмкіндіктерге ие және жанама ықпал ету
әдістерінің қатарына жатады. Дәл осы театрлық
ойынның бала тәрбиесінде алатын орны туралы көп
қарастырып, оған зерттеу жүргізген қазақтың
ірі ағартушы-педагогтарының бірі Ш.Әлжанов. Ол өз
еңбегінде: «Балалардың ойындары
толып жатыр. Біз бұл арада
ол ойындарға тоқталмаймыз, біздің тоқтайтынымыз – мектеп балаларының күшімен
қойылып ойналатын спектакль,
драмалық ойындар.
Театр тек
көңіл
көтеретін сауық орны
емес... Тәрбие
мәселесінде
театрдың мәні өте
зор. Мектептегі білімнің көбі
баланың тек логикалық ойлау
процесін ғана өсіреді, ал театр баланың
сезімін оятып, образды түрде
ойлау процесін дамытып
жан-жақты толық түрде
тәрбие береді. Бұл
ретте театр исскустваның жинағы
тәрізді. Мұнда
исскустваның әр элементтерін
көреміз: мысалы
әдебиет, көркем сөз,
ритмикалық
қозғалыс-қимыл,
музыка, ым, өлең,
ән т.т. Сондықтан балаға
жаңа коммунистік тәрбие
беру жағынан театрдың орны,
оның мәні өте
күшті» – деп жазған [2].
Қазіргі
кезде балаларды театрлық ойын
құралдарымен тәрбиелеу балалар үйінде де
мектеп-интернаттарда да – педагогтардың өз таңдауында. Ал,
театрлық педагогика әрбір білім беру мекемелерінің
жағдайында пайдалануға болатын құрал. Әсіресе,
оның әдістері мен тәсілдері сөйлеу дамуы кешігіп келе
жатқан балалармен жұмыс жүргізгенде маңызы ерекше.
Қойылымдарды ойнау, біреуді елестету, өлеңдер мен
тақпақтарды мәнерлеп оқу, мейрамдарды өзгеше,
жарқын етіп өткізу т.т. – мұндай іс-әрекеттің барлығында
театрлық тілдің ерекшеліктері бар. Егер педагог балалардың
білім алуы мен тәрбиесіне шығармашылықпен
қарым-қатынас жасаса, бұл жанды әрекет ету өнері
жеңіл меңгеріледі.
Театрланған
педагогика театрдың теориялық фундаменті ғана емес,
шығармашылықтың құпиясына жетуге қажетті
құралдардың бірі болып табылады. К.С.Станиславский және
В.Э.Мейерольд, Е.Б.Ватангов және Б.Брет өздерінің
шығармашылық жұмыс кезінде театрланған
педагогиканың құндылығы туралы көп айтқан.
Олардың пікірінше, театрланған педагогиканың әдістері
мен жұмыс тәсілдерінің
көмегімен қысқа уақыттың ішінде қабылдау, қиял, шығармашылық
ойлау, эмоционалдық ептілік және тұрақтылық
үрдісін тиімді меңгеруге болады деп жазған [3,39б].
Педагогикалық
үрдісте рөлдік және театрлық ойындарды тиімді пайдалану
үшін бірқатар шарттарды сақтау қажет. Олардың
ең бастысы – педагогтың балаларға қарым-қатынасы.
Ол өз кезегінде ойын тәсілдерінің көмегі арқылы
айқындалып, мамандармен «педагогтың ойындық қалпы» деп
анықталады. Педагогтың ойындық қалпы – бұл
ең алдымен балалар мен ересектердің арасындағы
қарым-қатынастың ерекше түрі. Ол педагогтан арнайы
тұлғалық қасиеттерді талап етеді. Мәселен,
балаларға қайырымдылықпен қарау, жаңа кейіпке тез
ену қабілеттілігі, жаңа жағдайларға оңай
бейімделу, балалармен өзара адамгершілікті қарым-қатынаста
болу.
Психологтар ойынды интрогенді мінез-құлыққа
жатқызады яғни қуанышты алуға бағытталған
жеке тұлғаның қажеттіліктерін мен адамның
қызығушылықтарымен шартталған
мінез-құлықты айтады. Тұлғаның
ойындағы қажеттілігі және оған қатыса алуға
қабілеттілігі оның дүниені басқа
көзқараспен қарауымен сипатталады және ол адамның
жас ерекшелігімен байланысты емес. Егер ойынға саналы түрде
қарым-қатынас жасайтын болса, ол адамның күйзелістерді
өзі басқаруының, ішкі кикілжіңдерді игерудің
құралына айналып, эмоционалды қарым-қатынас
жасаудың атмосферасына жағымды әсер етуі мүмкін.
Қойылымдық ойындар жоғары психотерапиялық
мүмкіндіктерге ие. Себебі олардың мәні – көрермендер
үшін рөлдерді ойнау. Ойыншылар бейнелеуге қажетті
кейіпкердің тұлғасын жеткілікті түрде жақсы
меңгеруі тиіс. Қойылымдық ойындардың
психотерапиялық механизмі қатысушылар үшін рөлдерді
бөлуінде жатыр. Бұл
жөнінде К.С.Станиславский былай деген: «Біздің актерлік
қасиеттерімізді барлығы да біледі: ұсқынсыздар сахнада
сұлу болуға, қысқалар – ұзын болуға,
икемсіз-икемді болуға ұмтылады. Кімде-кім трагедиялық немесе
лирикалық қасиеттерден мұқтаждық көретін
болса, ол Гамлетті немесе көңілдестің рөлін армандайды;
қарапайым адам Дон Жуан болуды ал, күлдіргіш – Лир патшасы
болғысы келеді. Әрбір адамды қандай рөлді
ойнағысы келетінін сұрастырыңызшы? Сіз оның
таңдауына таңқаласыз. Адамдар әрқашан
оларға берілмеген қасиеттерге талпынады ал, актерлер сахнадан
өз өмірінде болмайтын нәрселерді іздестіреді» [].
Театрлық
іс-әрекетпен айналысатын сабақ балалардың
орталықтағы (бала-бақшадағы, мектептегі) өмірін
эмоционалды әрі көркем етеді және балаға өз
күшіне деген сенімділікті сезінуге, бойындағы жаңа
қабілеттерін ашуға, өзін жаңа қырынан тануына
мүмкіндік алады. Дидактикалық театрды пайдалану көптеген
түзету-дамыту сабақтарының міндеттерін тиімді шешуге
ықпал етеді: яғни қоғамдық
құбылыстармен танысудан бастап, қарапайым математикалық
түсініктерді қалыптастырудан дене
қимыл-қозғалысын жетілдіруге дейін. Тақырыптардың
әртүрлі болуы, бейнелеу құралдары,
театрландырудың эмоционалды түрде өтуі т.с.с. барлығын
тұлғаны жан-жақты тәрбиелеу мақсатында
пайдалануға мүмкіндік береді. Әдеби шығармалардың
эмоционалды мазмұны адамгершілік бағытқа ие және олар
балалардың бойында достық, ерлік, қайырымдылық,
әділдік сияқты қасиеттерді дамытуға әсер етеді.
Кітаптағы кейіпкерлер балалар үшін еліктеуге ұмтылатын
үлгілі адамға айналады. Кейіпкердің бейнесіне енген балалар
оның шығармадағы кейіпкерге тән қасиеттерін,
мінез-құлық бітістерін өзіне қабылдайды. Осылайша,
театрлық іс-әрекет баланың бойында адамгершілікті
мінез-құлықтың тәжірибиесін қалыптастыруға
және қабылданған мінез-құлық ережелеріне
сәйкес өз бетімен әрекет етуге үйретеді. Театрлық
іс-әрекет баланың сөздік қорын дамыту, санасының
кеңеюі мен сөз арқылы қоршаған ортамен
өзара әрекет етуін жетілдіру үшін маңызды. Сөздік
моториканы реттеуге және келістіруге көптеген қол
саусақтарының ұсақ қимыл-қозғалыстары
ықпал етеді. Балалар өз бетімен қуыршақты ұстап,
ол үшін тіл қатып сөйлеп, оны өз еркімен басқара
алған жағдайда үлкен қуанышқа бөленеді.
Театрландыру ісі баланың бойында ұжымда сенімді
қарым-қатынас жасауды қалыптастырып, мәнерлеп
сөйлеудің дағдыларын дұрыс өңдеу үшін
мүмкіндік береді. Сонымен қатар
қимыл-қозғалысын реттеп, қиялын,
шығармашылық қабілетін дамытып, өз ойын бірізділікпен
жеткізуді үйретеді. Театрланған сабақтар сөйлеумен
байланысты ауыр уайымдарды жояды, психикалық денсаулығын
нығайтып, әлеуметтік бейімделуін жақсартуға септігін
тигізеді.
Театрланған
іс-әрекеттің дамыту мүмкіндіктері өте үлкен: ол
оқытады, түзейді, шығармашылық ойлау қабілетін
арттырады, себеп-салдар байланысын орнатуды үйретеді. Сонымен бірге ол
әртүрлі міндеттерді оңтайлы шешуге және
психологиялық күшті аз мөлшерде жұмсай отырып,
жетістікке жетуге, оқу үрдісінен рахаттану мен қуаныш сезімін
сезінуге мүмкіндік береді.
Тәрбиешінің
балаға шынайы көмек көрсетуі тек мына ережелерді
басшылыққа алған жағдайларда жүзеге асуы
мүмкін: баланың жеке тұлғасының
құндылығына сенім білдіру, баланы сол қалпында
қабылдау, оның дамуы үшін жағдайлар жасау.
Арнайы
пайдаланылатын рөлдер психотерапиялық құрал ретінде тәрбиешіге
балалардың өзара қарым-қатынасына және
мінез-құқына ықпал етуге мүмкіндік береді.
Мәселен, рөлдерді бөлгенде тәрбиеші қандай да бір
рөлдің балаға жағымды әсер ететінін
басшылыққа ала отырып бөлуі керек. Мысалы, қайырымды,
пиғылы таза кейіпкердің рөлі баланың бойында
қызғаншақтық, өзімшілдік тәрізді
қасиеттерден алшақтап, өз мінез-құлқы
туралы ойлануға мүмкіндік береді, өзінің жолдастарына
деген көзқарасын өзгертуге әсер етеді. Мінезі
тұйық және ұялшақ балаларға жайдары
кейіпкердің рөлін беріп, ойнату арқылы оның
қоршаған орта адамдарымен өзара қарым-қатынасын
орнатуға көмектеседі.
Біріккен
іс-әрекеттегі шығармашылық формалардың болуы,
яғни бала өзін көрсете алатын әрбір ортада, ол ұжыммен жалпы
жетістікке жеткендегі өзінің маңыздылығын сезінуі
мүмкін және ұжымның әрбір мүшесінің шығармашылық
күшін қолдау керек деген ұжымдық қондырғыны
қалыптастырады. Сонымен бірге бейнелі ойлауды стимуляциялауға
бағытталған шығармашылық атмосфераны құру,
балалардың жеке қабілеттерін дамытуға ықпал етеді,
күйзелісті хәлдердің санын азайтады,
тұлғааралық қарым-қатынасты дамытуға
көмектеседі. Бұл фактор әсіресе, балаларға
жағымды психологиялық атмосферасын қамтамасыздандыру
үшін ерекше маңызды. Сюжеттік-рөлдік ойындар және
театрланған ойындар баланың қиялын ұшқырлап, ішкі
жан дүниесін ерекше мағыналы етеді, тәрбиешілерге белгілі бір
қарым-қатынастың өңделуіне көмектеседі, ұжымға
қарапайым және күрделі міндеттерді өз бетімен
орындауға мүмкіндік береді. Бір ойынды бірнеше рет орындау
үрдісінде тәрбиеші өз бетімен басқару
сұрақтарын шешіп, ұжымдағы жеке балалардың
көзқарасын алмастыруға, реттеуге, олардың өз-өздеріне деген
белгілі бір іс-әрекетін өзгерту тәрізді мәселелерді
басқара алады.
Театрланған
іс-әрекетпен айналысу сабағы балаларға
шығармашылық қабілеттерді дамытуға, коммуникативті
дағдыларын қалыптастыруға, әлеуметтік-адамгершілікті
тәжірибиесін меңгеруге үлкен мүмкіндіктер береді.
Қойылымды жасау жұмысындағы үрдісте балалар мәселені
шешу жұмысынан бастап, оның альтернативті шешімін
тапқанға дейінгі аралықтан оны жүзеге асыру аралығындағы
жолдан өтеді. Салыстыру, сәйкестендіру, қорытынды
шығару, бірге жасау жұмысын жоспарлау оларды ұжымдық
жұмыстың дағдыларына үйретеді және өз бетімен
шешім қабылдау біліктілігін дамытады. Тәрбиешінің баламен
біріккен іс-әрекетін жүргізу барысы мен оның
нәтижесін бағалауының
маңызы зор. Себебі ол баланың ерік-жігері, зейіні,
шыдамдылығы, ізденушілік белсенділігі және
тәрбиеленушінің жеке қасиеттерін бағалау жатады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.
Роготнева А.В.
Организация воспитательной работы. М., «Владос» 2008.
2.
Ильясова
А.Н. Проблемы развития
педагогической теории Казахстана
(1900-1960 гг). Дисс. на учен.
степени докт. пед.
наук. – А., 1997.
3.
Булатова О.С. Педагогический
артистизм. М., 2001.
4.
Львов Ю.Л.
Творческая лаборатория учителя. – М., 1992.
5.
Эдвард Л.Шор.
Здоровье и воспитание ребенка от 5до 12лет. М., 2011