Б.Қ.Абдрақов, Д.Минарбеков, Кулжабаев М.
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты,
Қазақстан
ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ТӘСІЛДЕРІНІҢ ЕМДІК
ӘСЕРІ
Дене
шынықтырудың процестері ең алдымен , жаттығулар
кезеңдегі бұлшық еттердің жұмысынан
көрінеді. Бұлшық еттердің қимылға келуі
ағзадағы қимыл-қозғалыстарды іске асырады.
Осыған байланысты туындаған қуат жүйке
бұлшық еттеріндегі зат алмасуды ретке келтіреді.
Дене
шынықтыру тәсілдерінің әсірін ынталандырушылық
әсерлендірушілік, қайтарымдылық қалыпқа келтірушілік
бағыттарында қарастыру көзделген. (В.К.Добровольский, 1970)
Дене
тәрбиесі тәсілдерінің ынталандырушылық әсері
ағзаның физиологиялық жүйесінің қызметін
күщейтуден көрінеді. Ол бұлшық еттер жұмысы
үшін пайдалынатын қуат көзі биохимиялық
құрылымның ыдырауын және қуаттың
бөлінуіне байланысты, бұл бүлінген гомеостаз бен қуат
мөлшерін қалпына келтіруге бағытталған вегетативтік
жүйеде бірқатар реакция тудырады. Қосымша капиллярдың
ашылуы арқасында мәселен, жұмыс істейтін бүлшық
еттерді қанмен қамтамасыз ету бірден күшейе түседі. Қан
айналудың функционалдық жүйесі қайта
құрылады: қан қайта бөлінуге түседі,
соған сәйкес бұлшық ет жұмысына қанмен
қамтамасыз ету күшейеді. Бұған ұқсас
өзгерістер тыныс алуда және басқа жүйелерде
байқалады. Сонымен, дене тәрбиесі тәсілдерінің
ынталандырушылық әсері тіршілік әрекетінің
мөлшерін және оның функционалдық жүйесін
өсіреді. Ауырған кездегі физиологиялық өзгерістер
бұлшық ет жұмысының мөлшеріне , яғни дене
жүктемесіне тәуелді болады.
Дене
шынықтыру тәсілдерінің әсер етушілік ықпалы жалпы
алғанда, белгілі бір бұлшық ет топтарының
жұмысымен байланысты болып келетін бұлшық еттердегі
және ішкі ағзалардағы зат алмасудың өзгеру
бағытынан көрінеді. Жаттығуларды арнайы іріктеп алу мысалы
осы не басқа ағзалардағы қызару, ісу дегендерді
жоюға немесе бесендетуге септігін тигізеді.
Дене
тәрбиесі тәсілдерінің қайтарымдылық әсері
бейімделу реакцияларын күшейту немесе қайта құру
дегенді білдіреді. Мұндай беімделу реакциялары ағзаның тіршілік әрекетін
қамтамсыз ете отырып, жойылған немесе өзгеріске түскен
қызметін уақытша немесе тұрақты түрде орнын
басуға қызметі нормаға келтірушілік әсері.Дене
тәрбиесі тәсілдерінің бұл емдік әсері
қалпына келтіру жүйесінде кеңінен пайдаланылады.
Қалыпқа келтіру әсер-ықпалының мәні
патологиялық өзгеріске түскен жүйде
функционалдық көрсеткіштер
көлемін физиологиялық нормаға дейін біртіндеп кеңейте
беру дегенді білдіреді. Мұндай қалыпқа келтіру жұмысы
дене жаттығуларының және бұлшық ет
жұмысының үнемі қайталануы машыққа
айналдырылуы арқылы іске асады. Жаттығудың жеке жағдайы
ретіндегі дене шынықтыру жаттығуының қалыпқа
түсірушілік әсер-ықпалы функционалдық жүйелерде
физиологиялық көрсеткіштердің кемуінен көрінеді.
Мәселен, тыныс алу ағзасы ауырған кезде дене шынықтыру
жаттығуының мөлшерін өсіру тыныс алу мен оттегін
қажет етуді азайтуға мүмкіндік береді. Жүрек-қан
тамырлар жүйесі ауырған кездегі дене шынықтыру
жаттығуларының нормаға түсірушілік
әсер-ықпалы жүрек қуатының өсуінен денеге
күш түскендегі жүрек соғысының жиілігін азайтудан
көрінеді. Дене шынықтыру жаттығуларының
қалыпқа тұсіретін әрекеті патологиялық процесі
барысында туындаған, бұзылған қызметті жоюда көрінеді[1,2,4].
Дене
шынықтыру жүктемесінің мөлшері. Бұл термін дене
шынықтыру жаттығуларын орындау барысында бұлшық
еттің жұмысына ағзаның жұмсайтын
физиологиялық жиынтық
«шағын» білдіреді. Дене шынықтыру жүктемесін реттеу
әдістері денсаулықтың және фунционалдық
көрсеткіштердің қажетті
бағытқа өзгеруін
қалпына келтіру үшін ағзаны үйлесімді
өзгерістермен қамтамасыз етеді. Дене шынықтыру
жүктемесі бір жағынан, туындаған бұлшық ет
жұмысының мөлшеріне және оның белсенділігіне,
екінші жағынан, жүйкелік-психологиялық реакцияға
байланысты[1].
Дене
шынықтыру жүктемесі мөлшерінің ең көп
тараған тәсілдері мыналар болып табылады дене шынықтыру
жаттығуларының орындау ұзақтығы
жаттығуларды іріктеп алу қайталаулар мөлшері бастапқы
қалыпта таңдау, ауырлық түсіру және
қарсыласуды қолдану, қозғалыс жылдамдығы мен
қалпы. Әр жаттығуды қайталау мөлшері
жүктемені ұлғайтуға
ғана мүмкіндік беріп
қоймайды, сонымен қатар жеке студенттің және
зақымданған ағзалардың
мүмкіндігіне қарай күш түсіруді бөліп береді. Бұлшық
еттің жұмыс істеу қарқындылығы мен
физиологиялық өзгерулері студенттің өзін субъективті
сезінуіне оның дене шынықытру жүктемесіне бейімделу денесіне тәуелді
болғандықтан да, бұл аса маңызды. Бұлшық
еттің бұл тобына жүктемені көтеру қажеттілігі
ауырлық түсіру және қарсыласу тәсілдерін қолдануға
әкеледі[3].
Бастапқы қалып жұмыс істеп тұрған
бұлшық етке күш түсіру деңгейі мен жиынтық
дене шынықтыру жүктемесі үшін аса маңызды.
Студенттің бұлшық ет жұмыс істеп тұрған
қозғалыстың жылдамдығы мен қалпына байланысты.
Аса қатты жылдамдық белгілі бір уақыт ішінде көптеген
жаттығулар орындауға мүмкіндік береді, соған
қарай көп күш түседі[2,4].
Жиынтық дене шынықтыру жүктемесі сабақ
өткізу кезінде барлық жаттығуларды орындау барысында үш
дәрежеге бөлінеді: аз, орташа және көп. Аз
жүктемеге сабақтарда студентке жақсы таныс және
меңгерген қозғалыстарды қолдану арқылы
жеткізіледі. Қайталау мөлшері үш-төрт реттен аспауы
тиіс, орындау жылдамдығы орташа.
Қозғалмай тік тұрып жасайтын жүктеме мөлшері
өте төмен болады, күш түсіру және қарсыласу
жаттығулары алынып тасталады.Орташа
қарқындылықтағы жүктемеге жету үшін сегіз-тоғыз рет
қайталанылатын барлық бұлшық ет топтарына
арналған дене шынықтыру жаттығулары қолданылады.
Жаңа жаттығулар енгізіліп, күш түсіру және
қарсыласу тәсілдері қолданылады. Қарқыны орташа
және тез жаттығулар арасындағы үзілістер азаяды,
сабақтың жиілігі артады.
Жоғары жүктемеге жету
мақсатында күш түсірудің түрлі тәсілдерін
пайдалана отырып тез қарқынмен елеулі ауытқулармен ірі
бұлшық еттерге арналған жаттығулар қолданылады [4].
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
1. Дубровский В.Н. Лечебная физическая культура М.,
изд-во «ВЛАДАС»,2001
2. К. Мустафина Спорттық медицина, Алматы, 1992
3. С.Төлеуханов,А. Маутенбаев, А. Еланцев, Г.
Мадиева Дене шынықтыру мен спорт түрлерінің физиологиялық негіздері, Алматы,
«Қазақ университеті», 2001
4. Б.Төтенай Дене тәрбиесі, Астана « Фолиант
баспасы! 2008