БҰҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТ ҚҰРАЛДАРЫ ТІЛІНДЕГІ ЖАҢА СӨЗ ҚОЛДАНЫСТАРЫ МЕН ЛЕКСИКАЛЫҚ БІРЛІКТЕР

 

Б.Өтебеков-ф.ғ.к., ХҚТУ доценті, 

С.Мағжан-ф.ғ.к., ХҚТУ доценті,

Т.Ә. Данияров-п.ғ.к., ХҚТУ доценті.

 

ХХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХІ ғасырдың басы ақпаратық коммуникация (қарым-қатынас) мен жаңа ақпараттық технологияның қарқынды өсуімен ерекшеленеді. Дәстүрлі БАҚ-тың қарқынды дамуы – баспа, радио, теледидар, әлемдік жаһантор – Интернеттің (жаһантордың) пайда болуы мен таралуы – бірыңғай ақпаратық кеңістіктің, ерекше үздік те озық ортаның, көптеген медиаағымдар жиынтығының пайда болуына алып келді. Осының бәрі сөздің пайда болуы мен таралуына, сөздік қолданыстың ерекшеліктеріне, тілдегі өзгерістердің сипатына ықпал етпеуі мүмкін емес еді. Осындай сөз қолданудың ауқымды ағымы бүгінгі бұқаралық ақпарат саласына да келіп жетті. А.Байтұрсынов мұны «Әдебиет танытқыш» еңбегінде баспасөз стилі деп атап кеткен болатын [1, 114 б.].

Бұқаралық ақпарат мәтіндері немесе медиамәтіндер, қазіргі тұрмыстық тілдің ең кең тараған саласының бірі болып табылады, олардың жалпы жиынтығы (жиыны) адамдар қызметіндегі басқа салалардағы сөйлеу түрлерінің жалпы жиынтығынан әлдеқайда асып кетеді. Осыдан мәтінде жиынтығы (қазіргі лингвистикалық тіл қолданудың әртүрлі саладағы барлық мәтіннің жиынтығын білдіретін қолданыстағы термин) деп аталатын термин пайда болды, оның БАҚ арналарында күнделікті қолданылып, беріліп отыратын түрлері мен үлгілерінің мөлшері артып қана қоймай, күн сайн өсе түсуде [2, 76 б.].

Бірыңғай ақпараттық кеңістік туралы пікірлердің тілдегі өзгерістердің ерекшеліктерін ұғыну мен түсінуде үлкен мәні бар, өйткені ол әлемдік және ұлтық ақпарат құралдарының біртұтас жүйесі мен бірлігінің сан қырлы қызметін түсінумен қатар, лингомәдени процестердің дамуы мен ағымын түсінуге мүмкіндік береді. Қазіргі ғылымда осы ұланғайыр озық, мемлекеттік аумағы жоқ және кедергі таңдамайтын кеңістікті білдіру үшін қаншама ұғымдар мен терминдер қолданылады, олар белгілі бір мағыналық топқа қатысты болады және бұқаралық ақпарат құралдарының ерекшеліктерін білдіріп, төмендегідей болып келеді; олар: ақпараттық кеңістік, ақпараттық орта, ақпараттық ая (алаң), медиаорта, медиаландшафт, инфосфера (инфосала), т.б. [3, 29 б.].

Лингвомәдени жиынтық (комплект) әлемдік ақпараттық кеңістіктің маңызды құрастырушысы болып табылады, оның мәнін түсіну және бағалау өте қиынға соғады, өйткені кез келген ақпараттық сөз қолданыстары белгілі бір тіл мен мәдениеттің нақты көрінісі болып табылады. Әлемдік медиакөріністегі кез келген тіл мен мәдениеттің таралу аймағын (ареалы) түсіну арқылы лингвомәдени кеңістіктің пікірі мен ұстанымы шын мәніндегі аймақтық, мемлекеттік шекара мен ақпараттық саладағы әсер мен ықпалдың шын мәнінде бір-біріне сәйкес келмейтіндігін білуге мүмкіндік тудырады. Демек, ағылшын-америкалық лингвомәдени кеңістігінің аталған елдердің аумағынан алысқа шығып кеткенін байқаймыз, себебі ол ағылшын тілді медиахабардың және Интернеттің орасан зор аумақты қамтуына байланысты болып отыр. Сонымен, тілдік процестің қозғалысындағы БАҚ-тың ролі тек қана өзгерістерге ғана байланысты емес, жалпы лингвомәдени жағдайлардың сапалық туындауына да байланысты болады. Қазіргі бұқаралық медианың тілдік процестердің туындауына ықпалын бағалай отырып, талдаудың үш түрлі деңгейіне  тоқталуға тура келеді. Олар мыналар:

1.     Геолингвистикалық деңгей;

2.     Интерлингвистикалық деңгей;

3.     Интралингвистикалық деңгей [4, 46 б.].

Геолингвистикалық деңгей әлемдегі және аймақтардағы жалпы лингвомәдени жағдайлардың және оның дамуына бұқаралық ақпарат құралдарының қалай ықпал жасайтындығына талдау жасауды шамалайды және ***. Бұл жерде төмендегідей маңызды сандық және аймақтық жетістіктерге назар аударылады, тіл саласының ықпалының шегі қандай: бір тілде және басқа тілдердегі сөйлеушілердің сандық өзгерісі, әлемдегі ақпараттық кеңістіктен белгілі бір тілдің өзіндік ролі басқа тілдердің ролінің азаюы т.б.                   

Интерлингвистикалық деңгейде немесе тіларалық деңгейде зерттеушілер тілдердің өзара ықпалдасуы мен өзара әсер етуі мәселелерін қарастырады, кірме лексиканың тәсілдерімен механизмдері зерттеледі, сондай-ақ шет тілдердің ықпалына ұшыраған тілдер мен сөз қолданудың саласы мен функционалды стильдерді зерттейді.

Интралингвистикалық деңгей немесе ішкі тілдік деңгей бір лингвомәдени аймақтың аясындағы тілдік процестердің медиакелісіміне басты назар аударады. Оған мыналар жатады: нақты стильдік шекараның бұзылу мақсаты, медиасөйлеудің базалық корпусында ауызекі сөйлеу стилі нормаларының таралуы (жаңалықтар, ақпараттық талдау, шолу), қатетілдік қолданыстардың таратылымы (екпіннің қате қойылуы, грамматикалық қателер, қате құрастырылым т.б.), бұқаралық ақпарат құралдарындағы тілдік нормалардың қолданысының төмендеуі және нормаға жатпайтын лексиканың қолданылуы т.б.

Даусыз ағылшын тілінің басым бағыт алуы қазіргі кездегі әлем геолингвистикалық келбетінде бірден-бір негізгі нышан болып отыр, бұл бұқаралық ақпарат құралдарында да көрініс беруде.

Ағылшын медиамәтіндерінің бүтіндей көлемі бірқатар экономикалық, саяси, әлеуметтік салаларда қарқындап өсуі басқа әлем тілдеріндегі бұқаралық ақпарат құралдарының тілінде де мәтін көлемін арттыруға ықпал етуде, бұл тілдік процестің  ағымында болатын құбылыс, сондай-ақ мұндай тілдік процестер сөз қолданысының сапалық жағына да, тілдік нормасының қозғалысына да, тілдер мен мәдениеттердің өзара ықпалдасуына да өз әсерін тигізуде.

Интерлингвистикалық деңгейдедегі тілдік процестердің қозғалысындағы БАҚ-тың ролін үйрену тілдердің өзара ықпалдасуындағы медиақамтамасыз ету механизмдеріне талдау жасауды қажет етеді, оның ішінде, нақты айтқанда лексикалық бірліктердің ауысу тәсілдеріне, коммуникативтік-ақпарат стилінің өзара ықпалдасуына да әсер етіп, ықпал жасайтын фактор болып табылады. Ақпараттық қоғам жағдайында мәдени тілдік ықпалдастық (әсер ету) бұқаралық ақпарат құралдарының арналарында белсенді көрініс береді, әлемдік ақпарат кеңістігіне ағылшын тілді медиасөйлеудің басым ықпал жасауы, оның ішінде оған деген қазақтық сегмент жоғарыдағыдай медиадискуртарды талдау барысында айқын көрініс беруде.

Қазақстанның бұқаралық ақпарат құралдарына ағылшын-американдық бұқаралық медианың тигізіп отырған ықпалын олардың формат деңгейі мен мазмұнынан, сондай-ақ тілінің деңгейінен де байқауға болады. Ағылшын тілді үлгілердің теледидар және радиоөнімдеріне кең тарауы (олардың қатарында лицензияланған, сондай-ақ лицензияланбаған пираттық өнімдер де байқалады), форматы мен мазмұнының көшірілуі, ағылшын тілдік кірме элементтердің орасан зор толқыны, коммуникативтік-ақпараттық еліктеу стилі – қазіргі қазақ медиамәтіндеріне тән белгілер болып келеді.

Ресейдің ақпарат хабарларын белгілі батыс бағдарламаларының үлгісімен жүргізуі олардың ағылшын тілді медиақұбылысының форматтарынан да, мазмұнынан да, ақпарат құралдарының тілінен де анық байқалатындығының ашық үлгісі. Ал Қазақстан ақпарат құралдары ағылшын-американдық медиақұбылыстарды Ресей ақпарат құралдары арқылы сатылап қабылдап отырғаны байқалады.

Орыс ақпарат құралдары арқылы келген англо-американдық белгілі теле және радиохабарлар Қазақстанда жаңа заман талабына сай нәтижелі бейімделуде: мұндай ағылшын тілді бұқаралық медиаформаттарының қатарына: «Шоу-бизнес» (reality show), «Таңшолпан» (Доброе утро), «Біздің көршілер» (Наши соседи), «Алаң» сияқты хабарларды жатқызуға болады және олардың қатары күннен-күнге артуда. Тілдік деңгейде англо-американ бұқаралық медианың әсерімен ағылшын тілінен енген орасан зор ағылшын кірме лексикасы енді. Бизнес, менеджмент, маркетинг брокер, диллер, спонсор, спикер, спичайттер, трейдер, киллер, диджей, драйв, рейв, шоумен, промоушн, пати, файл, электорат және басқа ағылшын кірме сөздері қазіргі қазақ тілінің құрамды бөлігі ретінде сөздік қорға еніп, қалыптаса бастады. Көзқарастар жүйесі бойынша бағамдасаң, қызмет саласындағы ұлттық мәдениеттің кез-келген аясында кірме лексиканың енуі байқалады. Мысалы, британ баспасөз беттерінің өзінде де француз тілінен енген сөздерді жиі кездестіруге болады, олар қолданыстық өмірдегі заттарды білдіру үшін қолданылады, сондай-ақ мода үлгілерін, гастрономия заттарын атау үшін мол қолданылатыны байқалады. Мысалы: haute couture, clientele (клиент), vin de table(табло) т.б. өз кезегінде, ағылшын тілінен енген кірме сөздер бизнес, саясат, спорт компьютерлік технология, кең тараған музыка (саз), жастар мәдениетіне байланысты сөздер саласында мол қолданылатынын бағамдаймыз. Белсенді түрде шетелдік арналар арқылы тілдік қарым-қатынасқа түсетін БАҚ-тарда сондай-ақ белгілі бір ақпараттық-сараптау стильдерін қолдану және тарату үрдісі пайда болып келеді. Ақпараттық-тарату стилі ұғымы бұқаралық ақпарат құралдарымен тікелей байланысты және оқырмандармен белгілі және ерекше тонмен сөйлеу тәсілі арқылы іске асырылады, сондай-ақ, тыңдармандермен де, көрермендермен де әрбір бұқаралық ақпарат құралдарының өзіне тән сөйлеу, сөйлесу тәсілдері болады, бұл – әрбір газетке, журналға радиохабар тарату мен телебағдарламаларға тән болып келеді. Әрбір БАҚ субъектісі өз аудиториясымен белгілі бір тонмен «сөйлеседі», олармен қарым-қатынасқа түсу үшін, мәтіндік коммуникация жасау үшін берік медиастилистикалық және шешендік (риторикалық) құралдар қолданады. Мысалы, сапалы газет баспасөзінде  (пресса) қарым-қатынас жасаудың бір түрлі стилі тән болса, кең тараған баспасөз құралдарында басқа стиль түрлері қолданылады. Мысалы, британ жаңалық тарату құралдарының стилі Ресей тележаңалықтары стилінен ерекшеленетіні сияқты қазақстандық каналдардың да жаңалық тарату ерекшеліктері бар т.б. Сазды үйлесім мен үндестікке қарай бұқаралық медианың әртүрлі субъектісінің саздылығы (тональность) көптеген экстралингвистикалық (сыртқы тілдік факторлар) факторларға байланысты түрленеді, атап айтқанда, ол саяси, тарихи, мәдени, идеологиялық, әлеуметтік салаларға қарай түрленіп отырады. Ақпараттық-тарату стилі ресми дәрежеге дейін көтеріліп қолданылса, кеңес дәуіріндегі теледидарлық жаңалықтар белгілі дәрежеде шектеулі, арнайы електен (цензурадан) өткен үлгіде берілді, ал қазіргі мемлекеттік және жекеменшік арналарда жаңалықтар белгілі бір объективті жаңалыққа ұмтылыс жасауда, ал көңіл көтеруге арналған радио мен телебағдарламаларда ағайынгершілікке  негізделген стиль қолданылады. Салыстырмалы зерттеу негізінде медиамәтіндердегі мынандай өзгерістер айқындалды, олар қазіргі кездегі медиакеңістіктің жаһандануының ішінара алмасуына, ауысып тұруына бейімделеді, ал кей кезде кейбір ақпараттық-тарату стильдерін (қолданыстарын) түгел көшіріп алуға  бейімдейді, соған алып келеді, оның ішінде қазақ бұқаралық ақпараттық құралдары да бар екенін айтуымыз керек, мұндай көрініс «Екі жұлдыз» сияқты саздық бағдарламаларда бірден байқалады. Мысалы, жариялылық пен қайта құру кезеңіндегі өзгерістер посткеңестік БАҚ-тарда қарым-қатынастың үндестігіне алып келді, нәтижесінде ақпараттық-тарату стиліне де батылдық әкелді. Көптеген посткеңестік  медиадискурстар англо-американдық медиасөйлеудің ықпалымен пайда болды.

Бұқаралық медианың ішкітілдік немесе интерлингвистикалық деңгейінің дәрежесін талдау БАҚ-тың тілдік қызметінің бір саласы лингвомәдени аймақтың ауқымына қатысты қалыптасты. Бұқаралық медианың іске асыратын механизмі болып табылатын тілдік процестерді сөз еткенде, бірінші кезекте мыналарды бөліп айтуға болады:

1.     Нақты стильдік шекараны жою дәстүрі;

2.     Медиасөздің базалық корпусында ауызекі стильдің нормасын тарату (жаңалықтар, ақпараттық талдау, шолу);

3.     Қате сөз қолданыстарды тарату (екпінді дұрыс қоймау, грамматикалық қателер, нақты емес тіркестер);

4.     БАҚ-та жаргондарды, нормаға жатпайтын сөздерді қолдану арқылы сөз нормасын төмендетіп, мәнін кетіру т.б. 

Медиасөздің ішкі корпусындағы дәл де нақты стильдік шектеуді жоюдың ұстанымын көптеген зерттеушілер, оның ішінде Ресей, шет елдердег ізерттеушілер қарастырып келеді. Мүмкін бұл бағыт төтенше жылжымалылықтың және медиакурстың өзінде жанрлық технологиялық  динамикалық қозғалыстың тууына, пайда болуына себепші болатын шығар. Медиамәтіндердің негізгі типтері, оның ішінде жаңалықтар, ақпараттық талдаулар (comment and analysis), публицистика (features) және жарнама жанрлары бір-бірімен үнемі кеңістікте және уақытша жақын болып өзара әсер ететіндіктен (публицистика мен ақпараттық талдау бағдарламалары жарнамамен бөлінеді, ал жаңалықтар шолуға жақын болады), бір-біріне ықпал жасайтын табиғи жағдай деуге болады. Кей кейде мұндай ықпалдасулар мен бір-біріне әсер ету процесі «Инфотеймент» (intfotaiment) немесе «инфомерция» (infomercial) cияқты жанрлық-стилистикалық жағына жаңа гибрид жанрдың пайда болуына себепші болады. Адамдарды шаттандыруға (развлекательный) арналған немес жарнамалық құрамдар (компоненттер) барынша үлкен аудиторияны қамтуға тырысатын бұқаралық коммуникацияға жатады [5, 85 б.].

Мамандар соңғы кезде БАҚ-та ауызекі тіл мен жазба тілдің барынша жақындаса бастағанын байқауда, себебі бұған бұқаралық ақпарат құралдарының дискурстық тәжірибесіндегі функционалды-технологиялық ерекшелігі себепші болып отырған сияқты. Өйткені медиамәтіндерді жасау мен тарату барысында жүгіртпелі қатарды оқу, алғашқы ауызша мәтінді жазбашаға аудару (мысалы сұхбат), жедел және даярланған мәтіннің интеграциясы (тілара қатынасы), ауызекі тіл мен кітаби-жазба тілдің араласып кетуі сияқты арнайы техникалар қолданылады. Аталған үрдістер тек қана Қазақстан лингвомәдени аймағына (ареалына) ғана тән құбылыс емес. БАҚ-тағы аталған тілдік процестердің ағылшын зерттеушілер басқа да Еуропа тілдеріне тән екендігін анықтап отыр, мысалы, ағылшын, француз, алман (неміс), испан, итальян тілдерінде де осындай үрдістер байқалуды. Демек, тілдің даму қозғалысында (динамикасында) бұқаралық медианың атқаратын ролі орасан зор [6, 111 б.].

Тілді қолданудың негізгі саласына айналу барысында бұқаралық ақпарат құралдары қазіргі тіл жағдайының көптеген құрылымы мен сипатын айқындайды. Осы процестердің әсері академиялық ғылымдарда да айтылуда, дәлірек айтқанда, "БАҚ тілі" ұғымының орнығуы мен бекітілуіне де аталған зерттеулер қатысты болып келеді.

Қорыта айтқанда, аталған мақалада медиалингвистиканың мәтіндер корпусы, берік тілішілік жүйе, лингвистикалық құрам мен белгілер жиынтығы, вербалдық құрам, аудиовизуальдық құрам, тілдің базалық айқындамасы, тілдік әмбебап ұғымы, жүйелі тіл ұғымы, нақты тіл ұғымы, Интернеттің сеттік өлшемі, медиалық деңгей, идеологема, «Дәуірдің тілдік дәмі», жаһандану мәтіні, әлеуметтік сөздік құрылым, функциональды-стильдік даралану, қоғамдық-сөздік тәжірибе, англо-американдық баспасөз, медиалингвистика, медиамәтін, тілдің базалық парадигмасы, ақпараттық-сараптау мәтіні, медиадискурс, лингвомедиалық технология, ақпараттық менеджмент, терминологиялық ақпарат, авторлық мәтін өндіру, әріптестік мәтін өндіру, қайта өндіру формасы, мәтіннің безендірілуі, медиасөздің статусы сияқты медиаұғымдарды білдіретін сөз тіркестері мен терминдері қарастырылды. Өйткені қазіргі ақпараттық қоғамда бұқаралық ақпарат құралдарының тілін зерттеу тек қана тіл білімінің емес, гуманитарлық білімнің де бөлінбес бір саласына айналып отыр.

 

Пайдаланылған әдебиеттер

1 А. Байтұрсынов. Әдебиет танытқыш. А., 1998

2 А. Аманжолов. Қазақтың әдеби тілі. А., 1985

3 Солганик Г.Я. О языке газеты. М., 1968

4 Билинский И. Язык газеты. Избранные работы. М., 1996

5 Доброслонская Т.Г. Вопросы изучения медиатекстов. М., 2005

6 Володская М.Н. Язык СМИ как объект междисциплинарного исследования. М., 2004