УДК  636.933:575.       

 

Қанықтылық дәрежесі әркелкі қара түсті қозылардың жүн жібектілігіне және жылтырлығына сыртқы орта факторларының ықпалы

 

Влияние факторов внешней среды на шелковистость и блеск  волоса черных ягнят  различающихся по выраженности пигментации

 

Оразалиев Н. –магистр, Байбеков Е. – доктор сельскохозяйственных наук, профессор, Мусабеков А. доктор философии

Региональный социально-иннавационный унивкрситет, Республика Казахстан

 

The influence of factors of an environment on silkiness and shine of hair of black lambs differing on expressiveness of pigmentation

Orazaliev N. master's degree, Baibekov E. - doctor of agricultural sciences, professor,  Musabekov A. - Ph.D

 

 

Жануарлар организміне ықпал  ететін факторлар үш топқа жіктеледі: абиотикалық, биотикалық, антропогендік. Табиғатта абиотикалық факторлар құрамына – ауа температурасы, ылғалдық, күн сәулесі, жауын, жел, атмосфералық қысым, судың химиялық құрамы, топырақ жатады. Аталған орта факторларының  амплитуда ауқымы  әркелкі болуы олардық мал генотипіне ықпалы да өзгеріп отырады.  Мысалы, күн сәулесінің әсері экваторда барынша жоғары болса, жердің полюстерінде әсері азаюы осы жердегі жануаллардың бейімделуіне әркелкі ықпал етеді [1].

Тірі организмдердің эволюциясы сыртқы орта факторларымен тікелей ықпалдасуы нәтижесінде жүреді. Осыған орай жануарлардың дамуы олардың өскен ортасының факторларына едәуір дәрежеде байланысты. Әркелкі экологиялық табиғат жағдайында өскен жануарларда генотипі бір-біріне ұқсамайтын топтар құрылады. Бұл процес мал топтарының  сыртқы орта жағдайына бейімделуге және сол жердің жайылымын  толық  пайдалануға мүмкіндік береді [2,3].

Қанықтылық дәрежесі әркелкі қара түсті қозылардың жүн жібектілігіне және жылтырлығына сыртқы орта факторларының ықпалы зерттелінді. Жүн жібектілігі мен жылтырлығының фенотипте байқалуы тәжірибедегі төлдердің генотипіне байланысты өзгерді. Мұнда, өте қанық типтегі төлдердің аталған белгілеріне сыртқы орта факторларының ықпалы болған жоқ. Ықпал дәрежесі әр жылдары төлдің жүн жібектілігі мен жылтырлығы өзгеріссіз фенотипте толық пайда болды – күшті жібекті 26,67% және 26,67%, жылтырлығы 44,44% және 44,44%, айырмашылығы жоқ (1 кесте).

Төл генотипінің жібектілік пен жылтырлық белгілері бойынша фенотипте толық емес пайда болу орта және төмен дәрежедегі қанық төлдерде байқалды. Сыртқы орта факторларының жоғарғы сатыдағы ықпалы генотипі төмен қанық төлдерде анық байқалды. Зерттеуде күшті жібекті мен жылтырлығы күшті белгілерінің фенотипте пайда болу дәрежесі ықпалы жоғары жылы 4,17% (27,28%, 31,25%) төмендеді.

 

     1-кесте – Қозылардың жүнінің жібектілігіне орта факторларының ықпалы

пайыз есебімен

Қара түстің қанықтылық дәрежелері

Орта факторларының

ықпал дәрежесі

 

 

п

 

Жүн жамылғысының жібектілігі

күшті

жібекті

жібекті

жібектілігі жеткіліксіз

 

Өте қанық

ықпалы жоғары жыл

45

26,67±6,59

66,67±7,03

6,66±3,72

ықпалы төмен жыл

45

26,67±6,59

66,67±7,03

6,66±3,72

айырмашылығы

 

-

-

-

Орта

дәрежедегі

қанық

ықпалы жоғары жыл

50

30,0±6,48

62,0±6,86

8,0±3,84

ықпалы төмен жыл

50

28,0±6,35

62,0±6,86

10,0±4,24

 

айырмашылығы

 

 

-2,0

-

+2,0

Төмен дәрежедегі

қанық

ықпалы жоғары жыл

48

27,08±6,41

 

60,42±7,06

12,5±4,77

 

ықпалы төмен жыл

48

31,25±6,69

60,42±7,06

8,33±3,98

айырмашылығы

 

-4,17

-

+4,17

 

Генотипі әркелкі қара түсті қозыларда жүн жамылғысының пигментация қоюлығының сыртқы орта факторларының ықпалынан фенотипте айқындалуы зерттелінді. Өте қанық типтегі қозылардың генотипі сыртық орта факторларымен ықпалдаспайтыны байқалды. Сыртқы орта факторлары әркелкі жылдарда өте қанық типтегі төлдердің фенотиптік көрсеткіштері өзгеріссіз қалды. Пигментация қоюлығы жоғары деңгейдегі қара түсті қозылар  сыртқы орта ықпалы жоғары жылдары 37,78% болса, осы көрстекіш ықпалы төмен жылдары да көрсеткіші өзгеріссіз қалды (2 кесте).

Әркелкі жылдары пигментация қоюлығы белгісінің фенотипте байқалу көрсеткіші сыртқы орта факторларының өзгеруіне қарай ауысып отырды. Аталған белгінің фенотипте үлкен мөлшерде өзгеруі қанықтылығы төмен дәрежедегі төлдерде айқын байқалды. Мұнда, жүн талшықтарының пигментация қоюлығы жоғары деңгейдегі қозылар үлесі сыртық орта ықпалы жоғары жылдары 4,17% (14,58%) азайып, пигментация қоюлығы төмен деңгейдегі қозылар үлесі 6,25% (35,42%) көбейді.

 

2 кесте - Генотипі әркелкі қозылардың пигментация қоюлығы бойынша жіктелуі

пайыз есебімен

Қара түстің қанықтылық дәрежелері

Орта факторларының

ықпал дәрежесі

 

 

 

п

Қара түсті жүн талшықтарының

пигментация қоюлығы

жоғары деңгейде

орта деңгейде

төмен деңгейде

 

Өте қанық

ықпалы жоғары

жылдар

45

37,78±7,23

51,11±7,45

11,11±4,68

ықпалы төмен

жылдар

 

45

37,78±7,23

51,11±7,45

11,11±4,68

айырмашылығы

 

-

-

-

Орта

дәрежедегі

қанық

ықпалы жоғары

жылдар

50

22,0±5,68

54,0±7,05

24,0±6,04

ықпалы төмен

жылдар

50

24,0±6,04

54,0±7,05

22,0±5,86

айырмашылығы

 

 

 

-2,0

-

+2,0

Төмен дәрежедегі

қанық

ықпалы жоғары

жылдар

48

14,58±5,09

50,0±7,22

35,42±6,90

ықпалы төмен

жылдар

48

18,75±5,63

52,08±7,21

29,17±6,56

айырмашылығы

 

 

-4,17

-2,08

+6,25

 

 

Резюме

       В статье анализирован процесс влияния факторов внешней среды на признаки волоса черных ягнят, различающихся по выраженности пигментации шерсти. Установлено, что степень  влияния факторов внешней среды зависит от уровни интенсивности пигментации шерсти животных.

 

Resume

The process of influence factors of an environment on attributes of hair of black lambs differing on expressiveness of pigmentation of wool was analyzed in article.  It is established, that the degree influence of factors of an environment depends from levels of intensity of pigmentation of a wool of animals.

 

Пайдаланған әдебиеттер

1.  Глембоцкий Я.Л. Генетика популяций и селекция животных //Генетика популяций и селекция. -М.: Сельхозиздат, 1967. С.160.

2. Брюбейкер Дж. Л. Сельскохозяйственная генетика. –М.: Колос, 1966.                   -220 с.

3. Умурзаков Т.У. Изменчивость признаков и селекции каракульских овец, Алматы, Ғылым, 1992.  -232 с.