АТЫРАУ ӨҢІРІ
ТАБИҒАТЫН ПАЙДАЛАНУДАҒЫ ТҰРАҚТЫ ДАМУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Тауова Нурсауле Рауловна
Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті
Белгілі бір
аймақтың тұрақты дамуы, сол өңірдегі
қоршаған ортаға келетін экологиялық жүктемені
азайтып, болашаққа шығын келтірместен, қазіргі
қоғамның қажеттілік деңгейін қамтамасыз ету
болып табылады.
Тұрақты дамудың маңызды
аспектілері экономикалық, экологиялық және әлеуметтік болып сараланады[1]. Тұрақты
дамудың индикаторы ретінде жұмыссыздық, халықтың
көшіп – қонуы, демография, өндіріс, жан басына
шаққандағы жалпы ішкі өнім, (ЖІӨ),
ауылшаруашылығының даму көрсеткіштері, экология және
халық денсаулығы, табиғат ресурстарын тиімді пайдалану,
биоәртүрлілікті сақтау және т.с.с
Қазақстан үшін Атырау
өңірінің тұрақты дамуы ерекше маңызды,
себебі, мұнда мұнай мен газдың қоры барланып,
көмірсутек ресурстарын игерудегі айтарлықтай инвестицияның
тартылуы, Каспий маңы мен Қазақстанның барлық
тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыруды талап
етеді.
БҰҰ–ның 1992 ж. 179
мемлекеттің қатысуымен өткізілген конференциядан соң,
қоршаған орта мен даму бойынша 1994 ж. ЮНЕСКО шеңберіндегі
кіші аралдардың тұрақты дамуы бойынша ғаламдық
конференция өтті, 1996 ж. қоршаған орта және
жағалаулық аймақтар мен кіші аралдардың тұрақты
дамуы бойынша бағдарлама жасалды.
Тұрақты
дамудың түрлі анықтамалары бар. Тұрақты даму – бұл, қазіргі
уақыттың қажеттілігін қанағаттандырып,
болашақ ұрпақ қажеттілігіне қол
сұқпау. Сонымен қатар, тұрақты дамудың
қысқа түсініктері де кездеседі:
- болашақ
ұрпаққа қосымша шығынды қажет етпейтін
даму;
- ұрпақтар арасындағы
сыртқы әсерлерді минимумдау арқылы даму;
- болашақтағы
қарапайым және кеңейтілген өндірістік потенциалмен
үнемі қамтамасыз ететін даму.
Тұрақты
дамуды бағалауда төмендегідей критерийлер қолданылады:
тұрғын халықтарды жұмыспен қамтамасыз етілу
деңгейі; адамзат дамуының индексі; ақша – қаржы
критерийі. Тұрақты
даму тұжырымдамасының ажырамас бөлігі ретінде БҰҰ
– ның тұрақты даму бойынша жасалған индикаторлар жүйесін
қарастырамыз. Бұл индикаторларға жұмыссыздық
деңгейі, миграция мен туудың коэффициенті, жан басына
шаққандағы ішкі өнім, дайын өнім өндірудегі
табиғи ресурстарды пайдалану мөлшері, қаржылық
қордың көлемі, қаржылық жүйе арқылы
қаржы қорларын бөлу мөлшері және т.б жатады. Атырау өңірінің
табиғат пайдалануы мен халық денсаулығының
жағдайын, экономикасы мен экологиясының тұрақты даму
түсінігін қарастырамыз. Атырау облысының экономикасы отын – энергетикалық,
өндірістік, ауылшаруашылығы және балық өндірісі,
құрылыс материалдарын өндіруге бағытталған.
Өндіріс саласының басымы шикі мұнай мен ілеспе газ
өндірісі, мұнай айдау, электр энергиясын өндіру мен тарату.
Облыс территориясында мұнай – газ және газ конденсат
шикізатының кен орындары белгіленген. Ірісі – Теңіз кен орны [2].
Мұнда 2,5 – 3 млрд тонна мұнай қоры мен 1800 млрд куб метрден
жоғары ілеспе газ қоры барланған. Мұнай өндіру көлемін
ұлғайтудың негізгі келешегі Каспий теңізінің
қазақстандық секторын – Құрманғазы кен
орны, Нұрсұлтан, Ұлытау, Ракушечное геологиялық
құрылымын және Құрманғазыдан
шығысқа қарай – Дархан кен орындарын игерумен байланысты.
2015 жылға қарай теңіз кен орындарынан жыл сайын 100 млн
тоннаға дейін мұнай өндіру қарастырылды.
Құрманғазы кен орнында тереңдігі 2000 және 1300
метрлік 2 барлау скважындарын бұрғылау көзделген, бұл
қоршаған табиғи орта жағдайының бұзылуына
әкеп соғады. Бұл
өңірдегі тұрақты даму тұжырымдамасын
өңдеу жергілікті техникалық және танкерлік
флоттың инфрақұрылымын дамуын, жаңа жұмыс
орындарының болуын, маман даярлау, заттарды тасымалдауда, тауарлар мен
қызмет көрсетуге жергілікті тұрғындарды
жұмысқа тарту, отандық ғылыми потенциалды пайдалану,
салық жинауды ұлғайту, қоршаған ортаны қорғау
мәселесін шешу, жер өңдеу жағдайын жақсарту,
балық қорларын өндіруді көбейту, Каспийге Еділ
және Жайық өзендері суының толық
құйылуын қамстамасыз ету сияқты мақсаттарды іске
асырады. Атырау
өңірі Қазақстандағы шетел инвестициясын тартуда
алдыңғы орында. Бұл аймақта тартылған шетел
капиталының жалпы көлемінің үштен бірі
орналасқан. Аумақ дүние жүзіндегі 45 елмен
қызметтес жұмыс істейді және 243 мекеме шетелдіктердің
қатысуымен құрылған және оңтайлы
жұмыс істеуде. Инвестициялық
саясаттың негізгі бағыттарының бірі отандық және
шетел капиталдарын өндірісте қайта өңдеу және
өңдеу мен құрылыс нысандарына, коммуналдық
шаруашылыққа тарту болып табылады. Инвестиция нысандарының
ішінде полиэтиленді құбырлар зауыты, АМӨЗ – ның
құрылысы, ірі жүкті әуе кемелерін қабылдауды іске
асыратын Атырау аэропортын дамыту, республикалық маңызы бар
автомобиль жолдарының құрылысы және т.б бар. Атырау
қаласының грунт суларының деңгейін төмендету
үшін жасалған дренаждық жүйе құрылысы,
тұрғын халықтардан келетін тұрмыстық
қалдықтарды жою жоспары іске асырылуда. Облыстық 37 елді
мекенде қалдықтарды қайта өңдейтін және су
тазалау құрылғыларының құрылысын іске асыру
жоспарланып отыр. Атырау
өңірінің экологиялық ахуалы – табиғи және
антропогендік факторлардың әсерімен түсіндіріледі,
олардың ішіндегі маңыздылары Каспий теңізінің
деңгейінің көтерілуі және мұнай – газ
кешенінің қарқынды дамуы және т.б. Бұл өңірде
топырақтың техногендік бүлінуі басым. Бұл
автокөлік қозғалысының ұқыпсыздығы,
мұнай – газ кен орындарын барлау мен игеру, байланыс сызығы мен
электр энергиясын беру құрылысы, түрлі құрылыстық
– монтаждық жұмыстар, өндірістік және
тұрмыстық қалдықтар мен карьерлерге жер
учаскелерінің бөлінуі және т.б байланысты. Топырақтың ауыр металдармен
ластануы табиғат ресурстарын тиімсіз пайдалану салдарынан болып отыр.
Биосфераның ластануының негізгі көздері – мұнай
және газ скважындарын салу; мұнайды тасымалдау, жинау;
мұнайды өңдеуге дайындау; мұнай өнімдерін
өңдеу мен сақтау және т.б. Каспий теңізінің
биоалуантүрлілігін сақтау осы өңірдегі
тұрақты дамудың бірден – бір басты міндеті, ол үшін
теңіз жағалауы елдері келтірген залалдарын нақты есепке ала
отырып, өз жауапкершіліктерін сезініп, осы аймақтағы
экологиялық қауіпті оқыс геодинамикалық белсенділік
жағдайын алдын алу мақсатындағы іс шараларды қабылдау
қажет.
Жағалаулық
елдердің табиғат пайдаланушылары үшін бір – біріне
қайшы келмейтін тұрақтандырудың экономикалық
құқықтық механизмін жасау қажеттілігі
туындап отыр [3].
Теңіз
жағалауы аймақтарының тұрақты дамуы үшін:
- ұлттық қорларды
пайдалануда және экологиялық жағдайларды жақсартуда
аймақтың өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып, іске асыру
бағдарламасын өңдеу және қолдану;
- ірі өндіріс орындарының
жоспарын іске асыруда алдын ала сараптама жасау және жүйелі
бақылау;
- қызығушылық
танытқан адамға, топтарға және ұйымдарға
экологиялық ақпараттың қол жетімділігін
қамтамасыз ету
Жергілікті
билеуші және басқару органдары іске
асыруы қажет:
- облыс көлеміндегі жер және
су пайдалану саясатын өңдеу және іске асыру;
- теңіз жағалаулық
аймақтардың тұрақты дамуы мен табиғатын тиімді
пайдаланудың кешенді жоспарын құру;
- жағалаулық
аудандардың эрозияға қауіпті зоналарын анықтап,
кестесін құру;
- климаттың өзгеруі
және теңіз деңгейінің көтерілуі, мұнай
төгілуі мен басқа да заттардың әсерінен
қоршаған ортаның ластануы мен жағдайының
нашарлауы сияқты антропогендік жағдайлар мен табиғи апаттарды
ескере отырып, қарсы тұру шараларының жоспарын
құру;
- теңіз жағалауық
аудан тұрғындарын баспанамен, тұщы сумен қамтамасыз
ету, коммуналдық ақаба суларды тазалау мен ағызу,
өндірістік шығарындылар мен қатты қалдықтарды жою
бағдарламасын жүзеге асыру;
- қоршаған орта сапасын
бағалау үшін критерийлерді өңдеу мен қолдану;
- жағалаулық
аудандарға қарасты ауылшаруашлығын, туризмді, балық
аулауды, порттар мен өндіріс салаларын тұрақты дамыту;
- қоғамды сауаттандыру мен
ақпараттандыруды дамыту.
Еліміздің
экономикасын тұрақтандыруда, оның ішінде
Қазақстан халқының әлеуметтік жағдайын
жақсарту, Каспий теңізінің қазақстандық
секторының көмірсутек қорларын тиімді әрі
қауіпсіз игеру туралы ҚР Президенті Н. Назарбаев бекіткен Каспий
теңізінің қазақстандық секторының
Мемлекеттік бағдарламасында атап көрсетілген.
Бұл
бағдарламаның басты міндеттері: көмірсутек қорларын
сақтау, тиімді пайдалану, мұнай – химия өндірісін дамыту,
мұнай – газ кешендерінің тұрақты дамуын
қамтамасыз ету, теңізді ұстау үшін құрылыс
материалдары мен қондырғылар өндірісін дамыту, машина жасау
мекемелері мен көлік жүйесін жақсарту,
теңіздік порттардың ғылыми – техникалық базасын
құру және теңіз флотын дамыту, халықтың
денсаулығын және қоршаған ортаны қорғау, тұрғындардың
өмір сүру сапасын арттыру болып табылады.
Қолданылған
әдебиеттер:
1.
Грановский
Э.И. Проблемы устойчивого развития города Атырау и Атырауского региона
//Аналитический обзор. - Алматы, 2003.
2.
Палымбетов
Б.Экономический потенциал Атырауской области. . - Алматы, 2001.
3. Новиков Р.А. Проблематика комплексного
управления устойчивым развитием городов в прибрежных зонах. - М., 1997.
4.
Атырау облысының табиғатын қорғау. О.М.Грищенко,
Н.А.Дидичин, Атырау қ., 1997ж.
5.
Мұнай-газ кешенінің дамуына байланысты Каспий теңізі ауданындағы
геодинамикалық және экологиялық жағдайды болжау
және бақылау. Мәскеу қ., 2000ж.
6.
Экология және мұнай-газ кешені. М.Д.Диаров, Алматы қ.,
2003ж.
SUMMARY
THE
PROBLEM OF NATURAL RESOURCES AND SUSTAINABLE DEVELOPMENT OF ATYRAU REGION
In the article it is considered that environmental management in the aspect
of realizing sustainable development of Atyrau region.
РЕЗЮМЕ
ПРОБЛЕМЫ
ПРИРОДОПОЛЬЗОВАНИЯ И УСТОЙЧИВОГО РАЗВИТИЯ АТЫРАУСКОГО РЕГИОНА