«Экономические науки»/ 12.Экономика сельского хозяйства.
Магистр Нурбекова Ш.К., аға
оқытушы Дуйсебаева А.Е.
І.Жансүгіров
атындағы жетісу мемлекеттік университеті, Қазақстан
Ө.А. Жолдасбеков атындағы экономика және
құқық академиясы, Қазақстан
ҚР халықтың азық-түлік
қауіпсізідігін қамтамасыз ету бойынша атқарылып жатқан іс-шаралар
Қазіргі
таңда азық-түлік мәселесі өмірлік мәнге ие
болып отыр, өйткені әлемнің дамыған елдерінде
тамақ өнімдерінің артығымен өндірілуі, дамушы
елдерде оның өткір тапшылығы, ашаршылық пен жартылай
ашаршылық қалыптаса бастады. Азық-түлік
қауіпсіздігі мәселесі төңірегіндегі әртүрлі
көзқарастардың мазмұнын қарастырып, біз
азық-түлік қауіпсіздігінің мәні салауатты тіршілікті қамтамасыз ету,
импорттан мемлекеттің тәуелділігін реттеу кезіндегі
алғашқы қажеттіліктің өнімдері бойынша
мемлекеттік резервтерді және тұрақтылық қорларын
құру үшін жеткілікті деңгейде азық-түлік
тауарларын өндіру және ішкі нарыққа шығару,
отандық АӨК қабілеттілігінен тұрады деп санаймыз. Азық-түлік
қауіпсіздігінің маңыздылығы адам
қажеттіліктерінің құрылымында, тамаққа
деген қажеттілік ең алғашқы
Азық-түлік
қауіпсіздігін қамтамасыз етудің шетелдік тәжірибесін
зерттеу және жалпылау келесіні көрсетті:
1.
Дамыған мемлекеттерде азық-түлік қауіпсіздігін
қамтамасыз етудің келесі стратегиялары қалыптасты–
өзін-өзі қамтамасыз етуге негізделген экспортқа
және импортқа бағытталған саясат.
2.
Дамыған мемлекеттердің азық-түлік қауіпсіздігі
негізінен алғанда ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне
төленетін субсидиялар, жеңілдікпен несиелеу жүйесі,
баға құралының көмегімен өндірушілерді
ынталандыру, ауыл шаруашылығы өндірістік
инфрақұрылымының құрылысы, ауыл шаруашылығы
экспорты мен азық-түлікті жеткізуді субсидиялау,
ғылымның жетістіктерін ауыл шаруашылығына енгізу арқылы
протекционистік сипатқа негізделген.
3.
Азық-түлік қауіпсіздігіне жету үшін дамыған
мемлекеттер дамушы мемлекеттерге елеулі
көмек көрсетеді. Осы көмектің салдары бір жағынан
оң әсерлі– ақша құралдарының,
несиелердің бөлінуі, гуманитарлық көмек көрсету,
екінші жағынан теріс әсерлі–азық-түлік жеткізіліміне
дамымаған мемлекеттердің тәуелділігі күшейеді.
Республикамыз
ДСҰ енуде дамыған мемлекеттердің тәжірибесінен келесі
жағдайлар ескерілуі қажет:
-
бағалардың коридорымен, азық-түліктің мемлекеттік
ресурстарымен және мемлекеттік тауар интервенциясымен ішкі
азық-түлік нарығын мемлекеттік реттеу жүйесін
құру;
-
ЕҚ сияқты тарифтік жүйенің орнына компенсациялық
төлемдер мен өтеулер жүйесін енгізу
құқығын Қазақстанда бекіту;
-
Дамыған елдердің тәжірибесін пайдаланып, ауыл шаруашылығының өте
маңызды салаларының, әсіресе мал шаруашылығының
осы халықаралық ұйымның ережелеріне кіргізілмеуіне
қол жеткізу.
Мемлекеттің, соның ішінде
оның аймақтарының азық-түлік қауіпсіздігін
қамтамасыз ету мақсатында, тамақ өнімдерімен
өзіндік қамтамасыз етудің жоғары деңгейіне
қол жеткізу АӨК-нен кәсіпкерліктің белсенділігін
арттыру, ғылыми-техникалық прогресстің жетістіктері мен шаруашылықты
және өндірісті басқарудың тиімді формаларын енгізу,
шаруашылықтың тоқтап тұруын болдырмау, тағы
басқалары арқылы өндіріс тиімділігін көтеруді талап
етеді. Азық-түлік қауіпсіздігінің мәні
отандық АӨК-нің салауатты тіршілікті қамтамасыз ету
үшін, импортқа мемлекеттің тәуелділігін реттеу кезінде
бастапқы қажеттіліктердің өнімдері бойынша мемлекеттік
резервті және тұрақтылық қорларын
құру үшін жеткілікті деңгейде азық-түлік
тауарларын өндіру және ішкі нарыққа шығару
қабілетілігінде деп санаймыз. Азық-түлік
қауіпсіздігінің маңыздылығы адам
қажеттіліктерінің құрылымында, тамаққа
деген қажеттілік алғашқы қажеттілік болып табылатынымен
анықталады. Азық-түлік қауіпсіздігі әртүрлі
деңгейлерде бағаланады: дүниежүзілік,
ұлттық, аймақтық және жеке дара (үй
шаруашылықтары). Иерархияның әр деңгейіне
азық-түлік қауіпсіздігін бағалайтын критерийлер мен
көрсеткіштер нақтыланып жасалды; азық-түлік
қауіпсіздігі, азық-түлік қамтамасыздығы
және азық-түлік тәуелсіздігінің арасындағы өзара байланыс
анықталды. Әлем елдерінің азық-түлік
қауіпсіздігінің тәжірибесін зерттеу оған жетудің
үш стратегиясы бар екенін көрсетті: импортқа
бағытталған (Жапония, дамушы мемлекеттер), экспортқа
бағытталған (АҚШ,
ЕҚ елдері, Қытай) және азық-түлікпен
өзін-өзі қамтамасыз етуге бағытталған
(Қазақстан, Ресей).
Соңғысы таза түрінде сирек кездеседі және әдетте бір стратегиядан екінші
стратегияға өту жағдайын сипаттайды. Кез келген елде
азық-түлік қауіпсіздігін сақтау үшін, алдымен,
арнайы резерві жасақталуы қажет. Мәселен,
БҰҰ-ның азық-түлік жөніндегі
халықаралық ұйымы сарапшыларының пікірінше, егер
мемлекетте астық қоры 60 күнге жетерлік болса немесе
жылдық тұтынымның 17-20 пайызын құраса,
жинақталған қор жеткілікті болып есептеледі.
Дүниежүзінде халық саны қанша өссе де,
азық-түлікпен қамтамасыз етуге қиналмайтын екі ел
(Ресей мен Бразилия ғана) аталады. Осы орайда, әлемдегі мемлекеттерді
азық-түлікпен қамтамасыз етілу жағынан бірнеше типке
жіктеуге болады. Мысалы, 1-типке азық-түлік тауарларының
басты экспорттаушылары – АҚШ, Канада, Оңтүстік Африка
Республикасы, Тайланд, Еуропалық одақтың кейбір елдері
жатады. Шағын ел бола тұра, тамақ өнімдерін ұдайы
экспорттайтын Венгрия, Финляндия сияқты елдер 2-типті
құрайды. Ал 3-типке азық-түлік тапшылығына душар,
бірақ оны еңсере алатын елдер, мысалы, Жапония жатады. Өз
күшімен өз қажеттіліктерін әзер қамтамасыз етіп
отырған Үндістан, Қытай, Оңтүстік
Американың кейбір елдері 4-типке жатқызылады. Су және жер
ресурстары болғанына қарамастан, азық-түлік
тапшылығын өткізіп жатқан Мысыр, Индонезия, Пәкістан,
Филиппин сияқты елдер – 5-тип, жан басына шаққанда
үнемі азық-түлік тапшылығына душар Сахараның
оңтүстігіндегі Африка елдері – 6-тип, ал ұдайы
азық-түлік дағдарысынан құтылмайтын Гаити, Непал,
Сальвадор секілді мемлекеттер 7-типке жіктеледі. Елдің
азық-түлік қауіпсіздігінің деңгейін қалай
бағалауға болады? Ғалымдар бірауыздан «егер мемлекет 25 пайыз
азық-түлікті сырттан алатын болса, бұл ел
азық-түлік қауіпсіздігінен айырылады» деген байламға
келіп отыр. Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметтері
бойынша, Қазақстан 40 пайызға жуық сүтті, 29
пайыз етті және 43 пайыз көкөністерді сырттан әкеледі.
Азық-түлік қоры мол деген Ресейдің өзі
тамақ өнімдерінің 40 пайыздайын шетелден тасиды. Осыдан кейін
азық-түлік қауіпсіздігі туралы айту қиын. Ауыл
шаруашылығының шикізаттық сипаты азық-түлік
қауіпсіздігіне кедергі келтіреді. Елдегі ауыл шаруашылығы өнімдерінің
80 пайызы шикізат күйінде шығарылады, ал технологиялық
мешеулік салдарынан дайын өнім шығара алмай отырмыз. Елбасы атап
өткендей, азық-түлік қауіпсіздігі туралы заңды
әлі де жетілдіре түскен абзал. Әлемдік тәжірибеде
Германия, Франция, Швеция, АҚШ елдері 70-80 жылдары-ақ
азық-түлік қауіпсіздігіне бағытталған шаралар
бойынша, әсіресе, фермерлердің құқығын
ерекше қорғайтын заңдар қабылдаған. Қазіргі
кезде АҚШ-та азық-түлікпен қамтамасыз ету
бағытында ондаған бағдарламалар бойынша жыл сайын 35-40 млрд
доллар бөлінеді. Бүгінгі таңда аграрлық секторда 193
мыңнан астам әртүрлі ауылшаруашылық
құрылымдар, оның ішінде 185 мың шаруа және
фермерлік қожалықтар жұмыс істеуде. Бұл салада 2,2
миллионнан астам адам немесе еліміздегі еңбекпен қамтылғандардың
үштен бірі жұмыс жасайды. Осы жылдары еліміздің агроөнеркәсіп
кешенін нарықтық қатынастарға бейімдейтін
заңнамалық база жасалынып, оны одан әрі жетілдіру,
халықаралық нормаларға сәйкестендіру бойынша
ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Соңғы жылдары агроөнеркәсіп
кешеніне мемлекеттік қолдау көрсетудің көлемі бірнеше
есеге өсті. Мысалы, өткен 10 жыл ішінде агроөнеркәсіп
кешенін қолдауға бөлінген қаржының
көлемі 20 есеге өсіп, 2011 жылы 248,2 млрд. теңгені
құрады. Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев 2012 жылғы 27
қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауында
ауыл шаруашылығын дамыту алдағы кездегі басты бағыттардың
бірі екенін көрсете келе, елімізде ет өндірісінің
экспорттық әлеуетін дамыту жөніндегі жобаны белсендірек
жүргізу қажеттігін атап өтті. Ол үшін етті мал
шаруашылығын дамытып, 2016 жылы ет экспортын 60 мың тоннаға
жеткізуіміз керек. Бұл міндетті ойдағыдай орындаудың
негізгі алғышарттарының бірі, мал тұқымын
асылдандыру болып табылады. Ғылыми негіздерге сүйенсек ет,
сүт өнімдерін мол әрі сапалы өндіру үшін асыл
тұқымды мал басының үлесі 30 пайыздан кем болмауы тиіс.
Еліміздің
Кеден одағы мен Біртұтас экономикалық кеңістікке енуі
және алдағы кезде БСҰ-ға мүше болуы
аграрлық секторды жаңа сапаға көтеруді және
оның жоғары бәсекеге қабілетті болуын қамтамасыз
етуді талап етеді. Алайда, біздің шаруалардың Ресей, Беларусь
елдерінің ауылшаруашылық тауар өндірушілерімен
бәсекеге түсу қабілеті толық болмай отыр.
Өйткені, Кеден одағына мүше елдердің агросекторларының
деңгейі әртүрлі екені белгілі. Оларға көрсетілетін
мемлекеттік қолдау да, өндірілген өнімдерінің
көлемі де, сапасы да әртүрлі. Мысалы, Белоруссияда шаруаларды
мемлекеттік қолдау елдің агроөнеркәсіп кешенінде
өндірілген өнімнің жалпы құнының 18
пайызын құрайды. Ол, Ресейде 8 пайыз, ал бізде небәрі 4
пайызды ғана құрап отыр. Осы көрсеткіштерді
теңестіру мақсатында Парламент 2011 жылдың маусым айында
Кеден одағына мүше елдермен бірігіп «Ауыл шаруашылығын мемлекеттік
қолдаудың бірыңғай қағидалары туралы
келісімді» ратификациялаған болатын. Аталған келісімге
сәйкес Кеден одағына қатысушы елдердің аграрлық
секторға көрсетілетін мемлекеттік қолдау көлемі
агроөнеркәсіп кешенінде өндірілген өнімнің жалпы
құнының 10 пайызы мөлшерінде болу керек деп
келісілген. Бұл біз үшін қолайлы. Өйткені, біз ауылшаруашылық
тауар өндірушілерін қолдау деңгейін көтере аламыз. Ол
еліміздің ауылшаруашылық өнімдерінің сапасы мен
бәсекеге қабілеттігін арттырып, азық-түлік ассортиментін
көбейтіп, халықтың сұранысын қамтамасыз ете
отырып, Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың ауыл шаруашылығының
экспорттық әлеуетін көтеру туралы тапсырмасын
орындауға мүмкіндік ашады.
Әдебиеттер
тізімі:
1. Қазақстан Республикасының Президенті –
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Әлеуметтік-экономикалық
жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты»
атты Қазақстан халқына Жолдауы. 27.01. 2012ж.
2. Қуаныш Айтаханов, Замана 18 мамыр, 2012
3.
Молдашева А.Б. Азық-түлік қауіпсіздігі:
бағалау, болжамдау және оны қамтамасыз ету механизмі.
Афтореферат. Алматы, 2010