СУ ПАЙДАЛАНУШЫЛАРДЫҢ СЕЛОЛЫҚ ТҰТЫНУ
КООПЕРАТИВТЕРІН БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІНДЕ ЖЕТІЛДІРУ
Жалбиева Т.С. магистрант
ЖГТУ, Тараз қ.
Қазақстан экономикасы ХХІ ғасырға
өте қиын жағдайда өтіп отыр, бірақ сәтсіз
деп айтуға болмайды. Экономикалық өсудің өтімділігі
мен тұрақтанудың бірінші белгілері бірқатар аймақтар
мен салаларды толығымен алғанда өзінің көріністерін
тапты, ол экономика «ауруының» жазылуын және сауықтандыру
кезеңінің басталғанын куәландырады.
Фермерлер үшін суландыру жүйелерін басқаруға
қатысуда олардың қызығушылығын арттыратын қандай
ынталандырулар бар? Орталық ұйымдар үшін де, бұл ұйымдарға фермерлердің
қатысу деңгейін арттыратын ынталандырулар болуы тиіс. Фермерлер бұрын
мемелекет басқарған активтерді басқару жауапкершілігін өздеріне
алуы, белгілі бір пайда әкелетінін нақты сезінуі тиіс. Өйткені,
фермерлер үшін су пайдаланушылар қауымдастығының қызмет
көлемін ұлғайтумен байланысты айтарлықтай ақшалай
және ақшасыз шығындар бар, егер бұл пайдалар елеулі түрде
болмаса, фермерлер жүйелерді басқаруға қатыспайтын нұсқаны
таңдап алады.
Фермерлердің бастан өткізген қажетті
өтпелі (уақытша) немесе қиындық сипатында болатын
пайдаларға негіздей отырып, басқаруға қатысуға шақыруға
болады. Бұл айырмалар жүйені басқаруда және дамудың
табыстылығына арналған фермерлік қатысуды ұлғайту
үшін маңызды мәнге ие болады.
Екінші жағынан кейбір қатысудан
болатын пайдаларды іске асыру кезінде уақытша ынталандырулар, мұндай
қауымдастықтарға фермерлердің қатысуына, сондай-ақ,
фермерлердің қатысушылығын қамтамасыз ететін, әсіресе
егер маңызды проблемалар бойынша дереу ілгерлеушілік
болмайтын ирригациялық жобаларға теңгермелі әдістерге әсер
етуі мүмкін. Қолда бар жүйеде қандай да бір нәрсе
жекелеген фермерлердің қанағаттанбауын тудырмайынша ештеңе
де жасалмайды, пайда болған жағдайды түзету су пайдаланушылар
қауымдастығын құру арқылы ғана мүмкін
болады. Жүйені басқару жөніндегі бақылау, бақылауды
қабылдау үшін жіберілген уақытпен, материалдармен және
материалдық емес (ақшалай) инвестициялармен көрінетін
фермерлердің елеулі күш-жігері салынған инвестициялардың
құнынан асып түсетін көзге көрінетін және көрінбейтін,
уақыт бойынша дереу және кейін пайдаланатын сыйақы түрінде
«пайда» әкелуі тиіс. Бұл сыйақыны фермерлер олардың
еккен дақылдарына, тұрғылықты жерлеріне, басқа да
демографиялық сипаттамаларға қарай әртүрлі бағалайды.
Төменде фермерлердің су пайдалануы
басқаруға қатысуды
қамтамасыз етудің кейбір
ынталандыру тізімі берілген.
Ирригациялық жүйелерді тұрпаттық
жетілдіру. Ұйымның кейбір жағдайларда тұрпаттық
қуаттарды жүйеге бергенге
дейін қалпына келтіруді
жеткілікті түрде жүргізетіне кепілдік, фермерлердің өздеріне пайдалану
және операциялық шығындарды
әрі жөндеудің жүргізілуіне толық
жауапкершілік алуына келісуіне мәжбүрлейді.
Қажетсіз тұрпаттық құрылысқа
арналған шығындарды үнемдеу. Фермерлер ирригациялық
жобаларды әзірлеуге қатысатын
тұста нашар әзірленген жобалардың іске асырылуына жол бермеу
нысанында шығындарға
кететін қаражатты әлеуметті түрде үнемдеу
болады. Өздерінің жергілікті
қажеттіліктерін білетін фермерлер барынша сапалы ирригациялық
құрылыстарды әзірлеуге көмектесе алады. Жүйелерді
әзірлеуге фермерлердің күшті ықпал ететін жағдайларында, олар жүйелерді пайдалану (техникалық
жай – күйін ұстау)
операцияларына кететін шығыстарды көтеруге дайын болады.
Суды барынша тиімді және сенімді
жеткізу. Жүйенің ұсталуына және суды бөлуге фермерлер(қожалықтар)
жауапкершілік алатын жағдайларда
су беруді жетілдіру фермерлердің шоғырланған шаруашылықтарға
қатысуы үшін ұзақ мерзімді ынталандыруды қамтамасыз етеді. Фермерлер қашан да тек ең арзан су мен қуат көзін іздейді. Олар қызмет
көрсетудің сенімділігі мен
ыңғайлығына барынша жоғары төлемді дайындықтарын
білдіруі мүмкін және бұл баға шығындарды,
жергілікті деңгейде қатысу құнын
қамтуы мүмкін.
Судың жұмсалуын басқару. Суландырудың су ресурстарын берудің (ұйымдар не су
пайдаланушылар қауымдастығы қамтамасыз етуі мүмкін)
сенімді және барабар жүйесінен басқа суды басқару пайдаланушылар қауымдастығының
шешімдері мен әрекеті су беруді айқындайтынын болжайды.
Шаруашылықтардың өнімділігін
ұлғайту және
шаруашылықтардың кірістерін арттыру. Суды беру жөніндегі қызметтердің жақсаруы салдарынан және
пайдаланудың жетілдірілген тәжірибесі
салдарынан өндіріс өсімінің ұлғаюы фермерлер үшін
жүйелерді басқару жөніндегі,
атап айтқанда шаруашылықта өсірілетін дақылдар қалаулы және
пайда болатын жағдайларда өздеріне ауқымды жауапкершілік алуға барынша елеулі
ынталандыруды білдіреді. Бұл ұлғаюдың
құндылығы арқылы қабылдайтын қосымша шығындардан
артық болуының маңызы зор.
Фермерлерге өкілеттіліктер беру.
Су пайдаланушылар қауымдастығы өз ортасында пайда
болатын мәселелерді, сондай – ақ ұйымдармен және басқа
да сыртқы топтармен қатынас мәселелерін шешу мүмкіндігін
арттырады. Өздеріне барынша ауқымда рөл алған фермерлер салық салу мен су пайдалану
үшін төлемді айқындау,
су ресурстарын беру кестесі,
сондай – ақ су алу құқығынан айыру немесе
беру сияқты, олардың тұрмыс хәлі мен өміріне
тікелей әсер ететін мәсеселер бойынша шешім қабылдау
процесіне үлкен ықпалы болады.
Фермерлер арасында және фермерлер
суландыруды жүзеге асыратын ұйым арасында орын алатын сумен байланысты жанжалдарды тез шешу. Су ресурстарын ассиметриялық қамтамасыз
ету жанжал туғызады, өйткені су пайдаланушылардың тізбегін аяқтайтындар жүйе басындағы су арналарына жақындардан
гөрі суды аз алады. Фермерлер өздеріне қатысты негізгі
шешімдерді қабылдауға қатысқан кезде сумен байланысты көптеген
даулар шұғыл және достық рәсімде шешілуі мүмкін.
Су пайдаланушылар қауымдыстығы
ирригациялық жүйелерді басқаруға
қатысу нақты жүйе алдына қойылған
міндеттерді шешу қандай деңгейде шешілетінімен байланысты
болады. Ұсынылып отырған
шолуда әдетте арнайы әдебиеттерде
қолданылатын жүйелер жұмысының көрсеткіштерінің төрт
жалпы санаты негізге алынады:
-
техникалық
әсер;
-
шығындылықтың өсімі әсері;
-
қаржылық
әсер;
-
экологиялық
әсер.
Су ресурстарының қол жетімділігі,
оларды әділ бөлу, суландыру
алаңдарын ұлғайту, тиімді су беру және жүйенің
жақсы ұстау мен қызмет көрсету – мұның бәрі
техникалық көрсеткіштер. Шығындылық көрсеткіштері
шығындылықтың артуы, дақылдарды өсірудің қарқынды
бола түсуі және фермалар
кірістерінің өсімі түріндегі айтарлықтай
тиімділікті қамтиды. Қаржылық көрсеткіштер су сапасының,
батпақтану мен тұздану деңгейінің, су сорғы көкжиектерінің
өзгерістері және фермерлер қатысуының басқа да
сырты әсерлері негізінде бағаланады.
Фермерлердің қатысушылығы су
беру жөніндегі қызметтердің сапасын жақсартады. Суды тұтынушыларға
беру тиімділігі – жиі қолданылатын өлшемдердің бірі, оның
көмегімен қатысу қағидаты негізінде жұмыс
істейтін жүйелердің табыстылығы бағаланады. Судың
болуы- дақылдың тұрақты өсуінің сындарлы
шарты және әлемнің жауын-шашын аз жауатын және құрғақшылық
кезеңдер жиі болатын көптеген бөліктерінде судың алқаптарға
тиімді берілуі фермерлердің өндірістік шешімдер қабылдауы үшін
айрықша маңызы бар. Фермерлер осылайша мемлекеттік шенеуліктерден гөрі
су ресурстарын алуға және бөлуге барынша зор ынталы болады. Бұл
түгесілетін ресурс үшін бәсекелесе отырып, содан соң ғана
өз шешімдерін іс жүзінде іске асыра алады. Фермерлер мемлекеттік
мекеме қызметшілерінен гөрі суарма суға өзінің қажеттілігін
және басқа фермерлердің қажеттілігін барынша дәл
бағалай алады; бұдан өзге олар аз трансакциялық шығындар
кезінде су ресурстарын бөлудің оңтайлы нұсқасын әзірлей
алады. Көптеген жағдайларда осының нәтижесінде
жергілікті қажеттіліктерге ыңғайлы бөлудің
барынша икемді схемасы жасалынады.
Фермерлердің қатысушылығы суарма
алқаптар алаңын ұлғайтуға мүмкіндік береді.
Фермерлердің жергілікті ұйымдары бақылайтын ирригациялық
жүйенің су ресурстарын жақсы басқару және бөлу
арқасында олар мемлекеттік жүйеден гөрі үлкен алқаптар
алаңын өңдеуді қолға алады.
Фермерлердің қатысушылығы жүйенің
уақытынан бұрын тозуын қысқартады. Олардың жүйе элементтеріне қызмет көрсету
және жөндеу жөніндегі міндеттерді өзіне алулары
ирригациялық жүйелерді су пайдаланушылар қауымдастығына
өтуінің бірден бір шарты болып табылады. Суды өз мүшелеріне
үздіксіз беруді қамтамасыз етуге ұмтыла отырып, су берушілер қауымдастығы
мүмкіндігінше арналардың, гидротехникалық құрылыстар
мен жабдықтардың жай-күйіне баса назар аударатын болады.
Бұдан өзге, бақылау су
пайдаланушылар қауымдастығына өткен жағдайда заң
жүйе элементтеріне арналған мүліктік құқықтарды
фермерлерге бекітеді және оны жөндеу үшін өздері төлеуі
тиіс болады, сондықтан суды пайдаланушылар құрылыстар мен
жабдықтарға залал келтірмеуге тырысады.
Фермерлердің қатысушылығы жүйенің өнімділігін және
фермалардың кірісін арттырады. Шығымдылықтың өсімі-
бұл өсімнің ауқымы туралы құжаттық
деректінің тым аз болғанымен, су пайдаланушылардың қатысуы
қағидаты бойынша басқарылатын ирригациялық жүйелердің
басымдылығының бірі.
Фермерлердің қатысушылығы шығыстарды
қысқартуға мүмкіндік береді. Ирригациялық жүйелерді
басқарудағы фермерлердің қатысушылығының барынша
сезімтал және құжаттамалы басымдылығы – мемлекеттік шығыстардың
қысқаруы. Қаражатты үнемдеу әкімшілік және
пайдалану шығындарын төмендету арқасында қол
жеткізіледі. Бұл жергілікті
жерлерде жұмыс істейтін
мамандар санын қысқартудың, жобаларды барынша мұқият
әзірлеудің, тарифтік ставкаларды арттырудың және құрылыстар
мен жабдықтардың аз тозуының (бүлінуі) нәтижесі болып табылады.
Су пайдаланушылар қауымдастығы көмегімен
жүйелерді басқару мемлекеттік капитал шығындары мен кезеңдік
шығыстарды қысқартып қана қоймай, су үшін төлем
алымдарының көрсеткіштерін, сондай-ақ капитал салымдарының
ақталушылығын жақсартады. Фермерлер суландыру жөніндегі қызметтерді жоғары бағалайды
және олардың қажеттілігіне жауап беретін сумен жабдықтауға
төлеуге дайын.
Шығындарға кететін үнем мен
мемлекет кірісінің өсімі
толықтай анық болғанымен,
су пайдаланушылар қауымдастығының мүшелері көтеретін шығындарды қоса
алғанда, ирригациялық жүйелерді басқарудың жинақталған
шығындары бойынша деректер тым аз. Теориялық жағынан есептесек,
қажетті қадағалау
функцияларын қысқартудың (өйткені фермерлер қызметтің
бір түрімен ғана айналысады, бір бірінің жағдайлары туралы жақсы хабардар), жергілікті
шаруашылық қажет ететін қызметтер түрлерін дәл айқындаудың және фермерлердің пайдалану шығыстарына ауқымды қатысуы арқасында тиімділік өсімі
болуы ықтимал. Тәжірибеде жүйелерді
басқаруды жергілікті материалдарды
қолдану, сондай-ақ жүйеге қызмет көрсететін жұмысшылар мен персоналдардың
барынша төмен жалақылары, не негізгі жалақыға төменгі
қосымша есебінен тиімділікті артқаны байқалды.
Нарықтық экономикаға көшкеннен
бастап қаржылық есептер мен суды үнемді пайдалану бірінші
жоспарға шықты. Бюджеттің
шығыс бөлігін, әсіресе пайдалану және қызмет көрсетуге арналған шығындарды
қысқарту қажеттілігі институционалды қайта құрулардың
қозғаушы күші болады.
Жағдайдың және нарықтық
қатынастардың дамуы кезеңінде ұйымның
нституционалдық рөлінің өзгеруі шаруашылықаралық
арналарды жерді өңдеуші, арнаға тәуелді су
пайдаланушылардың тұтыну кооперативіне беру мүмкіндігін қиындатып
отыр. Коммерциялық емес ұйымдарға беруге жататын шаруашылықаралық
арналар бүгінде жиі болып жататын үшінші тұлғалардың
қолына түсуі мүмкін.
Ауыл шаруашылық қызметіне және
оның табыстарына қызығушылық танытпайтын үшінші тарапқа шаруашлықаралық және
шаруашылықішілік арналарды берудің мұндай ықтимал әдістері ауыл шаруашылығының дамуына және жерлері
осындай арналарға тәуелді шаруалардың мүдделеріне қатер
төндіреді. Біз егер, мұндай жағдайлар туындай қалса арнаның жаңа
иелері өздеріне тиімді дақылдарды
өсіруге нұсқау бере отырып, шаруа (фермерлік) қожалықтарды және басқа да
шаруашылық субъектілерін өз қалауы бойынша пайдалануынан, өсірілген өнімді олардың нұсқауы
бойынша сатылуынан қауіптенеміз.
Бұл жекелеген фактілермен дәлелденіп те жатыр: мысалы 19 шаруашылықаралық және шаруашылықішілік арналардың
5- еуі жеке адамдарға сатылып,
оның иелері жоғарыда айтылған жағдайларды қолдана бастады. Арнаны аудан әкімі
атынан сенімгерлікпен басқаруға алған адамдар да осындай шарттар
қояды. Олар алқаптарға тәуелді шаруаларға
байланыссыз, не оларды коммерциялық құрылым ретінде шаруалар емес жергілікті атқарушы
органдар құрған. Егер осылай жалғаса беретін болса
шаруалар өздеріне тиімді шешімдер
қабылдауда тәуелсіз болу қабілетін жоғалтады. Су
кодексі және басқа да нормативтік құқықтық
актілер кепілдік берген су пайдалану құқығы бұзылатын
болады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Курцев И.В. Научно-технический прогресс в сельском хозяйстве Сибири (в прошлом - на рубеже веков - в будущем). Новосибирск, 2001, С.284.
2. Калиев Г.А. Аграрные проблемы на рубеже веков. Алматы, 2003, С.326.
3. Рябцев А.Д. Водные ресурсы Казахстана: проблемы и перспективы использования. // Водные ресурсы Центральной Азии, Алматы, МВК «Атакент-Экспо», 2002, С. 7-14.;