Магистрант  Самылтыров М.

І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, Қазақстан

Қазақстанда банктік несиелеу қызметтерін дамытудың өзекті мәселелері

           Заман  талабы жылдар  өткен сайын күшейiп келедi. Соған сәйкес халықтың күнделiктi тiршiлiгiне қызмет ететiн түрлi нысандағы қызметтердiң  саны және сапасы да жылдан жылға ұлғая түсуде. Сондай қызметтердiң бiрi -банктiң несиелеу қызметі болып табылады.

Тәуелсіздік алған 21 жылда елімізде отандық банк жүйесі қалыптасып, несиелеу қызметтері бойынша айтулы табыстарға жетті.

Соңғы әлемдік қаржы-экономикалық дағдарысы экономиканың өсу қарқынына, оның ішінде еліміздегі коммерциялық банктердің несиелеу қызметтеріне ықпал етті, бірақ «Біз еліміздің қаржы жүйесін қорғап, жүйе құрушы банктерді сақтап қалдық» -деп  ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев өзінің Қазақстан халқына Жолдауында атап  өткен болатын[1].

Одан кейін Елбасы 27 қаңтар 2012 жылғы Қазақстан  халқына Жолдауында «Қазір еліміз дамудың жаңа кезеңіне қадам басты. Біз бүгінде бәсекеге қабілетті, әлеуеті зор, экономикасы қуатты ел құрудамыз. Біз бұдан бұрын да биік белестерді бағындырдық»-деп назар аударды[2].

   Осыдан отандық екінші деңгейлі банктердің несиелеу көлемiн ұлғайтуда қол жеткiзген оң нәтижелердi, одан әрi   дамытып және оның сапалық тиiмдiлiгiн арттыратын болады.

 Алдағы уақытта экономиканың көптеген секторының дамуы, банк қызметінің сапасы мен сенімділігіне байланысты. Сонымен бірге алдағы он жылда елімізде үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасының жүзеге асуына банктік несиелеудің тигізер ықпалы мол.

Жалпы нарықтық экономикада несиенің негізгі формасы банк несиесі.

Соңғы кезде ҚР банктік несие өзінің маңызды ерекшеліктерін сақтай отырып, едәуір сандық және сапалық өзгерістерге ұшырады. 

Несиелік мүмкіндіктер ғана емес, сонымен қатар берілген қарыздардың көлемдері де өзгереді.   Несиелік операциялардың көлеміне ішкі және сыртқы факторлар әсер етеді.  Біріншіге банктің қолында бар ресурстардың көлемі жатады.  Ресурстардың өсуіне сәйкес оның несиелік  қуаты  өсіп және активтік операцияалардың ұлғаюына жағдай жасайды.

Банктердің несиелік қуаты мемлекет тарапынан болатын ықпалға ұшырайды. Оған мемлекеттік ұйымдар мен орталық банктің жағынан болатын несиелік шектеулер, оның активтік операцияларын жасанды түрде қысқарылуын тудырады. Осылайша, несиенің экономикалық ғана емес, оның әкімшіліктік те шектері бар.

Осы жағдайларда банктер өз несиелік саясатын қайта қарастыра отырып және несиенің берілуі мен қызметтің басқа түрлері арасындағы қолайлы арақатынасты табуға ұмтылады.  Осыдан әр түрлі экономикалық кеңес беруді қоса алғандағы, қаржылай қызмет көрсетулердің толық кешенді  бағыттары дамытылады.

Несиенің   даму деңгейіне  ел экономикасының дамуы, елдегі өндірістік және қаражат қорлар мен халықтың әл-ауқатының деңгейі, соған сәйкес оның жинақ ақшасы тікелей әсер етеді. Оны дамыған елдердегі несиелік қызметтер бойынша құрылған несие нарықтарының тәжірибесі дәлелдейді.

 Осыған байланысты әлемде экономикалық дамудың үш орталығы бар, олар: АҚШ, Батыс Еуропа, Жапония, төртінші орталық болып – Шығыс Азия қатарға қосылып келеді.

Бұл орталықтарда несие капиталының қуатты нарықтары бар.  АҚШ-тың несие капиталдарының нарығы олардың ең күштісі болып, тармақталуымен және дамығандығымен ерекшеленеді және әлемдік капитал нарығына маңызды әсер етеді.

Батыс және Еуропаның 24-тен астам дамыған елдерін қамтитын Еуропа Одағы АҚШ-тан капитал қорланымының кіші көлемімен және несие нарығының операцияларының жеткілікті дамуымен ерекшеленеді. Мұндай тенденциялар Жапонияның несие капиталы нарығына да тән.

 Ал Қазақстанның несие нарығы енді қалыптасып келе жатқанын атауға болады.  Мысалы, елімізде ипотека нарығы даму сатысында, оның инфрақұрылымы мен заңдық базасы жетілдірілуде.  Бірақ, бұл нарықты әзірге жоғарғы даму сатысында деп айта алмаймыз, ол ипотекалық несиелеудің батыс үлгісінен алшақ жатыр.

Қор нарығы да даму үстінде. Оның заңдық базаларымен инфрақұрылымы енді дамып келе жатыр. 

Мемлекеттік бағалы қағаздар түрлі обьективті себептерге байланысты әлі де болса ойдағыдай емес.

 Оның үстіне еліміздегі 38 ЕДБ несиелік қуаты бойынша кіші банктер екені белгілі. Осы жағдайларда еліміздегі несие капиталының көлемі аз, несие нарығының  қуаты шамалы.

          ҚР несие нарығындағы  екінші деңгейлі банктердің несиелік қызметтері  көбінесе ондағы ірі банктердің активтерінің сапасымен байланысты. Одан туындайтын жағдайларды соңғы дағдарыс  айқын байқатты.

         Әлемдік қаржы дағдарысы кезінде ҚР үкіметінің жүргізген саясаты нәтижесінде және мемлекет тарапынан болған нық қолдаулар барысында, отандық банктерді банкроттықтан сақтап қалу жүзеге асып, оның ел экономикана тигізетін қиыншылықтарының салдарын азайтты. 

Соған қарамастан кейбір  мәліметтері бойынша банк жүйесінің 2010ж. көрсеткіші 11554,9 млрд. тнг. құрап, ол 333,9 млрд. тнг. немесе 2,8 % азайған. 

Отандық банк жүйесінің мұндай құлдырауы негізінен үш банктердің қызметтерінің нәтижесінен болды, олар: «БТА Банкі» АҚ, «Альянс банкі» АҚ және «Темірбанкі» АҚ.  Аталған банктердің жиынтық капиталы 2 трлн. тнг. теріс мәнге ие болып, ал шығындары 2842,5 млрд. тнг. жетті.

         Аталған банктердің теріс капиталының көлемі үлкен болғандықтан,  бүкіл ҚР банк жүйесінің меншікті капиталы теріс белгісімен шықты.

  Осы жағдайлардағы банктің  несиелеу қызметтерін, ҚР жүйе құрастырушы банкінің бірі болып табылатын «ЦентрКредитБанкі» АҚ экономиканың жеке салаларына берілген несиелерінің көлемі және оның пайыздық үлесі бойынша мәліметтерден көруге болады(кесте-1).

Кесте-1 «Банк ЦентрКредит» АҚ 2009-2010жж. экономиканың жеке салаларына берілген несиелері (млн.тнг., %)

Мазмұны

2010 ж. млн.тнг.

%

2011 ж.   млн.тнг.

%

1

Жеке тұлға

546.880

21.7%

511.971

19.4%

2

Мүлік және инвестиция

365.741

14.5%

419.211

15.9%

3

Төмен бағамен сауда

415.817

16.5%

388.786

14.8%

4

Тұрғын – үй құрылысы

316.222

12.6%

367.784

14.0%

5

Жол жөндеу құрылысымен пайдалы тұрғын үй кешені

154.495

6.1%

227.832

8.6%

6

Мұнай – газ өндіру кешені

173.948

6.9%

171.234

6.5%

7

Ауыл шаруашылығы

139.615

5.6%

135.660

5.1%

8

Бөлшек сауда

71.836

2.9%

80.019

3.0%

9

Химиялық кешен

47.869

1.9%

55.168

2.1%

10

Азық – түлік өнімі

48.401

1.9%

41.513

1.6%

11

Тау кешені

30.325

1.2%

30.953

1.2%

12

Қаржылық қызмет көрсету

8.024

0.3%

26.321

1.0%

13

Көлік

50.650

2.0%

24.862

0.9%

14

Телекоммуникация

24.233

1.0%

24.303

0.9%

15

Металлургиялық кешен

11.174

0.5%

18.549

0.7%

16

Көлік және құрал – жабдық шығару

16.664

0.7%

12.817

0.5%

17

Қонақ үй бизнесі

10.689

0.4%

12.240

0.5%

18

Энергетика

7.971

0.3%

8.179

0.3%

19

Текстилді және теріні өңдеу кешені

4.134

0.2%

4.974

0.2%

20

Іс – қағаздар жұмысы

3.072

0.1%

995

0.0%

21

Рәзіңкелі – пластмассалық өнімдер

731

0.0%

960

0.0%

22

 Ғылыми-зерттеу, тәжірибелік конструкциялық жұмыстар (НИОКР)

724

0.0%

582

0.0%

23

Тағы басқалар

67.638

2.7%

70.539

2.8%

 

Барлығы

2.516.853

100.0%

2.635.452

100.0%

Қайнар көзі : «Банк ЦентрКредит» АҚ   2009-2010ж. жылдық есеп мәліметтерінен алынды

          Кестеден көріп отырғанымыздай,  несиеленген экономиканың көпшілік салалары (тұрғын – үй құрылысы және химиялық кешенінен басқа)бойынша берілген несие көлемі 2010 жылды 2009 жылмен салыстырғанда төмендеген, оның  ішінде жеке тұлғаларға барілген несиенің өзі 2,3% - ға кеміген[4].

          Бұл талдаулардан 2009-2010 жж. әлемді жайлаған  қаржы дағдарысының   салдарынан «Банк ЦентрКредит» АҚ экономиканың жеке салаларына көрсетілген несиелік қызметтері көлемі азайған. Оның тағы бір себебі «Банк ЦентрКредит» АҚ  шетелдерден алған қарыздарын қайтарумен байланысты   туындап  отыр деуге болады. Отандық ЕДБ ішінде «Банк ЦентрКредит» АҚ 2009-2010жж. көрсеткіштерінің төмендеуі болды, бірақ ол оң мәнге ие, мұның өзі оның қазіргі жағдайын басқа банктермен салыстырғанда  «қанағаттанарлық» деп қорытуға мүмкіндік береді.

Одан басқа «Банк ЦентрКредит» АҚ Еуропалық Қайта құру және Даму Банкінің  (ЕҚДБ)  бағдарламаларына қатысады, олар: «Қазақстандық шағын бизнесті қаржыландыру» және «Саудалық қаржыландыру»  мен «Ауыл шаруашылығы жабдықтарын алу және лизингке беру», «Ипотекалық несиелеу» бағдарламалары. Соңғы жылы  осы бағдарламалар аясында ЕҚДБ сауданы қаржыландыру бойынша желісін 10 млн. АҚШ долларынан 25 млн. АҚШ долларына дейін көбейтті.

Осыдан ҚР коммерциялық банктердің несиелік саясатының перспективті дамытудың бір жолы ретінде шет елдерден қаржылық және инвестициялық несиелерді тарту болып табылады. Бұл өз кезегінде банктердің несиелік саясатын тиімді жүзеге асырып қана қоймай, банктердің қайта несиелеу қызметі арқылы экономиканың қажетті салаларын қаржыландыруға және дамытуға мүмкіндік береді.

 Коммерциялық банктердің несиелік қызметінің дұрыс  құрылуы, оның нарықтағы бәсекелестік  қабілеттілігінің деңгейіне оң ықпал етеді. Сонымен бірге экономиканың барлық салаларын несиелендірудің ауқымын кеңейту үшін, әрбір банк өздерінің өнімдерінің нарықта өтімділік қабілеттілігін арттыру үшін  несие бойынша өнімге және қызмет көрсетуде халықаралық стандарттарды енгізу болып табылады.

Болашақта Қазақстан үшін қаржылық қызметтерді жоғарылатудың стратегия ойластырылуда. Бұл стратегия бойынша әрбір жанұяға қаржылық қызмет көрсетілуі тиіс. Әрбір азаматтың барынша қаржы нарығының көрсететін қызметтерін қолдана алуына жағдай жасау. Бұл стратегияның құрылуы және жүзеге асуы  Қазақстан Республикасының банктік жүйесі мен оның жүргізілетін несиелік операцияларының ауқымын кеңейту болып табылады.

Қазіргі кезде қазақстандық банктерді алаңдатып отырған мәселе – бұл қарыздар мен төлемеулер мәселесі. Бұл мәселе күннен күнге өзекті де өткір болып отыр .

         Елбасы ҚР банктік сектордың алдына мақсаттар қойып, қазіргі заман талаптарына сай дамуға тиіс деп атап көрсеткен болатын. Бұл қазіргі банк жүйесінде орын алған басты мәселелерді анықтап береді, оларға: қазақстандық банктердің шетелдік қаржыландыруға тәуелділігі; тәуекелділік – менеджменттің кемшіліктері; несиелердің доллармен берілуі; банктік бақылаудың жеткіліксіздігі және т.б.

         Аталған мәселелердің шешімін табуы, алдағы онжылдықта Қазақстанның  әлеуметтік-экономикалық қуатын нығайта түседі деген ойдамыз.

Әдебиеттер

1.     Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы//Егемен Қазақстан, 2010 жыл, 30 қаңтар

2.     Әлеуметтік – экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты. ҚР Президенті   Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы // Егемен Қазақстан, 2012, 28 қаңтар.

3.      «Банк ЦентрКредит» АҚ 2009 – 2011 жылдардағы жылдық есебі