Математика/Прикладная
математика
ӘОЖ.378.016.026.7:51(574)
Профессор
К.И.Қаңлыбаев,
Абай атындағы қазақ
ұлттық педагогикалық университетінің профессоры
Б.
Рысбеков,
Сулейман Демирель атындағы
физика-математика факультетінің магистранты
Қазақстан
Республикасы, Алматы қ.
ОҚУШЫЛАРДЫҢ БІЛІМ
ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ДАМЫТУДЫҢ ӘДІСТЕРІ
Мақаланың
қысқаша мазмұны. Еліміздегі нәтижеге
бағдарланған білім беру бағдарламасының жобасында
"Оқытудың басты мақсаты оқушының
ғылыми дүниетанымын қалыптастыру және оларды
жаратылыстану пәндері бойынша алған білімдері негізінде
қазіргі өндірістік технологияларды игеруге практикалық
дағдылар мен түйінді құзыреттерді меңгеруге
үйрету болып табылады" делінген.
Бүгінгі таңда жалпы орта білім
беруді жетілдірудің негізіне құзыреттілік тәсілді алу
ұсынылып жүр.
Құзыреттілік - бұл
алынған білімдер мен біліктерді іс жүзінде күнделікті
өмірде қандай да бір практикалық және теориялық
мәселелерді шешуге қолдана алу қабілеттілігі. Ол ең
әуелі, оқыту үрдісінде қалыптасады. Сонымен,
оқытудағы құзыреттілік тәсіл білім беру
нәтижесі ретіндегі оқыту сапасын қамтамасыз етеді, ал ол
өз кезінде кешенді әдіс-тәсілдерді жүзеге асыруды, орта
мектепте оқыту сапасын бағалаудың біртұтас жүйесін
құруды талап етеді. Осыған орай білім берудің
жаңа әдіс-тәсілдерін ғылыми негіздеу қажеттігі
туындайды.
Аннотация. На проекте образовательной
программы наши страны сказано
«Основная цель обучения формировать научного мировоззрения учащихся и в основе знаний
по предметам естествознания
освоить практические навыки современной продуктивной технологии, научить
изучать компетентный узел».
На сегодняшний день для основы улучшения
общего среднего образования
рекамендованы компетентные способы.
Компетенция –способность использовать
усвоенных знании и навыков для решения в каждой жизненной ситуации какую-нибудь
практическую и теориетическую
проблему. Это сначала, усовершение в учебном процессе. Таким образом, как результат знаний компетентный
способ, обеспечивает качество обучений, а он свою очередь реализовать комплексные методы, требует
составлят единную систему при оценевании качества обучения в средней школе. В этом случае необходимо
разработать научные, новые методы обучения.
On a project of the educational program of our country said, "The main purpose of training students to form the
scientific world and the basis of knowledge on the subject of natural science
to learn the practical skills of modern productive technology,
competent to teach the study site." To date, the basis for
improvement of secondary education
approved by the competent ways. Competence, ability to use the acquired knowledge and skills to every situation in life, and some practical teorieticheskuyu
problem. This first
usovershenie in teaching. Thus, as a result of the
expertise of competent way, ensures the quality of training, and he turn to realize the complex procedure requires a single system is made up by otsenevanii
quality of secondary education. In this case, the need
to develop research, new teaching
methods.
Түйін сөз:
«Құзыреттілік»
Аталған мәселелерден туындаған осы
проблеманы ғылыми негіздеген мезгілде бұл проблеманың
педагогикада ғылымында да толық шешілмегендігі анықталды.
1. Орта мектептерде математикадан білім
беру үрдісінде оқушылардың құзыретті ойлауын
қалыптастыру мен дамытудың теоретикалық негіздерін
айқындау:
2. Орта мектептерде математикадан білім
беру үрдісінде оқушылардың өзіндік
құзыреттілігін дамыту әдістемесін негіздеу:
3. Оқушыларға
аудиториялық және одан тысқары білім беруде
құзыретті дамытудың әдістемелік жүйесін
және осыған сәйкес оқу-әдістемелік
құрал жасау:
4. Оқушыларды
құзыреттілік дамыту мәселелері бойынша таңдамалы курсын
оқытудың әдістемелік жүйесін жасау және
оның арнайы орта мектептерде педагогикалық талаптары
тұрғысынан тиімділігін анықтау.
Оқушылардың білімдік құзыреттілігін
қалыптастырудың теориялық моделі
Оқушылардың білімдік
құзыреттілігі деп оның шығармашылық,
теориялық, практикалық, кәсіби және компьютерлік
дайындығының сапалық деңгейін айтамыз. Білімдік құзыретті
оқушы өзгеге үлгі, ортасының мақтанышы,
адамгершілік қасиеттерге ие, өзгені және өзін өзі
дамытуға дайын екендігіне кәміл сенуге болады деп ойлаймыз.
Құзырет - адамның белгілі бір құбылыс не
күрделі мәселе жөнінде ой жүгіртіп, өзінше
пайымдай білу қасиеті. Құзыреттілік - адамның белгілі бір
білім жүйесін тәжірибеде пайдалана алу қабілеті.
Адамның өзі таңдаған қызметінде өз білімін
көтеріп, нені, қалай және не үшін үйрететінін
алдын - ала айқындап, білікті маман болуға бағытталуы.
Құзыреттілікке үнемі іздену, өзін - өзі жетілдіру
арқылы жетуге болады [4].
Соңғы жылдары әлемдік
білім беру тәжірибесінде "құзырет"
ұғымы білім беру мақсаттары секілді негізгі
ұғымдардың біріне айналды
[5].
Оқушылардың білімдік
құзыреттілігін қалыптастыру негізінің мазмұнын
шәкірттердің тұлғасының сапалық мінездемелері
құрайды. Оқушылардың білімдік
құзыреттілігін қалыптасқандығы оның
кәсіби дайындығының ең жетілгендігі деп
түсінеміз.
Біз зерттеу
жұмысында, «оқушылардың білімдік кұзыреттілігін
пәннен терең хабарлығы, практикалық іскерлігі мен
дағдылары бар, білімді, өзіне-өзі сеніммен ілгері
ұмтылатын, жоғары нәтиже мен сапаға жете алатын
тұлғаның интегративті (жүйелі) қасиеті», — деп
түсіндік.
Оқушылардың білімдік
құзыреттілігін проблемалық оқыту әдісімен
қалыптастыру.
Психологтар мен педагогтар ойлаудың шығармашылық
үдерісін зерттегенде «проблемалық ахуалды ойлап тапты. Олар
ойлаудың басы проблемалық ахуалдан басталады.
Шығармашылық ойлаудың да бастамасы проблемалық ахуал -
деген қорытындыға келді. Проблемалық жағдай
танымдық ойлануға мұқтаждық туғызады
және жаңа білімді өздігімен меңгеруге жағдай
жасайды [3].
Сонымен «проблемалық оқыту —
математикалық білім беру үрдісінде оқытушы-лектордың
жетекшілігімен, оқушылар алдына қойылған проблемалық
ахуалды өз беттерімен шешіп, жаңа білім алуды көздейтін,
мазмұны мен құрылымы бойынша оқытушы мен
оқушылардың шығармашылық іс әрекеттерін
жинақтайтын оқыту технологиясы».
Дамыта оқыту
Математиканы дамыта оқыту дегеніміз — математиканы
оқыту барысында оқушылардың ақыл-ойын, өз бетімен
нәтижелі ойлауын, интелектісін дамытып, дендері сау, өнегелі адам
қалыптастыру. Дамыта оқыту барысында үш түрлі күш
қатар дамиды. Олар: оқушылардың денсаулығы,
өнегелік, ақыл-ойы. Егер үш түрлі күштің
бірі дамымаса, адамның ақыл -есі дұрыс дамымаған
дейміз. Естілік, парасаттылық дене бітімінің (денесінің)
өсуі, өнегелілігі, ақыл-ойы қатар гармоникалық
түрде даму нәтижесінен туады
[2].
Иитерактивті оқыту дегеніміз оқушылар мен
оқытушы түсіністік қарым- қатынаста өзара
білімдерімен, тәжрибелерімен алмасу және талдау жұмысын
айтады.
Интерактивті оқыту әдісімен
жүргізілетін лекцияны не практикалық сабақты дайындау
және жүргізу кезеңдері:
I кезең проблеманы айқындау;
II
кезен информациялық блок
III
кезең практикалық біліктілік блогы
IV кезең сабақты аяқтау.
Интерактивті оқыту
әдісінің екі түрі бар. Олар:
1) Оқу пікір - таласы
2) Нақты практикалық
ахуалдарды талдау.
Эвристикалық оқыту
Эвристика - жаңа ғылыми
пән. Философия, кибернетика, психология және педагогика
ғылымдарының мамандары эвристиканы әрқайсысы өз
тұлғасынан анықтайды.Философтар «эвристикалық» терминді
жаңалық ашу ережелері мен тұжырымдарына жатқызады.
Эвристика - психологияның
шығармашылық ойлау туралы ілімінің негізі.
Америка математигі Д. Пойа
«эвристиканың мақсаты жаңалық ашуға
әкелетін ережелер мен әдістерді зеттеу». Жаңалық ашу
үшін біріншіден қабілет, екіншіден жаңалық ашу жолында
жаңа ой келгенше табандылықпен ізденіс жүргізу қажет.
Математик, оған бір мәселе туралы
мағлұмат
айтқанды жақтырмайды, ол не нәрсенің
ақиқатына өзі жеткісі келеді. Сол ақиқатқа
адам эвристикалық жолмен жетеді.
Оқушылардың құзыреттілік
қызметінің компоненттері
Оқушылардың
құзыреттілік қызметі үнемі ойлануды, қандай да
бір белгісізді іздеуге бағытталады.
Республиканың және
шетелдің психологтары ойлаудың проблемалық жағдайдан
туындайтындығын және оны эксперимент арқылы шешуге
болатындығын дәлелдеген. Ойлау үрдісі және оның
нәтижелері өзара байланысты. Ойлау әрекетінің
нәтижелері - ұғым. Білімнің өзі ойлау процесіне
қатысады және оны дамыта отырып оның бұдан кейінгі
бағытын анықтайды [1].
Құзіреттілікті
қалыптастыруға мысал келтірсек:
Мысал.
Теңбүйірлі үшбұрыштың периметрі 12см(1-сурет).
Берілген үшбұрыштың табанының ұзындығы
қандай болғанда оның ауданы ең үлкен болады?
(1-сурет)
Шешуі:
Үшбұрыш табанының ұзындығын х арқылы
белгілейік.
. Бұл жағдайда үшбұрыштың
биіктігі
;
;
→
→
Үшбұрыштың
ауданы
→ ![]()
Есеп шартына сай
бұл функция
жиынында
қарастырылады.
Функцияның
сынақ нүктесін табайық.

Функцияның
сынақ нүктесінің түрін анықтаймыз.
0<x<4,
x=3
десек,
- функция
өседі.
Енді 4<x<6
аралығын қарастырайық. Егер x=5 десек, онда
- функция
кемиді. Демек ![]()
Жауабы:
Үшбұрыштың табанының ұзындығы 4см болуы
тиіс.
Қорыта келгенде теориялық
зерттеу және тәжірибелік-эксперименттік жұмыс
нәтижелері бізге келесідей қорытындылар жасауға
мүмкіндік берді:
Философия, педагогика, психология
және әдістемелік әдебиеттерге жасалған талдау,
жалпыға бірдей математикалық білім берудің тәжірибелері,
өткізген зерттеу жұмысының мәліметтері «Математиканы
оқытудың құзіреттілігі» ұғымына келесідей
түсініктеме беруге мүмкіндік берді: құзыретті ойлауды
қалыптастыру» - оқыту мен тәрбиелеу үрдісінің бір
бөлігі болып табылатын адамның қоршаған ортамен математика
заңдылығына негізделген қарым-қатынасын
қамтамасыз ететін интеллектуалдық, әрекеттік,
эмоционалдык-сезім салаларының жиынтығын қызықты
шығармашылық әдістемелер арқылы үйлесімді
түрде дамыту, осыған сәйкес оқу-әдістемелік
құралдар жасау болып табылады.
Әдебиеттер:
1. Білім туралы заң. - Астана. 2004.
2. Давыдов В.В. Проблемы развивающего обучения. - М: Педагогика, 1986.-239б.
3. Матюшкин А.М. Актуальные вопросы проблемного обучения
/Юконь, основы проблемного обучения. - М: Просвещение, 1968.-191б.
4. Құдайбергенова К.С.
Құзырлылық табиғаты - тұлғаның
өзік дамуында. Алматы, 2006.
5. Адамар Ж. Исследование психологии процесса изобретения в
области математики. - М: Советское радио, 1970. - с.27-98
6. Шацский С.Т. Избранные педагогические сочинения. В 2-х
т. - М.: Педагогика, 1980. 22б.
7. Тәжібаев Т. Жалпы психология оқу
құралы. - Алматы: Қазақ университеті, 1993. -240 б.