Мустафина Ф.Х., Сейілханова А.Ә., Турысбекова Ш.Е., Кинаятов М.А., Сулеймен А., Жунисов Б.К.

Қарағанды мемлекеттік медицина университеті

Қазақстан республикасы

 

 

 

АШЫҚ СУ ҚОЙМАЛАРЫНДАҒЫ АУЫР МЕТАЛЛ ИОНДАРЫНЫҢ МУТАГЕНДІ БЕЛСЕНДІЛІГІ

 

 

      Шерубай – Нұра су қоймасының ШРЕК бойынша ауыр металдар ионы қорғасын және кадмиде ауытқу байқалды. Су қоймадағы мутагендік белсенділігінің жоғары болуы оларға өндірістік қалдықтардың түсуімен түсіндіруге болады. Балықтыкөл су қоймасындағы ШРЕК – тің ауыр металдар ионы бойынша жоғарылауы темір мен марганецте байқалды. Қойбас су қоймасының ШРЕК – тің ауыр металдар ионы бойынша темір мен цинкте байқалды. Балықтыкөл су қоймасы мен Қойбас су қоймалары суының мутагендік белсенділігі әлсіз мутагендік белсенділікті көрсетті. Мұны олардың суында ірі өндірістік қалдықтардың жоқтығымен, тек қана тұрмыстық және сарқынды судың түсуімен болжауға болады.

Өзектілігі. Қазақстандағы өзендер мен көлдердің ластану жай – күйі, біздің еліміздегі ең басты мәселелерінің бірі. Табиғи суларын қорғау мәселелері әсіресе өндірістің дамуы табиғи қорлардың кемуімен бірге, қоршаған ортаның ластануына әкеліп соғады. Өндірістен шығатын керексіз заттармен алдымен топырақ, ауа, су көздері ластанады. Қала аумақтарынан лас сулардың жерге сіңуі, лас өзендердің суларының жерге сіңуі және т.б. да үрдістер жер асты сулары, солардың арасында химиялық және бактериялық ластанулар көп таралған [1].

Суларда органикалық заттар мен әртүрлі жүзіп жүрген заттар, сонымен қатар патогенді ағзалар да болады. Сулардың ластануы, ең бірінші рет су қоймаларына әртүрлі ластаушы заттардың келіп түсуіне байланысты. Ластаушы заттарға негізінен, топырақ эрозиясының өнімдері, минералдық тыңайтқыштар, улы химикаттар және тағы басқа заттар (азот, фосфор және басқа биогенді элементтер мен олардың қосылыстары, органикалық заттар, пестицидтер, тұрмыстық қалдықтар, мұнай және мұнай өнімдері) жатады [2].

Ғылым мен техниканың жетілуін пайдалана отырып ластанған қоршаған ортаны тазалауға бағытталған шаралар өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Адамдар денсаулығына теріс әсер ететін қоршаған ортаның ластануы үлкен экологиялық апатқа алып келеді. Яғни олар ауылшаруашылық жағдайының бірден төмендеп кетуі және су қоймаларындағы судың сапасының нашарлап кетуі және т.б. Ғалымдар табиғаттағы топырақ, су, ауа, тағамдық өнімдерді зиянды компоненттерден сақтау үшін белгілі бір нормативтер қарастырды [3].

Кейбір ірі су қоймалары (Самарқан су қоймасы, Балқаш көлі, Ынтымақ су қоймасы) ауыр металдар,токсикалық заттармен ластануда. Соңғы уақыттарда олардың су қоймаларға өте көптеп жиналу тенденциялары бақыланып жатыр. Биосфераға түсе отырып, ауыр металдар экожүйенің әртүрлі компоненттерін аккумуляциялайды.

Ашық су қоймаларының мутагендік белсенділікке ие болуы белгілі бір заттармен ластану арқылы болады. Бұл заттар түрлі табиғи жаратылыстармен қатар жаңадан синтезделуі де мүмкін. Оларға белгілі бір негативті әсер көрсететін ауыр металл иондарын жатқызуға да болады. Олар өзінің мутагендік әсерін белгілі бір көлемде не жоғарылаған кезде, не төмендеген кезде шақырады [4].

          Зерттеу мақсаты: ауыр металл иондарын анықтау және су қоймаларынан алынған сынамалардың мутагендік белсенділігін корреляциялық талдау жүргізу.

Зерттеу материалдары мен әдістері

Зерттеу жұмыстарын Қарағанды Мемлекеттік Университетінің химия факультетіндегі лабораториясында жалынды атомды-адсорбциялық спектрометриялық әдістері (ҚР СТ ИСО 8288-2005) арқылы су қоймалардың ауыр металдар иондарының белсенділігі анықталды. Зерттеу ашық су қоймаларынан алынған 30 сынамаға жүргізілді.

Алынған нәтижелер және оны сараптау.

Қарағанды облысының су қоймаларындағы ауыр металл иондарының сандық мөлшеріне зерттеулер жүргізілді. Алынған деректер төмендегідей 1-ші кестеде келтірілді.

Зерттелетін су қоймаларындағы ауыр металл иондарының болуына байланысты жүргізілген тәжірибелер нәтижесін төмендегі кестеден көруге болады. (Кесте 1).

 

 

Элемент

 

 

 

ШРЕК,    мг/л

 

Ашық су қоймалардың атауы

 

 

Шерубай –

Нұра

Балықтыкөл

Қойбас

Құрамы, мг/л

Pb

0,03

0,05

       0,02

      0,03

Fe

0,3

0,3

       0,5

      0,6

Zn

1,0

0,8

       0,7

      1,2

      Mn

0,1

0,1

       0,11

      0,06

 

 Ескерту: ШРЕК – шектеулі рұқсат етілген концентрация

Кестеде көрсетілгендей, Шерубай – Нұра су қоймасындағы суда орташа мутагенді белсенділігі байқалды. Шерубай – Нұра су қоймасының ШРЕК бойынша ауыр металдар ионы қорғасынның сынамасында  ауытқу байқалды. Су қоймадағы мутагендік белсенділігінің жоғары болуы оларға өндірістік қалдықтардың түсуімен түсіндіруге болады. Балықтыкөл су қоймасындағы ШРЕК-тің ауыр металдар ионы бойынша жоғарылауы темір мен марганецте байқалды. Қойбас су қоймасының ШРЕК-тің ауыр металдар ионы бойынша темір мен мырышта байқалды. Балықтыкөл су қоймасы мен Қойбас су қоймалары суының мутагендік белсенділігі әлсіз мутагендік белсенділікті көрсетті. Мұны олардың суында ірі өндірістік қалдықтардың жоқтығымен, тек қана тұрмыстық және сарқынды судың түсуімен болжауға болады.

Төмендегі суреттерден ауыр металл иондарының мөлшерін көруге болады:

 

 

1 сурет – Қорғасын ионының мөлшері

 

 

2 сурет – Темір ионының мөлшері

3 сурет – Мырыш ионының мөлшері

 

4 сурет – Марганец ионының мөлшері

 

       Нәтижелері. Сонымен, алынған нәтижелер барысында мынадай қорытынды шығаруға болады. Шерубай – Нұра су қоймасының ШРЕК бойынша ауыр металдар ионы қорғасында ауытқу байқалды. Балықтыкөл су қоймасындағы ШРЕК-тің ауыр металдар ионы бойынша жоғарылауы темір мен марганецте байқалды. Қойбас су қоймасының ШРЕК-тің ауыр металдар ионы бойынша темір мен мырышта байқалды. Корреляциялық анықтаулар су көздерінің мутагендік әсерлерінің тікелей ауыр металл иондарының мөлшеріне байланысты екендігін көрсетті. Атап айтқанда, Шерубай – Нұра өзенінде су сынамаларының мутагендік әсері мен қорғасын (r=0,95) концентрациясының арасында тікелей байланыс бар екендігін көрсетті. Тура осындай байланыс Балықтыкөл су қоймасында темір (r=0,92) мен марганецке (r=0,90), ал Қойбас су қоймасында темір (r=0,91) мен мырышқа (r=0,94) тәуелді екені байқалды. Ескерте кететін бір жағдай корреляциялық байланыс дәрежесінің осы иондардың абсолютті мәнімен сәйкес келіп отыратындығы байқалды.

     

Қолданылған әдебиеттер:

1. Pfohl-Leszkowicz A, Manderville R.A (January 2007) “Ochratoxin A: An overview on toxicity and carcinogenicity in animals and humans” Mol. Nutr Food Res 51(1):61-99

2. Абилев С.К. Выявление и прогнозирование мутагенной активности химических соединений окружающей среды /Автореф. Дис. На соиск. Ученой степени доктора биол.наук.-М: 2003 с.-47с

3. Лииник Р.П., Запорожец О.А. Сравнительная оценка расчетных и экспериментальных данных о сосуществующих формах железа, кобальта и никеля в пресных поверхностных водах. «Экологическая химия 2003. №12 с. 79-92

4. Основы экогеологии, биоиндикации и биотестирования водных экосистем. / под. Ред. В.В. Куриленко: СПб.: С-Петерб. Ун-та. 2004 с 448

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Резюме

Мутагенная активность ионов тяжелых металлов в открытых водоемах

Мустафина Ф.Х., Сейилханова А.А., Турысбекова Ш.Е., Кинаятов М.А., Сулеймен А.

 

         Таким образом, анализ результатов воды, взятой из исследуемых водоемов показал, наличие в ней ионов тяжелых металлов, оказывающих мутагенный эффект на штаммы микроорганизмов, установленный вследствие проведенных корреляционных исследований.

 

Summary

 

Mutagen activity of ions of heavy metals in open reservoirs

 

Mustafina F.H., Seiilkhanova A.A., Turysbekova Sh.E., Kinayatov M.A., Suleimen A.

 

 

         Thus, the analysis of results of water taken from investigated reservoirs has shown, that presence in of ions of the heavy metals which render mutagen effect on strain of microorganisms, established owing to the spent correlation researches.

 

Кинаятов Маргулан 8-707-920-15-71