П.ғ.к. Маженова
Р.Б., аға оқытушы Абылайхан С.М.
Е.А.Бөкетов
атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті,
Қазақстан
Педагог
имиджі мәселесін зерттеудің теориялық негіздері
Ел Президентінің «Қазақстан-2030» стратегиясының
бағдарламасында барлық Қазақстандықтардың
өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және
әл-ауқатының артуы, елдің денсаулығын
жақсартумен бірге жас ұрпаққа білім мен тәрбие
беру мәселесі атап көрсетілгендей, Тәуелсіз мемлекетімізге
еңбекқор, өз кәсібін терең түсінетін,
білімі мен іскерлігін жан-жақты қолдана білетін, мәдениетті
мамандар қажет [1].
Қоғам өмірінің демократиялық, гуманистік
бағытқа бет бұруына жаңарып – жаңғыруына,
мемлекетіміздің тәуелсіздігін нығайтуға
экономикалық, әлеуметтік дамуына, білім беру мен мәдениет
парадигмасының өзгеруіне байланысты өмірге жаңа
ғылым салалары келді. Сондай ғылымдардың бірі – имиджеология.
Бұл ғылым саласына назар аударудың кім-кімге болса да
тигізер пайдасы зор. Өйткені, ол адамдардың бір-біріне сыртқы
кескінімен, адамдық болмыс бейнесімен, адами қадір қасиеттерімен
әсер ету механизіміне ие болуға көмектеседі. Жоғарғы
мектепте біртұтас педагогикалық процесті тиімді ұйымдастыру
негізінде педагог, оқытушы беделі мен имиджін қалыптастырудың
орны бөлек [2].
Педагогикалық технологияны жетік игеру, белгілі бір бейнені – имиджді
қалыптастыру негізі болып табылады. Оны игеру бірқатар арнайы
білім, білік, дағды икемділік қабілеттілікті меңгерумен
байланысты келеді. Біздердің қай-қайсымыз да белгілі бір
бейнені - имиджді жасаймыз.
Имидж ағылшынның «image» сөзінен алынған, «образ»,
«түр», «келбет» сөздерінен шыққан. Бұл кез келген
нәрсенің, адамның эмоционалдық образын,
мінез-құлқын көрсетеді. Өз имиджін
қадағалау бұл адамды өзіне қарату [3].
«Имидж» түсінігі ХХ ғасырдың соңында
қоғам назарының және ғылыми талдаудың
пәні болды. 90 жылдардың ортасында имиджді
қалыптастырудың психологиялық аспектілеріне арналған,
имидж жайында алғашқы отандық өңдеулер
Р.Ф.Ромашкина, Е.И.Манякина, Е.В.Гришунина, П.С.Гуревич, Ф.А.Кузин және
т.б. еңбектерінде жарық көрді.
Орта білім беруді гуманизациялау, демократизациялау процесі
мұғалімді шығармашыл, сыншыл ойлайтын, өркениетті
әрекет ететін тұлға ретінде сапалы кәсіби
даярлауға көшуге әкелді. Имиджді әлеуметтік факт ретінде
қарастыра отырып, біз оны қалыптастыру процесін алдымен
мұғалімге педагогикалық менеджментті жүзеге
асыруға қажетті сапаларды таба білуі қажеттілігі
ұсынылады.
Имидж - белгілі бір адамда нақты қалыптасқан болса, пікір
де сондай айқын болуы мүмкін: имидж адамның тек сыртқы
түріне қарап қалыптаспайды, сонымен бірге психикасына да
тәуелді. Пікір бағалау негізінде, темперамент, мінез
қасиеттерімен және алғашқы әсерден пайда болуы
мүмкін. Сондықтан бұл терминдер «имидж», «пікір»
мазмұны жағынан мағыналас. Бұлардың
айырмашылығын келесіден көруге болады: «имидж» сөз тіркесінде
дұрыс қолдану типі «адам имиджі» (педагог-психолог, адвокат имиджі)
деп қолданылады, ал пікір сөз тіркесінде «адам пікірі» деп
пайдалану керек. Сонда өзінің имиджін қалыптастыру немесе
өзі туралы пікір қалыптастыру болып шығады. Басқаша
айтқанда, имидж - бұл сізден, ал пікір -басқалардан. Имидж
табиғаты, типтері, мазмұны мен түрлері,
құрылымына тоқталсақ назарымызды мына нәрселерге
аударуымыз қажет. Біздің әр қайсысымыз белгілі бір
бейнені жасаймыз. Бұл имидж – адам туралы қалыптасқан
ұғым-түсінік. Мұғалім имиджі олардың:
сыртқы бейнесінен, әдетінен, сөйлеу мәнерінен,
ұлттық және өзіндік санасынан, ұлттық
менталитетінен іс-әректінен, мінез-құлқынан
жасалған оны қоршаған әлеуметтік ортаның ой
пікірінен құралады [4].
Педагог имиджі – мұғалім, оқытушы бейнесінің
тәрбиеленушілер, әріптестер және әлеуметтік
жұртшылық санасында, бұқаралық санада
қабылданудың стереотипі. Педагог имиджінің
қалыптасуында нақты сапалар тығыз байланыста болады,
бұл оқушының, студенттің, ата-аналардың,
жұртшылықтың ол туралы ойынан туған бейнесі.
Имиджді құраушылар туралы қарастырсақ: біріншден,
адамның өзі, оның әлеуметтік ортада өзі туралы
қандай мәліметтерді жеткізу мақсатында әрекеті,
айналсындағыларға қандай қырынан көрінетіндігі.
В.М Шепель «Имиджеология: жеке тартымдылық құпиясы» атты
еңбегінде имидж ұғымына төмендегідей анықтамалар
берген:» имидж – адам туралы ұғым, мекеме туралы пікір, белгілі
адамдармен, жасалатын заттар, индивидуалдық стиль адамды, адамдар тобын,
мекемені сипаттайтын келбет».
С.И.Ожеговтың түсіндірмелі сөздігінде: «Имидж дегеніміз -
ой-пікір, тұжырым, бір нәрсе туралы берілген көзқарас,
қатынас» делінген [5].
«Имидж» мағынасын түсіну әртүрлі
құрамды бөліктерден құралады. Бұл
бөліктерінің ең маңызды төртеуін
қарастырайық:
1. Кәсібилік және әділдік. Педагог талантты
тұлға болуы қажет. Бірақ тәжірибе
көрсеткендей 100 адамның 99-ы өз талантын көрсетуге
мүмкіндігі жоқ және өмір бойы басқа іспен
айналысады.
2. Педагогтың
адалдығы. адамзат тәжірибесінен шыққан моральді
ережелер бойынша өмір сүру керектігін ұғынады, ал
әдепсіз болса өз нәтижесінің тұтқынында
болады және оның идеялы – барлығы рұқсат
етілгендік.Біздің қоғамға өзін-өзі
жетілдіре алатын, ең алдымен рухани тұрғыдан, жетілдіре
алатын әдепті, тәрбиелі, адал педагог өте қажет. Ол
назарын барлық адамзат мәдениетінің байлығын алу керек,
яғни оның кең гуманитарлық білім алуы міндетті.
3. Педагогтың гуманитарлық білімі. Ф.Достаевскийдің ойынша, гуманитарлық
дамығандық адамның кез келген мамандықты игеруін
жеңілдетеді. Осы атақты жазушының адалдығынан
атақты адамдардың өмірінен көптеген мысалдар
дәлел болады. Гуманитарлық мәдениет арқасында адам
сезімдік немесе рационалдық өңдей отырып, өзіне
әртүрлі мәлімет таңдау мүмкіндігіне ие болады.
4. Педагог психотехнолог болуға міндетті. Психотехнология – бұл
адамдарды басқаруда психологияның техниканы практикада
қолдану жөніндегі ғылым. «Психотехнология» терминін өз
құрамында 3 құрамдас бөлігі бар: «психо»,
«техно», «логия» оны талдағанда «психотехнологияның» мәнін
түсінуге мүмкіндік береді. Грек тілінен аударғанда «психе»-
жанды , «техно»- өнер, шеберлік дегенді тура білдіреді, ал «логос» -
сөз, оқуды білдіреді [6].
Сонымен,
қорытындылай келе педагог имиджін қалыптастыру – өмір талабы.
Рухани мәдениеті биік, кәсіби іскерлігі, қабілеті мен
ақыл-парасаты жоғары, істің негізгі көзін білетін,
жан-жақты жетілген мұғалімдерді жетілдіру бүгінгі
күнде өте маңызды мәселелердің бірі екені
жоғарыда айтылып өтті.
Әдебиеттер:
1.
Назарбаев Н.Ә. Қазақстан-2030: Барлық
Қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі,
қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы: Ел
Президентінің Қазақстан халқына жолдауы. Алматы: Білім.
1997.176 б.
2.
Калюжный А. А. Формирование имиджа учетеля. – М: Владос, 2005, 177 с
3.
Калюжный А .А. Психология формирования имиджа учителя .- М: Владос, 2004,
222с
4.
Зязюн И. А Основы педагогческого мастерства. – Киев: Высшая школа, 1987. –
208с.
5.
Ожегов С.И. Словарь
русского языка / Под ред. Н.Ю.Шведовой. Мос-ква: Русс.яз. 1983. 816 с.
6.
Калюжный А .А. Имидж учителя как социально-психологический феномен. //
Вестник НАНРК. – 2006. - №2. – С. 79-84.