Мектеп
оқушыларының танымдық қызығушылықтарын
қалыптастыру
К.К. Базарбаева
п.ғ.к., доцент
Дүйсебай Б.
«Педагогика және
психология» мамандығының магистранты
«Туран-Астана» университеті
Қазақстан,
Астана қаласы.
Бүгінгі
таңда білім беру жүйесінің әлеуметтік,
қоғамдық, саяси-экономикалық өзгерістерге
байланысты мақсаты мен міндеттері, мазмұны өзгерді. Бұл
өзгерістер жаңа әдіснамалық жүйені жасауда
дәстүрлі оқыту үдерісіне жаңашылдық сипатта
қайта қарап, оқытудың
жаңа технологияларының табиғатын түсіне отырып,
оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін
белсендірудің қажеттігін негіздейді. Айтылған
мәселенің басты ерекшелігі оқытудың нәтижесін
алдын-ала болжап, оқушылардың білім алуы барысында іздену-зерттеу
және өз бетімен білім алу жүйесін, алған білімін
өмірдің жаңа жағдайларында пайдалана білу арқылы
танылады. Бұл,
оқушылардың танымдық қызығушылығын
арттыруды талап етеді.
Елімізде
оқушылардың танымдық қызығушылығын,
ізденімпаздығын, белсенділігін қалыптастыру мәселесіне
байланысты соңғы кездері зерттеулердің мынадай
бағыттары дамып келе жатқанын атап көрсетуге болады: оқыту үрдісінде
оқушылардың танымдық қабілеттерін жетілдіру
мәселелері (С.Смаилов, А.Е.Әбілқасымова, Т.Сабыров,
Р.С.Омарова, Н.Қ.Тоқсанбаева т.б,); жеке тұлғаға
бағытталған білім берудегі жаңа педагогикалық
технологиялармен оқыту (А.А.Бейсенбаева, С.Қ.Мұхамбетова,
О.С.Сәлімбаев т.б.); оқыту
үрдісін жетілдірудің маңызды аспектілері (Б.К.Момынбаев,
О.С.Сыздықов, Ә.Ә.Жолдасбеков, М.Н.Сарыбеков т.б.); жеке тұлғаны
қалыптастыруда оқыту мен тәрбиені сабақтастыру
мәселесі (Л.К.Керимов, Л.Байсерке, Ж.Оңалбек, Б.А.Тойлыбаев, А.Ғ.Қазмағамбетов).
Таным – адамның объективтік
шындықты ойында бейнелейтін
және қайта жаңғыртатын,
қоғамдық іс-әрекет барысы. Танымның негізгі
және білімнің ақиқаттығының шарты –
танымдық іс-әрекет. Оқушылардың танымдық
қызығушылығы адамдық танымның
әртүрлілігі және
оқу процесінің қарама-қайшылықтарымен байланыста
болатын өзінің жеке қарама-қайшылықтарымен
сипатталады.
Пәнге деген
қызығушылық, танымдылық, кабiлеттердiң
дұрыс қалануына, осы саладағы бiлiм мен ойлау
операцияларының жетiлуi алғы шарт ретiнде игi әсерiн
тигiзедi. Ол бiлiмнің сатылап дамуына, тақырыптың тез әрi жеңiл
меңгерiлуiде, жаңа ұғым-тусiнiктердiң
баланың бойындағы бiлiм қорын байытуға, жинаған
бiлiм негiздерiн практикада дұрыс әрi белсендi турде қолдана
бiлуге де септеседi. Түпкi нәтижесiнде бiлiмнiң саналы
игерiлуiне тиiмдi ықпал жасайды. Сол арқылы танымдық
қызығушылық бала бойындағы бiлiмдi тереңдетiп,
кеңейтiп оқу мәнiн, қажеттiгiн сезiндiру арқылы
адамзат жинақталған
тәжiрибенi игеру позициясына айналады.Бұл қазiргi бiлiм беру
жүйесiндегi педагогикалық
психология негiздерiн дамыту, өзiн-өзi тәрбиелеу,
бiлiмдi өз бетiнше меңгерту, дамыта окыту т.б. жүзеге
асуының бiр жолы ретiнде баланың оқуға сыртқы мотивтердiң әсерiнен гөрi өзiнiң
iшкі талпыныс ниетi арқылы ден коюын қамтамасыз
етедi.
Оқу
кызығушылығы болсын, әлеуметтік мотивтер болсын окушының
жеке басының дамуымен, өсуiмен байланысты болуга тиiс. Егер
окыту мазмұнына сай мотивтер тәрбиеленсе, оқушы үшiн
оның әрекетi мәнi жоғары кұбылысқа
айналады.Оқушының позициясы мұндай жағдайда тек
мектепке келіп, мұғалімнің тапсырмасын екі етпей,
тиянақты орындаумен шектелетін адамның әрекеті түрінде
емес, өзінің әрекетінің түпкі мақсат,
міндетін түсінетін адамның көзқарасын танытады. Осы
оқу танымдық мотивтер
арқылы бала білім алумен бірге, сол оқу пәні негізінде
берілетін еңбек тәсілдерін
де игере алады. Себебі «Оқытудың басты мақсаты
оқушыларға белгілі бір
білім туралы мағұламат беру емес, оны бақылауға
ойлауға үйрету маңыздырақ, балаға белгілі бір
білім жиынтығын меңгеруден гөрі, сол білімді үйрену,
алу тәсілін меңгеруге қажетті қабілетін дамыту
қажет».
К.Д.Ушинский
оқушыларды сабаққа тарта білу, олардың
оқуға қызығушылығын арттырып, білімге
құмарту керектігіне баса көңіл бөлді. Оның
пайымдауынша, қызығушылық сапалы оқудың негізгі
жолы, ешбір қызығусыз тек қана зорлық күшімен
жүргізілген оқу оқушы бойындағы білім алуға деген
құштарлықты жояды және бір сарынды және бір
бағытта ұзақ жүргізілген іс-әрекет бала
өміріне шексіз зиянын тигізеді. Сондықтан, әсіресе бастауыш
сыныптарда оқыту барысында әртүрлі оқыту әдістері
мен формаларын алмастыра отырып қолдану керек.
Танымдық қызығушылық
оқушының қоршаған ортамен қатынасының
ішкі мазмұнын әр
қырынан таныта отырып, оның әрекетінің
даму заңдылықтарын,
сол дамудың басты
шарты болып саналатын
ішкі
қайшылықтарын
игеруге ұйытқы болады.
Қызығушылық оқу-шығармашылық,
танымдық әрекеттердің стимулы
бола отырып, бүкіл тіршілік
әрекетінің
қозғаушы
күші ретінде де
қызмет етеді. Сонымен
танымдық, қызығушылықты жеке
тұлғаның
рухани байлығын дамытатын, өзі үшін
мәнді
нәрселерді
таңдай білуге ықпал
ететін айрықша қасиет деп
бағалауға да болады.
Әдебиеттер:
1.Жарықбаев
Қ.Психология. Алматы. 1991 ж
2. Педагогикалық ізденіс.
Құрастырған И.Н.Баженова –Алматы «Рауан»1990