аға оқытушы Досмамбетова
Ш.Б.
«Болашақ»
университеті, Қызылорда, Қазақстан
Патриоттық тәрбие беру мәселелері
Тәрбие –
әлеуметтік-мәдени нормативтік модельдерге сәйкес
тұлғаның қоғамдық және мәдени
өмірге қатысуын қалыптастыру мақсатындағы
және қоғамдағы құндылықтарға
сай тұлғаны қалыптастыруға арналған шара. Ол
адамның қоғамдағы тіршілігін сақтауға
бағытталған механизм. Бұл арнайы дайындалған және
жоспарларға негізделген тәрбие акциялары мен қимылдарына
негізделеді. Сонымен қатар, адамды тәрбиелеу педагогиканың
ғылым ретіндегі құрамдас бөлігі болып табылады.
Студент жастар
қоғамның әлеуметтік құрылымында ерекше
орынға ие. Студенттер Қазақстан жастарының ең
белсенді тобы болғандықтан, олар келешектегі
Қазақстанның әлеуметтік-саяси, экономикалық
және мәдени дамуының негізгі күші болып саналады.
Осы негізде
тәрбие жұмыстарының төмендегідей принциптері бар:
Гуманизация
принципі – студенттің тұлғалық
құндылықтарын бағалау; оның
құқықтары мен бостандығын қорғау;
салауатты өмір салтын қалыптастыру қажеттілігі; ашық
қоғам шарттарындағы жастарды әлемдік және
отандық мәдениет құндылықтарына баулу;
Кәсіптік
бағыт принципі – болашақ мамандардың кәсіби
қауымдастықтың этикалық нормаларын игеруге;
кәсіптік қызмет нәтижелеріне жауапкершілікті
қалыптастыру; арнайы кәсіптік дағдыларды
қалыптастыруға үлес қосу.
Оқу процесі
барысындағы тәрбиелеу принципі – тәрбие потенциалын
мазмұны жағынан оқытылатын оқу пәндері
арқылы қолдану; өзін өзі оқыту және
өзін өзі дамуға қатысты жағымды мотивация
қалыптастыру; оқудан тыс шығармашылық және
тәжірибелік қызмет жүргізу.
Жүйелілік
принципі – оқудан тыс қызмет арқылы субъекттер
арасындағы өзара байланыс орнату, нақты шаралар
жүргізу.
Демократияландыру
принципі – тәрбие қызметіндегі субъекттердің тең
құқылы және әлеуметтік әріптестігін
қалыптастыру; студенттік өзін өзі басқару жүйесін
қалыптастыру және оның университеттің
әкімшілік-басқару құрылымдарымен тиімді байланыстарын
орнату.
Марапаттау
принципі – студенттердің оқу, ғылыми,
шығармашылық, спорттық және қоғамдық
жұмыстарға белсенді қатысқаны үшін моральды
және материалды марапаттау [1].
Жалпы студенттерге
тәрбие беруде төмендегідей модельдер қолданылады:
азаматтық және патриоттық тәрбие, интеллектуалды
тәрбие, кәсіби-еңбектік тәрбие,
құқықтық тәрбие, эстетикалық
тәрбие, физикалық және салауатты өмір салтын
қалыптастыру тәрбиесі. Азаматтық және патриоттық
тәрбие – бұл университеттің студенттер арасында жоғары
патриоттық сана, Отанға деген сүйіспеншілік туғызатын,
мемлекет мүддесін жүзеге асыруда азаматтық және
конституциялық міндеттерді орындаудың жүйелі қызметі.
Патриотизм
(гректің πατριώτης – отандас, жерлес, πατρίς - отан) түсінігінің
негізгі мәні әр азаматтың ұлтын, Отанын сүюден
туындайтын саяси принцип және әлеуметтік сезім. Патриотизм Отанының
жетістіктері мен мәдениетінің ерекшеліктерін мақтан
тұтып, оның құндылықтарын сақтаумен
сипатталады. Оның тарихи қайнар көзі тіл мен
дәстүрде бекітілген құндылықтарда жатыр.
Ұлт пен ұлттық мемлекетті құру шарттарында
патриотизм мемлекет дамуының жалпыұлттық сәттерін
танытатын қоғамдық сананың бір бөлігі болып
табылмақ.
Өзінің тарихи даму ерекшеліктеріне қарай
патриотизм бірнеше формаларда көрініс табады: полистік патриотизм –
антикалық қала-мемлекеттерде орын алды; империялық патриотизм
– империя және оның үкіметіне лоялдылықты
көрсететін сезімдік белгі; этникалық патриотизм
(ұлтшылдық) – өз халқына деген сезім; мемлекеттік
патриотизм – мемлекетке деген махаббат сезімі; ура-патриотизм – мемлекет пен
оның халықтарына бағытталған сезім.
Жалпы бұл
түсініктің өзі әр түрлі анықтамалар
арқылы өз дәуіріне сай түсініліп отырған.
Антикалық дәуірде patria термині («Отан») тек туған
қала-мемлекетке байланысты қолданыста болды. Рим
империясындағы патриотизм жергілікті «полистік» патриотизм мен империялық
патриотизммен шектелді. Полистік патриотизм түрлі жергілікті діни
өкілдерден қолдау тапты. Орта ғасырларда бұл термин
азаматтар ұжымына лоялдылықты білдірді. Американдық
және француздық буржуазиялық революциялар дәуірінде
бұл ұғым «ұлтшылдықпен» байланысты болды.
Сондықтан Франция мен Америкада бұл түсінік «революционер»
ұғымымен синонимдес болған еді [2].
Бүгінгі
шарттарда мемлекеттілікті патриотизм негіздерімен қалыптастыру
қоғамның модернизациялануына ықпал етуімен қатар,
оның қауіпсіздігін де қамтамасыз етеді. Бірақ,
ұлттық құндылықтары айқындалған
мемлекет те ғана ұлттың өзін-өзі тану,
ұлттық мақтаныш сезімдері туындайды. Сондықтан осы
процестегі жетекші рөл патриоттық тәрбие берудегі
нормативті-құқықтық базаларға
толықтай сүйенген мемлекет институттарына жүктеледі.
Қоғамдық ұйымдар патриоттық жұмыстар
жүргізуде ұйымдастырушылық,
құқықтық және экономикалық
қиыншылықтарға ұрынатыны жасырын емес. Оларға
мемлекеттің тікелей белсенді көмегі қажет. Көптеген
қоғамдық ұйымдар мәселені өзіндік
көзқарастармен бағалап, көп бөлігі
патриоттық тәрбие беру жүйесіне араласпайды. Осыған
сәйкес, мемлекет патриоттық тәрбие беруде азаматтық
қоғам институттарын араластыруы қажет.
Әдебиет:
1. Платова Е.Э., Сафин Ф.Ю., Фортунатов В.В. Воспитание студентов в
современных условиях: проблемы и пути их решения. – СПб, 2006. – С. 27-28.
2.
Насимов М.Ө., Паридинова Б.Ж. Жастарды
патриоттыққа тәрбиелеудің негізгі мәселелері
және мазмұны // «Қазақстандық
тарихи-педагогикалық ғылым – отандық мектептің
инновациялық дамуының ғылыми теориялық негізі»
жоғары оқу орындары аралық ғылыми-тәжірибелік
конференцияның материалдары. – Шымкент, 2012. – 55 б.