Сейтмағанбетова Ж.А.

Ақтөбе политехникалық колледжі, Ақтөбе, Қазақстан

 

Интерактивтік оқу технолгиясы

 

Интерактивтік оқыту технологиясы – бұл  коллективтік, өзін-өзі толықтыратын, барлық қатысушылардың өзара әрекетіне негізделген, оқу процесіне оқушының қатыспай қалуы мүмкін болмайтын оқыту процесін ұйымдастыру.

Интерактивтік оқыту технологиясы

1) Жұптасып жұмыс істеу;

2) Ротациялық (ауыспалы) үшті;

3) Карусель – Айналмақ:

4) Шағын топтармен жұмыс;

5) Аквариум;

6) Аяқталмаған сөйлем;

7) Миландыру /Мозговой штурм/;

8) Броундық қозғалыс;

 9) Есептеу ағашы. /Дерево решений/;

10) Өз атынан сот. /Суд от своего имени/;

11) Азаматтық тыңдау;

12) Ролдік /іскерлік/ ойын;

 13) Сығымдау әдісі. /Метод пресс/;

14) Өз позицияңды ұстан;

15) Дискуссия;

16) Дебаттар. 

Интераткивті  оқыту технологиясының аса көп мөлшері белгілі. Әр ұстаз өз бетінше топпен жұмыстың жаңа формаларын ойлап таба алады. Оқушылар бір-біріне сұрақ қойып және оған жауап беруді үйрететін, жұптасып жұмыс істеу әдісін сабақтарда жиі қолданылады.

       Мысалы; оқушыларға «Карусель» деп аталатын мынадай  жұмыс түрі қатты ұнайды; Екі сақина жаслады. Ішкі және сыртқы сақиналар. Ішкі сақина – бұл қозғалмай отырған оқушылар. Сыртқы сақина – бұлар әрбір 30 секунд сайын ауысып тұрады. Осылайша, олар бірнеше минутта бірнеше тақырыпты айтып шығады және әрқайсысы өзінің дұрыстығына әңгімелесушінің көзін жеткізуге тырысады.

       Аквариум технологиясының мәнісі сонда, бірнеше оқушы шеңбер ішінде ситуацияны жасырады /разыгрывают/, ал қалғандары оларды бақылап тұрып әрекеттеріне талдау жасайды.

       Броундық қозғалыста оқушылар бүкіл сынып ішінде қозғала жүріп берілген тақырыбы бойынша ақпарат жинайды.

       Есептеу ағашытоп сандары бірдей 3 немесе 4 топқа бөлінеді. Әр топ өз сұрақтарын талдап, ағаштың өздеріне тиісті тармағына (ватман парақ) жауап жазады, содан соң топтар орындарын ауыстырып, көршісінің ағашына өз идеяларын жазады.

       «Өз позицияңды ұстан» - деп аталатын интерацияның да пайдасы бар. Қандай да бір ұйғарым, көзқарас оқылады, содан кейін оқушылар «Иә» немесе «Жоқ» деген аймаққа бөлінген тақтаға (плакатқа) барады. Мүмкіндігінше олар өз позицияларын түсіндіргені дұрыс.

       Мұғалім мен оқушының интерактивтік шығармашылығы шектелмейді. Оны қойылған мақсатқа дұрыс бағыттай білудің маңызы зор. Бүгінгі шығып жатқан әдістемелік  инновациялар оқытудың интерактивтік әдістерімен байланыстырылған.

       Интерактивтік оқыту технологиясы мен концепциясы интеракция (ағлш. Interaction - өзара әсер, бір-біріне әсер ету) құбылысына негізделген. оқыту барысынде жеке тұлғалар арсында танымдық қарым-қатынас орнап, оның субъектілерінің бәрі өзара қатынасқа түседі. Әр оқушының жеке жұмысы мен оның жеке тұлғасын дамыту адамдардың бір-бірімен сөйлесу және өз ара әрекеттесу барысында жүзеге асады.

       Осы концепцияны жақтаушылардың ойынша, осындай ситуацияның жиі қолданылатыны және ыңғайлы түрі оқу ойындары болып табылады.

М. В. Кларин, Ю. С. Тюнников және басқалар ойындардың білім беру мүмкіндіктерін зерттеген: ойындар педагогқа оқытудың (білім, білік, дағды) қоданылуын, жаттығу мен өңделуін, әркімнің мүмкіндігін ескеруді, білім деңгейі әртүрлі оқушыларды ойынға тең дәрежеде қатыстыру нәтижелерін көрсететін мүмкіндік береді, Сонымен қатар ойындарда барынша эмоциялық-тұлғалық әсер ету, коомуникативті білктілік пен дағды қалыптастыру, қарым-қатынас құндылығы сияқты мүмкіндіктер бар. Сондықтан оқу ойындарын қолдану мектеп оқуышларының жеке және тұлғалық сапаларын тәрбиелеуге қолайлы.

       Интерактивтік оқу технолгиясы (ИОТ) – деп нәтижесінде оқу әрекеті барысында олардың өзара мотивациялық, инетеллектуалдық, эмоцияналдық және басқада жақтарынан жетістіктерге жетуді сезіну ситуациясын тудыра алатын, оқушыларға  педагогикалық әсерлі танымдық қарым-қатынас құруға кепілдік беретін, мұғалім мен оқушының іс әрекетін оқу ойындары түрінде ұйымдастыру тәсілдерін айтамыз.

 

Әдебиеттер:

1.     Бидайбеков Е.Ы., Григорьев С.Г., Гриншкун В.В. «Создние и сипользование образовательных электронных изданий и ресурсов».

2.     Абдраимов Д.И., Бидайбеков Е.Ы. «Методы использования образовательных электронных изданий в системе профессионального образования».