Математика пәні
мұғалімі Дадиева Г.К.
С.Саттаров атындағы №57 мектеп-лицейі
Логикалық есептер
шығару арқылы оқушының математика пәніне қызығушылығын
арттыру
Бүгінгі күн талабы –
баланың ақыл ойын дамыту, ойлау қабілетін жетілдіру,
өзіндік іскерлік қасиеттерін қалыптастыру, заман талабына сай
жүйрік ойлы оқушы
тәрбиелеу. Оқушы қабілетіне дұрыс
көзқараспен қарау, оқушының өз бетінше
жұмыс жасауына жағдай жасау оқу-тәрбие ісінде оң
жетістіктер береді. Үздіксіз оқыту үрдісінің
барлық бөліктерінде танымдық қызметтің артуына
байланысты жаңа ойлау жүйесі қалыптасып отырады.
Оқушының алғаш алған қарапайым білім қоры
оны күрделі ғылым салаларын оқып үйренуге жетелейді.
Міне, осы аралықта әр пән бойынша алған білім
заңдылықтарды біріктіре қорытындылай білетін бала зор
табысқа жетеді.
Қазіргі кезеңдегі проблемалардың бірі
оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту,
кітапқа, оқуға, білім алуға деген
құмарлықтарын арттыру. Осындай проблемаларды шешу
мақсатында бастауыш сыныптан бастап логикалық есептерді шешу керек.
Логикалық жаттығуларды орындау баланың ақыл-ойын,
қиялын, ой ұшқырлығын дамытады. Бұл
оқушылардың түрлі мазмұндағы есептерді
шығаруда, есептің шартын құра білуге жетелейді.
Математиканы оқытудың әрбір
кезеңінде оқушылардың бағдарламалық материалды
оқып үйренуі олардың алдыңғы сыныпта оқып
үйренгенде қабылдаған терең де берік білімдеріне,
іскерліктеріне және дағдыларына, сонымен бірге, математиканы
оқытудағы қызығушылығын дамытуға да
байланысты болады.
Ойлау- алуан түрлі астары бар, аса күрделі процесс.
Логика дегеніміз- ойлауды дұрыс құрудың заңдары
мен формалар, ережелері туралы философиялық ғылымы.
Мұғалімнің негізгі мақсаты – логикалық ойлауды
қалыптастыру арқылы оқушыны өздігінен
оқытуға үйрету. Ол
үшін оқушы білім негіздерін мұғалімнің басшылығымен
іздестіре отырып, өздері жаңадан жаңалық ашулары керек.
Оқу үдерісі осылай ұйымдастырылған жағдайда
оқушылардың логикалық ойлау қабілеті кеңейіп,
оқушылардың сабаққа деген ынтасы артады. Математиканы
оқу барысында оқушының ақыл –ойы қалыптасады, сана-
сезімі , тұжырымды дәйекті және дәлелді түрде
жеткізе білуі тәрбиеленеді, кез келген құбылыс пен
үрдісті талдау қабілеті дамиды, жеке дербес фактілерді
қорытындылау негізінде жалпыны таба білу және жалпы ережені дербес
жағдайларда қолдану іскерлігі қалыптасады.
Оқушының есепті шығару шеберлігі
арқылы, оның математикалық ойлау жүйесінің дамуын
және оның іс-әрекетінің белгілі бір сапасын
анықтауға болады. Оның
логикалық ойлау жүйесі, арнаулы саладағы терең
білімінің, практикалық тәжірибелі іске деген ынтаның
негізінде дамиды. Дамытудың маңызды шарты табандылығы мен
инициативасы болып табылады.
Оқушының математикалық ойлау
қабілеті дамуы үшін түрлі тапсырмаларды орындауы тиіс:
1) Өз бетінше есеп шығарудың сан қилы жолын іздестіру.
2) Пәнге қызығып, оған көңіл қойып
тереңдете оқып үйрену.
3) Сабақ барысында қолданылатын ойындарға,
математикалық сайыстарға, жарыстарға, интеллектуалды
ойындарға қатысу.
Сынып оқушылары бірдей емес.
Олардың ішінде математиканы сүйіп оқитын, оған деген
ынтасы зор оқушылар да бар. Оларды жеңіл, бірыңғай
жаттығулар орындау жалықтырады. Сондықтан белгілі бір ережені
меңгеретін жаттығуларды орындағанда оларға
қиынырақ тапсырмалар, міндетті емес тапсырмалар берілуі қажет.
Логикалық
жаттығулар.
1
Айжан мен Маржанның әкелерінің аттарын ата. Айжан мен Маржан
Асқар мен Мұраттың қыздары. Айжан Асқардың
қызынан үш жас кіші болса, бұлардың
әрқайсысының әкелерінің аты кім?
Жауабы:
Айжан – Мұраттың қызы, Маржан – Асқардың
қызы.
2 Арман,
Аян, Абзал ағайынды үшеуі әр түрлі сыныпта оқиды.
Абзал Арманнан, Аян Абзалдан кіші емес. Бұл үйдің
үлкені, ортаншысы, кішісі кім?
Абзал>
Арман, Аян > Абзал осыдан ең үлкені Аян, ең
кішісі Арман, ортаншысы Абзал екендігін табамыз.
3 Мұрат,
Жандос, Асхат бір сыныпта оқиды. Олар Ораз, Ахмет, Үсен деген
кісілердің балалары. Егер Мұрат Ораздың , Жандос
Ахметтің , Асхат Үсеннің баласы еместігі, Асхат пен
Ахметтің бір үйде тұратыны белгілі болса, әр
баланың әкесі кім?
Жауабы:
Асхат Ахметтің, Мұрат Үсеннің, Жандос
Ораздың баласы.
4
Әсем, Ардақ, Анар үшеуі математикадан бақылау
жұмысынан қандай баға алғандарын сұрағанда
мұғалім: Ешқайсың жаман баға алған
жоқсыңдар, бірақ әрқайсысыңның
бағалары әр түрлі. Әсемнің бағасы «3» емес,
ал Анардың бағасы «3»-те «5»-те емес деді. Сонда әркім
қандай баға алған?
Жауабы:
Әсем -«5», Анар -«4», Ардақ –«3».
5 Шоколад
плиткасы 4 жол, 8 бағаннан тұратын майда бөліктерден
құралған. Оны әр бөлгенде бір бөліктен
сындырса, ең аз дегенде неше рет сындыру арқылы майда
бөліктерге бөлуге болады?
Жауабы:
31 рет.
6
Өзеннің бір жағынан екінші жағасына ешкіні,
қасқырды және капустаны алып өту керек.
Қайықпен бір жануарды ғана немесе капустаны ғана алып
өтуге болады. Оларды екінші жағаға қалай өткізу
керек?
Шешуі:
Бірінші ешкіні алып өтеді. Себебі қасқыр капустаны жемейді.
Екінші капустаны алып өтеді де, ешкі капустаны жемес үшін ешкіні
қайтадан екінші жағаға алып өтеді. Осы жағада
ешкіні қалдырып, қасқырды алып өтеді. Соңында
ешкіні қайтадан алып өтеді.
7
Арыстан қойды 2 сағатта, қасқыр 3 сағатта, ит 6
сағатта жеп бітіре алады. Үшеуі қатар жесе қанша
уақытта жеп бітіреді?
Шешуі:
x=1 сағатта жеп бітіреді.
Логикалық жаттығуларды
орындау баланың ақыл- ойын, қиялын, ой
ұшқырлығын дамытады. Бұл оқушының
түрлі мазмұнды есептерді шығаруда, есептің шартын
құра білуге қалыптастырады. Бір есептің бірнеше шешімдерін табуға
жетелейді. Әрбір сабақ
қызықты есептермен аяқталып, логикалық есептер оқушылардың
жас ерекшелігіне қарай күрделене түсуі қажет.
Оқулықтағы шығармашылық жаттығулар
оқушылардан тек қана математикалық білімін емес,
күнделікті өмірде кездесетін әр түрлі
жағдайға байланысты білімді талап ететін тапсырмалар. Бұлар
негізінен оқушылардың байқағыштығын, ойлауын,
қиялын дамытуға негізделген.
Қорытындылай келе,осылайша,
оқушылардың математикалық ойлау жүйесін дамытуда
олардан:
-білімдерін игеру арқылы
мүмкіндігін шыңдап, өз биігіне көтеретін;
-табиғи қабілеттері мен
дарындылық қасиеттері ашылған;
-өздігімен танып, ізденіп,
іс-әрекет жасайтын;
-өз бетімен білім алып, дами алатын
жеке тұлғаны қалыптастыруымызға болады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. «Математика және Физика» ғылыми- әдістемелік журнал
№3-2009жыл
2. «Логикалық
есептер жинағы» 2005 жыл