Болашақ
маманның танымдық белсенділіктерін арттырудың педагогикалық
шарттары
Кайранбеков
Ғ – М.Әуезов атындағы ОҚМУ, т.ғ.к.
Нұрмаханова
Ғ – «Мирас» университет – Мирас университетінің магистранты
Бүгінгі
таңда ұрпақ алдында: «Қазақстан 2030» бағдарламасындағы:
«Барлық Қазақстандықтардың өсіп-өркендеу
қауіпсіздігі мен әл-ауқатының артуы» деген ұзақ
мерзімдік міндетті үшінші мыңжылдықта іске асыру
жауапкершілігі тұр. Ұлттың болашағы, тәуелсіз
мемлекетіміздің ертеңгі ұрпағының рухани байлығы,
мәдениеті, саналы ұлттық ойлау қабілеті мен біліміне,
іскерлігіне байланысты.
Осыдан
келіп, егеменді еліміздің білім беру жүйесінде әлемдік деңгейге
жету үшін жасалынып жатқан талпыныстар оқытудың әр
түрлі әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, терең
білімді, ізденімпаз, барлық іс-әрекетінде шығармашылық әрекет
ұстанатын, сол тұрғыда өз болмысын таныта алатын жеке тұлғаны
қалыптастыру ісіне ерекше мән берілуде.
Дарынды,
білімді жастар ғана егеменді
еліміздің ертеңін баянды етіп, қоғамның әлеуметтік-эканомикалық
дамуына үлес қоса алады. Сондықтан студентттер оқытушы
берген білімді, іс-әрекет тәсілдері мен бағалау өлшемдерін
қамтитын қоғамдық және ұжымдық тәжірибе
тағылымдарын игеріп қана қоймай, оны әрі қарай өзінің
белсенді, нысаналы, зерделі танымдық іс-әрекетімен сабақтастыруға
тиіс. Осыған орай, студенттердің танымдық белсенділігін қалыптастыруды
арнайы ұйымдастыру - оқу үрдісін жетілдірудің негізгі
шарты болып табылады. Оны жүзеге асыру студенттердің танымдық
белсенділігі мен ізденімпаздығын ынталандыруға септігін тигізетін оқу
үрдісін ұйымдастырудың тәсілдерін, әдістері мен
нысандарын іздестіруге өзекті сипат береді .
Оқу үрдісінде
оқу белсенділігін арттырудың жолдары мен тәсілдерін, танымдық
ізденімпаздық, танымдық белсенділігін қалыптастыру мәселелері
туралы жазылған еңбектерді атап өтсек: Я.А.Коменский,
Ы.Алтынсарин, П.И.Пидкасистый, Н.А.Половникова, Т.И.Шамова, А.Е.Әбілқасымова,
Т.С.Сабыров, Р.С.Омарова т.б.еңбектері. Сонымен бірге танымдық іс-әрекет
ұғымы мен танымдық белсенділікті қалыптастыру
проблемасына педагогтар, психологтар, әдіскерлердің көптеген
еңбектері арналған. Студенттердің танымдық әрекеті
мен белсенділігін жетілдіру құралы ретінде қарастырып, құнды
пікірлер Ф.Бэкон, М.Мантель, Д.Локк, Я.А.Коменский, И.Кант еңбектерінде
айтылған.
Танымдық
белсенділікті дамытудағы оқыту әдістемесінің негізін алғашқылардың
бірі болып қалаған ұлы педагог Я.А.Коменский : «Заттың
не құбылыстың түп тамырына жету, анықтау қабілетін
дамыту, оны шынайы түсіну және оны қолдана білу қажет»,-деп
ерекше атап өткен. Ал қазақтың педагог-ғалымы М.Жұмабаев
оқыту процесінде қарапайымнан күрделіге көше отырып, өз
бетінше оқуға, өз бетінше білім алуға үйрету қажеттігін
көрсетеді.
Студенттердің
танымдық белсенділігін, ақыл-ой қабілеттерін дамытуда, оқуға
қажетті біліктер мен дағдылар, алған білімнің саналылығы
және біліктілігін қамтамассыз етуде көрнекіліктер мен
инновациялық технологиялардың маңызы зор. Танымдық әрекеттің
негізінде студенттерде танымдық белсенділік қалыптасады.Танымдық
белсенділік – студенттің оқуға,
білуге деген құштарлығының, ынта-ықыласының
ерекше көрінісі. Студенттердің
танымдық белсенділігін қалыптастыруда оқу материалдарының
маңыздылығы дәрежесіне қарай оның құндылығын
анықтай білу, сабақ беру мен оқу үрдісін ұйымдастыра
білудің маңызы зор.
Танымдық
белсенділік пен жалпы танымдық іс-әрекет проблемасына арналған
көптеген еңбектеді зерттеу мынадай қорытындыға әкелді:
танымдық ізденімпаздық пен
ізденімпаздық пен белсенділік
жеке тұлғаның алуан қырлы болмыс-бітімі болып табылады.
Егер жеке тұлғаның
өз тарапынан танымдық белсенділікті қалыптастыру әрекеттеріне бақылау жасамаса, ізденіс нәтижесі
бағаланбаса, жетістіктерге жетуге болады деп айту қиын. Өзгелердің
тарапынан болатын бақылаудан гөрі, студент өз білім деңгейіне,
біліктері мен дағдыларына сын көзбен қарап, бақылау
жасауы, оның білімді сапалы меңгеруіне жұмыстың нәтижесін
көруде барынша көмектесетіні белгілі.
Таным
теориясы (гносеология немесе эпистеминология) – айналадағы қоршаған дүниенің
адам санасында бейнеленуін, танымның жалпы шарттары мен мүмкіндігін,
білімнің шындыққа қатынасын, қоғамдық
тәжірибе негізінде іске асатын таным үрдісінің заңдылықтарын, оның
негізгі түрлерін, әдістерін, жорамалдар мен тоерияларды құру
және дамытудың жолдарын зерттейтін психология ғылымының
саласы.
Білімнің
қалыптасып, дамуының жалпы шарттары философияның
негізгі мәселесі – рухтың материяға, сананың
болмысқа қатынасы тұрғысынан зерттейтін ілім – «таным
теориясы» деп аталады. Таным теориясының басқа ғылым
теорияларынан түбірлі айырмашылықтары бар. Ол – білімнің қалыптасуы
мен негізделуінің жалпы ұстанымдары, оның ақиқаттық
жалпы шарттарының, объективтік қатынастарының қалыптасуы.
Дүниені
танудың түрлі формалары болады. Ғылыми теориялық тану
дегеніміз – дүниені меңгерудің бір формасы, мұның
негізінде логикалық ойлау мен қорытындылауға қабілеттілік
жатады. Ғылыми тану толып жатқан жеке жақтардан заңдылық
шығаруға сипат табуға бағытталған.
Студенттер
бойында кездесетін қабілеттіліктері – білімді өз сапасында белсенді
және нәтижелі түрде бейнеленуі. Мұндай бейнелеу әрекеті
аса күрделі үрдіс. Ол студенттердің сыртқы дағды
мен әдеттерін қалыптастыру нәтижесінде жүзеге асады.
Студенттердің танымдық белсенділігін арттыру, таным қабілеттілігінің
оянуына түрткі болу – оқытудың негізгі мәселелерінің
бірі. Студенттердің танымдық белсенділігі өз кезеңінде қабылдау,
есте сақтау, қиялдау үрдістері мен зейіннің тұрақты күйін қажет
етеді. Студенттің өзіндік сезімдік танымы негізінде қабылданған
білімі мен дағдысы, ептілігі мен шеберлігі әлдеқайда нәтижелі
әрі жемісті болады.