Сәрсекеева
Ж.Е.-п.ғ.д., профессор
Шаяхметова М.Н. -п.ғ.к., доцент
Қабыкен Қ. -Инф-205тобының
студенті
Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік
университеті, Қазақстан
Информатика пәнін оқытуда
әртүрлі ақпараттық технологиялар көмегімен
оқушылардың қызығушылығын арттыру
Білім берудің негізгі мақсаты – білім мазмұнын жаңартумен қатар, окытудың әдіс-тәсілдері мен әр түрлі құралдарын
қолданудың тиімділігін арттыруды. Осы мақсатты жүзеге асыруда ақпараттық технологияны пайдалану әдісі зор рөл атқарады. Ел Президенті Н.Ә.Назарбаевтың халыққа
жолдауындағы «оқу үрдісінде ақпараттық технологияларды білім беру саласын жақсартуда қолданыс аясын кеңейту керек» деген сөзін басшылыққа ала отырып, сабақта жаңа ақпараттық технологияларды пайдалануға жаппай көшуіп келеміз [1]. Ақпараттық технологияларды сабақта пайдаланудың негізгі мақсаты: Қазақстан Республикасында
біртұтас білімдік ақпараттық ортаны құру, жаңа ақпараттық технологияны
пайдалану Қазақстан Республикасындағы ақпараттық кеңістікті әлемдік білім беру кеңістігімен сабақтастыру болып табылады.
Бүгінгі таңдағы оқу үрдісіне енген жаңа технологиялармен қатар соңғы кездері информатика пәні сабақтарында ақпараттық технологиялар жиі қолданылуда. Осыған байланысты күнделікті сабаққа:
- мультимедия (видео, аудио қондырғылары мен теледидарды, электрондық оқулықтарды);
- компьютер (компьютерлік бағдарламалар, интерактивті тақта
- интернет және т.б. көрнекі материалдарды пайдалану айтарлықтай нәтиже береді.
Мұндай қондырғылар ең алдымен оқушылар бойында пәнге деген, соның арқасында сол салаға деген қызығушылығын арттырып, зейін қойып тыңдауға және алған мәліметтерді нақтылауға мүмкіндік береді. Оқушылардың сабаққа
деген қызығушылығын ояту мұғалімнің сабақ өткізу тәсіліне де байланысты болады. Қазіргі таңда оқудың интерактивті әдіс-тәсілдері өте көп. Педагогикалық ғалым мен озық тәжірибенің бүгінгі даму деңгейінде белгілі болған оқыту әдіс-тәсілдерінің бәрін де еркін игеріп, әрбір нақтылы жағдайларға орай ең тиімдісін таңдап алу және олардың бірнешеуінің жиынтығын түрлендіре тиімді, үйлесімді әрі шығармашылықпен қолдану- сабақтың сәтті өтуінің кепілі. Осы ретте төмендегі мәселелерге баса назар аудару
орынды секілді:
- мұғалім сәтсіз өткен сабақтарға өзіндік талдау жасап өз кемшілігін іздеуге әрекет жасауы керек;
- білім мен тәрбие беруде жариялылық, педагогикалық, ынтымақтастық, ғылыми-әдістемелік, тың ізденістерге сүйене отырып жаңашылдыққа талпынуы қажет;
- мұғалім күнделікті әр сабағына шығармашылықпен дайындалуы керек.
Себебі сабақ-мұғалімнің өнері, шығармасы. Әр сабақты тиімді ұйымдастыруда оқушыны жалықтырмайтын, қабілетін арттыратын жағдай туғызуға ықпал ету керек [2].
Ақпараттық технология негіздері тұлғаның информатика пәнінен алған білім сапасы мен сауаттылығын кеңейтуге жәрдемдеседі, мысалы: интернет сайты арқылы жоғары деңгейдегі көрнекіліктерді пайдалануға болады. Заман ағымына қарай сабаққа видео, аудио қондырғылары мен
теледидарды, компьютерді қолдану оқушының дүниетанымын кеңейтеді, қызығушылығын артырады.
Жаңа ақпараттық технологияның негізгі ерекшелігі – бұл оқушыларға өз бетімен немесе бірлескен түрде шығармашылық жұмыспен шұғылдануға, ізденуге, өз жұмысының нәтижесін көріп, өз өзіне сын көзбен қарауына және жеткен жетістігінен ләззат алуға мүмкіндік береді.
Қазірде оқушы үшін тек қызығушылық қана емес, сабақ үрдісі үшін тиімділік танытатын ақпараттық технологиялардың бірі – интерактивтік тақта, мультимедиялық және он-лайн сабақтары. Оқыту үрдісін компьютерлендіру мақсатында интерактивті тақтамен жұмыс жасау тиімді. Тақтаны қолдану арқылы оқушылардың қызығушылығын, интеллектуалдық танымын, білім сапасын арттыруға болады. Информатика пәнін оқытуда интерактивті тақтамен жұмыс жасау кезінде оқушылардың қызығушылығын танытып қана қоймай, шығармашылық қабілеттерін дамыту мен қатар жаңа ақпараттық технологияны меңгеруге, оны пайдалана алуына мүмкіндік болады. Сабақта интерактивті тақтаның элементтерін пайдалану, дайындалған арнайы
тапсырмаларды тыңдап қана қоймай, көздерімен көріп, оны жетік түсінуге, дағдыланады.
Қазақстан Республикасында білім беруді
дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік
бағдарламасына сәйкес мемлекеттік оқу
орындары заманауи оқу-өндірістік және технологиялық жабдықтармен, ақпараттық технологиялармен қайта жарақтандырылады. Жалпы оқушылардың ақпараттық технология негіздерінен алған білімі арқылы:
-
оқушының пәнге деген қызығушылығы артады, құлшынысы оянады;
-
оқушының пәнге деген қызығушылығы артады, құлшынысы оянады;
-
шығармашылық қабілеттері артады;
-
жылдам ойлауға машықтанады, білім сапасы артады;
-
оқушылар өз бетімен жұмыс жасауға дағдыланды;
-
компьютерлік сауатты болуға үйренеді [3].
ХХІ ғасыр – информатика ғасыры, яғни ақпараттандыру технологиясы дамыған заманда мемлекетіміздің келешек иелеріне заман талабына сай білім беріп, жан-жақты дамуына ықпал ету мұғалімнен шығармашылық ізденісті, үлкен сұранысты талап етеді. Компьютер және ақпараттық технологиялар арқылы жасалып жатқан оқыту процесі оқушының жаңаша ойлау қабілетін қалыптастырып, оларды
жүйелік байланыстар мен заңдылықтарды табуға итеріп, нәтижесінде – өздерінің кәсіби потенциалдарының қалыптасуына жол ашады. Бүгінгі таңдағы ақпараттық қоғам аймағындағы оқушылардың ойлау қабілетін қалыптастыратын және компьютерлік оқыту ісін дамытатын технологиялардың тиімділігі жоғары.
Жалпы тек информатика пәні ғана емес тұтас оқу үрдісінде ақпараттық технологияларды бар мүмкіндіктерін аша отыра қолдану сабақ барысын ұйымдастырушы мұғалім үшін ғана емес, жаңа материалдар игеруші оқушылар үшін де аса тиімді. Қызығушылық бойында оянған кез келген оқушының ол маериалдарды
барынша терең игеруге талпынатына әрине шындық, ал талпыныс бар жерде даму мен ілгерілеу орын алады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Н.Ә.Назарбаев «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы».
2. «Информатика негіздері» журналдары.
3. Қазақстан
Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020
жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы