Жумаканова Жазира Жақсыбайқызы

Физика пәні мұғалімі, «№5 жалпы білім беретін орта мектеп»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі, ШҚО, Аягөз қаласы

 

ФИЗИКА ПӘНІН ДЕҢГЕЙЛЕП САРАЛАП ОҚЫТУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

 

Оқыту деп аға ұрпақтың білімін, біліктілігін, жинақталған тәжірибелерін,  үйрету шеберлігін  жас  жеткіншектерге  беру прцесін айтамыз. Бұл  тұтас  процестің  құрамына  мақсаты, мазмұны,  жаңа техникалық әдістемелер  жеткізу  құралдары кіреді. Жаңа инновациялық технология  білім беру  саласын дамытуға,  оқыту құралы ретінде пайдалануға төмендегідей мүмкіншіліктерді, яғни   оқу  үрдісін  даралауда оқушыны жеке тұлға  ретінде  дамытуға  бағыттау, оқушының өзіндік іс әрекетін қалыптастыруға бағыттау білім  беруде жекеше оқытуда,  дамыту және пәндердің бір-бірінен  байланысын көздейді.

         Деңгейлеп  оқыту технологиясының мақсаты әрбір оқушы өзінің даму деңгейінде  оқу материалын меңгеруін қамтамасыз етуі [1]:

         1.Деңгейлеп  оқыту әр оқушыға  өз мүмкіндіктерін  барынша  пайдалана  отырып, білім алуына  жағдай жасап, мүмкіндік береді.

         2.Деңгейлеп  оқыту  әртүрлі категориядағы балаларға бірдей зейін аударып, олармен саралай  жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

         3.Деңгейлеп – саралап оқыту құрылымында  білімді  игерудің негізгі  үш деңгейі қарастырылады: ең төменгі деңгей  (минималдық базалық) бағдарламалық, күрделенген деңгей.

         Базалық деңгей – мемлекеттік стандарт бойынша анықталған ең төменгі шек. Сондықтан оны әрбір оқушы меңгеруі тиіс. Бұл деңгей оқушыға өзінің қызығушылығы мен қабілетін ескере отырып, уақыты мен күшін дұрыс пайдалануға мүмкіндік береді.

4.Оқушының жеке тәжірибесіне негізделген деңгейлеп оқыту технологиясы тиімді де нәтижелі болу үшін:

- жеке тұлға ерекшеліктеріне;

- психологиялық даму ерекшеліктеріне  (есте сақтау қабілетінің ерекшелігі, өзінің эмоциясын басқара білуіне);

- пән бойынша білімді игеру деңгейіне  (оқушының білімімен іс - әрекет тәсіліне назар аударып, көңіл бөлу керек).

Сабақ өткізу формаларын және түсіндіру әдістерінің  жаңа тәсілдерін  күнделікті сабаққа  қолдануға тырысамын. Сонда көбінесе мына  жағдайларға  көңіл бөлінеді:

-       Сабақтың мазмұны.

-       Сабақты өткізудің тәсілдері мен әдістерін таңдау.

-       Сабақтың нәтижелілігі.

         Жалпы менің оқытудағы өз проблемам: оқушыларды өз бетімен жұмыс жасауға тәрбиелеу, үйрету, шығармашылық қабілетін дамыту. Өзім сабақ беретін кластарда  оқушыларын топқа бөліп оқыту  тәжірибесін қолданып келемін. Әр топқа жетекші сайлаймын. Әр топта  5 – 6 оқушыдан. Бұлай оқытудың тиімділігі нашар оқушылар көпшіліктің  көлеңкесінде қалып қалмайды. Берілген тапсырманы орындағанда қысылмай өзара ақылдасып, бірі түсінбегенін 2 – шісі түсіндіру арқылы дұрыс орындап шығуға мүмкіндік алады. Тағы бір ерекшелігі, өз беттерімен жұмыс жасау арқылы ойлау қабілеттері дамиды.

         Сабақта академик В.И.Моноховтың технологиялық картасын қолданамын. Технологиялық карта – болашақ оқу процесінің болжау паспорты, бұнда оқу процесінің басты параметрлері белгіленеді. Педогогикалық технология дұрыс жобаланған болу үшін онда міндетті түрде мынадай бес элемент қамтылуы керек [2]:

         1.Мақсат қою.

         2. Болжау.

         3. Оқушылардың сабақтан тыс өз бетімен орындайтын жұмыстары.

         4. Логикалық құрылым.

         5. Түзету.

         Оқу үрдісінің педагогикалық тұрғысынан жобалау жекелеме тараулардың  технологиялық  карталарынан құрылады. Технологиялық картаның құрамды  бөліктерін және олардың атқаратын қызметтерін қарастырайық:

1.Технологияның негізі жоғарыда айтып өткеніміздей  мақсат қоюдан басталады, яғни тақырыпқа байланысты шағын мақсаттарды анықтау.

2.Берілген тақырыпқа мақсаттарға бөліп алғаннан кейін жұмыс осы қойылған мақсаттарға байланысты  оқушылар  білімімен  болжау жұмысын құру.

         Біз  бірінші рет оқушыға жеке тұлға ретінде қараймыз, себебі оқушыға өз деңгейін  өзі таңдайды, яғни өзінің білім мөлшеріне қарай болжаудағы қажетті тапсырмалар  мөлшерін таңдап алады. Болжау деп отырғанымыз оқушылардың қойылған мақсатты меңгеруін  анықтауға арналған  өздік жұмыс.

         3.Оқушылардың сабақтан тыс өз бетімен орындайтын тапсырмаларын  мөлшерлеу бөлігі. Бұл бөліктің практикалық мақсаты – оқушылардың болжау  тапсырмаларына дайындығы  (арнаулы  түрде дайындалған, белгілі бір көлемдегі тапсырмалар жүйесін өз   бетімен орындау арқылы).

         4. Мақсаттың саны мен мазмұны, онда анықталған оқушыларды  дамыту міндеттері  тақырыпты оқытудың  логикалық құрылымын құрайды. Мұнда әрбір мақсатқа жетудің  уақытша ұзақтығы беріліп, сабақтың негізгі және көмекші құралдары анықталады, оқушыларды  дамыту  бағдарламасы құрастырылады.

         5.Технологиялық картаның ең соңғы «Түзету» бөлігін қарастырайық.  Бұл бөлік  сынақтан өтпеген, яғни білім дәрежесі мемлекеттік   стандарт деңгейінен төмен оқушыларға арналған [3].

Бұл бөліктегі негізгі үш жағдай қамтылады.

         Бірінші – қойылған мақсатқа  қатысты оқу материалын меңгеру барысындағы  мүмкін болатын қиындықтар.

Екінші - өтілетін тақырып бойынша оқушыларда жіберілетін негізгі қателіктер.

Үшінші – оқушы білімін стандарт деңгейіне дейін көтеру үшін қолданылатын педагогикалық және методикалық түрдегі іс – шаралар. Технологиялық картада неше мақсат болса сонша түзету жұмысы болады, яғни осы аталған үш жағдай әр мақсат үшін жеке – жеке жазылады.

Технологиялық картаның жалпы құрылымы төмендегі кестеде көрсетілген:

 

Кесте 1. Оқу  үрдісінің логикалық құрылымы

Оқу  үрдісінің логикалық құрылымы

Мақсат қою

М 1

М 2

М 3

Болжау

Б 1

Б 2

Б 3

Түзету

Сабақтан тыс өз бетімен  орындалатын тапсырмалар

Стандарт  (қанағат)       төрт               бес

1 .......         1 ........        1 ........

2 .......         2 ........        2 ........

 

Енді осы айтылғандарды 9–класта «Динамика негіздері» тарауына (Динамика заңдары және табиғаттағы күштер) құрылған технологиялық картаға назар аударайық.

 

Кесте 2. 9 – класс. «Динамика заңдары және табиғаттағы күштер» тақырыбы бойынша технологиялық карта

 

Оқу процесінің логикалық құрылымы

М1      Б1                    М2Б2                               М3Б3

 

Мақсат  қою

күні

 

болжау

күні

түзету

М1.Ньютон заңдарының тәрбиелік  практикалық және дүниетанымдық үлкен маңызын атап көрсету. Ньютон заңдарының көмегімен қарапайым есептеулерді  үйрену

 

Б1

1.Берілген жаңдайда  денеге  әсер  ететін қандай күштер теңгерілетінін  түсіндір.

2.m жән а  мәндері бойынша тең әсерлі F күшін табу.

3.V(t) графигінен күштердің проекциясын табу.

4.Ньютонның I және III заңдарын, Архимед заңын пайдаланап, күшті  табу.

 

Архимед заңын қайталау. Есеп шығару барысында сызбаның суретін салып, әсер ететін күштерді көрсету керек.

М2.Бүкіл әлемдік тартылыс  заңының көмегімен, қарапайым есептеулерді үйрену

 

Б2

1. Массасы m денеге әсер ететін ауырлық күшін табу.

2.Екі дененің массасын және арақашықтықтығын біле отырып, оларға өзара жер ететін гравитациялық күшті  табу

3.һ биіктікке көтерілген дененің

g үдеуін анықтау.

4.Таблицаны пайдаланып дөңгелек орбита бойымен  қозғалған аспан денелерінің массасы мен радиусы арқылы жылдамдығын табу.

 

Векторлық түрде жазылған теңдеуден скаляр түріне көшкенде оқушылар белгілеуіне мән бермейді

М3. Механикада кездесетін күштердің түрлерін қарапайым есептеулерде қолдану

 

Б3

1.Үстел  үстінде жатқан жүкке әсер ететін барлық күштерді көрсет.

2. F күштің әсерінен сымның ұзындығы

х метрге артса, қатаңдығы қандай?

3.Бірқалыпты қозғалып келе жатқан дененің, жанасатын беттерінің  ауданы

 n есе артса, сырғанау үйкеліс күші қалай өзгереді?

 

Лабораториялық жұмыс бойынша оқушылар графикті дұрыс сыза алмайды

 

Кесте 3. Сабақтан тыс өз бетімен орындалатын үй  тапсырмасын мөлшерлеу

 

Сабақтан тыс өз бетімен орындалатын үй  тапсырмасын мөлшерлеу

Стандарт (қанағаттанарлық)

жақсы

өте  жақсы

§20 -28  №114, 115(Р)

§29 -31  №135 (Р)

№149, 150 (Р)

№140 (Р)

№174, 175 (Р)

№163 (Р)

№157, 158 (Р)

5-жат. (4)

№164 (Р)

 

Осы картаны пайдаланып, М2 көрсетілген. Бүкіл әлемдік тартылыс тарауын  қайталау мақсатында  өткізген  сабақтың құрылымы  ұжымдық оқыту. Тарау  бойынша алған білімін бекіту және  тиянақтау. Класты  4 топқа бөлемін. Әр топта  осы  тақырып бойынша білімі жеткілікті,  қиын тапсырмаларды орындауға  шамасы келмейтін оқушыларға әр түрлі жағдайда жол сілтей  алатын жетекші оқушы болу  керек. Осы  топтарға  топ  жетекшісін сайлаймын. Әр тапсырманы орындауға  уақыт беріледі.

Топ  жетекшілеріне  мына сұрақтарды беремін:

1 - Әлем  моделі

2 – Бүкіл әлемдегі байланыс  принципі.

3- Физика  заңдылығының жалпыламалығы.

4- Кеплер жұмысы.

Проблемалық сұрақтар  беремін (топтарға).

1.Неге  жер  күнге  құлап түспейді?

2. Жердің  өз осінен  айналуының  пайдасы  мен зияны.

3. Қай жерде  салмақ  артық: полюсте  ме  экваторда  ма?

4. Күннің массасын  қалай  өлшейді?

5. Берілген орындағы еркін  түсу үдеуі барлық денелер үшін бірдей. Денелердің осы  қасиетін қалай  түсіндіреді?

6. Денелер  арасындағы тартылыс күштері қоршаған ортаға  тәуелді бола  ма?

7. Электр зарядтары бір –біріне  тартылуы және тебінуі  мүмкін. Денелердің арасында гравитациялық тебілу күштері бар  ма?

8. Бүкіл әлемдік тартылыс заңы бойынша барлық денелер жерге  тартылады. Олай  болса біздер неге секіре аламыз?

Осы  сұрақтарға  жауап  іздеу үстінде оқушылар  өз  білімдерін тереңдете  отырып, ойларын тұжырымдап бірнеше  рет  сатаптан  өткізіп  барып  жауап береді. Содан  кейін тақырып бойынша беремін:

I - деңгей

1. Шахта  көтермесінің түбінде массасы  100кг жүк жатыр. Егер  көтерме:

а) 0,3 м/с2 үдеумен жоғары  қарай тік көтерілсі, ол  жүктің салмағы  қандай  болады?

б) Бір қалыпты қозғалса  ше?

в) 0,4 м/с2    үдеумен түссе  ше?

г) Еркін түссе  ше?

2. Массасы  1кг дененің полюстегі және  экватордағы салмағын  анықтаңдар. Жердің радиусын 6400 км деп есептеңдер.

3. Қозғалыс басталғанына 20 секунд өткенде локомотив жылдамдығы,  салмағы 196 т. болса, үдеу туғызатын күш  неге  тең  болады?

II – деңгей

1.Жер серігінің Жер  бетінен 200 км қашықтықта  орбитамен  қозғалатын болса оның айналу периодын табыңдар.

2.Жерден  қашықтығы  жер радиусына тең болатын биіктігі үшін бірінші  космостық  жылдамдықты  есптеп шығыңдар.

3.Парашют  пен  парашютисті қоса есептегендегі  алмағы 75 кг болса, парашютті  толық ашқанда парашютиске ауаның әсер ететін күші қандай?

III - деңгей

1. Массасы  1600 килограммаға тең автомобиль қисықтық радиусы 83 метрге  тең дөңес  көпірдің үстінен  40 км/ сағ тұрақты жылдамдықпен келе  жатыр. Көпірдің  ең биік нүктесінде автомобиль  көпірге қандай  қысыммен әсер етеді?

2. Ғарыш  кемесі  жер бетінен жер радиусына тең, қашықтыққа алыстағанда, оның жерге тартылу күшті неше есе кемиді. Жердің 5 радиусына  алыстағанда  ше?

Барлық оқушы  өз жұмысын ең төменгі деңгейдегі тапсырманы   орындаудан  бастайды да, оны орындауына сәйкес келесі деңгейге көшіп отырады.

Деңгейлік саралау оқушының да, мұғалімнің де белсенді шығармашылық қызметін дамытады және  оқушылардың  білімін жаңа  әдіспен бағалауға мүмкіндік береді. Тақырып бойынша жасақталған деңгейлік тапсырмалар жүйесі, дамыта  оқыту  идеясын  жүзеге  асыруға  мүмкіндік  береді.

Міне  осындай  жұмыстардың түрі оқушылар арасында  ұжымдық, қарым – қатанас қалаптастырып, оларды  жауапкершілікке  тәрбиелейд, әрі  ұстаз  бен оқушылар арасындағы ынтымақтастықты нығайтады.

Жалпы жаңа  педагогикалық технологияны  қолдану  сабақтың сапасын көтеруге, оқушының білімге  деген оқу – танымдық  қызығушылығын арттыруға,  қазіргі  қоғам талабына  сай  білім алуына көп әсерін тигізеді.

Қорыта  келгенде, жаңа педагогикалық  технологларды  физика  сабағында өтілген тақырыптарға  сәйкестендіре,  сабақтастыра  отырып, жақсы нәтижелерге  жеттім. Сөз соңында  бүгінгі  күн талабына  сай нақты, терең білім беруде жаңа  технологиялар бірден –бір  ұстаз сүйенер  тұтқа  дегім келеді. Білім сапасын мониторинг арқылы анықтау өте  тиімді  әдіс. 

        

Пайдаланған әдебиеттер:

1. З.А.Вологодская, А.В.Усова. Физикадан дидактикалық материал, Алматы «Рауан» 1991ж.

2. В.Ф.Шаталов, В.М.Шейман, А.М..Хант. Опорные конспекты по кинематике  и  динамике.

3. Математика  және  физика №3, 2003ж.