1Мажитаева Шара,
2Тасимова Гульназ, 3Кашенова Айдана
1,3 Карагандинский
госуниверситет им.Е.А.Букетова
2Караганды
к., №81 ОМ
ОКУШЫЛАРДЫҢ АУЫЗША
СӨЙЛЕУ ДАҒДЫСЫН
ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ
ЖОЛДАРЫ
Қазақ тiлiнiң мемлекеттiк тiл дәрежесiн алуына
байланысты бүгiнгi таңда оның мемлекеттiк тiл қызметiн
толық атқару мәселесi қойылып отыр. Қазiр
қазақ тiлi бұл қызметтi атқару дәрежесiне
әлі де толық көтерiле алмай отырғаны құпия
емес. Кеңес өкiметi кезеңiнде қазақ ұлты
өз тiлiн ұмытуға аз-ақ қалғаны белгiлi,
сондықтан бұндай жағдайдан арылып, қазақ
тiлiнiң мемлекеттiк дәрежеде қызмет атқаруын бiрден
жүзеге асыру өте қиын соғып отыр.
Ауызекі
сөйлеу тілін жақсы меңгерген, оған
жаттыққан оқушы ойын жазбаша да дұрыс, жүйелі
бере алады. Сондықтан бұл принцип тіл дамытуды кешенді
жүргізуге сөйлеу, тыңдау, оқу, жазу
түрлерінің барлық дағдыларын бір-бірімен байланыстыра
дамытуды міндеттейді.
Тіл дамыту жұмысын
грамматика, морфология пунктуация және әдебиетпен байланыстыра
жүргізу принципі де ерекше орын алады. Оқушының ауызша және жазбаша тілін дұрыс
дамытуда грамматикалық ережелерді
жақсы білуді, тыныс белгілерін дұрыс қоюдың
көркем әдебиетті көп оқудың үлкен
мәні бар. Демек , мұғалім қазақ тілі сабақтарында
үйретілген ережеге сай
түрлі жаттығу жұмыстарын орындатып, тыныс белгілерін дұрыс қоя білдірудің
жолдарын көрсетіп, көркем әдебиетті көп
оқуға бағыт беріп, оның үлгісін көрсетіп
отыруы қажет. Тіл дамыту
процесінің үздіксіз
принципін сақтау біріншіден, оқушылардың тілін дамыту
тек қазақ тілі
сабақтарында немесе арнаулы сабақта ғана емес, басқа
пәндерде де жүргізудің қажеттілігін, екіншіден, тіл
дамыту процесі тек мектеппен ғана шектелмей, өмір бойы жүргізілетін процесс екендігін басшылыққа алады
Ауызша сөйлесуге үйретудегі басты құрал –
жаттығу. Әдіскерлердің пікірлеріне сүйене отырып, ауызша сөйлесуге жаттықтыру
жұмыстарын тілдік жаттығулар
және қатысымдық
жаттығулар деп саралауға болады. Тілдік жаттығу
барлық уақытта сөйлеушінің стратегиясы мен
тактикасының олуын
қарастырады, үнемі қатынасқа қатысушылардың өзара
қарым-қатынасының
болуын қамтамасыз етеді, әрқашанда
сөйлеушінің тілдік белсенділігі
мен дербестігін дамытады.
Сөйлесу жаттығулары соңғы кезде
«қатысымдық жаттығулар деп аталып жүр. Қазақ тілін басқа ұлтқа
оқыту мәселесіне арналған
негізгі әдістемелік
оқулықтарында сөйлесу жаттығуларының
мәні өте зор екенін баса
айтып, қазіргі заманда екінші
тілді оқыту әдістемесі
сөйлесуге үйретуді негізгі
мақсат болады да, жұмыстың басым көпшілігі осы мақсатқа сай
ұйымдастырылатынын көрсетеді.
Сөйлесу
жаттығуларын құрудың бірінші ұстанымы – сөйлеушілердің
қатысымдық мақсатын пайдалану. Сөйлесу
жаттығуларын
құрудың екінші
ұстанымы – тілдік бірліктерді, тұлғаларды меңгертуде
үлгіге сүйену. Сөйлесу жаттығуларын
құрудың үшінші
ұстанымы – тілдік бірліктерді
олардың
сөйлеудегі қызметін
бірге байланыста меңгерту. Осы
ұстанымдарды негізге ала отырып, оқушыларды қазақша сөйлесуге үйрететін төмендегідей сөйлесу жаттығулары
қолданылады: 1) диалог жаттығулары – сөйлесу; 2) монолог
жаттығулары – мазмұндау. Бұл мәселелер диалог пен монологке байланысты
қарастырылады.
Лексикалық материалды оқытуда деңгейлік жаттығулар
мен тапсырмалар да үлкен орын алады. Әр деңгейдің талап-тілегін қамтитын түрлі
тапсырмалар арқылы
оқушының білім
көлемінің қай
деңгейге сай келетінін анықтауға болады.
Оқушылық деңгейде
орындалатын жаттығулар: мұғалім түсіндірген
білімді оқушының
қайталап бере алатынындай болу
керек. Алгоритімдік деңгейде орындалатын жаттығулар:өткен
материалдармен өзара салыстыра отырып, жаңа материалдың
ерекшеліктерін ажырата алуға
негізденген болуы керек; ізденімділік
деңгейде орындалатын
жаттығулар: белгілі бір шығармашылық жұмысқа
бейімдейтін болуы керек (сурет, шығарма,
фантастикалық әңгіме, ой толғау,
өлең, әзіл өлең жазу, т.б.); ғылыми
көзқарасын қалыптастыруға арналған болуы
қажет.
Сөйлесу әрекетін дамытуда көрнекілікті пайдалану жолдары
әртүрлі. Көрнекіліктің бір түрі –
грамматикалық кесте, ондағы материалдарды игерумен бірге,
осыған ұқсас не ұқсас емес тілдік
құбылыстарды салыстыра отырып, олардың ара қатынасын
анықтай алатындай дәрежеде түсінік алуы тиіс,
өзінің бақылағандарынан қорытынды шығарып,
сол ережені тәжіриеде қолданғанда ғана тілдік
көрнекі құралдардың мақсатына жеткендігі
көрінеді. Қазақ тілі материалдарын терең меңгертуге,
тілін дамытуға арналған көрнекі құралдардың
түрі – суретпен жұмыс. Мұнда материал тақырыбына
сай зат немесе
құбылыстың
бейнесі, сонымен бірге белгілі
бір сөздің мағынасын анықтап, оны дұрыс та
дәл қолдану дағдыларын
қалыптастыруға, оқушының сөздік қорын байытуға байланысты тапсырмалар енеді. Техникалық
оқу құралдарынан жиі қолданылатын слайдтар негізінде
оқиғалы суреттер мен жеке картинкаларды үлкейтіп көрсету арқылы оқушылардың сөйлесу дағдысын қалыптастыруда мынадай жаттығу жұмыстарын жүргізуге болады: суретке
тақырып қою, мәтін(әңгіме) құру,
сөздік диктант жазу, суреттегі зат, құбылыстық антоним,
синонимдерін табу, рөлдік (жұптық,
топтық) сұхбаттар құру, сұрақтарға
немесе тест сұрақтарының дұрыс жауаптарын іздеу т.б.
Оқушыларды ой-пікір білдіруге
тәрбиелеуде кинофильм, оқу фильмдері, бейне(видео) материалдар, спектакль т.б. атқаратын
қызметі ерекше. Мысалы, оқушылар үшін «Менің атым – Қожа»,
«Жыл он екі ай» бейнетаспаларын
көрсету арқылы жұмыс жасату тиімді. «Наурыз-Ұлы мереке»,
«Қазақстаным менің» бағдарламаларын
бейнетаспаға жазып көрсету арқылы бірқатар сөйлесу
жаттығуларын орындау – оқушының сөйлесу икемділіктері
мен дағдыларын қалыптастыруға көмегін тигізеді.
Сөйлесімге дағдыландырудың әдіс-тәсілдері
көп. Тыңдап-түсіну
сөйлеудің бірінші
сыңары болса, оның екіншісі - сөйлесу.
Сөйлесу әрекетінің бұл түрі арқылы адамдар
қатысым жасайды: бір–бірімен түсініседі, басқа
адамдардың біліміне, іскерлігіне ықпал етеді, оларға
бірнәрсені дәлелдейді, сендіреді. Сондай-ақ айтылып
тұрған хабарға өзінің
көңіл-күйін қатынасын білдіреді. Ауызша сөйлеу
еске, болжауға,
ықыласқа сүйене отырып, күрделі ойлау
үдерістерін қатыстырады. Ол
туралы Н.Оралбаева: «Сөйлеу тілінің ең көп
қолданылатын кезі сөйлеуші мен тыңдаушының тікелей
қарым-қатынасы. Мұндай жағдайда сөйлеущі
тыңдаушының өз сөзін,
ойын қалай қабылдауын көріп отырады. Соған
байланысты ойын түрлендіре алады», - деп есептейді [1].
Сөйлесім – тіл қызметінің ауызша түрінің
бірі, сондықтан, айтылар
ойдың осы түрімен қамтылған барлық
қасиеттері оны ауызша монолог
тілімен жақындастырады. Бірақ бұлардың арасында
айырмашылықтар да бар. Сөйлесім (диалог) мен ауызша монолог (жеке сөз)
екеуінің арасындағы айырмашылық тіл мен айтылар ойдың қалыптасуының бірінші
кезеңі- себеп фазасында байқала бастайды. Диалог тілінде тіл
қатынасының үдерісі
екі не бірнеше адам арасында жүреді. Бір адам сұрақ
қойса, екіншісі жауап береді. Бұл кезекте айтылар ойдың
себебі болып, әңгімелесіп отырған адамның сұрағына жауап беру тілегі
табылады, сондықтан адам өзінің жеке басының
белсенді түрде сөйлеуге деген
арнаулы себебіне тәуелді емес, әрі бұл жерде айтылған ой мен жауапты ой бір үдеріс болып саналады. Сөйлесім ауызша монолог сияқты қарым-қатынаспен сипатталады. Бірақ біршама белсенділеу
болады. Сөйлесімнің туындауы жалпы
төмендегі икемділіктер мен
дағдылар тобымен қамтамасыз етіледі: 1.Сөйлесу
серігінің тілін тез түсіну
икемділігі; 2.Сөйлесу серігінің илікпе сөзіне тез
және әр түрлі кейіпте өз пайымын білдіру
икемділігі; 3.Жауап құрасыру икемділігі; 4.Сұрақ
қою икемдідігі; 5.Әңгіме тақырыбын қолдай білу;
6. Бір тақырыптан екінші тақырыпты тез аңғарып,
оған ыңғайлана
білу, 7.Сөйлесіп
тұрған серігінің эмоциясын, ахуалын сезе білу, оған
сәйкес байланыс жасау.
Сөйлесімді диалогтік бірлік негізінде үйрету үшін
оқушылардың мынадай
икемділіктері мен дағдылары қалыптастырылады: 1.Өз
құрамында айтылған әңгімеге анықтауыш
сұрақтар, қосымшалар, толқтырулар, сондай-ақ
егжей-тегжейлі түрде айтып түсіндіруге өтініш жасай
алатын әр түрлі құрылымдық-семантикалық түрдегі диалогтік бірлікті
құрастыра білу икемділігі; 2. Хабар сұрату және
оған деген тілдік пікір білдіру
түріндегі сөйлесімдік
бірлікті құру икемділіктері
мен дағдылары.
Сонымен қатар біз лингвистикалық әдебиеттерде берілген диалогтің мынадай кезеңдеріне көңіл
аударамыз: тілдік қатысымды бастау, тілдік қатысымды
жалғастыру, тілдік
қатысымды аяқтау және аталған әрбір кезең
өзіне тән дайын сөз
штамптары мен формулалары қолдануды талап етеді. Лингвистердің еңбектерін талдай келе, біз өз тарапымыздан 5-6 сыныпта оқушыларды диалог
сөйлесудің келесі
түрлеріне үйретуді
қарастырдық: мәнбірлі (фактілі) сипатқа ие болатын, екі
жақтан да ақпаратпен қамтамасыз етілетін ақпаратпен
алмасу диалогі; бірлесіп әрекетті жоспарлау диалогі; ой, әсер
алмасу, түрлі көзқарастарда болу (бірдей немесе екі
жақты) диалогі.
Қазіргі кезеңде қазақ тілін үйретуге
компьютерлік бағдарламаларды да
тиімді қолдануға болады.
Әрине, электрондық
оқулық пен оқу
құралдарын түзу –
күрделі жұмыс. Әдістемелік зерттеу еңбектерінде
компьютерді қолданудың тиімділігі анықталуда. Орыстілді мектепте
қазақ тілін оқытуда мультимедиалық бағдарламаны
қолдану оқушылардың тілдік және сөйлесімдік
дағдылары мен біліктерін дұрыс қалыптастырып, дамытуға,
коммуникативтік құзырлылықтарын жетілдіруге септігін
тигізеді. Себебі оқушылардың тілдік ортадағы сөйлесім,
тілдесім әрекеті үшін қажетті тілдік және
коммуникативтік дағдыларын қалыптастыру мультимедиалық бағдарламамен
өзіндік жұмыс барысында тиімді жүзеге асырылады.
Қорыта айтқанда, тіл дамыту жұмысының
нәтижелі болуы оны ұйымдастыруға байланысты. Оны
оқта-текте және оның ауыр-жеңілін есепке алмай,
мақсатсыз, жүйесіз жүргізуге болмайды. Жұмыстың бұл
саласында да жүйелік сақталып, жеңілден ауырға
қарай деген дидактикалық принциптің негізінде оның жай
түрінен біртіндеп күрделендіріледі. Ол әрбір сыныпта
оқытылатын бағдарламалық материалдың көлеміне,
ауыр-жеңілдігіне де байланысты болады.
Әдебиет:
1. Оралбаева Н.,
Жақсылықов К. Орыс тіліндегі мектептерінде қазақ
тілін оқыту әдістемесі. Алматы: Ана тілі, 1996.