Нурсеитова А.А.

А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің оқытушысы, гуманитарлық ғылымдар магистрі

  

Тілек-бата, наным-сенімге байланысты айтылатын   фразеологизмдердің семантикалық өрісі.

.Байтұрсынов, М.Дулатов шығармаларыбойынша)

 

       Көнелікті ең көп сақтаған «жаны сірі» сөздердің небір шоғырлары алдымен мақал-мәтел, фразеологизмдердің құрамында шегенделіп қалған деуге болады.

Халық өзінің өткен дәуірлеріндегі наным-сенім, түйсік-түсінігін, ой-қиялын, тыныс-тіршілігін аз  сөздің аясына сыйдырып, әрі нәрлі, әрі әрлі етіп ерекше өрнектей білген.

     Әрбір ұлттың және халықтың өзіне тән болмыс-бітімі, салт-дәстүрі, материалдық және рухани мұралары, ұлттық ерекшелігі – сол халықтың тарихи даму жолының көрінісі.

      Солардың бірі – тілек-бата,наным, сенім. Мұндай дәстүрлі мәдениет үлгілеріне де байланысты айтылатын фразеологизмдер қатары жеткілікті. Бұған дейін, әсіресе, тілек-бата сөздері фразеологизм аясында қарастырылмаған. Алайда, кейбір элементтері жақсы тілек айту мағынасында қосағыңмен қоса ағар, жұбың жазылмасын, бағың ашылсын т.б. сияқты тілек сөздері қазақ тілінің фразеологиялық сөздігінде кездеседі.

Қазақ тілінде күні бүгінге дейін сақталып келе жатқан тілек-бата сөздеріндегі ерекше сөз қолданыстарының сыры, ол бастан-ақ аяқ шынайы шеберлікпен шыңдалған, ондағы тұрақты тіркестердің бейнелілігі мен мәнерлілігіндедеуге болады. Тілек-бата сөздеріндегі фразеологиялық ерекшеліктер, олардың сөз етуге тұрарлық тақырыптық семантикалық   түрлерінен   бастап,    грамматикалық    жасалу ас    қайыру    баталарындағы    қалыптасқан    қолдануға    даяр тұрған        тұрақтылығы,      мағына        тұтастығы, тіркес тиянақтылығы       дейтін       фразеологизмдерге       қойылатын  талаптарға жауап беретін тіркестерде образдылық та бар.[4,403]     

     Тәңірі берген несібең,                                                                      Тепкілесе кетпесін.                                                                

     Балды болсын бармағың Артсын бедел, салмағың. Тілек, бата сөздерінің лексика-семантикалық құрамында бұрыннан тілдік  қолданыстағы  жүрген фразеологизмдер де кездеседі.

Мысалы үй иесіне арнаған батада:

             Бәле-жаладан, аман сақта,

             Оттан, судан сақта.

             Тілсіз жаудан сақта.

     Күле    кіріп,    күңірене    шыққан    дұшпаннан сақта!

         Сонымен қатар, діни фразеологизмдер     әр  батаның ішінде  жиі  оралады.   Тіпті  тілек-бата сөздерінің   айтылу   ерекшеліктеріндегі   бір   назар   аударатын нәрсе - барлық алғашқы жолдары ұқсас, бірыңғай   діни лексикадан      басталуы.   Тілек-батаның   өзі құдайдан сұрау,  жалбарыну,  тілек ету сияқты ой ниетінен туатындықтан, тұрақты діни тіркестердің орын алуы заңды. Құдай жар болсын! Құдай қуат берсін! т.б. Қазақ  тілінің  діни  лексикасы,   діни  тіркестері  арнайы зерттелмегендіктен,  аталған     терминдер     шартты     түрде алынып отыр.

Мысалдар : «Таңдағы тәңірден» деп біздің қазақ,

                   Жетті ғой түбімізге сол ғафиләт [2, 49]

                   Екі дүние сауабын алмақ үшін,

                   Еліне мешіт, мектеп салып берген [2,27]

                   Бақ қарап, Қыдыр дарып тұрған шақта,

                    Дәулетің құралады оң мен солдан. [3, 97]

Тілек-бата сөздерінің тұрақты қолданыс ыңғайындағы тақырыптық түрлерін, лексика-семантика, синтаксистік құрылымын, фразеологиялық мағыналарын талдау әлі зерттеле түсетін дүние.

        Ал жаугершілік кезінен басын сауғалау, жастығын ала жату, қанын ішу, басын алу т.б. сияқты тұрақты тіркестер хабар береді. «Жастығын ала жату» - есесін жібермей, кегін алды деген мағынаны білдіретін тұрақты тіркес. Мысалы: Батар күнмен батайын, Бекежанды өлтіріп, тым болмаса, құдай-ай жастығымды ала жатайын! [ҚТФС 494].

     Бұл тұрақты тіркестің жасалуына арқау болған образдың түп негізінде ХІІІ ғ. дейінгі кездегі көшпелілер әлеміндегі адамды жерлеу жатыр.

      Ұлттық мінез туралы айтқанда, қазақ халқының мінезіне тән бір ерекшелік – рухани әрі адамгершілік құндылықтарды жоғары бағалау. Мәдениеттанушы С.Темірбеков ондай құндылықтарға ақ көңілділік, адалдық, батырлық, үлкенді құрмет тұту, намыс т.с.с. асыл қасиеттерді жатқызды (4.80). Әрбір адам үшін бұл қасиеттер ерекше жоғары бағаланады. Сондықтан ақ көңілділік – ағынан жарылу, мейрімділік –алақанға салып аялау, адамгершілік борыш – ананың ақ сүтін ақтау, құрмет көрсету, бәйек болу сияқты тұрақты тіркестер  түрінде тілде өз көрінісін табады. Сонымен бірге ұлттық мінезде қазақ қонақжайлылығы да ерекше орын алады. Мысалы, қонақжай адам, қонақ асы, қонақ кәде, қонақ қойдан жуас т.с. сияқты фразеологизмдер осы ұлттық мінез сипатының айғағы.

     Ата-бабаларымыздың тұрмыс-тіршілігінің ажырамас ұлттық белгісі ретінде көрінген әрі кәсіп, әрі өнер деп бағаланған аңшылық пен саятшылық кәсібіне байланысты тілімізде тұрақты тіркестер қалыптасқан. Аңшылыққа байланысты салт-дәстүр аңшыға деген ақ ниеттен басталып: «Қанжығаң майлансын, жолың болсын» деген тілектер айтылады. Осыған байланысты тілімізде қанжығасына байлау, қанжығасы майлану, қанжығасын қандау сияқты оралымдар қалыптасты. Аңшы қанжығасының майлануы аңшының шеберлігіне және аң аулауға қолайлы жағдайларға байланысты. Сондай қолайлы кезеңнің бірі – қан сонар – қар қалың жауып, аңның ізі айқын білінетін кез [ҚТТС 8т 389]. Бұл аңшылар үшін ең сәтті кезең екені сөзсіз.

     Аңшылық пен саятшылық негізінде де тілімізде небір тұрақты тіркестер орын алды. Мысалы, түлкі мінезді, қоян жүрек, арыстандай құтыру, аюдай ақыру, аш күзендей бүгілу, ақ иық болу, түлкі бұлаң, жібек баулы қырандай т.б. сияқты тұрақты тіркестер осының айғағы. Осы орайда «алдау» мағынасын беретін мұзға отырғызу тұрақты тіркесінің қалыптасу уәжін айқындауда аңшылық өнеріне қатысты мынадай дерекке сүйенеміз. Аңшылар қасқырды ұзақ уақыт жүйрік атпен соңынан қалмай қуады. Содан кейін қара терге түсіп, шаршаған қасқырды мұздың үстіне қуып тастап, өздері жан-жақтан қоршай тұрады. Әбден әлі құрып шаршаған қасқыр мұзға отырған бетте сол күйінде қатып қалатын. Сондай-ақ, қыс және ерте көктемде қызыл су жүріп жатқан кезде «мұзға отырғызу» әдісімен кездейсоқ балаң құйрық аңдарды аулайды. Мысалы, Ш.Құдайбердиевтің мына бір өлең жолдарынан «мұзға отырғызу» тіркесін «мұз дәрияға жүздірдің» деп қолданылған оккозионалды қолданысын байқаймыз.

                        Әр тасты бір сүздірдің,

                        Мұз дәрияға жүздірдің,

                        Нұрдан үміт үздірдің. [5, 344]

Көптеген тұрақты тіркестердің  қалыптасуына қандай да бір шындықтың арқау болатынын ескерсек, жоғарыда айтылған «мұзға отырғызу» сияқты тұрақты тіркеске негіз болған түлкі айласының тағы бір қыры «жер соқтыру» тұрақты тіркесінде де байқалады. Түлкі қашуға мұршасы келмей сасқанда, дереу тұра қалады да, бүркітке қарай арсылдап, тісін қайрап ырылдайды. Көктен төніп келе жатқан бүркітке құйрығын көлденең тартып, алдағысы келеді. Мұндайда өзіне сенген бүркіт болмаса, оның шабуылы сәтсіздікке ұшырап, түлкі құтылып кетеді. Осылай өз жауына көрсеткен түлкінің қарсылық айласын құсбегілер «керу» деп атайды. Көреген түлкінің айласынан болған осы сәтсіздікті құсбегілер «жер соғу», «жер соқтыру» деп атайды. Мұндай әдіспен алданып қалу көбіне айласы аз, әлсіз бүркітте немесе табиғи тәрбие көрмеген қолбала бүркітте көбірек кездеседі». Яғни, «Айлалы түлкі алдырмас» дегендей, түлкінің осындай бір айласының негізінде біздің тілімізде аңшылыққа қатысты алдау мағынасын білдіретін тұрақты тіркес пайда болса керек [4,48].

      Салт-дәстүлер әрбір  халықтың тәлім-тәрбие беру ережелері  мен нормаларының жинағы болып табылады және олар жазылмаған заң есебінде жүреді. Сондықтан ескі салт-дәстүрлер жүйесі - көптеген ғасырлар бойындағы тәлім-тәрбие жемісі.

 

Пайдаланылғанған әдебиеттер:

4 Смағұлова К.Н. Мағыналас фразеологизмдердің ұлттық мәдени аспктілері.

    Филол.ғыл.доктор.дисс. –Алматы, 4998. – 205 б.

2 Дулатұлы М. Шығармалары. Алматы 4996.- 250 б.

3 Байтұрсынов А. Б.20 Шығармалары: Өлеңдер, аудармалар, зерттеулер. –                 (Құрастырушылар: Шәріпов Ә., Дәуітов С) Алматы: Жазушы, 4989. – 320 б.

4 Хазимова Ә. Қазақ фразеологизмдерінің ұлттық-мәдени деректері. Филол.ғыл.канд.дисс.автореф., Алматы, 2002 . -30 б.

5  Шәкәрім Құдайбердиев шығармалары (өлендер, дастандар, қара сөздер). Алматы: Жазушы. 4988, 360-бет.