Секция
филология
Мажитаева
Шара, Хамитжанова Гульнара
КарМУ,
Караганды
ЗАТ ЕСІМНІҢ ҚАЛЫПТАСУ ТАРИХЫНАН
Қазіргі
қазақ тілінде тоғыз сөз табы бар (зат есім –
одағай). Сөз табы деп лексика-грамматикалық сипаттары
жалпыға ортақ болып келетін сөздер табын айтамыз.
Қазіргі
қолданылып жүрген бүкіл сөздік
құрамдағы сөздер семантикасы мен
морфологиялық белгілеріне орай
үлкен топқа бөлінетіні белгілі: атауыш, көмекші
және одағай сөздер. Зат есім атауыш сөздерге жатады.
Қазақ
тілі сөзжасамына қатысты жалпы мәселелер шығыс
зерттеушілері Н.М.Ильминский, М.А.Терентьев, Н.М.Мелиоранский сияқты орыс
ғалымдарының еңбектерінде қысқаша сөз
болғанымен, оның ана тілімізде зерттеле басталуы
халқымыздың біртуар даңқты перзенттерінің бірі
А.Байтұрсынов еңбектерінен басталады.
Зерттеушілердің
еңбектерінде келтірілген деректерге қарағанда, зат есім көне
түркі жазба ескерткіштерінде қолданылған.
Орхон-енисей, Талас ескерткіштері
ғылым дүниесіне мәлім болғалы екі жарым ғасырдан
артық уақыт өтті. Осы уақыт арасында олар әр
алуан зерттеу жұмыстарының объектісі болып келеді.
Сондай-ақ, Орхон-енисей, Талас ескерткіштерінің
ғылыми интерпретациясы шыңына жетті, иі қанды, әсіресе
олар қазіргі түркі тілдерінің тарихына байланысты алынып
жан-жақты толық тексерілді деп айта қою қиын [1, 3].
Баспада
жарияланғаны анық 140-тан астам орхон-енисей, талас ескерткіштері
бар. Олар Тувада – 53, Хасакияда – 28, Монғолияда - 30, Орхонда – 8, Алтайда
- 6, Жетісуда - 16-дайы
сақталған. С.Аманжолов орхон-енисей жазуын қазақ
тілінің дулат диалектісіне, Ғ.Мұсабаев талас жазуын
үйсін диалектісіне тән деген пікірлер айтқан. Орхон-енисей
ескерткіштерін зерттеуге Н.И.Веселовский, В.Р. Розен, К.Г.Залеман, Ф.Е. Корш,
Г.Рамстедтпен қатар В.Банг, Г.Вамбери, А.Габэн, Ю.Немет, М.Рясянен,
Х.Н.Оркун тәрізді ірі ғалымдар да қызу араласты. С.Е. Малов Орхон-енисей
және талаc ескерткіштері жайында үлкен еңбек жазуға
материалдар жинап, оларды ғылыми жағынан іріктеп, сұрыптады.
Орхон-енисей
ескерткіштерінің фонетикалық және морфологиялық жазылу
ерекшеліктерін білдіретін графиканы өте қатаң сақтайды.
Жеке сөздердің дұрыс оқылуына, аудармасына
көптеген түзетулер енгізеді. Ескерткіштегі дыбыстардың жазылу
ерекшелігіне жан-жақты түсінік бере отырады. Фонетикалық
және граматикалық құрылысына тоқталады.
1960 жылы В.М.
Насилов Орхон-енисей ескерткіштерінің тілі жайында грамматикалық
очерк жазды. В.М. Насилов бұл еңбегінде Орхон-енисей
ескерткіштерінің текстерін пайдалана отырып, олардың дыбыс
жүйесі, морфологиясы, синтаксисі жайлы да тұңғыш рет
азды көпті мағлұмат береді [1, 10-23].
Жалпы
жұрнақ арқылы зат есім жасау зат есімдерді тудырудың
ең бір өнімді жолы болып табылады. Оны мына төмендегідей
саралап көрсетуге болады: 1. Есімдерден зат есім тудыратын өнімді
жұрнақтар; 2. Есімдерден зат есім тудыратын өнімсіз
жұрнақтар; 3. Етістіктен зат есім тудыратын өнімді және
өнімсіз жұрнақтар. 4. Зат есімнің реңк
мәнін тудыратын жұрнақтар.
Зат есім қалай
қалыптасқан деген мәселеге келсек, зерттеушілердің пікірлерінше, ескі жазбаларда зат есім жасайтын, яғни зат есімге тән
отызға жуық жұрнақтар кездеседі. Бұлардың
қазіргі түркі тілдеріндегі осы типтес қосымшалардан
өздерінің саны жағынан да, сапасы жөнінен де елеулі
ерекшеліктері бар.
Орхон-енисей
жазбаларындағы кейбір жұрнақтар, мысалы, -еч, -меч: ег - еч (тәте), ег - меч (әйел)
тұлғалары қазіргі түркі тілінде тек өлі
жұрнақ ретінде ғана кездеседі. Ал Т.Қордабаев пен
М.Томановтың еңбегінде зат есім жасайтын жұрнақтарды
көп емес деп көрсетеді. Олар: -лық, (-лік, -лұқ,
-лүк); -лығ, -ліг; -чы, -чі; -кучі, -ғучы, -гучі; -стан; -ғұн,
-ғын, -қын, -ғын. -лық,
(-лік, -лұқ, -лүк) жұрнақтары ең жиі
кездесетін өнімді жұрнақтар. Сондықтан да бұл
жұрнақтар этимологиясын және мағыналық
құбылыстары жөнінде тюркологтар көп пікір айтқан. -лығ, -ліг жұрнағы жайында Н.А.Баскаков
бұрынырақта әр жақты
мағынаны білдірген және дерексіз атауды білдіретін аффикс
дегенді айтқан. –лық
жұрнағы арқылы жасалатын туынды зат есімдерді екі топқа
бөлуге болады: бірі негізгі түбір зат есімнен жасалғандар,
екіншісі басқа сөз таптарынан жасалғандар. -чы,
-чі жұрнағы арқылы жасалатын туынды зат есімдер көп
емес. -кучі, -ғучы, -гучі жұрнақтары
өткен ғасырда қолданғанымен қазіргі әдеби
тілімізде кездеспейді. –стан
бұл жұрнақ халықтың елі деген
мағынадағы жұрнақ. -ғұн,
-ғын, -қын, -ғын бұл жұрнақтар
етістіктен зат есім жасайтын жұрнақтар [2, 11].
А. Есенқұловтың көне
түркі тілінде ескерткіштеріндегі жұрнақтардың
көрсеткіші былай берілген:
-ғ,-г, -ығ,
-іг, -уг, -ағ, -ег: алығ
-ғақ, -гек,
-қақ, -кек: йырғақ
-ғақы: йырғақы
-ғут:
бошғут
-гү: беңігү
-гүн:
Бүкегүн
-еч: егеч
-қы: Байырқы
25- тей түрі
бар [1, 233].
Сонымен Орхoн-енисей
ескерткіштерінің зерттелу тарихына үш ғасырға жуық
уақыт өтті. Орхон-енисей, Талас ескерткіштеріндегі
жұрнақтардың кейбірі қазіргі кезде біраз түркі,
қазақ тілінде
сақталған. Сондықтан зат есім салыстырылған түркі тілдерінде
жеке мағыналы сөздер болып есептеледі. Олар затты, табиғат
құбылыстарын, оқиғаларды, өмірдің әр
түрлі көріністерінің қай саласын болса да өз
еншісіне алады [3, 60]. Бұл зат есімнің өрісінің
кең екендігін көрсетеді. Сондай сан алуан заттық
ұғым білдіретін сөздердің көбінің
мағынасы жақын болып келеді. Орхон-енисей, Талас жазбалaрында
сөз тудыратын жұрнақтардың көпшілігі тікелей
негіз түбір сөзге жалғанатындығын көруге болады.
Мысалы: тонлығ, біліг т.б.
Жалпы зат есімдер
жасалуының үш негізгі тәсілі бар: лексикалық,
морфологиялық және синтаксистік. Қазіргі қазақ
тілінде морфологиялық құрылымы жағынан зат есімдер
түбір немесе жұрнақ қатысымен жасалуына байланысыты жалаң, ал құрамында
кемінде екі түбірлі болып келуіне байланысты күрделі зат есімдерге бөлінеді. Жалаң зат
есімдердің өзі тек түбір күйінде қолдануына
байланысты (бала, көл т.б.) түбір зат есімдер,
қайсыбірі түбірге жұрнақ жалғануынан жасалған
зат есімдерді (көлшік, балалық т.б.) туынды зат есімдер деп аталып жүр. Зат есімдердің кемінде
екі түбірден бірігуінен (тасбақа), қосарлануынан
(отын-су, ой-қыр), қысқаруынан (ҚарМу,
ҚарПИ) жасалған зат есімдер күрделі
зат есімдерге жатқызылып жүр. Ал кейбір кезде зат есімдер
тіркес негізінде де келіп күрделі атауды бөлуі мүмкін.
Мұндай зат есім құрама бірде күрделі құрама зат есімдер деп аталады.
Жалпы тіл білімінде құрама зат есімдер турасында пікір таластар
бар.
Қорыта
айтқанда, бұл мақаламызда
қазіргі қазақ тіліндегі зат есімдердің
қалыптасу тарихына қысқаша
тоқталдық. Келешек
жұмыстарымызда зат есімді
орыстілді мектептерде тиімді оқытудың жолдарын
қарастырмақпыз.
Әдебиеттер:
1. Есенқұлов А. Көне түркі жазба ескерткіштеріндегі
қосымшалар. Алматы:
Ғылым, 1976, 240 б.
2. Қордабаев Т., Томанов М. Тарихи грамматика мәселелері. Алматы: Мектеп, 1975, 176 б.
3. Нұрмаханова Ә.Н. Түркі тілдерінің салыстырмалы
грамматикасы. Алматы; Мектеп, 1971, 292
б.