Парадигма туралы жалпы ұғым

Ақкөзов Әбдіжәлел Әбутәліпұлы – филол. ғ.к.. Қазақстан

Қайырбекова Ұлбосын Серікқызы - филол. ғ.к.. Қазақстан

Тілді парадигмалық аспектіден қарастырудың линвистикалық негізі Ф.де Соссюрдің идеясынан бастау алатындығы белгілі.

«Парадигма» термині екі ұғымда жұмсалады. Біріншісі – «синтагма» терминімен байланысты қарастырылып, синтагма арқылы анықталатын түрі.  Аталған парадигма түрінің мүшелері тізбек бойында бір ғана синтаксистік позицияда, бір ғана орында тұрып, бірдей дистрибуцияда (тілдік қоршауда) бірін бірі ауыстыра алады. Бұл парадигма түрі кең мағынада қолданылады, айталық, лексика-семантикалық топ, лексика-грамматикалық қатар, біркелкі сөзформалар және т.б.

Екінші түрінің сыңарлары тізбек бойында бір ғана орында тұрмайды, дистрибуциясы әр түрлі, сондай-ақ бірін бірі алмастыра алмайды. Бұл – жалпыға мәлім парадигманың дәстүрлі түрі. Мұнда парадигманы үлгі, мысал немесе бір сөздің түрлену жүйесі (септелуі, жіктелуі, тәуелденуі) ретінде қарастырады. Барлық лингвистикалық әдебиеттерде – сөздіктер, оқулықтар мен оқу құралдарында парадигманың осы түрі айтылған.

Мысалы, О.С.Ахманованың сөздігінде «Парадигма. 1. Совокупность флективных изменений, служащих образцом формообразования для данной части речи. 2. Совокупность форм слово изменения данной лексической единицы, совокупность словоформ, составляющих данную лексему» деп берілген [Ахманова О.С. Словарь лингвистических терминов. – М.: Советская энциклопедия, 1966. – 607 с.].

Парадигма мен парадигматикаға «Тіл білімі сөздігінде» мынадай анықтама берілген: «Парадигма гректің «мысал, үлгі» деген сөзі. Біріншіден, тілде олардың мүшесінің формалды немесе семантикалық ортақ принципі бойынша бір-біріне қарама-қарсы қойылған белгілі деңгейдегі лингвистикалық единицалардың (топтардың) жиынтығы. Екіншіден, жекелеген семантикалық белгілері және қарама-қарсы грамматикалық мағыналары бірігіп бір лексеманы білдіретін сөз формаларының жүйесі.

Парадигматика. 1. Адам санасында немесе жадында олардың формаларының немесе мазмұнының ортақтығына байланысты немесе бір мезгілде сол екеуінің ұқсастығы негізіндегі әлде бір әсерлер арқылы жинақталған және салыстыру қатынасына байланысты тіл жүйесінің элементтері ретіндегі лингвистикалық бірліктерді зерттеу аспектісі.

2. Лингвистикалық топтардың – парадигмалардың жиынтығын құрайтын тілдік жүйе» [Тіл білімі сөздігі / Ред. басқарған Э.Д. Сүлейменова. – Алматы: Ғылым, 1998. – 544 б., 267 б.].

«Лингвистикалық энциклопедиялық сөздікте» парадигма мен парадигматикаға толық анықтама берілген: «Парадигма (от греч. parádeigma – пример, образец) – 1) в широком смысле – любой класс лингвистических единиц, протовопоставленных друг другу и в то же время объединенных по наличию у них общего признака или вызывающих одинаковые ассоциации, чаще всего совокупность языковых единиц, связанных парадигматическими отношениями; 2) модель и схема организации такого класса или совокупности; 3) в более узком смысле – синоним термина «морфологическая парадигма» (система форм одного слова).

Парадигматика 1) один из двух аспектов системного изучения языка, определяемый выделением и противопоставлением двух типов отношений между элементами и/или единицами языка – парадигматических и синтагматических; раздел науки о языке, занимающийся классификацией, определением области их действия и т.п.; противопоставляется синтагматике по типу изучаемых отношений и их группировок; 2) в более широком смысле – то же, что система языковая, понимаемая как совокупность лингвистических классов – парадигм;  противопоставляется синтагматике как синониму понятия лингвистического процесса и текста»  [Лингвистический энциклопедический словарь / Под ред. В.Н. Ярцева. – М.: Советская энциклопедия, 1990. – 682 с., 366 б.].

  Қазіргі тіл білімінде парадигма ұғымы тілдің барлық деңгейлеріне қатысты зерттеліп отыр. Соның негізінде

- фонемалық,

- акценттік,

- лексикалық,

- сөзжасамдық,

- морфологиялық ,

- синтаксистік парадигмалар қалыптасты.

  Парадигма ұғымы өзінің генетикалық жағынан морфологияға тән және мұны көпшілік ғалымдар мойындайды. Оны сөздіктерде берілген анықтамалар да растайды. Морфологияда парадигма грамматикалық категория ұғымымен байланысты қарастырылады. Кез келген сөз түрлендіруші парадигма белгілі бір грамматикалық категорияны құрайды.

Синтаксистегі парадигматикалық ұғым  да Ф.де Соссюрдің идеясымен сабақтастасып жатады. Синтаксистік бірліктер – сөз тіркесі мен сөйлем синтаксистің негізгі нысандары болғанымен, екеуінің өзіне тән парадигмалық сипаты бар, әрі олардың парадигмасы аталған бірліктердің ерекшелігін көрсетеді. Кейбір ғалымдар синтаксистік парадигмаға сөйлем парадигмасын ғана алуды ұсынады (П.Адамец). Сөз тіркесі парадигмасы морфологиялық парадигманың комбинациясы деген уәж  айтады. Бұл пікірге қосылуға болмайтын сияқты, себебі тіл синтагмалық, парадигмалық және иерархиялық қатынаста тұрады. Сөз тіркесі парадигмасы морфологиялық (сөзформа) және синтаксистік (сөйлем) парадигманың арасындағы иерархиялық бір сатыны құрайды.

Синтаксистік парадигматика сөйлемдерді трансформациялық талдау әдісі негізінде қалыптасқан еді. Оны алғаш ХХ ғасырдың 50-жылдары Н.Хомский қолданды [Хомский Н. Синтаксические структуры // Новое в лингвистике. – М., 1962. – Вып. ІІ. – С. 11-14.].

  П.Адамец сөйлем парадигмасын иерархиялық ұйымдасқан жүйе ретінде көрсетеді. Оған сөйлем ядросы, оның трансформалары, синтагматикадағы мағыналық қырлары, модификациялары, модальдік мағыналары, оның варианттары, морфологиялық категория (шақ, түр (вид), рай, сан) бойынша түрленуін жатқызған [Адамец П. К Вопросу о синтаксической парадигматике // Ğeskoslovenska rusistica. – 1966 .– ХІ . – №2. – С. 76-80., 78-79 бб.].

В.Г.Адмони парадигмаға әртүрлі логика-грамматикалық типтегі сөйлемдер мен сөз тіркестерінің синонимиясын жатқызады. Мысалы, После того как приехал и Приехав,  бұл сөйлемдердегі синонимдік қатынас бірден байқалады [Адмони В.Г. Основы теории грамматики. – М.-Л., 1964. – С. 11-14., 12 б.].

 

 

Пайдаланған әдебиеттер:

1.     Ахманова О.С. Словарь лингвистических терминов. – М.: Советская энциклопедия, 1966. – 607 с.

2.     Тіл білімі сөздігі / Ред. басқарған Э.Д. Сүлейменова. – Алматы: Ғылым, 1998. – 544 б.

3.     Лингвистический энциклопедический словарь / Под ред. В.Н. Ярцева. – М.: Советская энциклопедия, 1990. – 682 с.

4.     Хомский Н. Синтаксические структуры // Новое в лингвистике. – М., 1962. – Вып. ІІ. – С. 11-14.

5.     Адамец П. К Вопросу о синтаксической парадигматике // Ğeskoslovenska rusistica. – 1966 .– ХІ . – №2. – С. 76-80.

6.     Адмони В.Г. Основы теории грамматики. – М.-Л., 1964. – С. 11-14.