Қосымшаларды жіктеу теориясының даму
барысы
Кульбаева М.М.,
А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің
аға оқытушысы , филология
магистрі
Тілдің
жүйелілігі ғалымдар тарапынан
күмәнсіз
мойындалған
ақиқат болып табылады.Сондықтан да тілді зерттеу
барысында ең әуелі
неғұрлым жалпыға
мәлім және сипаты
жағынан қарама –
қарсы элементтер
назарға
алынады.Алайда,сол тілдік құрылымды тереңірек тексерген
сайын меңзеген
жүйеге симайтын немес нысанадағы
жүйені теріске шығаратын да
дерек көздерінің бар екендігі анықталады.Бұл секілді деректердің ұшырасуы
тілдік жүйенің де
қатып қалған
стереотип еместігін, оның да үнемі даму, өзгеру
үстіндегі процесс екендігін көрсетеді.Сол себепті
тілді тек жүйе деп қана
емес, сол жүйені қалыптастырып, ұдайы
қозғалысқа түсіріп , жаңартып отыратын процесс
деп есептейміз. [1.3] Қазақ тілі грамматика
оқулықтарының негізгі міндеті – мектеп оқушылары мен
студент жастарға сол тілде
сөйлейтін қоғам
мүшелерінің ғасырлар бойы бір- бірімен қатынас жасап , пікір алысу нәтижесінде
қалыптасқан ана
тілінің заңды жүйелерін үйрету. Осы міндетті орындау үшін
оқулықта әрбір грамматикалық тақырып туралы берілетін анықтаманы тілдік
материал қуаттайтын болуы және сол анықтамалар логикалық
қисынды , миға қонымды болуы қажет.
Тіл білімінің лексика , фонетика , морфология ,синтаксис
салаларының қайсысы туралы зерттеу
жүргізгенде , олар сөз бен сөздің құрамына
негізделіп, соларды талдау арқылы жүргізілетіндігі
белгілі.Қазақ тілі жөнінде жазылған еңбектерде
оның ішінде қазақ
тілі оқулықтарында да , сөз ,сөздің
морфологиялық құрылысы және сөздердің
лексика мен морфологияға қатысы жөніндегі түсініктер
тілдік материялға сәйкес келе бермейді. Орта мектептке және
жоғары оқу орындарына арналған қазақ тілі
оқулықтарының
бәрінде де қосымшаларды топтастыру принциптерінде және
қосымшалар туралы берілген анықтамаларында көп айырмашылық
жоқ.Тек айырмашылығы орта мектеп оқулығында сөз
түрлендіруші жұрнақ деп атаса , жоғары оқу орында
сол жұрнақтарды форма тудыратын жұрнақтар деп
атаған. Грамматиканы жақсы түсіну үшін ,
грамматикалық терминдердің тұрақты болғаны дұрыс. Өкінішті бір жәйт –
оқулықтарда термин алалығы тек жұрнақтар
жөнінде ған емес
,басқа да грамматикалық тақырыптар әртүрлі терминдермен аталып жүр .
Қазақ тілі оқулықтарында «жалғаулар – сөз
бен сөзді байланыстыратын қосымшалар»деген анықтама берілген
. Осы түсінік тілдік материялы дәл баса алмайды . Мәселен ,
балалар ойнап жүр – бала ойнап жүр. Кітаптар столда жатыр – кітап
столда жатыр . Үйге кісілер келді – үйге кісі келді
сөйлемдерін салыстыру жолымен көптік жалғауының
сөз бен сөз арасы байланыстыру қабілеті жоқ екендігін
анық көруге болады. Көптік жалғау бір ғана сен
сөзіне жалғанғанда ,жалғанган сөзін баяндауыш
мүшемен байланыстырады. Басқа септік , тәуелдік ,жіктік
жалғаулары сөз бен сөзді байланыстырып, синтаксистік
қатынасқа түскенде , олардың сөз арасын
байланыстыру қабілеті жалғанған сөздерінің
сөйлемдегі синтаксистік қызметіне сәйкеседі. Тәуелдік
жалғауы өзінің жалғанған сөзін
алдындағы анықтауыш қызметінде жұмсалатын ілік
септігімен матасу түрінде байланыстырады.(елдің
малы,директордың кабинеті).Ал осы тәуелдік жалғауы
жалғанған сөз бастауыш қызметінде жұмсалса , ол
кезде тәуелдік жалғауы өзі жалғанған сөзді
баяндауыш мүшемен байланыстырмайды (балам келді – бала келді , кешегі
жолдасың киноға кетті – кешегі жолдас киноға кетті).
Қ.Жұбанов қосымшалардың тарихы
және
түбірлердің
құралу тарихы жайында
өзіндік пікір білдірген . Қосымшалар тілге
туа біткен нәрсе
емес ,түбір
сөздердің
бірқатары басқа түбірмен қосақталып
жүре –жүре азып барып ,қосымша болып
кеткен дейді .
Мысалы: оқушы –мын, оқушы
–сың ,оқушы –мыз ,оқушы –сыз дегендегі мын
қосымшасы мен деген
түбірден, сыз қосымшасы сіз деген түбірден асып барып жасалган. Қосымша болғаннан кейін түрі бұдан да гөрі өзгеріп,
танымастай болып кете
береді. Мысалы: мен деген түбірден жасалған мын қосымшасы қысқарып
тек «м» деген бір дыбыс та
болып қалады: жазамын деп
те, жаза –м деп те
айтамыз, осыған
қарағанда ата –м, ана
–м дегендегі м қосымшасы да
мен деген түбірден жасалған
деуге болады .Қосымшалардың бәрінің де
жасалуы осылар тәрізді .Осыларға қарағанда, бір кезде
қосымша деген болмай, тілде өңкей
түбір сөздер ғана
болғандығы
байқалады. Қосымша
қолданбайтын, өңкей
түбір сөз ғана
жұмсайтын тілдер осы
күнде де бар. [2.150]
Түркі тілдеріндегі етістіктердің форма тудырушы қосымшалары
жөнінде Э.В. Севертян : «Есімше, көсемше , қимыл есімі
формаларының қосымшалары сөздің лексикалық
мағынасын өзгертпейді, олар сөйлемде етістікті басқа
сөздермен синтаксистік қатынасқа түсіріп,
етістіктің грамматикалық формаларын тудыратын қосымшалар деп
тану керек. Олар сөз түрлендіру категориясы сияқты.
Өйткені олардың сөз түрлендіру қабілеті мол
және ол формалар жаңа сөзге ұйытқы болып
жұмсалмайды» , -дейді[3.87].
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі
1. И.Тектіғұл Ж.О. Қазақ тіліндегі
түркі негізді есім қосымшалардың
тарихи дамуы. Алматы, Автореф. 2003ж
2. Жұбанов Қ.
Қазақ тілі жөніндегі зерттелулер. Алматы, «Ғылым»,
1966ж
3. Маманов Ы.
Қосымшалардың
топтастырылу принциптері.
Қазақстан мектебі, №8, 87 б.
Қазақ тіл біліміндегі сөз
тіркесінің қолданылу аясы
Кульбаева М.М., А.Байтұрсынов
атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің аға оқытушысы ,
филология магистрі
Грамматикалық құрылыстың
өзінше дербестігі,ерекшеліктері бар топтарын – грамматикалық
единицалар – тұтастықтар дейміз.Солардың басты топтары –
сөз,сөз тіркесі,сөйлем.Бұлардың
әрқайсысы әр алуан бөлшек-бөлімдерден
құралғанмен,бәріне тән,бәріне ортақ
белгілеріне қарап,оларды тұтасқан тұтасып
ұласқан бөлшектер тобы деп танимыз.Мысалы,сөздің
дыбыс құрылысы,лексикалық,грамматикалық
мағыналары болады,сөз тіркесінің құрамына еніп
адамның ойын,сана-сезімін білдірудің бөлшектері қызметін
атқарады.Балықтың өмірі суда
болатынындай,сөздің өмірі сөз тіркесінің,сөйлемнің
құрамында болады.Әлемдегі жан-жануарлардың
күнелту табиғи айналасы болатынындай,сөздің,сөз
тіркесінің де табиғи жұмсалу-айналасы өмір сүру
жағдайы болады.Бұлардың сондай шоғырланған
ұясы да,өмір сүру
қызметі де сөйлем ішінде жұмсалуы болады. Осындай
қарым-қатыныстың нәтижесінде әрбір
грамматикалық единицалар тілдің қарым-қатынынас жасау
қызметіне ортақтасады.Сөз тіркесі дегеніміз – сөз бен
сөйлемнің арақатынасынан шығатын басты синтаксистік
единицаның бірі [1.31-32]. Сөз тіркесінің зерттелу тарихында
отандық тіл білімі саласында әр түрлі,тіпті кереғар
көзқарастар орын алып келді.Бүгінгі таңда да ондай
проблемалар шешімін толық тапты деп айту қиын.Ол пікір
алшақтықтары сөз тіркесін сөйлем құрамында
ғана қарастыру керек пе,демек,сөз тіркесін
сөйлемнің құрылыс материалы деген жөн бе немесе
сөз тіркесі сөйлемнен тыс тұрған құбылыс па
дегенге саяды. Ақырында,сөз тіркесінің өзіндік сипаты, анықтамасы
туралы мәселенің қойылуы да заңды.Манадан бері өзге жолдастардың сөзін тыңдап
отырған Ақбала енді өзі сөйлеуге оңтайланды (Ж.Аймауытов.)
деген сөйлемді алатын болсақ, бірнеше сөз тіркесінен
құралғанын көреміз.Анығырақ
айтқанда,сөйлем ішінен мынадай сөз тіркестерін
ажыратуға болады: манадан бері
тыңдап отырған, сөзін тыңдап отырған , өзге
жолдастардың ,енді оңтайланды,сөйлеуге
оңтайланды,өзі оңтайланды.Санамаланған сөздер
тобының сөз тіркестері
болу себебі - сол құрамдағы
екі немесе үш сөз тіркесу нәтижесінде белгілі бір
синтаксистік қатынас арқылы синтаксистік мағына
береді.Айталық, манадан бері
тыңдап отырған дегенде мезгілдік қатынас, сөзін тыңдап отырған дегенде
тура объектілік қатынас, өзге
жолдастардың дегенде анықтауыштық қатынас т.с.с.
бар.Демек,кемінде толық мағыналы екі сөздің тіркесімі
шағын болса да синтаксистік мағына береді.Осы мысалдың
ыңғайында сөз тіркестерінің сөйлемді
құрауға қажет единицалар екенін және оларды
сөйлем ішінде қарастыруға болатыны дау тудырмаса
керек.Бейпредикативтік қатынастағы конструкциялардың
сөйлемнен тысқары да сөз тіркесі бола беретіні
күмән келтірмейді.Мәселен
өзге жолдастар деген тіркесте біршама аяқталған ойды, яғни сөйлемге тән
белгіні байқаймыз.Ал келтірілген сөйлем ішіндегі тыңдап
отырған мен оңтайланды сөздеріне аяқталған
сөз тіркестерін жеке-жеке бөліп қарастырғанда (манадан
бері тыңдап отырған,сөзін тыңдап отырған,енді
оңтайланды сөйлеуге оңтайланды,өзі
онтайланды),кейбіреулердің бұлардың сөз тіркесіне
жататынына күдіктенуі мүмкін.Әсіресе,өзі оңтайланды тіркесінде бастауыштың
да,баяндауыштың да бар екені көрініп тұр. Қазіргі тіл теориясындағы табан
тіреген тұжырым бойынша сөз тіркестерінің кез келген
түрінің сөйлем құрауға негізі болатынын
ескерсек,яғни сөйлемнің бір бөлшегі ретінде сөз
тіркесі болатынын теріске шығармасақ,өзі оңтайланды конструкциясын берілген жағдайда
сөз тіркесі деп қабылдаған
жөн.Шындығында,дәл осы жағдайда,мысал ретінде
алынған сөйлем тұрғысынан алғанда,өзі
оңтайланды тіркесінде сөйлемге тән белгі толық
сақталмаған:оның предикативтілігі де ,интонациясы да ол
конструкциясын сөздің толық мағынасындағы
сөйлем бола алатыны жоққа шығаруға болмайды.Мәселен,келтірілген
сөйлемді парадигматикалық бірнеше түрлерге ауыстыруға
болар еді:Ақбала манадан бері
өзге жолдастардың сөзін тыңдап отырған.Енді оңтайланды
.Өзі оңтайланды.Сөйлеуге оңтайланды. Осылайша бір жайылма жай
сөйлемді төрт жай сөйлем түріне келтіргенде ілгерідегі
сөз тіркестеріміздің сөйлем болып тұрғанына
күмәнданудың еш реті жоқ.Мұндай жағдайда «оңтайландыға»аяқталған
конструкциялар сөйлемге тән интонацияға,предикативтік
қасиетке ие.Сөйтіп сөз тіркесін сөйлем
құрамында және сөйлем құрамынан алып
қарастырған жөн.Қысқасы,сөйлем ішіндегі кез
келген сөздердің тіркесі синтаксистік сөз тіркесі бола
бермейді;салаластық қатынас арқылы байланысқан
сөздердің тіркесін де (айталық,бірыңғай
мүшелердің байланысты,қос сөздер т.б) синтаксистік
сөз тіркесі деуге негіз жоқ.Сол сияқты,сөйлем
құрамында кездеспесе,өз алдына сөйлем түрінде
құралып тұрған бастауыш пен баяндауыштың
байланысын да синтаксистік сөз тіркесіне жатқызуға
болмайды,мұндайда ол сөйлем болып табылады[2.97-99].
Сонымен,өзара тіркескен сөздердің синтаксистік
тобын сөз тіркесі деп тану үшін,оның мынадай белгілерін
қарау керек: 1)сөз тіркесінің құрамында кемінде
толық мағыналы екі сөз болады;2)ол сөздердің бірі
екіншімен сабақтаса ,мағыналық және синтаксистік
байланыста айтылады. Олар салаласа байланыспайды, тек сабақтаса байланысады; 3) тіркескен сөздер
анықтауыштық, толықтауыштық, пысықтауыштық
қатынаста жұмсалады. [3.34-35]. Синтаксистік
қарым-қатынасты білдіру үшін кемінде толық
мағыналы екі сөздің сабақтаса байланысқан тобын
сөз тіркесі дейміз.
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі
1. Балақаев М. Қазіргі қазақ тілі. Алматы, «Ана тілі»,
1992, 248 б.
2. Серғалиев М., Айғабылов А., Күлкенова О. Қазіргі
қазақ әдеби тілі. Алматы, «Ана тілі», 1991, 216 б.
3. Аманжолов С. Қазақ әдеби тілі синтаксисінің
қысқаша курсы.
Алматы,«Санат», 1994, 320
б.