И.А.Гончаровтың «Жар» романындағы портреттердің аударылуы

Қазақ  әдебиетінің белгілі өкілдерінің бірі, дарынды прозаик, әрі аудармашы Әбен Сатыбалдиевтың шығармашылығы қазақ әдебиетінің төрінен ерекше орын алады десек қателеспейміз. Оның туындылары әңгімелер мен повестерден басталып кең көлемді романдармен, бірнеше аудармалармен жалғасады. Сондай аудармаларының бірі орыс жазушысы И.А.Гончаровтың «Обрыв», яғни, «Жар» романы.

         «Портреттің ең күрделі міндеттерінің бірі — адамның сыртқы келбеті арқылы жеке басының психологиялық жай-күйін, адам жанының ішкі дүниесін ашып көрсету», –  деп Л.И.Кричевская анықтама береді [2,8]. Романда Райский портреті жиі кескінделген. Портреттің де бірнеше түрі бар, психологиялық және статикалық портреттер көп кездеседі. Психологиялық портрет — адам басынан өтетін қилы жағдайлар мен оқиғаларға қарай күрделене түседі, авторлық баяндауға ұласқан. Ал статикалық портрет — кейіпкерлердің фотосуреттік бейнесін сипаттайды, яғни, жартылыстық кескін-келбетін суреттейді. Шығармада осы екі түрі де бар.

         Райский мен Аянов қызметкер әрі жолдас. Романды оқи бастағаннан-ақ кейіпкерлер образы ашыла түседі.

         У Бориса Павловича была живая, чрезвычайно подвижная физиономия. С первого взгляда он казался моложе своих лет: большой белый лоб блистал свежестью... [1,31].

         Аудармада:

         Борис Павловичтің бет әлпеті ширақ және тым құбылмалы. Алғаш қарағанда ол өзінің шын жасынан әлдеқайда жас сияқты болып та көрінеді: кең ақ маңдайы балғын тартқан... [3,3].

         Көркем шығармаларды талдау барысында, аудармашылар аударып отырған мәтінін оқырманның қабылдау, түсіну ерекшеліктеріне сәйкестендіру үшін, аударма теориясындағы түрлі әдіс-тәсілдер қолданған. Атап айтқанда, лексикалық, семантикалық трансформациялар: нақтылау (конкретизация), ұлғайту (генерализация), мағыналық даму (смысловое развитие), қосу (добавления), қалдырып кету (опущения), өзгерту (замена). Осы әдіс-тәсілдерді аудармашы қалай қолданғанын мысалдардан көреміз.

         Аудармашы түпнұсқа стилін, мазмұнын дұрыс жеткізген. Ширақ сөзінің аудармасы — живой, бодрый; проворный, ал құбылмалы — изменчивый; непостоянный (двуличный) болады. Бірінші сөзге дұрыс балама тапса, екіншісі мүлдем дұрыс емес. Ал физиономия — бет, аудармадағы бет әлпеті — выражение лица болады. Алайда бұл сөз аудармада орынды сияқты. Он казался моложе своих лет деген тіркес аудармада ол өзінің шын жасынан әлдеқайда жас сияқты болып та көрінеді деп аударылған, яғни, асты сызылған сөздер дұрыс тәржімаланған да, шын, әлдеқайда сөздері артық, дегенмен, аудармашы сөйлемді нақтылау үшін, конкретизация тәсілін қолданып, аударманың сәнін келтірген. Свежесть сөзін балғын деп алудың өзі аудармашының тәжірибелілігін, шеберлігін көрсетеді.

         Никогда не чувствовал он подобной потребности, да и в других не признавал ее, а глядел на них, на этих других, покойно, равнодушно, с весьма приличным выражением в лице и взглядом, говорившим: «Пусть-де их себе, а я не поеду [1,32].

         Қазақша нұсқасы:

         Мен де сөйтсем екен деген тілекті ол өз бойынан ешқашан да сезіп көрген емес және басқаларда сондай сезім болады дегенге иланған да емес, ал оларға, сол айтқан басқаларға, ол жайбарақат, қызықпай, өте бір сыпайы пішінмен қарайтын және оның көзқарасы: барған жұрт бара берсін, ал мен бармаймын, деп тұрған сияқты болатын [3,5].

         Аударманы түпнұсқамен салыстырғанда, дәлме-дәл, мағынасы сақтаулы екенін көреміз. Түпнұсқадағы белгіленген сөздерге аудармадағы сөздер сәйкес келеді, яғни, тура баламалар алынған десек болады.

         «... а там волнуйся себе человеческий океан, меняйся век, лети в пучину судьба народов, царств, - все пролетит мимо его, пока апоплексический или другой удар не остановит течение его жизни» [1,34].

   Аудармашы Сатыбалдиев осы бір күрделі сөйлемді қалай аударған:

         «...ал онан әрі — мейлі, адамзат мұхиты долдана берсін, ғасырлар көші сырғи берсін, халықтар мен патшалықтардың тағдыры тасқын топанына тоғытыла берсін» [3,6].

         Волнуйся себе человеческий океан адамзат мұхиты долдана берсін;

         меняйся век ғасырлар көші сырғи берсін;

         лети в пучину судьба народов, царств   халықтар мен патшалықтардың тағдыры тасқын топанына тоғытыла берсін.

         Белгіленген сөз тіркестері дұрыс аударылған, дегенмен, аудармашы өз тарапынан век сөзін ғасыр демей, ғасырлар көші деген фразеологиялық тіркеспен көркемдеп аударған. Ал жай етістіктерді күрделі әрі ауыспалы етістіктермен ажарлата түскен.

         Жазушы Софьяның әкесі Николай Пахотинге мынадай портреттік суреттеме берген:

         Николай Васильевич Пахотин был очень красивый сановитый старик, с мягкими, почтенными сединами. По виду его примешь за какого-нибудь Пальмерстона.

         У него был живой, игривый ум, наблюдательность и некогда смелые порывы в характере. Но шестнадцати лет он поступил в гвардию, выучась отлично говорить, писать и петь по-французски и почти незная русской грамоты [1,39-40].

         Аудармасы:

         Николай Васильевич Пахотин өте бір сымбатты, салиқалы кісі еді, шашына ептеп қана, жарасымды басып ақ кіре бастаған. Түріне қарағанда, оны қайдағы бір Пальмерстон екен дейсің.

         Ол бір кезде ойы сергек, ақжарқын, аңғарымпаз адам еді, мінезінің кейде батыл арыны да болатын. Бірақ он алты жасында, орысша сауаты жоққа жақын болса да, ол французша сөйлеуді, жазуды, өлең айтуды әбден жақсы үйреніп алып, гвардияға түсті [3,13-14].

         Екінші азат жолдағы сөйлем ауыстыру (замена) тәсілі арқылы құрылған. Ауыстыру трансформацияның кең таралған және түрлі жолдармен қолданылатын тәсілі. Ауыстыру тек сөздерді ғана емес, біртұтас сөйлемге қолданылуы мүмкін. Мұндағы У него был живой, игривый ум, наблюдательность сөйлемі Ол бір кезде ойы сергек, ақжарқын, аңғарымпаз адам еді деп аударылған, Оның сергек, ақжарқын ойы, аңғарымпаздығы бар еді деп аударса да болады, бірақ аудармашы ауыстыру тәсілін алған, аударманы ұтымды жасаған, алайда бір кезде деген үстеу сөз түпнұсқада жоқ. Портрет жасалғанда, бейнелеу тәсілдері көп қолданылады. Демек, аудармашы түпнұсқадағы эпитет сөздерді дәл тауып, дұрыс аударған.

         Түпнұсқа:

         Надежда Васильевна и Анна Васильевна Пахотины, хотя были скупы и не ставили собственно личность своего братца в грош, но дорожили именем, которое он носил, репутацией и важностью дома, преданиями...

         Они были две высокие, седые, чинные старушки, ходившие дома в тяжелых шелковых темных платьях, больших чепцах, на руках со многими перстнями.

         Надежда Васильевна страдала тиком и носила под чепцом бархатную шапочку, на плечах бархатную, подбитую горностаем кацавейку, а Анна Васильевна сырцовые букли и большую шаль [1,41].

         Аударма:

         Надежда Васильевна мен Анна Васильевна Пахотиналар сараң болғанымен, өз інілерінің қарабасын тиынға да санамағанымен, оның алып жүрген атағын, беделін, үйінің абыройын, дәрібін ардақтаушы еді.

         Апаларының екеуі де ұзын бойлы, ақ шашты, сындарлы кемпірлер еді, үйде шұбатылған, қоңыр жібек көйлек, үлкен чепец киіп жүретін қолдары толған жүзік болатын.

         Надежда Васильевнаның жыпылық ауруы бар-ды, сондықтан ол чепецтің астынан барқыт тақия киетін де, иығына жиегі ақ тышқанның терісімен көмкерілген барқыт кеудешесін бос салып жүретін, ал Анна Васильевнаның жасанды тұлымдары, үлкен шәлісі болушы еді [3,15].

         Сатыбалдиев тілі ұшқыр да шебер, ол қабылдаушыға тікелей әрі нақты етіп жеткізеді. Оқуға оңай, тілге жеңіл, көз алдымызға түпнұсқадағы Надежда мен Анна елестейді. Тяжелое шелковое темное платье күрделі сөзін шұбатылған, қоңыр жібек көйлек деп тәржімелеген. Қателігі, тяжелый сөзі ауыр деп аударылса, қоңыр сөзі түпнұсқада мүлдем жоқ, ал темный сөзі қою деген мағынада және одан кейін белгілі бір түс жазылады. Дегенмен, шұбатылған сөзі аудармада әсерлі қолданған. Горностай — ақкіс, яғни, тышқанның бір түрі, ал аудармашы жалпы атауын алған. Бархатная шапочка сөзін барқыт тақия деген араб тіліндегі кірме сөзбен алмастырған, аудармашы қазақ оқырманға жақын, жатық болу үшін алса керек. Ал чепец сөзіне беттің соңғы жағынан «әйелдердің үйде киетін тақия тәрізді бас киімі» деген түсіндірме беріп өтеді.

         Гончаров сонымен қатар, үйге және оның ішіндегі қызметкерлерге портрет тік мінездеме берген:

         Түпнұсқа:

         Дом у них был старый, длинный в два этажа, с гербом на фронтоне, с толстыми, массивными стенами, с глубокими окошками и длинными простенками.

         В доме тянулась бесконечная анфилада обитых штофом комнат; темные тяжелые резные шкафы, с старым фарфором и серебром, как саркофаги, стояли по стенам с тяжелыми же диванами и стульями рококо, богатыми, но жесткими, без комфорта. Швейцар походил на Нептуна; лакеи пожилые и молчаливые, женщины в темных платьях и чепцах [1,42].

         Аударма:

         Олардың үйі ұзынша келген қос этажды ескі үй еді, маңдайында гербі бар, қабырғалары қалың да мығым, терезелері шұңғыл, ал терезелердің аралықтары кең-кең болып келген.

         Үйдің ішінде қабырғаларына бедерлі қалың мата қапталған бөлмелердің таусылмас тізбегі бар; баяғының шынылары мен күмістері салынған оюлы, зілдей, қоңыр шкафтар, саркофагтарға ұқсап, қабырғаларды тұтас алып тұр, олармен жалғаса ауыр да қымбат бағалы, бірақ комфортсыз қатты, рококо стилімен жасалған дивандар мен орындықтары тұр. Швейцары Нептунға ұқсайды; малайлары кілең қоңыр көйлек пен чепец киген үнсіз, кексе әйелдер [3,17].

         Аудармада айтарлықтай кемшілік жоқ, автордың в два этажа және герб сөздерінің қазақша баламасын бермеген себебі, ол кезде бұл сөздер солай аталаған, бүгінгі күнгідей (қос қабатты, елтаңба) аудармасы жоқ етін. Ары қарай талдайтын болсақ, «длинными», «резные» сөздерінің дұрыс баламасы берілмеген деп ойлаймын, өйткені, длинный сөзі ұзын, ал резной — ойып жасалған деген мағынаны береді. Аудармашының «стиліменэ» деген сөзі түпнұсқада кездеспесе де, аудармаға көркемділік беріп тұр. Сонымен бірге, аудармашы ерекшелігі — түсініксіз әрі өзге тілдің саркофаг, комфорт сөздеріне анықтама беріп кетуі. Саркофаг — тас табыт, комфорт — жайлы әсем жабдықталған, швейцар — есік қызметшісі.

         Ә.Сатыбалдиев өзінің аударма теориясына қатысты еңбектерінде аудармашыға қойылатын талаптарды атап көрсетеді. Аудармашыға қойылатын ең бірінші талап: ол екі тілді де барынша жақсы білуге тиіс, ойы терең, ақындық жазушылық дарынның иесі болуы керек. Көркем аударма ұстанымына келгенде, түпнұсқаның сөйлемдерін мүмкін болғанша бұзбай, сөзіне сөз баламасын келтіріп аудару жайдан-жай туған нәрсе емес. Бұл дүниежүзілік көркем аударманың тәжірибесі мен теориясына сүйене отырып қойылған талап. Романның аудармасын қарап отырсақ, Гончаровтың суреткерлік деңгейінің толық берілгеніне көз жеткізуге әбден болады. Бұл, әрине, Әбен Сатыбалдиевтің шебер аудармашы екендігін көрсетеді.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1.     Гончаров И. Обрыв. М., 1950.

2.      Кричевская. Л.И.  Портрет героя. – Москва: Аспект-пресс, 1994.

3. Гончаров И. Жар. Алматы: ҚМКӘБ, 1958.

.