з.ғ.к., доцент
А.І.Дәркенбаев
Қазақ
инновациялық гуманитарлық-заң университеті
«Заңтану» мамандығы, 2 курс магистранты
Үкібаева Қарлығаш
Банк аясындағы қылмыстарды тергеу мәселелері
Қазақстан
Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев
«Қазақстан-2030» атты халыққа Жолдауында үшінші
ұзақ мерзімді басымдық ретінде «шетел инвестицияларының
деңгейі жоғары, дамыған нарықтық
экономикаға негізделген экономикалық өсуді» көрсетеді.
Бұл басымдықты жүзеге асыру үшін «инфляцияны
қолайлы деңгейге түсіре отырып,
стратегиялық күшті ілгерілуге бағыттау» белгіленген.
«Бұл орайда, таяудағы жылдарда біз назарымызды экономиканың
нақты секторына, оны сауықтыруға, фискальды және
монетарлық қатаң шектеулер жағдайындағы өсу мен күшті әлеуметтік
саясатқа аударамыз» деп айтылған [1].
Осыған орай,
Қазақстан Республикасы банк жүйесінің
нормативтік-құқықтық базасын
құрайтын банктік заңнама мәселелері, банктік құқықтық
реттеу тәсілдері, елдегі дивидендтік саясат мән-жайлары, банктік
құқықтық қатынас субъектілерінің
экономикалық-қаржылық мүдделері, Қазақстан
Республикасындағы банктердің қаржылық ұйымдар
ретінде қаржылық нарықты дамыту ісіне қосатын
үлестері, банктік құқықтық
қатынастардың экономикалық және заңнамалық
негіздерін олардың қатысушыларының
құқықтары мен заңды мүдделерін есепке ала отырып жетілдіру жолдары бүгінде
Қазақстан Республикасы қаржы-несие жүйесін
экономикалық тиімді ұйымдастыру және оның
құқықтық негіздерін өркениетті капитализм
стандарттарына сай дамыту тұрғысынан аса өзекті көрініс
тауып отыр деп санаймыз.
Экономикалық қылмыстардың ерекше «ядросы» банктiк
қылмыстар болыпта былады. Себебi қаржы саласы нарықтық
экономиканың иiнi. Соңғы жылдары жалпы мемлекеттiк
дәрежеде экономикалық әсiресе банк қызметi
саласындағы жұмыстар мен күрес жалпы
қылмыстылықпен күресудiң негiзгi бағыты болып
табылады.
Банктi
кқызметтегi қылмыстардың қоғамға
қауiптiлiгiн тек экономикалық шығындармен ғана
өлшеуге болмайды. Оның әлеуметтiк – псхологиялық
және рухани зардаптары бар түрлi әлеуметтiк топ иелерi
өз араларында негiзсiз бөлiнуiне және топ иелерi
өзараларында негiзсiз бөлiнуiне және тәуелдiгiне алып
келуде. Банктiк қызмет саласында түрлi қылмыстық (криминалды) бiрлестiктердiң арасында
заңсыз баюға байланысты кектi соғыс болуды. Бұл
әрекеттер адамдардың өмiрi, денсаулығы,
бастандығына қарсы, отбасы мүшелелерi мен туыстарына
қарсы қылмыстарға
жалғасуда[2; 93б.].
Халықаралық
қаржы нарықтарының құбылмалылығы және
әлемдік экономиканың дамуының жіті перспективаларының
болмауы көбінесе халықаралық рейтингтік агенттіктердің
елдің рейтингін төмендетуіне себеп болды. Халықаралық
нарықтардағы қорға бөлудің неғұрлым
қатаң шарттары қазақстандық банктер үшін
сыртқы қаржыландыруды тарту мүмкіндігін қиындатып
жіберді. Осының салдарынан 2008 жылы жалпы ішкі өнімнің
нақты өсімі 5-7 %-ды құрайды деп күтілуде.
Үкімет
Ұлттық Банкпен және Қаржы нарығы мен қаржы
ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігімен
(ҚҚА) бірлесіп, мемлекеттік органдар мен банк секторының сыртқы
факторлардың келеңсіз әсерін жоюға
бағытталған іс-қимыл жоспарын дайындады. Сондай-ақ
қазақстандық экономиканың бәсекеге
қабілеттілігін күшейтуге және құрылымдық
реформалар жүргізуге бағытталған шаралар әзірленді.
ҚҚА мен
Ұлттық Банктің негізгі міндеті елдің
қаржылық жүйесінің тұрақтылығын
қамтамасыз ету және сыртқы нарықтардағы
жағдайға байланысты туындайтын жүйелік тәуекелдерді
басқару болып табылады. Ақша-кредит саясатына қатысты
Ұлттық Банк 2008 жылы инфляцияны 10%-дан аспайтын деңгейде
ұстап тұру үшін шаралар қабылдайтын болады.
Банк жүйесінің жай-күйі
Қазақстанның экономикалық тұрақтылығы
үшін өте маңызды. Ұлттық Банк әр
түрлі әдістермен қысқа мерзімді өтімділік беру
жолымен банк жүйесіне қолдау көрсетуді жалғастыратын
болады (РЕПО операциялары, валюталық СВОП-тар мен ең төменгі
резервтік талап кепілдігімен қаражат беру). ҚҚА мен
Ұлттық Банк екінші деңгейдегі банктердің акционерлерін
қоса алғанда, транспаренттілік пен нарыққа
қатысушылардың барлықтарының арасында
тәуекелдерді адал бөлу қағидаттарын қатаң
ұстанатын болады.
ҚҚА мен
Ұлттық Банк банктердің акциялардың және (немесе)
айырбасталатын облигациялардың қосымша эмиссиясы және
активтерді секъюритезациялау сияқты баламалы қаржыландыру
көздерін тарту жөніндегі бастамасын қолдайтын болады. Мұндай
іс-қимылдар міндетті түрде банктердің қаржылық
ахуалын жақсартуға әкеледі. ҚКА мен Ұлттық
Банк банктерге осындай құралдарды әзірлеуде және
енгізуде қолдау көрсететін болады, бұл перспективада
олардың халықаралық борыштық нарықтарға
тәуелділігін едәуір азайтады.
Экономикалық қызмет
саласындағы қылмыстар туралы істерді қарау кезінде
қылмыстық заңнаманы дұрыс қолдану жеке және
заңды тұлғалардың, мемлекеттің
құқықтары мен заңды мүдделерін
қорғауға жәрдемдесетініне соттардың назары
аударылсын.
Елдегі экономика
саласындағы қылмыстарды болдырмау мақсатында төмендегі
мәселелер қолдана отырып, шешілуі тиіс:
Жалған
ақшалар мен бағалы қағаздарды сату оларды тауарлар мен
қызметтер үшін төлем төлеу құралы ретінде
пайдалану, сондай-ақ ақша ұсату, сыйға тарту, берешекті
қайтару, қарызға беру, сату, оларды өзгедей түрде
азаматтық айналымға қосу түрінде байқалуы
мүмкін.
Егер көрінеу
жалған ақшалар мен бағалы қағаздарды сату
бөтеннің мүлкін заңсыз иелену кезінде алдау
құралы ретінде пайдаланылса, онда мұндай әрекеттерді
ҚР
ҚК-нің 177 және 206-баптарының жиынтығы
бойынша саралаған дұрыс.
Бөтеннің мүлкін
заңсыз иемдену кезінде айналымға салуға тыйым
салынбаған кәдесыйларды, медальондарды, открыткаларды,
көркемдік, фотосурет кескіндемелерін, полиграфиялық және
ҚР ҚК-нің 206-бабында көрсетілген ақша
белгілері мен бағалы қағаздар түрінде орындалған
өзге де бұйымдарды алдау құралы ретінде пайдалануды
алаяқтық деп бағалаған жөн[3].
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің
жалған банкноттары мен мәнеттерін, мемлекеттік бағалы
қағаздарды немесе Қазақстан Республикасының
валютасын не шетел валютасын немесе шетел валютасымен бағаланған
бағалы қағаздарды жасау немесе сату мақсатымен
сақтау, сондай-ақ сату, егер кінәлі адамның кірісі осы
көрсетілген әрекеттердің нәтижесінде ҚР ҚК-нің 189-бабына жасалған
ескертпеде көрсетілген тәртіппен айқындалатын ірі соманы
құраса немесе құрауы мүмкін болса, ірі
мөлшерде жасалған әрекет деп танылады.
Экономикалық қызмет саласында
қылмыс жасаудың нәтижесінде пайда болған кірістің
немесе залалдың мөлшерін анықтау үшін қажет
болған жағдайларда сот-бухгалтерлік және өзге де
сараптама тағайындаған жөн. Олардың
қорытындыларына басқа дәлелдемелермен бірге баға беру
қажет.
Алдау фактісі осындай алдауды анықтап, олардың жолын кесуге
бағытталған бақылау-тексеру әрекеттерінің
барысында анықталған жағдайларда да тұтынушыларды
алдаған адамдар қылмыстық жауапқа тартылады.
Сауда (қызмет) саласында кәсіпкерлер
ретінде тіркелмеген не халыққа қызмет көрсететін сауда
немесе өзге де кәсіпорындарда жұмыс істемей жүріп
тұтынушыларды алдаған адамдар
ҚК-нің 223-бабында көзделген қылмыс
субъектілері болып табылмайды.
Осы аталған
адамдардың тұтынушыларды алдауын алаяқтық деп саралау
қажет.
Тұрғындарға қызмет көрсету саласының
қызметкерлері өзінің қызметтік міндеттерінің
аумағына кіретін жұмыстарды орындағаны немесе
қызметтерді көрсеткені үшін заңсыз сыйақы
алған жағдайда ҚР
ҚК-нің 224-бабы бойынша қылмыстық
жауапқа тартылады. Осы орайда қызметкердің өзінің
қызметтік міндеттерін тұрақты, уақытша немесе арнайы
берілген өкілеттік бойынша, жұмыс уақытында немесе
жұмыстан тыс кезде атқарғаны маңызды деп есептелмейді.
Соттар сыйақы алып орындалған жұмыстың немесе
көрсетілген қызметтің қызмет аясына кіретінін не
кірмейтінін әрбір жағдайда анықтап алулары қажет.
Тұрғындарға қызмет көрсету саласы
қызметкерінің жұмыстың белгіленген тәртіппен
немесе белгілі бір мерзімде орындалуына немесе қызметтің
көрсетілуіне кедергі жасамауы не оған жүктелген
қызметтік міндеттерді орындаудан және т.б. негізсіз бас тартпауы
үшін азаматтарды осындай сыйақы төлеуге мәжбүр
ететін жағдайларға әдейі жеткізуін сыйақы алу
мақсатында жасалған бопсалау әрекеті деп түсіну
қажет.
Экономикалық қызмет саласында қылмыс жасаған
адамға жаза тағайындау кезінде сот ҚР
ҚК-нің 41-бабының үшінші бөлігіне
сәйкес белгілі бір лауазымда жұмыс істеу немесе белгілі бір
қызметпен айналысу құқығынан бас тарту
түрінде қосымша жаза қолдану туралы мәселені осындай
жаза ҚК-нің Ерекше бөлімінде көрсетілмеген
жағдайларда да талқылағаны жөн. Үкімде сотталғанға
ҚР ҚК-нің 41-бабының үшінші
бөлігіне сәйкес нақтылы қандай лауазымда істеуге немесе
қызмет түрін атқаруға және қандай мерзімде
атқаруға тыйым салынғаны туралы нақтылы көрсету
қажет.
ҚР
ҚК-нің 7-тарауында көзделген экономикалық
қызмет саласындағы қылмыстарды жасаудың
нәтижесінде баю мақсатында қылмыстық жолмен
алынған кіріс кінәлі адамнан өндіріліп, мемлекет кірісіне
алынуы қажет.
Кінәлі адам ақы
сотталғанның қызметтік міндетіне кірмейтін жұмыс немесе
қызметтер үшін төленді деп қате
ұғынған жағдайларда сыйақы ретінде алған
ақша мен өзге де мүлік иелеріне қайтарылуға
жатады.
Осылайша,
мемлекеттік органдар экономикалық тәуекелдерді
басқаруға теңгерімді тәсіл қағидаты бойынша
әрекет ететін болады. Бұл орнықты экономикалық
өсуді және жеке секторды мемлекеттің ресурстарынан
қорға шексіз бөлуді болдырмауға мүмкіндік береді.
Құзырлы
органдардың қылмыстық істерді анықтау, ашу және
тергеу жұмыстарының ойдағыдай жүргізуіне әсер
етер қылмыстық – процессуалдың, криминалистік ғылым
саласының методикалық жетістіктерін
пайдаланудың маңызы
өте зор. Өйткені осы ғылымдар зертеулерінде жеке
қылмыстық істерді анықтап, ашудың, тергеу
жүргізудің мақсаттары мен кезеңдері, іс –
әрекеттері нақтыланған, жоғары нәтижеге
жетудің нақты жолдары келтірілген.
Алайда соңғы жылдары банкттен несие алу саласындағы
қылмысты анықтау проблемасының өзіндік
ерекшеліктеріне қылмыстық –
процессуалдық, криминалистикалық әдебиеттер жете
көңіл аудармай кетті. Дегенмен бұл істер туралы
ғалымдардың екі түрлі көзқарастары бар екені жалпыға
мәлім.
Біріншілері – қылмыстық істі анықтау, оны ашу
арқылы қылмысты құрықтау іске асады десе,
екіншілері – қылмысты ашу, қылмыспен күресудің тек
алғашқы кезені ғана, өйткені қылмысты тергеу
кезеңінде, сот отырыстарының үстіндегі талқылауда ашылған
өзге қылмыстық істер үнсіз жабылып қалады деседі.
Криминалистика ғылымының әдіс – тәсілдері де
өзге ғылым салалары сияқты зерделеуге тиісті объектінің
өзіндік ерекшеліктеріне байланысты ғылыми қорытынды жасайтыны
сөзсіз.
Жедел – іздестіру шаралары
– қылмысты ашудың бірден бір тәсілі болып
табылады.Әдебиеттерде бұл тәсілдің ашық
және құпия тәсілдері туралы сөз етілген.
Жағдайға байланысты бұл тәсілдің қай –
қайсысы қолданылмасын қаржы полициясына қылмысты
ашуға өте қолайлы жағдай тудырады. Әлбетте
банктердің несие беру жүйесіндегі қылмыстық іс туралы
алғашқы ақпарат жедел – іздестіру арқылы және
арнаулы каналдардың берген мәліметтер арқылы алынады.
Құқық қорғау органдары
экономикалық қылмыстың жолын кесуде криминалистика
ғылымының жетістіктерін толық пайдаланады. Тек белгіленген
мүддеге, қойылған
мақсатқа, объектінің ерекшеліктеріне байланысты оны
пайдаланудың шарттары әртүрлі болады. Құқық
бұзушылықты анықтауда криминалистика ғылымының
негізгі әдіс – тәсілдерін қолданумен қоса өзге
ғылымдардың да әдіс – тәсілдеріне сүйенетін
кездері жиі болатынын білеміз. Мұндай тәсілдерге әсіресе
экономикалық зерттеу, аудит,
жедел – іздестіру, өткізу, қаржы – шаруашылық іс –
әрекеттерінің қолданыстағы
құқықтық негізге сәйкестігін тексеру
сияқты тәсілдерді жатқызуға болады. Кеңес
өкіметі тарапынан 80-ші жылдар экономикалық қылмыспен
күресу мақсатында өз іс – тәжірибесінде
қолданылған экономикалықда қылмыс, ұрлық
жасау, оны жасырудың көздерін ашу жолдарын анықтайтын
экономикалық, экономикалық – зерделеу, экономикалық –
математикалық зерделеу тәсілдерін пайдалану күні
бүгінге дейін қолданыстан алынған жоқ.
Біз төменде
кұқық қорғау органдарымен олардың
тергеушілерінің банктерден несие алу жүйесінде жасалған
қылмыстық істерді ашуда, қылмыстық іс
қозғауда,тергеу жүргізуде жоғарыда айтылған
әдіс – тәсілдерді нарықтық жағдайға сай
қалай қолданылып жүргені туралы соз етпекпіз. Алайда аталмыш
тәсілдердің қай – қайсысын болмасын
қолданудың өзіндік ерекшеліктері бар.
Жеке криминалистер,
әсіресе О.Н.Колесниченко қайта тексеруге жеткізбей-ақ
қылмыстық іс қозғауды жөн санайды. Өйткені
қайта тексеру қажет жағдайда қылмыстық істі
жүргізу процесінде шешіледі дейді. Біз осы тұжырымды толықтай
қолдаймыз[4, 28б.].
Тексеру
өткізудің тактикалық және әдістемелік
ерекшеліктері қылмыстық істердің түрлі
ерекшеліктерін,жекелей алғанда тексеру өткізудің
уақытына байланысты,қаржы полициасынан, қаржы нарығын
қадағалау және реттеу агенттігінен,есеп палатасынан, жедел –
іздестіру шарасын откізу тобынан, жеке
азаматтардың өтінішінен т.б. мәлімет көздерінен
түскен материалдардың толықтығын,мүдделі
тұлғалардың тарапынан қарсы әрекет жасау
нәтижесінде туындаған даулы әрекеттердің, тағы
басқа да ахуалдардың нәтижелері ескеріле отырып
айқындалады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1.
Назарбаев Н. Қазақстан – 2030: Барлық
Қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі,
қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы: Ел
Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы. –
Қазақстан – 2030. - Алматы: Білім, 1997.
2.
Белкин
А.Р. Криминалистические классификации. – М.: Мегатрон ХХІ, 2000.
3.
Қазақстан Республикасының
Қылмыстық кодексі. – Алматы: «Юрист», 2012.
4.
Колесниченко
А.Н. Общие положения методики расследования отдельных видовпреступлений: текст лекций.
– Харьков: Изд. Харьковского юрид. ин-та, 1976.
Резюме
В
данной статье рассматривается
расследование банковских преступлений. На сегодняшний день это проблема
глобальна не только для криминалистов, но и всего государства. Статья имет
значение при проведении расследования
преступлений в этой сфере.
Resume:
In given article is considered investigation bank crime. For present-day
day this problem global not only for criminalist, but also the whole state.The
main idea of Article is important when we use the undertaking investigation
crimes in this sphere.