Право /1.История государства и права.
Оқытушы,
құқық магистрі Омар Б.М., Абилқайыров А.Т., ЗҚТ-011
тобының студенті Айдарбеков А
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық
қазақ-түрік университеті. Қазақстан
Жаһандану
кезеңіндегі Қазақстанның құқық жүйесі
және оны реформалаудағы әлемдік тәжірибелер
Демократиялық қоғам құру, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету мәселесі төңірегінде бүкіл әлемде, Еуропада өткен ғасырдың ортасынан бастап түрлі іс-әрекеттер қолға алына бастаған. Осы уақытта барлық құқықтық мемлекеттер өздерінің құқықтық жүйелерін осыған сәйкестендіріп, «қалай өркендетеміз?» деген тақырыпты жиі талқылағаны белгілі. Соның нәтижесінде бір топ мемлекеттер англо-саксондық құқықтық жүйеге сәйкес келетін тәртіпті енгізді. Ал, Германия, Франция бастаған мемлекеттер болса континентальды жүйені негізге алып, бұл күнде сол тұрғыдағы өздерінің сот жүйесіндегі әрекеттерін дамытып келе жатыр [1, 1]
Заңға ғана бағынатын қоғам алға жылжиды. Бұл
жерде: «Екi жақты тыңдап алмай, үкiм шығарма» деген
Солон принципi ескерiлген. Сот жүйесiнде адам баласының
ой-санасынан өткен төрелiк ету мәселесiн өзгерту
өте қиын. Әйтсе де iс-тәжiрибе ретiнде
АҚШ-тың, Францияның, Англияның, Ресейдiң
Алқа билерiнiң сот iсiне қатысуы зерделенiп, өндiрiске
алынғаны дұрыс шешiм болды. Демократиялық
қауымдастықта кең ауқымды сот жүйесiн одан
әрi дамыту елiмiздiң бүгiнгi таңдағы басты мақсаттарының
бiрi болып табылады. Бүгiнгi
саясаттың ертеңгi күндi болжап отыру арқылы ғана
өмiр сүре алатындығы сияқты, болашақтың
жаһандық құқықтық моделiн аңдып
отыру арқылы ғана бiз онымен бәсекеге түсе аламыз. Демек,
ең алдымен жаһандық айналымға iлеспекшi жаңа
тұрпатты құқықтық реформамыздың
алысты көздейтiн стратегиялық бағыт-бағдарын
әрбiр азамат бiрден сезiнетiндей, олардың iс-әрекеттерiне
қарап, өзгерiстер дәуiрi ортасындағы өз
мәселесiн шешудiң жолын таба алатындай тәрбие қажет.
Бұл үшiн соттың жұмысын ұйымдастыру мен
судьялардың iс жүргiзу барысындағы кейбiр мәселелердi
түбегейлi шешу керек. Қазақстанның
сот жүйесі халықаралық
құқықтық стандарттарға қарай
қадам басуда ТМД елдері бойынша алдыңғы қатарда келеді. Оны сот жүйелерiнiң
жұмысынан және сот мәселесiне қатысты шетелдерде
өтiп жатқан ғылыми конференциялардан байқауға
болады. Қазақстанның сот жүйесi ТМД елдерi iшiнде
бiрiншi болып әлемдiк қауымдастықтың сот жүйесiне
дипломатиялық контексте iз салып, көшбасшылық мәнге ие
болды. Оны Қазақстанның сот жүйесiне берiлген
баға мен елiмiзге келiп жатқан шетелдердiң сот билiгi
өкiлдерiнiң тәжiрибе алмасудағы iс-қимылынан
көруге болады.
Елiмiзде мамандандырылған соттардың құрылуы айтарлықтай iлгерiлеушiлiк болып табылады. Алматы қаласында Ұлыбритания үлгiсiндегi қаржылық соттың құрылуы аймақ елдерi iшiнде жаңа бастама болды. Қоғамның дағдарыссыз қалыпты дамуын қамтамасыз ететiн, демократиялық принциптердiң бұрмалануына жол бермейтiн тұрақты әрекет ететiн саяси және құқықтық механизмдер қажеттiгiн өмiрдiң өзi ұсынуда. Бұл үдерiс адам мен мемлекеттiң бiр-бiрiмен қарым-қатынасындағы өзара мiндеттерден туындап отыр. Сондықтан құрылып отырған бұл институт қоғамдық өмiрдiң iзгiлiктi бастауларын нығайтуға шақыратын, мемлекеттiң абыройын, мақсат-мұратын қорғайтын маңызды құрал болмақ. Сот реформасын жетiлдiрудегi ерекше айқындалған мәселе жас жеткiншектермен жеке айналысатын ювеналдық сот жүйесi болып отыр. Бұл болашақ ұрпақ үшiн аса маңызды болмақ. Елiмiздiң сот жүйесi осы бағытты дамытып, өзге елдердi үнқатысуға шақыруда. Жалпы, мұндай iзгiлiктi шаралар құқық қорғау органдарының барлық саласында жүргiзiлу сұралуда. Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың маңыздылығы ескерiле отырып, өлiм жазасы сот өндiрiсiнен алынып тасталды. Бұрын өлiм жазасына мораторий жарияласақ, ендi ол шектелдi. Мұның өзi бiздiң қоғамның құқықтық мемлекет құрудағы тағы бiр үлкен қадамы болмақ [2, 1].
Қазiргі таңда Қазақстанда
дербес сот билiгi құрылды деп айтуға толық негiз бар. Судьялардың қоғам қажеттiлiгiне сай
сот төрелiгiн
жүргiзу жауапкершiлiгi, кәсiби деңгейi мен қызмет этикасы нормаларын сақтауы бағытында
iс-шаралар атқарылып келедi. Әйтсе де
сот реформасының ең негiзгi қағидаттары ретiнде сот жүйесi тиiмдi қызмет жасайтын және судьялардың нақты тәуелсiздiгiн
қамтамасыз ететiн халықаралық жалпыға бiрдей танылған тәжiрибелердiң алынуы сұралып тұр. Бұл қағидаттар Конституцияда айқындалған. Сот шешiмдерiнiң әдiлдiгiне
қарап, қоғам оған баға бередi. Соттарға көрсетiлген құрмет, бiрiншi кезекте мемлекетке көрсетiлген құрмет. Ал оларға құрмет көрсетiлуi үшiн, соттардың тәуелсiздiгi алдыңғы кезекте тұруы тиiс. Елiмiз судьяларының материалдық жағдайын жақсарту жөнiнде Жоғарғы Сот Кеңесiнде
мәселе қаралуының өзi көптеген факторлардың шешiмiн
табуына жол ашты. Тәуелсiздiктiң алғашқы жылдары саяси жүйе мен праволық механизм, халықты тұтастыру туралы мәселе көтере алмады. Бұл билiк буындарында белгiлi бiр вакуумға әкелiп соқтырды.
Ол саясат: «Егер заң шығарушы және атқарушы билiк бiрiгiп
кетсе, онда бостандық болмайды. Сол сияқты сот билiгi атқарушы және заң шығарушы тармақтан ажыратылмаса бостандық болуы мүмкiн емес» деген мемлекетшiл
Шарль Монтескьенiң философиясын қоғам өмiрiне
батыл енгiзуге алып келдi. Өткеннен бiр мысал. Ресейде XIX ғасырдың екiншi жартысында Александр II-нiң тұсында сот
реформасы, земство реформасы, әскери реформасы, қала реформасы, басыбайлықтан босату реформалары жүргiзiлдi. Солардың
iшiнде ең маңыздысы сот реформасы болды. Ең алғашқы мемлекет ретiнде сот
реформасында присяжный заседательдер соты енгiзiлдi, еркiн адвокатура, ашық сот жарияланды. Сол заманда патша
ағзамның өзi де сот iсiне араласа алмады. Қазақ
ұлтшылдары, Алаш қайраткерлерi присяжныйлар сотының
Қазақстанға керектiгiн дәлелдедi. Қазақ
тарихында, жалпы қазақ дәстүрiнде сот билiгiнiң
пригативасы биiк болды. Тiптi бiр кездерi қазақ хандарын билер
тағайындайтын. Абылай ханды да таққа отырғызған
билер едi. Демек, реформа тез жүрсiн десек, оған жеке
тұлғалардың емес, заңдар мен жүйелердi
жетiлдiруiмiз қажет болды. Ең алдымен, сот жүйесiнiң
механизмi ақиқатқа тiкелей жеткiзуге тиiс еді.
Қазіргі таңда
Қазақстанның құқық жүйесін
реформалау барысында құқық қорғау саласын
жетiлдiруге аса мән берiлуде. Бұл маңызды салаға
алқа билер институтының енгiзiлуi сот реформасындағы ең
iрi қадам болған едi. Қылмыстық сот
өндiрiсiне
алқа билердiң қатыстырылуы заңмен бекiтiлдi. Бұл қадам қарапайым халықтың сот
билiгiне деген сенiмiн
нығайта түсуiмен ерекшелендi. Халық өз құқығын тек заң арқылы қорғай алатынына көзi жетiп, сотқа бұрынғыдан да
көбiрек жүгiне
бастады. Елiмiзде
азаматтардың сотқа сенiммен қарауын, соттардың
ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз ету үшiн
соттарды мамандандыру, сот практикасына озық үлгiдегi
ақпараттық технологияларды енгiзу бағытында
тұрақты жұмыстар жүргiзiуде. Мұның
өзi Елбасымыздың азаматтардың
құқықтары мен бостандықтарының
Конституцияға сәйкес iске асуы, халықтың
әлеуметтiк жағдайын жақсарту, ел бiрлiгiн сақтау
саясатымен үндеседi. Бұл жолда сот жүйесiне маңызды
мiндеттер жүктелдi.
1998 жылы
сот жүйесіне алқа билерді енгізуде Ұлыбритания, Канада,
Испания мемлекеттеріндегі ағылшын-саксондық үлгіні енгізуді
ұсынып, бұл жүйенің біздегі ғасырлар бойы
өмір сүрген билер сотының құрылымына жақын
келетінін алға тартса, келесі бір бөлігі қылмыстық
істерді қарауда 1 судья мен 12 халық заседателі
қатыстырылатын
ағылшын-саксондық жүйені тым қымбатқа
түсетіндігін сынай отырып, істі судьяларға сеніп тапсыру
қажеттілігін көрсетті. Міне, осындай талқылаулардан кейін,
2006 жылдың 16 қаңтарында Қазақстан
Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Алқа билер туралы»
Заңын бекіткен болатын. Аталмыш Заң 2007 жылдың 1
қаңтарынан бастап күшіне енді. Бізде алқабилердің
континентальді үлгісі алынған. Тоғыз алқа би мен екі
кәсіби судья аса ауыр қылмыстық істерді қарап
үкім шығарады. Негізінен Алқа билер кәсіби маман емес,
сондықтан да олардың қалыптасып және жоғары
деңгейде жұмыс жасауы үшін құрамындағы
қабылдау механизмін жетілдіру қажет [3, 1].
Адам
құқықтарын қорғаудағы ең
негiзгi күш ретiнде «Адам құқықтарының
жалпыға бiрдей декларациясы және Қазақстан 2005 жылы
бекiткен Азаматтық және саяси құқықтар
жөнiндегi, сондай-ақ Экономикалық және
мәдени-әлеуметтiк құқықтар жөнiндегi
халықаралық пактiлер саналады. Ал
Еуропадағы аймақтық денгейдегi ең маңызды
құжат — адам құқықтары мен бостандығы
туралы Еуропалық конвенция болып табылады. ЕҚЫҰ-ға
қатысушы мемлекеттер өздерiнiң соттарына
халықаралық және ұлттық
бақылаушылардың еркiн қатысуына мiндеттеме
қабылдаған. Осыған байланысты Еуропадағы
қауiпсiздiк және ынтымақтастық ұйымының
адам құқығы және демократиялық институттар
жөнiндегi бюросы Қазақстанда сот талқылауы бойынша
мониторинг жобасын жүзеге асырды. Бақылаушылардың
жүргiзген мониторинг нәтижесi сот талқылауындағы
әдiлдiктi халықаралық құқық
нормасының принциптерiмен сәйкес келетiнiн көрсеттi. Елiмiз
бiрнеше халықаралық актiлерге қатысушы болып табылады.
Олардың нормалары кеңiнен қолдау табуда.
Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Мемлекеттi басқару академиясының Сот төрелiгi институты сот жүйесiне кәсiби мемлекеттiк қызметшiлер дайындайтын ТМД мемлекеттерi арасындағы бiрден-бiр оқу орны. Жалпы, бiз құқықтық реформа саласын жан-жақты жүргiзiп, оны аймақтағы өзге елдерге үйретiп келе жатқан мемлекетпiз. Әлем сарапшылары елiмiзде жүргiзiлген жұмыстарға әдiл бағасын бердi. Бұл бiздiң өткен жылдары қол жеткiзген табыстарымыз. Уақыт өте келе қолданыстағы заңнамаларға өзгерiстер енгiзу қажеттiгi туындады. Әрбiр құқық қорғау органдарының қызметi басқа ұйымның жұмысымен араласпай, оның қайталанбайтын бағыты анықталуы тиiс болды. Бүгінгі таңда жүргізіліп жатқан құқықтық реформаның басты мақсаты да – осы. Оның өзегi ретiнде құқық қорғау жүйесiн iзгiлендiру көзделiп отыр [2, 1] .
Қазақстан
Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің 2012
жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан
мемлекеттің жаңа саяси бағыты атты халыққа Жолдауында, -
«Құқықтық
саясаттың маңызды мәселесі азаматтардың Конституция
кепілдік беретін сот арқылы қорғалу құқын
жүзеге асыруы болып табылады. Бұл үшін сот төрелігін
жүзеге асыру процесін оңайлату, оны басы артық
бюрократиялық рәсімдерден арылту керек. Жаңа
ақпараттық технологияларды белсенді енгізген жағдайда
мұны істеу қиын емес. Сонымен бір мезгілде соттардың
жұмысын жеңілдету мақсатында дауларды соттардан тыс реттеу
институттарын дамытуды жалғастырған жөн. Болмашы
мәселелер бойынша дауларды шешу соттардан тыс тәртіппен
жүргізілетіндей тетіктер қарастыру қажет. Сот билігінің
беделі орындалмаған сот шешімдерінен төмендейді. Осыған
байланысты, бұл жағдайды түбегейлі өзгерту
жөніндегі шаралар қабылдануға тиіс», деген болатын [4,
1].
Құқықтық мемлекет қоғам өмiрiнiң iзгiлiктi бастауларын нығайтуға шақыратын, бiрден-бiр жоғары әлеуметтiк құндылық болуымен қатар, адамның бостандығын, ар-намысын, абыройын қамтамасыз ететiн және қорғайтын маңызды құрал болмақ. Осыған байланысты сот реформасын жүзеге асырудың және конституциялық заңдылықты және елде құқықтық тәртiптiң күштi қорғаушысы болатын сот жүйесiн қалыптастырудың маңыздылығы артып отыр. Осыған орай Елбасы құқық қорғау саласында ауқымды реформаларды жүзеге асыру бағытында «Қазақстан Республикасында құқық қорғау қызметi мен сот жүйесiнiң тиiмдiлiгiн арттыру жөнiндегi шаралар туралы» Заңға қол қойды.
Осы уақытқа дейiнгi құқық қорғау органдарының құрылымы, функциялары мен құзыреттi бүгiнгi қоғамның нарықтық қатынастарына сай келмейтiнi көрiнiс бердi. Бағалаудың бүгiнгi критерийлерi мәселелердi шешуге қабiлетсiздiк танытты. Президент Әкiмшiлiгiне түсiп жатқан наразылық бiлдiрген хаттардың басым күшi құқық қорғау органдары мен соттардың қызметiне қатысты болған. Түрме адамды ешуақытта тәрбиелеген емес. Бұл жердегi тәрбие екi жақты бiтiмгершiлiкке шақыруда жатыр. Батыс елдерiндегi заңдылық бойынша тоналған мал-мүлiктi қайтарып беру, тараптарды түсiнiстiкке шақыруға басымдық берiлуде. Қоғамға аса қауiп төндiрмейтiн қылмыстарды бейқылмыстандыруға бағытталған бастамалар да iзгiлiктiң үлкен бастауы болмақ. Құқық қорғау саласын реформалау дегенде, ең бастысы азаматтарға қатысты қылмыстық заңнаманы iзгiлендiру ғана емес, қылмыстық жауапкершiлiктi әкiмшiлiк жауапкершiлiкке өткiзудi де көздейдi. Түрмедегiлердiң санын азайту мақсатында бас бостандығынан айыруға байланысты емес жазалардың баламалы түрлерiн, сондай-ақ медиация институтын дамыту арқылы бiтiмге келу процедураларын қолдану аясын заң жүзiнде жүзеге асыру iсi де қоғам өмiрiн сауықтыруға септiгiн тигiзетiн шара. Сондықтан бұл iстi де тиiмдi жолға қою қажеттiгi сұралып тұр. Демек, сотқа дейiнгi iс жүргiзудi одан әрi оңайлатуға, оның жеделдiгiн, оның iшiнде тергеумен ынтымақтастықтағы айыпталушыларға қатысты ынталандыру нормаларын енгiзу арқылы, арттыруға, қылмыстық сот iсiн жүргiзуде бiтiмгершiлiк рәсiмдердi кеңейтуге, қылмыстық жазасын өтеген адамдарды әлеуметтiк бейiмдеу мен оңалтуды ұйымдастыру және жүзеге асыру жөнiндегi функцияларды жергiлiктi атқарушы органдардың қарамағына беруге, тергеу кезiндегi ұзаққа созбалауды қысқартуға, азаматтардың өмiрiн жеңiлдету мақсатында қылмыстық iстер бойынша өндiрiстi оңтайландыруға қатысты шараларды қолға алу осы жолдағы көп кедергiлердi жоймақ. Жалпы, қылмыстық процестер шеңберiнде «кiнәсiн мойындағаны туралы келiсiм» институтын енгiзу адамды тәрбиелеуде игi ықпалын тигiзетiнi анық. Соттың iзгi мақсатта жұмыс iстейтiн бұл үлгiсi қазiр әлемнiң көптеген елдерiнде бар. Көршiмiз Ресейде «бейбiтшiлiк соты» институты жұмыс iстеуде. Ол татуластырушылықты көздейдi. Бұл – бiздiң ұлттық тәрбиемiзде бар дәстүр. Сондықтан ұлттық құндылықтарымызда бар болмысымызды өз өмiрiмiзде қолданысқа айналдырсақ ұтылмасымыз анық [2, 1] .
Қазіргі жаһандану кезеңінде Қазақстанның сот жүйесі халықаралық құқықтық мемлекеттердің стандартына сай даму үстінде. Сол себептен, осы уақытқа дейінгі қол жеткен нәтижелерге қарамастан сот жүйесін одан әрі заман талабына сай реформалап отыру қажет, - деп ойлаймын.
Қазақстан Республикасындағы үшінші билік - сот
билігінің мемлекетіміздің құқықтық
мемлекет ретінде қалыптасуы үшін маңызы өте зор. Тәуелсіз
мемлекеттің тұтастығын қорғап, ішкі және
сыртқы саясатының пәрменділігін арттыруда, оның
мызғымас заңы және осы заңды қорғайтын
әділ сотының болуы басты мәселе болып табылады.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ