Право / 9.Гражданское  право.

Оқытушы, құқық магистрі Омар Б.М., Омарова И.М., ЗҚТ-011 тобының студенті Айдарбеков А

Қ.А.Ясауи  атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті. Қазақстан    

Болон процесі және оның Қазақстан Республикасының жоғары білім беру жүйесіне енгізілуі

 

Еуропа мемлекеттерінің білім беру жүйесін ортақтастыру мен үйлестіру ісі 1970 жылдардан бастау алады. Осы жылдары Еуропа Одағы Министрлер кеңесі Білім саласы бойынша бірінші ынтымақтастық бағдарламасы туралы қарар қабылдаған болатын. Араға біршама уақыт салып, әлем университеттерінің ұлы хартияларының бірі ретінде 1998 жылы 25 мамырда Францияның Сарбона қаласында Сорбон декларациясы қабылданған болатын. Содан кейін, 1999 жылы 19 маусымда Италияның Болонья қаласында ортақ мақсатқа жетуді көздеп, Еуропаның 29 мемлекеті қол қойған «Болон процесі» жөніндегі декларация қабылданды.

Болон декларациясы - Еуропа елдерінің ортақ білім жүйесін құруды мақсат етіп, Италияның Болонья қаласында еуропалық елдердің білім министрлерінің қолы қойылған, жоғары білім саласындағы халықаралық ынтымақтастық бойынша қабылданған декларациясын айтамыз. Бұл құжат, Италяның Балонья қаласында қабылдануына байланысты, «Болон процесі» деген атауға ие болды. Болон процесі қазіргі таңда 40-тан астам мемлекеттің басын біріктіріп отыр. Соңғы он жыл ішінде еуропалық жоғары білімнің радикалды реформаларының дамуына ықпал етті: жоғары білім дәрежелерінің жүйесін жеңіл түсіну кіріспесі: бакалавр немесе ұқсас дәреже – жоғары білімнің бірінші деңгейі үшін; магистр немесе ұқсас дәреже – жоғары білімнің екінші деңгейі үшін; ECTS жүйесі негізінде, академиялық кредиттердің бірдей жүйелерін қатысушы-елдерге енгізу; жоғарғы оқу орындарының оқытушыларының және студенттердің академиялық жинақтылығын кең көлемде іске асыру; жоғарғы оқу орнының және жоғары білімнің және т.б.сапасын қамсыздандырудың ұлттық жүйелерін құру.

Болон декларациясының мақсаты болып: Еуропада жоғары білім кеңістігін құру, азаматтардың жинақтылығын және олардың жұмысқа тұру мүмкіндігін еуропалық еңбек нарқында кеңейту, халықаралық бәсекелестікті және еуропалық жоғары білімінің баулулығын көтеру болып табылады [1, 1]

Балон процесі 2010 жылдан бері мынадай негізгі мақсаттарға қол жеткізуді көздеуде:

● жоғары білімнің Еуропа аймақтық ортақ кеңістігін қалыптастыру. Бұл азаматтардың осы елдер арасында ешбір кедергісіз жұмысқа орналасуына мүмкіндік береді;

● Еуропаның интеллектуалдық, мәдени, әлеуметтік және ғылыми-техникалық әлеуетін қалыптастыру және нығайту; әлемде еуропалық жоғары мектептің беделін арттыру;

● еуропалық жоғары оқу орындарының басқа білім беру жүйелерімен салыстырғанда, бәсекеге қабілеттілігін күшейту; ұлттық жоғары білім беру жүйесінің сәйкестігіне, жоғары білімнің сапасына қол жеткізу;

● университеттердің еуропалық мәдени құндылықтарды дамытудағы орталық ролін күшейту, бұл ретте университеттер еуропалық сананың ордасы, әрі жалғастырушысы ретінде қаралады.

Басқа елдер Болон процесіне ерікті түрде қатыса алады. Декларацияға қол қою арқылы олар өздері орындауы тиіс міндеттемелер алады. Бұл міндеттемелердің бірқатары мынадай мерзімдермен шектелген:

● 2005 жылдан бастап. Болон процесіне қатысушы елдердің жоғары оқу орнын бітіруші барлық түлектеріне бакалавр және магистр дипломдарына бірдей үлгідегі тегін еуропалық қосымша беру;

● 2010 жылға дейін Болон процесінің негізгі талаптарына сәйкес, ұлттық білім беру жүйесін реформалау.

Енді Болон процесінің негізгі өлшемдеріне келейік. Олар мыналарды қамтиды:

● Жоғары білімнің үш деңгейлі жүйесі;

● ECTS академиялық несиелері;

● ЖОО студенттерінің, оқытушылары мен басқарушыларының академиялық икемділігі (ортақ білім кеңістігі бойынша еркін жүріп-тұруы);

● дипломға еуропалық қосымша беру;

● жоғары білім сапасын қадағалау;

● біртұтас еуропалық зерттеу кеңістігін құру.

Болон процесінің ұсынбалы өлшемдеріне мыналар жатады:

● ортақ еуропалық бағалау;

● студенттердің белсенді түрде қатысуы;

● тұрмысы нашар студенттерге әлеуметтік қолдау көрсету;

● өмір бойы білім беру.

Болон процесінің факультативтік өлшемдеріне төмендегілер жатады:

● білім мазмұнын дайындық бағыттары бойынша үйлестіру;

● студенттердің өз таңдаулары бойынша іріктеліп алынған курстар арқылы оқыту;

● модульдік жүйе;

● қашықтан оқыту, электрондық курстар;

● студенттер мен оқытушылардың академиялық рейтингтері. Міне, Болон процесінің негізгі өлшемдері осылар. Сонымен бірге, бұл процесс жоғары оқу орындарының автономдылығын қуаттайды. Сонымен Болон процесінің негізгі мақсаты ортақ білім кеңістігін құру арқылы, Еуропа елдерінің ұлттық білім беру жүйесіне өз серіктес жоғары оқу орындарында қолданылып жүрген ең үздік тәжірибелерді, озық ғылыми жаңалықтарды, дарынды студенттер мен білікті мамандарды тарту. Бұл студенттердің, оқытушылардың, басқарушы қызметкерлердің осы кеңістік аясында еркін жүріп-тұруына мүмкіндік беру арқылы іске асырылады. Соның нәтижесінде біртұтас Еуропа әлемдік «білім нарығында» тартымдылыққа, басымдыққа ие болады.

Қазіргі таңда Болон декларациясы еуропалық жоғары білімнің халықаралық бәсекелестігін жоғарылатуда мына төмендегідей мақсаттарға қол қол жеткізуді қарастыруда:

- жоғары білім дәрежелерінің жеңіл түсіну жүйесін енгізу: бакалавр немесе ұқсас дәреже – жоғары білімнің бірінші деңгейі үшін; магистр немесе ұқсас дәреже – жоғары білімнің екінші деңгейі үшін;

-  ECTS жүйесінің негізінде, қатысушы-елдер үшін біріңғай академиялық кредиттер жүйесін енгізу;

-  жоғарғы оқу орындарының оқытушылары мен студенттерінің академиялық жинақтылылығын кең көлемде іске асыру;

-  жоғары білімнің және т.б. сапасын қамсыздандыруда, жоғарғы оқу орындарының және ұлттық жүйелерін құру [2, 1]

Қазақстанда Болон процесіне қосылу мәселесі 2003 жылдан басталды. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Ж. Қүлекеевтің 2003 жылғы 8 қазандағы № 661 бұйрығымен Болон процесінің аспектілерін оқып-үйрену жөніндегі жұмыс тобы құрылған болатын. Бұл жұмыс тобына Қазақстандық кәсіптік жоғары білім жүйесінің еуропалық білім кеңістігіне енуін қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, Еуропа кеңесінің, ЮНЕСКО-ның жұмыс топтарымен, өзге де құрылымдарымен және басқа ұйымдармен байланыстарды қамтамасыз ету жүктелді. Жұмыс тобының құрамына Білім және ғылым министрлігінің жауапты қызметкерлері, Қазақстанның іргелі жоғары оқу орындарының ректорлары кірді. Жұмыс тобының атқарған іс-шараларының нәтижесінде Қазақстан Болон процесіне кіру туралы декларацияға қол қойды. Бұл Қазақстанның бұдан былайғы жерде әлемдегі білім беру кеңістігінен оқшауланбай, Болон процесіне қатысушылардың қабылдайтын шешімдеріне өз ықпалын жасауға мүмкіндік алатынын білдіреді.

Қазақстанның бұл процеске қатысуы қандай қажеттіліктен туды деген мәселеге келсек, мынадай жәйттерді атаған орынды:

Біріншіден, Қазақстанның білім жүйесі Ресейлік білім жүйесінің бір бөлшегі ретінде қалыптасқан.

Екіншіден, Қазақстанның Еуропалық Одақпен қарым-қатынасы жақсы. Сыртқы экономикалық байланыстары да дұрыс жолға қойылған. Бұл байланыстардың негізінен жоғары білімді адамдар арқылы жүретіні мәлім. Сондықтан да,аталмыш жүйенің сырын жақсы білетін мамандардың қарым-қатынас жасауы жеңіл болады.

Үшіншіден, жаһандану кезеңінде оқшаулану қиын, әрі бұл қажет те емес. Оның әсері тимей қоймайды. Осы себепт аталған процеске қатысып, оның қабылданатын ортақ шешімдеріне белгілі бір дәрежеде ықпал ету тетіктерін ойластырған орынды.

Төртіншіден, Еуропа елдерінің ғылыми-техника саласында, білім беру жүйесінде көптеген артықшылықтарға ие екендігі талас тудырмайтын ақиқат. Бұндай озық тәжірибеден үйренудің қажеттігі мен тиімділігі қарсылық туғызбайды деп ойлаймыз. Сонымен бірге, Қазақстанның бұрыннан қалыптасқан ғылыми зерттеулер жүргізу, оқыту бойынша озық дағдыларын, ғылыми және педагогикалық мектептерін, қалыптасқан дәстүрлерін Болон принциптерімен үйлестіре отырып жүргізуге болатынын атап айтқан жөн [1, 1]

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрімен бекітілген 2011 жылға арналған кредиттік оқу технологиясын жетілдіру жоспарында Болон үдерісін іске асыру аясында жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттерінің академиялық ұтқырлығын дамытуға үлкен рөл жүктелген [3, 1]

Қазіргі  таңда Қазақстан Республикасының жоғары білім беру жүйесі Болон процесіне өтуіне байланысты Болон процесінің стандарттары зерттеліп, Жоғары оқу орындарның білім беру жүйесіне қарқынды енгізіліп, бірқатар өзгерістер орын алуда.

Қазіргі кезде Болон процесінің барлық аспектілері Қазақстан Республикасының жоғарғы оқу орындарында мүмкіндігінше ісжүзіне асырылуда. Әрине, нарықтық заманмен бірге жастардың, қоғамның алға қойған мақсат-мұраты өзгергенін есепке алсақ, бұл процестің бізге тиімді жерлері өте көп деп, айтуға болады.

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев отандық білім беру жүйесін бәсекеге бейімдеп құру жөніндегі нақты тапсырма беріп, ұлттың өресі білім нәрімен сусындағанда ғана өсетінін, білім сапасын халықаралақ дәрежеге көтеру мен әлемдік білім  тайталасында дамыған мемлекеттермен деңгейлес болу мәселесін батырып айтқан болатын.

Қазақстан жоғары білімнің стратегиялық міндеттері ұлттық білім беру жүйесіндегі жетістіктерді сақтай отырып, оны әлемдік білім беру үрдісінің ең озық үлгілеріне сәйкестендіруге негізделеді.

Қазіргі таңда тәуелсіз мемлекетіміздің білім беру жүйесі мынадай екі түрлі маңызды процесті жүзеге асыруға бағытталған:

-         ұлттық білім беруді жаңа арнаға салу;

-         әлемдік білім кеңістігімен ықпалдасу.

Қазір білім берудің жаңа моделін құрудың, сынақтан өткізу мен енгізудің ауқымды міндеттері тұр, оның жүйесінің негізгі принциптері  «Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында көрсетілген [4, 1].  

Қазіргі таңда ғылым мен білім сапасын арттыру үшін жастарды жан-жақты болуға дағдыландыру қажет. Мысалы, бос уақыттарын басқа тілдерді үйренуге жұмсауы керек. Бұл процестің жастарды, оқытушыларды басқа елдерге жіберу, білім тәжірибе алмастыру аспектісі өте дұрыс ойластырылған деп есептеймін. Сонда ғана әлемде болып жатқан өзгерістерге шынайы баға беріп, жастарымыз шетелде үйренген тәжірибелерін өз мемлекетімізге қолдана отырып, Қазақстанның білім беру жүйесіне салмақты сараптама жасап, дамытуға зор мүмкіндік болар еді. Біз болашақ жастарымызды ғаламдық білім-ғылыммен қаруландырып, ең алдымен білім сапасына көңіл бөлгеніміз жөн.

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

Болон декларациясы.

2.      Білім мен білік ұштасса Болон процесі және Қазақстанның жоғары білім беру жүйесі Алтынай Жүсіпова, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің доценті, филология ғылымдарының кандидаты. kazgazeta.kz/?p=2934

3.      Тәуелсіз жиырма жыл ішінде Қазақстандағы білім беру жүйесі ... www.inform.kz/rus/article/2425482

4.      Қазақстандағы білім беру саласының жағдайы және ... - G-global. www.group.global.org/storage_manage/download_file/1310