Право / 9.Гражданское право.
Оқытушы,
құқық магистрі Омар Б.М., Омарова И.М., ЗҚТ-011 тобының студенті Айдарбеков А
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық
қазақ-түрік университеті. Қазақстан
Жаңа
кезеңдегі Қазақстан Республикасының жоғары білім
беру жүйесінің дамуы
ХХІ ғасыр-жаһандық жаналықтар
ғасыры ғана емес, білім-ғылымның дәуірлеу
ғасыры. Себебі, ол қазіргі кезде мемлекеттің
тұрақты дамуы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуде,
сондай-ақ әлемдік нарықтағы халықтың
өмір сүру сапасы мен деңгейін көтеруде айрықша
маңызды рөлге ие.
Тәуелсіз жиырма жыл ішінде
Қазақстандағы жоғары білім беру жүйесінің
мазмұны да, бағыты да, маңызы да өзгеріп, жаңа
сипатқа ие болды. Егемен ел атанған Қазақстанның
жоғары білім беру жүйесі осы жиырма жыл ішінде реформалаудың
бірнеше кезеңдерінен өтті [1, 1]
Қазіргі таңда Егеменді еліміз білім беру мен білім сапасын
көтеру жұмыстарын жақсартуға ерекше мән берілуде.
Білім берудің жаңа моделі жасалынып, білім жүйесінде жаңа
бағыттар қаплыптаса бастады. Сонымен қатар, білім сапасына
қатаң талаптар қойылып, оқу үрдісін
ұйымдастырудың жаңa формалары мен әдістері,
оқытудың жаңа технологиялары кең көлемде қолданысқа
ие болуда.
Қазақстан
жоғары білімнің стратегиялық міндеттері ұлттық
білім беру жүйесіндегі жетістіктерді сақтай отырып, оны
әлемдік білім беру үрдісінің ең озық
үлгілеріне сәйкестендіруге негізделеді.
Қазіргі
таңда тәуелсіз мемлекетіміздің білім беру жүйесі
мынадай екі түрлі маңызды процесті жүзеге асыруға
бағытталған:
-
ұлттық білім беруді жаңа арнаға
салу;
-
әлемдік білім кеңістігімен ықпалдасу.
Қазір білім
берудің жаңа моделін құрудың, сынақтан
өткізу мен енгізудің ауқымды міндеттері тұр, оның
жүйесінің негізгі принциптері
«Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі
білім беруді дамыту тұжырымдамасында көрсетілген.
Қазақстан
2030 жылға дейінгі Даму стратегиясы білім беру жүйесінің
алдына білім беру кеңістігіне интеграциялау мақсатын
қойған болатын. Бұл мақсатқа қол жеткізу
Қазақстан Республикасының мемлекет басшысы мен үкіметі
бекіткен жоғары және орта білім беру жүйесін
ақпараттандыру, жаңа буындағы оқулықтарды
әзірлеу мен енгізу және басқа да бірқатар
бағдарламаларды іске асыру арқылы қамтамасыз етіледі. Білім
беру сапасы бұл ретте әлемнің дамыған елдеріндегі
біліммен салыстырарлық болуға тиіс. Білім берудің сапасын
қамтамасыз етуде білім беру саласын оқу әдістемелік
және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз
ету. Сонымен қатар, білім беруді дамытудың сапасын арттыруды
жүзеге асыру мемлекеттік білім берудің негізгі мәселесі болып
табылады.
Бүгінгі таңда білім беру жағдайы
жаңа кезеңге жол ашпақ. Білімділік деңгейін
көтеру халық өмірінің сапасын арттырудың
неғұрлым маңызды көрсеткіштерінің бірі болып
табылады. Осы орайда, қоғамдық даму деңгейiнiң,
елдiң экономикалық қуаты мен ұлттық
қауiпсiздігiнiң өлшемдерi ретiнде бiлiм беру
жүйесiнiң, адам ресурстарының рөлi мен маңызы
арта түседi.
Білім берудi дамыту
Қазақстан Республикасының Конституциясына, "Бiлiм
туралы" Қазақстан Республикасының 3аңына,
"Fылым туралы" Қазақстан Республикасының
3аңына, "Қазақстан-2030" стратегиясына,
«Қазақстанның 2015 жылға дейiнгi индустриалдық инновациялық
даму стратегиясына", "Бiлiм" мемлекеттiк бағдарламасына,
Баланың құқықтары туралы конвенцияға,
Техникалық және кәсiптiк бiлiм беру жөнiндегi
конвенцияға, Еуропа аймағындағы жоғары бiлiмге
қатысты бiлiктiлiктi тану туралы Лиссабон конвенциясына, Жоғары
бiлiм жөнiндегi бүкiл дүниежүзiлiк конференцияның
декларациясына, Болоньядағы Еуропа елдері бiлiм кеңесінің,
Тәуелсiз мемлекеттер достастығына катысушы мемлекеттер бiлiм
министрлерiнiң және ТМД-ға қатысушы
мемлекеттердің білім бсру
саласындағы ынтымақтастығы жөнiндегi
кеңeciнің, Еуразия Экономикалық
Қоғамдастығының Интеграциялық комитетінiң
жанындағы бiлiм, ғылыми дәрежелер мен атақтар туралы
құжаттарды өзара тану және олардың баламалылығы
жөнiндегi кеңестің конференцияларының
ұсынымдарына сәйкес әзipленген [2, 1]
Кредиттік
технологияға негізделген жоғары және жоғары оқу
орнынан кейінгі білім берудің үш деңгейлі моделі
(бакалавриат-магистратура-докторантура Ph.D) заңнамамен бекітіліп отыр.
Бұл Болон декларациясының ережелері мен халықаралық
стандарттарға сәйкес келеді. Халықаралық білім беру
стандарттары туралы сөз еткенде, олардың біріздендірілгендігін
емес, үлгісінің жақсылығын, мамандар даярлаудың
жоғары сапасы мен кәсібилігін айтады. Өйткені «білім беру
стандарты» ұғымы шетелдерге біздегіден өзгеше
түсіндіріледі. Білім беру стандарттары бар елдерде оқу процесіне
қандай да бір регламент қойылмайды. Онда оқу орындары
үлкен академиялық құқықтар мен дербестікке
ие [3, 1].
Әлемдік
экономикалық дағдарыстың басты
құрбандарының бірі – білім беру жүйесі. Тіпті,
салыстырмалы түрде әлеуеті жоғары елдердің өзі
оған төтеп бере алған жоқ. Ал Қазақстанда,
керісінше, білім беру ғана емес, экономиканың барлық саласы
ілгері қарай басып келеді.
Президент Нұрсұлтан Назарбаев төртінші
шақырылған Парламенттің бесінші сессиясының ашылуы
барысында, «Білім берудің құқықтық базасын
халықаралық стандарттарға сәйкестендіру қажет. Бұл
ретте білім беру мекемелерін жан басына қарай қаржыландыру, білім
беру қызметі саласындағы мемлекеттік-жеке әріптестік
қағидаттары заңнамалық қамтылулары шарт. Білім берудің
кепілдендірілген кредиттері жүйесін дамыту үшін құқықтық
шарттарды қалыптастыру маңызды. «Білім беру туралы» заңда осындай
өзгерістер қамтылатын болады», - деген болатын. Сонымен қатар, Президент зияткерлік меншік нарығын
дамыту үшін заңнамалық базаны қалыптастырудың
маңызын да атап өтті. Мемлекет басшысының айтуынша, бұл
қазақстандық ғылымды жіті дамытуға маңызды
жағдай [4, 1].
Давоста
өткен форумға қатысушылардың бағалауынша,
Қазақстан бұл жылдары ешбір елдің қысымына
ұшырамай, бәсекелестікке қабілеттілік рейтингісінде бірден 21
орынға көтеріліп, бүкіл әлемді таң
қалдырды. Оның басты себептерінің бірі – ғылыми-білім
беру саласындағы қуатты серпіліс. Бұл ел ғылым мен
білімге қаржыны аямайды. Білім беруге жұмсалған
шығындар өзге елдерде қысқартылып жатқанда,
Қазақстанда тек соңғы екі жылдың ішінде
үштен екіге артқан. Қазақстан жалпы экономикалық,
әлеуметтік және ғылыми-білім беру саласында
қарқынды дамып жатқан ел. Онда ТМД елдерінде, көбінесе
әлемде енді талқыланып жатқан жобалар іске асырылып жатыр.
Мысалға, Қазақстан ТМД елдері арасында алғаш болып
жоғары білім берудегі "бакалавр – магистр –философия докторы"
үш деңгейлі оқыту жүйесіне толығымен көшті [3,
1].
Қазақстан
Республикасының Білім және ғылым министрімен бекітілген 2011
жылға арналған кредиттік оқу технологиясын жетілдіру
жоспарында Болон үдерісін іске асыру аясында жоғары оқу
орындарының оқытушылары мен студенттерінің академиялық
ұтқырлығын дамытуға үлкен рөл
жүктелген [1, 1].
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев
өзінің «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан
мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты биылғы Қазақстан
халқына Жолдауында, отандық
білім жүйесін бәсекеге бейімдеп құру жөніндегі
нақты тапсырма беріп, ұлттың өресі білім нәрімен
сусындағанда ғана өсетінін, білім сапасын
халықаралық дәрежеге көтеру мен әлемдік білім
тайталасында дамыған мемлекеттермен деңгейлес болу мәселесін
қадап айтты [5, 1].
Бiлiм
беру саласында қалыптаскан ахуал республиканы дамытудың
қазiргi әлеуметтік-экономикалық және саяси
жағдайларына және жоғары дамыған елдердің прогресшiл
тәжiрибесiне сәйкес келеңсiз құбылыстарды
болдырмау, түбегейлi ұйымдық, құрылымдық
қайта құрулар, бiлiм берудiң мазмұнын
жаңарту және мамандар даярлаудың сапасын жетiлдiру
қажет eкeнін көрсетеді.
Білім беру
жүйесіндегі басты міндет халықтың барлық
деңгейлер мен сатыларда сапалы білім алуына қол жетімдігін кеңейтумен
айқындалды. Осыған байланысты білім саласындағы күш
жігер оның сапасын қамтамасыз ету жүйесін
құруға бағытталуы тиіс. Білім беру жүйесіндегі
басты міндет пен іліспе мақсат үздіксіз білім беру принціпін
еңгізу болып табылады. Сапа мынадай аспектіде қарастырылады: қазіргі
кезде білім беру деңгейлерінің әрбірі өздері үшін
тіршілік етіп жатқандай. Келесі онжылдықтың мақсаты,
бір жағынан, адамның ілгершіл дамуын қамтамасыз ететін біріңғай
ұлттық білім беру жүйесін құру, екінші
жағынан, білім берудің ұлттық жүйесінің
жалпы әлемдік жүйемен интеграциялануын қамтамасыз ету болып
табылады. Алдағы 10 жыл ішінде білім беру жүйесін адамды біліммен
ғана қамтамасыз етіп қоймай, сонымен бірге осы білімді
білікті пайдалана білу және үздіксіз оқу дағдыларына
баулу жүйесі етіп қайта құру күтіп тұр. Білім
беру жүйесі экономикалық және әлеуметтік салалардан
оқшау тіршілік етуін тоқтатуға тиіс. Оны үлкен
әлеуметтік-экономикалық жүйенің бір бөлігі болу
және ел экономикасын адам ресурстарымен қамтамасыз ету міндеттерін
шешу күтіп тұр [2, 1]
Қазақстандағы
білім беру жүйесін дамытуда мына төмендегідей міндеттерді шешуді
ұсынамыз:
·
ЖОО-дағы білім беру нәтежиелерінің
сапасын арттыру;
·
білімге қол жетімділіктің теңдігін
қамтамасыз ететін шараларды еңгізу;
·
білім беру жүйесінде әріптестілікті дамыту
үшін жағдайлар жасау;
·
оқыту мен тәрбиелеу жүйесінің
бірлігін қамтамасыз ету;
·
білім мен ғылымның іс жүзінде
интеграциялануын қамтамасыз ету;
·
ресурстарды жұмылдыру және білім беру
жүйесінің тиімділігін арттыруда қамтамасыз ету;
·
білім беру ісін басқару жүйесін жетілдіру;
·
студенттерге білім берумен қоса, тәртіптік,
құқықтық тәрбие беруді ұйымдастыруды
жоғарылату мен дамыту.
Білім берудің
әр түрлі деңгейлері үшін бағдарламаның
үйлесімділігін қамтамасыз ету арқылы білім берудің
мазмұнын жаңарту маңызды болып табылады. Оның
үстіне он жыл ішінде оқу процесін ұйымдастыруды
қатаң стандарттаудан ұдайы жетілдіруге
бағдарланған, ақылға қонымды шекте реттеліп
отырған нысанға көшіруді жүзеге асыру күтіп
тұр. Осы орайда жаңарудың әрбір кезеңіне
жеткілікті ресурстық қамтамасыз етумен қолдау
көрсетілуге тиіс.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Тәуелсіз
жиырма жыл ішінде Қазақстандағы білім беру жүйесі
жаңа сипатқа ие болды - Қ.Бозымов, БҚО... www.inform.kz/rus/article/2425482