Ибраева Радагүл Махмудхановна, Мақсат Назерке Мақсатқызы

№7 Қ.Сыпатаев атындағы мектеп-лицейінің қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі, 10-сынып оқушысы, Шымкент, Қазақстан

 

ЖАРНАМА ПСИХОЛОГИЯСЫ   

Әрбір қоғамның әлеуметтік, экономикалық  дамуы сол қоғамдағы түрлі салалардың: оқу –білім,  өндіріс т.б. жедел қарқынмен дамуына қызу бәсекелестік туғыза отырып бейнеленеді. Ол дамуды бейнелеуде де негізгі рөлді жарнама алады. Ал қазір ол күнделікті өміріміздің бір бөлшегіне айналды.Жарнама  психологиясы туралы Ресей  және шетел ғұламалары жазған7 Бүгінгі таңдағы жаңару мен өзгерістер ортасында біздің өмірді жарнамасыз елестету қиын деген тоқтамамен нақты зерттеу басталды.Біз жарнаманы кез –келген жерде кездестіреміз: үйде, теледидар алдында отырғанда, радио тыңдағанда, жұмысқа не сабаққа бара жатқанда  барлық жерде. Қай жерде болмасақ  та, тауар немесе күтім туралы айтатын жарнамалық хабарландыруды көреміз не естиміз.Ең маңызды сұрақтардың бірі- саяси жарнаманы және өзін жарнамалауды зерттеу. Тағы бір өзекті мәселе-шетелдік жарнамалардың бейімделу мәселесі. Зерттеулер көрсеткендей, шетелдік және отандық жарнамаларға қатынас бір жақты емес. Ақпараттық құралдардың психологиялық мәдениетінің төмендігі сол жарнамаларды тұтынушыларға қажет формада емес, үлкен пайда алуды көздеп жасалады.Бізде жарнамаға деген психологиялық бейімделудің жоқтығын кейде жарнамалар арқылы байқап жатамыз. Сондай-ақ жарнама жоғары сапалы, білімді, жоғары кәсібилікті қажет етеді. Жарнама өз мақсатына толық жету үшін жарнама мәтінін, бейнесін, түсті таңдауда адам психикасының ерекшеліктерін ескеру керек. Бірақ, бұл-да еліміздің ана тілі -қазақ тіліне көшудің бір көрінісі. Мұндағы бір өкініштісі, өз еліміздің тауарын таза қазақ тілінде өзіндік идеялармен шығарылуының өте аз болуы. Жарнама өнімдері қабылдаудың психологиялық ерекшеліктерін ескермей жасалғандықтан, тиімділігі төмен болып жатады.Жалпы алғанда, жарнама ол құр ақпараттар легі емес, әуелде солай көрінгенімен, ол-адамдарды психологиялық бағдарламалау.Ең негізгісі, жарнама тұтынушыға түсінікті болу керек, зейінді аудартатындай, жеңіл есте қалатындай, жағымды эмоция туғызатындай жасалуы тиіс.Жарнаманың  тұтынушыға  әсерінің екі  түрі бар: 1. Жарнаманың  тәрбие  қызметімен  байланыстылығы, адамның эстетикалық  жағынан  жетілуіне  белсенді  ықпал  етеді. Халықтың  талғампаздылығын қалыптастыруға  және  тәрбиелеуге септігін  тигізеді, тұтыну  мәдениетін арттырады.  Өйткені жарнама  әсерлі,  жатық тілмен, нақты  жазылуы  тиіс. 2. Оның ағартушылық қызметі. Оның мәні  тауарлар  туралы, олардың  қасиеттері,  мәні,  пайдалану  әдістері, қызмет  көрсетудің  жаңа  формалары туралы  білімді кеңейтуде  жатыр.Жарнама құралдарының кең таралған түрлерінің бірі- кино және бейне жарнама. Бұл коммуникация арналарының техникалық мүмкіндіктері орасан зор, психологиялық әсер ету күшіне де ие. Аудиовизуальді жарнама бейне, түрлі түсті бояу мен дыбыс үндесуі нәтижесінде өзге жарнама жеткізу құралдарынан әсер ету кешенділігімен ерекшеленеді. Теледидар жарнамасы –жарнамалық әсер етудің ең тиімді формасы. Теледидар тауардың немесе қызметтің кең танымал болуына жәрдемдеседі. Аудиторияны жаппай қамту мүмкіндігі жөнінен бұқаралық ақпарат құралдарының ешқайсысы да онымен теңесе алмайды.Адам ақпаратты өзіндегі арналардың барлығы арқылы алады. Теледидар экранынан  алынатын ақпараттың 70 % -ына дейінгісі визуальді коммуникация үлесіне тиеді..Теледидар жарнама берушіге тиімді жоспарлау мен жарнамалық стратегияны өмірге енгізудің бірегей мүмкіндігін ұсынады..Келесі кестеде ОҚО., Шымкент қаласының телеарналарындағы жарнамаға  байланысты көрсеткішті ұсынамыз.

Арналар

Жарнаманың эфирге шығу саны

Жарнаманың ролигіне бөлінген уақыт

Жарнама құны

Айғақ

4-5 рет

30 сек-3 мин

70-110 теңге

Астана

4 рет

30 сек

35-70 теңге

Қазақстан Шымкент

4 рет

30 сек-1мин

35-50 теңге

Жалпы алғанда,жарнама іс-әрекетімен айналыса отырып, адам өз білімін де,мәдениеті мен дүниетанымын қалыптастырып жетілдіре алады.

 

Пайдаланылған  әдебиеттер  тізімі:

1.     Артеменко В.Г.Реклама в торговле – Новосибирск. 1996

2.     Гольман И. Рекламное  планирование. Рекламные  технологии. Организация рекламной деятельности. – М.Гелла – Принт. 1996

3.      Дейян А.Реклама – М., 1993,

4.      Каримова Л.И. Этнокультырние  особенности восприятие  рекламы. /Вопросы психологии / 2003. №6 №60 52-55 стр 7