БИ ТЕРАПИЯСЫНЫҢ АДАМ ДЕНЕ БІТІМІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫНА ТИГІЗЕР ӘСЕРІ
Танирбергенова Анар Шынболатовна
п.ғ.к., доцент
«Тұран-Астана» университеті
Шакиров Бауыржан
«Тұран-Астана» университеті
магистранты
Қазақстан
Республикасы , Астана қаласы
Би терапиясының адам өміріндегі алатын орны ерекше.
Биді алғашында науқас
адамды емдеуге қолданған. Би арқылы емдеу идеясы Италияда, кейінірек Қытайда, Индияда пайда
болып, дәстүрлі ем ретінде қолданыла басталды. Ем барысында
адам денесіндегі нүктелерді басу арқылы емдеген.
Емдік мақсатта
алғашқылардың бірі
Италияндық тез және көңілді темпте орындалатын –
Тарантелла биі қолданылды. Тарантеллла биінің тарихымен
көптеген аңыздар байланысты. ХV ғасырдың II жартысынан бастап, тарантелла «тарантизм»
ауруының бірден - бір емі ретінде қолданысқа енді.
Осыған байланысты XVI ғасырда Италияда арнайы оркестр
ұйымдастырылып, тарантизм ойын биі арқылы көрсетілді. Тарантелла биінің басқалардан ерекшелігі
сазды әуенмен бірнеше сағаттар бойына билеуге болады. Тарантелла
биі флейтамен, ұрғыш барабандармен, кейде дауыс үнінің
сүйемелдеулерімен орындалады.[1]
Бидің адамның
денсаулығына, ағзасына, жүрек қан тамырына,
қозғалысының ширақтығына, тыныс алуына және
орталық жүйке жүйесіне тигізер әсері мол. Мысалы, Армин Старк «би қимыл
қозғалыс терапия» шығармасында бимен айналысу,
бұлшықеттердің қалыпты жұмыс жасауына,
психологиялық және физиологиялық күйзелістерден арылуына, жеке тұлғаның сезімдерін жеткізуіне, сонымен
қатар өмірге деген адамның ынтасын жетілдіруге, еркін ойын
жеткізуге көп көмектеседі деген. Қимыл қозғалыс
терапиясын жүргізуші терапевттер
ақыл-есі кем балалармен, жас жеткіншектермен, орта жастағы
ересектермен және мектеп жасындағы оқушылармен жұмыс
жасайды. Қимыл қозғалыс
терапиясын жүргізетін терапевтер өз деңгейлерін оқу бағдарламаларында
көрсетеді. Би терапиясына қатысушы адам үшін хореграфиядан
хабары болуы міндетті емес, ең
бастысы би терапиясына қатысушы өзін жеңіл әрі, сергек
сезінуі тиіс.[2]
Би
қимылының сан
түрлі айшықтары кездесетін
әр ұлттың билеріне қазіргі уақытта халықтың
қызығушылығы артып келеді. Себебі, бимен айналысу, биге деген қызығушылық
адамдардың дене бітімін қалыпқа келтіруге,
майысқақтыққа, иілгіштікке, жеңілдікке, жалпы
айтқанда денсаулық кепілі болып саналады.
Би -
бұл өнер. Би музыкамен тығыз байланысты. Дененің
иілгіштігі жане ретімен қимылға ауысуы бидің негізгі көрінісі болып
табылады.Оң нәиже алу үшін
би терапияда дұрыс бағыт таңдай білу қажет.
Мысалы, әр ұлт
билерінің адам тұлғасына тигізер әсері жайында тоқтала кететін
болсақ.
1. Bellydance
–шығыс биі немесе іштің биі. Бұл ерте заманғы би түрі. Биді орындау барысында дене бұлшықеттері қозғалыста болады.
Басты ортақ нарсе іш қимылы. Бұл сенімділікті қалыптастыруға жане
көріктілігіңе, денеңді сүюге
көмектеседі.Бұл би түрін
физикалық
дайындықпен кез- келген жаста
билеуге болады.
2. Ирландия биі. Ирландия биінің классикалық биден айырмашылығы орындаушы
жалғыз билейді. Сіз дене бітіміңіздің әдемі
көрінгенін қалайсыз, оның үстіне бұл би сізге
әдемі дене калпын
ұстауға жане
тартымды да,тартылған ішіңізді қалыптастыады.
3. Капоэйра – бұл ойын,
спорт, керемет қимыл қозғалыс биі. Капоэйра Африка,
Индия жане Европа елдерінде
көптеп кездеседі. Капоэйраға спортың нағыз шеберлері де
қызығушылық танытып келеді. Капоэйра биі қиналыс
сезімін ұмыттыруға жане артық энергияны шығаруға көмектеседі.
4.Хастл – бұл жалындаған энергия, белсенділікті
суреттейтін би түрі. Би түрін түнгі кеш билерінде
кездестіруге болады. Бидің
негізі қимылдарын өз нақышында, кез – келген
әуенде қолдана билеуге болады. Кез- келген ритм және
сіздің досыныз сізге
биді өз денгейінде орындауға көмектеседі.[3]
Сонда да болса барлық
депрессияға жол бермей, белсенді, қимылды биді
таңдасаңыз, сіз
әлбетте оң нәтижеге кол жеткізесіз.
Егер сіз күнделікті күйбең
жұмыстан,өзіңізге жүктелген міндеттерден
шаршасаңыз одпн шығар жол
бар – бұл би. Міне, бұл пікірді психолог Мария Пугачева өз
макаласында мысалға келтірген. Қазіргі заман билері мен
ертедегі билердің айырмашылығы , ата – бабамыз табиғаттың тылсым
күштерінен қорыққандарын немесе аңшылықтан
олжалы оралғандарын би қимылдары арқылы көрсетіп
отырған , сол ескіліктен бері дамыған би түрлерін біз казіргі
уақытта қолданып жүрміз. Мария Пугачеваның пікірінше
психологиялық зерттеулердің нәтижесінде би біздің денсаулығымызға елеулі жаңалықтар әкеледі
екен. Мария Пугачева биден кейінгі адам
бойында болатын сезімді 3 түрге бөліп көрсетті.
1. Адамның эмоциялдық
жағдайы көтеріледі, көңіл –күй көтеріледі.
2. Адамның физикалық ахуалы
реттеліп, жаңа күш пайда болады.
3. Адам денесінің өзіндік баға беруі, ішкі сезімі
артады. Адам өз ісіне
өзгеше сенімді, жүрісіне, дене калпын тік
ұстауға мән береді.
Психолог қосымша мына жаттығуларды көрсеткен:
1. Егер сіз шаршасаңыз үйдің
мазасын алып, айқай шу шығарудың немесе мазасыз болудың еш қажеті жоқ. Спортқа
қатысқандай биге барыңыз, орныңызда секіріңіз,
аяғыңызбен қолыңызды созыңыз,
алақаныңызды шапалақтаңыз, басыңызды
айналдырыңыз, мысық секілді созылыңыз, жамбасыңызды
айналдырыңыз. Билеу кезінде Созылмалы қимылдарды орындауға
тырысыңыз, Тез денені жинаумен босаңсытуды, жеңіл
қимылдарды орындаңыз.
2. Сіз қараңғы бөлмеде жалғыз қалыңыз
,өзіңіздің сүйікті әуеніңізді
қосыңыз. Ішкі сезімдерден арылып, көзіңізді
жұмыңыз жане жай қимылдармен қозғала
бастаңыз. Айналыңыз,
денеңіз жұмыс жасасын, денеңіз сізді жетелесін.
3. Егер сіз
бір жағдайға
қобалжулы болсаңыз, мазасыз болсаңыз , бимен соны
көрсетіңіз. Мысалы, біреуге ренжісеңіз – ұру қимылдарымен оны
соққылаңыз, бұл соғыс биі, сіз қарсы шығуға дайынсыз.
Сізді біреу ренжітті ме онда жылаңыз да жане кешірім сұраңыз – сізде өлгелі
жатқан аққу
биі шығады.
4. Егер арманыңыз болса сіз оған
жеткендегідей кейіпте билеңіз. Мысалы, махаббатыңызбен кездесетін болдыңыз, міне соған
жетуге асығыңыз.
5. Мүмкіндік болса
отбасыңыздың бір мүшесін өзіңізбен билеуге
шақырыңыз. Біріншіден сізге қызық, әрі
көңілді болады. Ал екіншіден, қасыңыздағы адаммен
эмоция да көптеп шығады. Бір - біріңізге сенесіздер және сенім
білдіресіздер.Барлығы сіздің қолыңызда екенін
ұмытпаңыз. [4]
Би
терапиясының адам
өміріне, оның ішінде адамның денсаулығына тигізер әсері
көп.Қиындықтарға мойымай, бимен айналысып, сіздің өмірдегі ең
керемет жан екеніңізді сезініңіз.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Ю.В.Келдиша .1973 - 1982.
Музыкальная энциклопедия.
2. А.Старк. Танцевально – двигательная терапия.
3. Женский журнал Суперстиль. Данс терапия. Эстетика ритмичного движения.т
223 ном.9 декабря 2011
4. Мария Пугачева психолог.Женский журнал
MY. Jane. ru. Арт – терапия. Самосовершенствуемся в танце.