АУТИЗМ

 

Жанысбаева Р.М., Асқарова А.Б.

Қарағанды «Болашақ» университеті

 

 

Әрбір ата-ана баласы өмірге келгеннен кейін, оның денсаулығы мықты болғанын қалайды. Ата-анасы баланың жасаған әр бір қимылына, оның жүзінің жадырағанын, басқан әр бір қадамын, алғашқы шығарған дыбысына, айқан сөзіне қуанады. Әр бала қоршаған ортаның қамқорлығын қажет етеді. Бірақ кейбір балалар қоршаған ортадан алыстап, өз әлемінде өмір сүреді. Олар әр жаңа нәрсеге қызықпайды, оны танып-білуге қызығушылығы болмайды. Осындай балалар қарым-қатынас жасауда, әлеуметтік ортаға бейімделуде, ата-анасымен сөйлесуде қиындықтарға кездеседі. Осындай белгілері арқылы балада аутизмнің немесе оның кейбір белгілерін анықтауға болады.

Аутизммен ауыратын балалар саны әлем бойынша 100 баладан 1, бұл көрсеткіштер аутизмнің қатерлі ісіктен, диабеттен және СПИД-тен жиі кездесетіндігін көрсетіп отыр.  Қазақстан бойынша статистикалық мәліметтер жоқ, бұл медициналық есептеу нәтижелерінің айдарының болмауынан. Аутизм құрама санаққа енгендіктен,  таралу, ауыру көрсеткіштері нақты аутизммен есепке алынбайды.

Kazakhstan Today агенттігінің хабарлауынша Қазақстанда аутизммен ауыратын балалар саны айтарлықтай өсуде.

«Қазіргі уақытта дүние жүзі бойынша аутисттік проблемалары бар балалар саны өсуде. Мысалы, 10-20 жыл бұрын  10 мың баланың  3-4тен  10-15 оқиға тәркелген болса, ал қазіргі кезде мысалы АҚШта орта есеппен алғанда 200 баланың 1уі, ал кейбір елдерде бұдан да көп «Англияда орта есеппен алғанда 80 баланың 1і.», - таратылған мәліметтерде айтылады.

Сондай-ақ, «әлемде аутизмнің өсуі эпидемия түрінде қарастрылады. Қазақстанда да, аутист балалар көбеюде. Облыстық психо-медико-педогогикалық консультациялардың мәліметтері бойынша 2002 жылы  93 бала болса,  2009 жылы -326 ға жеткен ».

Әлемдік ғалымдардың мәліметтері бойынша уақытымен түзетушілік көмек көрсетілген жағдайда аутист балалардың 60 пайызы жалпы білім беру бағдарламалар бойынша, 30 пайызы арнайы білім беру бағдарлама бойынша оқуға қабілетті,ал 10 пайызы отбасында әлеуметтенуге мүмкіндіктері бар. Бірақ түзетушілік көмексіз қалған жағдайдағы балалардың 75 пайызы әлеуметтік ортаға бейімделе алмайды, 22 -23 пайызы шамалы бейімделеді,тек 2-3 пайызы әлеуметтік бейімделудің жеткілікті деңгейіне жетеді.

Аутизм - (гр. autos - өзім) - адамның сырткы дүниеден оқшауланып, өзімен-өзі болып, іштей сары уайымға салынған кездегі көңіл күйі. Бұл терминді 1912 жылы Э. Блэхер адамның ішкі эмоциялық кажеттіліктерімен реттелетін және шынайы әрекеттерге тәуелділігі шамалы аффективтік саланың айрықша түрін белгілеу үшін енгізген. Аутист балалардың есте сақтау қабілеті жоғары болады. Математика және музыкадан дарынды, бірнеше тілдерді меңгеруі де мүмкін. Бірақ бұл қасиеттер әдеттегі жастан кейінірек байқалады. Сондықтан да бұндай балалар арнайы интернаттарда емес, кәдімгі жанр ортасында тәрбиеленуі қажет[1].

Аутизм – бала дамуындағы ауытқушылықтың ауыр түрі, ол әлеуметтік ортамен қарым-қатынастың жоқтығын білдіреді. Симптом ретінде аутизм көптеген психикалық ауруларда кездеседі,бірақ кейбіржағдайларда ерте жастан байқалып,бала дамуына кері әсерін тигізеді.Бұл жағдайды ерте балалық аутизм (БЕА) синдромы дейді.Ол болса психикалық даму зақымдалуының бір нұсқасы ретінде қарастырылады.Сонымен қатар бала бойында аутизмнің кейбір клиникалық көріністері байқалса оны аутистикалық тұлғалық қасиеттер деп атайды.Нақты симптом ретінде 2-3 жасқа қарай қалыптасуы мүмкін.

Ең алғаш аутизм деген терминді 1912 жылы швейцар психиатрі Э.Блейлер ұсынған. Аутизм ауруын бірінші ашып зерттеген америка психиатрі – Лео Каннер. Балалық аутизмі әртүрлі болады және зиятпен сөйлеу дамуының деңгейлері әртүрлі болады. Л.Каннер бойынша ерте балалықшақтағы аутизм синдромы келесі үш көрсеткішті біріктіреді: аутистикалық уайымдар, стеротипі, үйреншікті, бір қалыпты мінез-құлық,сөйлеу тілінде ерекше сипаттағы кемістіктер.

Қазіргі уақытта аутизмнің нақты себептері анық зерттелмеген. Көп ғалымдардың деректері бойынша аутизм мен ауырған балалардың себебі орталық жүйке жүйесінің бұзылуы салдарынан болады.Тұқымқуалаушылық фактордың әсері мол екенін көптеген зерттеушілер мойындайды.Сонымен бірге мидың органикалық зақымдалуы да аутистбалаларда жиі кездеседі.

Тұқымқуалаушылық хромосомалық өзгерістер, зат алмасу өзгерістері, анасы жүкті және туу кезінде алған жарақаттар, нейро инфекциялар,т.б. барлығы да жағымсыз әсер ету мүмкіндігі бар.

Кейде аутист бала туған кезде ерекше болады:солғын, тамақ сұрап мазаламайды, жөргек суланса және бір жері ауырса сезбейді, өскен кезде ештеңеге қызықпайды, кейбір сөздердін емес сөйлемдерді қағыпалып,түсінбей қайталай береді. Жақын адамдармен, анасымен байланысты симбиотикалық, сондықтан жақын адамдарды түсіну, аяу, көну деген ұғымжоқ.

Аутист бала – ерке,тәртіпсіз сияқты әсер береді,бірақ диагнозды ерте қойып,ерте емдесе баланы жазыпалуға болады. Аутист бала ешкім мен араласпайды,тұйық болады.

Жалпы тұйық мінез әртүрлі себептерге байланысты:

1.                     Баланың жеке мінезіне

2.                     Көру мен есту кемістігіне

3.                     Зияттың жетілмеуіне

4.                     Сөйлеу аппаратының бұзылғандығына

5.                     Невротикалық өзгерістерге

6.                     Ұзақ уақыт қарым-қатынассыз қалғандыққа(госпитализм)

Аутист бала: қоршағанортаға, қоғамға мүлде қызықпайды. Тұрақты қорқыныштары пайда болып тұрады, өзіне-өзі агрессиялы, қолжұмсағысы келуі де мүмкін. Бала өскен сайын сөйлеу мен зият (интеллектісі) дамуы төмендейді. Аутист балалардың назарын адамға, басқа нысанға аудару және бір нәрсе үйрету қиын. Ауру бала өзіне айтқан сөздерге мән бермейді, сұрақтарға және атына тапшақырғанға көңіл аудармайды, естімейтін керең сияқты болып көрінеді.

Л.Каннер аутизмді нақты психикалық дамудың бұзылуы деп тапқан және келесі көрсеткіштерін ажыратқан:

1.                     жалғыздықты жақсы көру

2.                     ешқаш анадам мен көзбе-көз кездеспеу

3.                     мимикасының, дауысының, дыбысының ырғағының, жестарының болмауы

4.                     бағытының шарттары тұрақты болуына тырысуы бәрі біркелкі болып өзгермеуі керек

5.                     эмоциялық тұрғыдан ешкім мен араласпау

6.                     біркелкі қимылдарды қайталай береді

Аутист баланың сөйлеу процесі бұзылғандықтан,олардың 50 пайызында аутизм болады және эхолалия жиі болады.

Аутист бала сұрақ қоймайды және жауап та бермейді, мимика, ым-ишарат (жест) арқылы қарым-қатынас жасаудан бас тартады. Аутист балаларды 4 топқа бөлугеболады:

1.                     аурудың ауыр көрінісімен сипатталатын топтағы балалар безушілік, ортаданоқшаулау, ешнәрсеге көңіл аудармау ерекшеленеді, көп уақытта түңіледі. Мұндай балалар сөйлемейді, адамдарға, адамның көзіне және бірнәрсеге көзінтікпейді, күлмейді, жыламайды. Атына тап шақырғанда үндемей, дыбыс шығармай, ешқандай реакция білдірмейді. Олар бір жері ауырып жарақаттанса, қарындары ашып, тоңғанды сезбейді. Үй ішінде бағытсыз ары-бері жүреді, жиһаздардың үстіне шығады,терезенің алдындати әспесең бірнеше сағаттар бойы отыра береді.Үлкен адам мұндай баланың назарын аударайын деп тырысқан жағдайда, бала айқайлайды, жылайды, төбелеседі, түкіреді, тырнайды, яғни қатты қарсылық көрсетеді.

2.                     Бұл топтың балалары адамның көзіне тіке қарамайды,басқа нәрселерге де көзін тіке қадап,бағытты түрде қарай алмайды,бірақ нәрселердің өздері, өздерінің түрлері мен дыбысы мен сыртқы пішінімен балалардың назарын өздеріне аудартқызады. Мысалы:кілем немес алаша біткенше жүре береді. Бұл балалардың бір қалыптылығы: сағаттар бойы терезеде отырып бір бағытқа қарап отыра береді. Ал бір нәрсе керек болса,оларүлкен адамды ертіп апарып, керекті нәрсеге қолын салады.

3.                     Балалар аздап белсенді, олар қоршаған ориадан толық безбеген; бетінде қорқыныш бар, қимылдары еркінемес,сөздері түсініксіз,бір сөзді қайталай береді; күрлмеліп сөйлейді, қимылдары импулсьсивті, яғни отырып-отырып аяқасты жүгіріп кетеді, өзін-өзі жарақаттайды. Бұл топтағы балалар өте дауласқыш,еш өкінбейді, бәрін керісінше жасайды. Бала өзіне ұрысқанды қалайды, тек өзі сөйлейді, ешкімді тыңдамайды, сөйлеткізбейді.Сөйлегені өте жылдам, дыбысы қатты. Сөзі – монолог түрінде. Кейде ересек адам сияқты, күрделі сөздермен сөйлейді, бірақ мағынасын түсінбейді. Сөз қоры жақсы, бірақ та диалог құрастыра алмайды.

4.                     Бұл балаларда аутизмнің жеңіл түрі. Балалардың мимикасы шектеулі,алаңдаушы болып келеді,сондықтан сөздері жай, көздеріне қар айалады,бірақ тұрақсыз.Олар ұялшақ, жасқаншақ болып келеді. Олар өтірік айту, алдауды білмейді.

«Республикада білім беретін әр түрлі арнайы бірлестіктер (реабилитациялық орталықтар, психолого-педагогикалық коррекция кабинеттері, арнайы балабақшалар мен мектептер) болғанымен, аутист балаларға сапалы психо-педагогикалық көмек көрсетілмейді. Осы бірлестіктердің мамандары аутист балалардың ерекшеліктері туралы толық түсінік алмайды, балаларды оқытуда қиындықтар туғызады,  аутизм бар балаларды оқытудан бас тартады. Көптеген ата-аналар аутизмі бар балаларды қалыпты өмірден алшақтатып,  үйде оқытуға мәжбүр ».

Аутист балаларға арнайы көмек көрсету жүйесі өткен ғасырдың 60 жылдарында алғаш рет АҚШ пер Батыс Еуропа елдерінде қалыптасуын бастаған. Еуропада ең бірінші аутист балаларға арналған мектеп Данияда 1920 жылы ашылған. Кейін кейбір жеке меншік мекемелер аутист балаларға көмек көрсетуді бастаған,бірақ ол кезде,нақты оқыту мен түзетудің әдіснамалық, ғылыми негіздемесі болмаған.

Қазіргі уақытта балалық ерте шақтағы аутизмді түзетудің әдістемелік негіздері әр түрлі. Жиі кездесетін бихевиористік психологияның негізінде операнттық оқыту (мінез-құлықтық емдеу).

Бұл түзету әдісі АҚШ-та және бсқа да елдерде кеңінен тараған.Әдістің негізі – қажетті қылықты,әрекетті қалыптастыру үшін сыртқы жағдайларды арнайы қамтамсыз ету,әлеуметтік-тұрмыстық бейімделу,сөйлеу тілін дамыту,оқу немесе еңбек ету дағдыларына үйрету.

Бұл әдіс бойынша оқытылған балалардың 50-60 пайызы жалпы мектеп бағдарламасын меңгере алады,кейін орта,жоғары оқу орындарында оқуын жалғастыра алады.

Операнттық оқыту әдістен басқа шет елдерде ТЕАССН атты бағдарлама(Э.Шоплер,Р.Райхлебер),холдинг тераия(М.Уелш)күнделікті өмір сүру жағдайын қамтамасыз ету арқылы емдеу(К.Китахара) т.б тәжірибеде жиі пайдаланады.

Ресейлік тәжірибеде ең танымал К.С.Лебединская мен О.С.Никольскаяның аутизмді түзетудің кешенді медициналық-психологиялық-педагогикалық әдістемесі.Бұл әдістеменің негізгі ерекшелігі дәрігер, педагог пен психологтардың бірлесе,тығыз байланыста жұмыс жасау.Өткен ғасырдың ортасынан бастап балалық ерте жастағы аутизмді зерттеулер басталуына қарамастан, қазіргі уақытқа дейін арнайы кешенді көмек көрсету жүйесі құрастырылмаған.

Бұл жерде кейбір балаларды жалпы мектептегі арнайы сыныптарда оқыту тәжірибесі бар екенін айту керек.Бірақ сол балаларға арнайы психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету қажеттілігі негізгі талап.[1]

Аутисттердің өсуіне байланысты балаларға адекватты уақытылы коррекциялық көмек көрсету қажеттігін ескертеді. Аутист бала әлеуметтік адаптация мен  дұрыс дамуы үшін  әрдайым қолдау мен стимуляцияны қажетсінеді. Мұны тек аутизммен ауыратын баланың отбасы өздерінің қоғамнан және балабақша, мектеп, әлеуметтік орта сияқты қоғамдық бірлестіктерден көмек керек деген қажетсінулерін түсінген жағдайда ғана жасауға болады.

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Орысша-қазақшатүсіндірмесөздік: Педагогика / О 74 Жалпыредакциясынбасқарғанэ.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: "ЭКО" ҒӨФ. 2006. - 482 б.ISBN 9965-808-85-6

2. http://www.kt.kz