Психология/Психология развития
Психол.ғ.к., доцент
Уақпаева Ү.А.
Абай атындағы
Қазақ ұлттық педагогикалық университеті,
Қазақстан
Республикасы, Алматы қ.
Отбасы тәрбиесінің бала тұлғасының
қалыптасуына әсері
Тұрақты дамитын және бәсекелесуге қабілетті
мемлекет құра отырып, Қазақстан Республикасында балалар
өмірінің сапасын қамтамасыз ету бойынша жұмыстар
үнемі жүріп жатыр. Балалыққа қатысты
саясаттың тиімділігін арттыру мақсатымен соңғы жылдары
Қазақстан Республикасы балалар құқығын
қорғайтын халықаралық ұйымдармен
қызметтестік тәртіпте жұмыс атқарып жатыр [1].
Бала дамуына көптеген факторлар әсер
етеді. Себебі оның дамуы — күрделі
процесс. Баланың дамуына
табиғи және әлеуметтік орта ықпал жасайды.
Отбасы —
қоғамның маңызды бір бөлшегі. Тәжірибеге қарағанда, баланың
психологиялық тұрғыдан қалыпты дамуы отбасында
дұрыс
қарым-қатынастың болуына, отбасы мүшелерінің
бірін-бірі ұнатуына,
құрметтеуіне, отбасында еңбектің дұрыс жолға
қойылуына байланысты екенін
көрсетеді. Мұндай
ортада бала көңілді
әрі қалыпты өсіп дамиды. Кейде толық отбасының
өзі баланың дұрыс қалыптасуына негіз бола бермейді. Балалар бірдей биологиялық, психологиялық
заңдылық бойынша дамиды. Демек, отбасы өсіп келе
жатқан тұлғаны қалыптастырады немесе бұзады,
оның мүшелерінің психикалық денсаулығының
нығайып немесе нашарлауы отбасы билігінде. Отбасы қауіпсіздік,
бақыт, өзін қалыптастыруды құрылымдаушы.
Идентификацияның шекарасын көрсетіп, тұлғада “Мен”
бейнесінің пайда болуын қамтамасыз етеді [2].
Баланың отбасынан қашықтап,
оның ықпалынан сырт қалуының психикасына әсерін
Т.В.Лодкина, А.И.Захаров, В.С.Мухина, Е.О. Смирновалар атап көосеткен.
А.Н.Леонтьев, С.А.Козлова, балаға отбасы жылулығының
әсерін атап өткен. Жақын адамдардың әсерін
баланың алдымен сезініп, түйсінуі және сөз түрінде
бейнелеуінің маңызын А.В.Запорожец, А.Д.Кошелева және т.б.
белгіленген. Отбасы тәрбиесінің терең эмоциялы сипатын,
қаны бір адамдар арасындағы сүйіспеншілік
қарым-қатынасын ата-ана мен баланы жақындатуының
маңызын Ю.П.Азарова,
И.В.Гребенников, Т.А.Маркова, А.Г.Харчев т.б. белгіленген. Қазіргі заман отбасыларының дефектілерін
«неблагополучные» дейді. Екінші некенің бала тәрбиесіне, дамуына
теріс әсерін Е.П.Арнаутова, А.И.Захарова, Е.И.Кульчицкая т.б.
Жалғыз бала тәрбиесі туралы А.П.Усова, егіздер тәрбиесін Р.
Скиннер, К. Витек т.б. зерттеген. Бала психикасының қалыптасуына
ананың әсерін психотерапевт А.И. Захарова, психолог Д.Б.Эльконин,
А.Я.Варга т.б. зерттеген [1.17].
Жақсы
әдеттерге дағдыландыру, балаға дұрыс тәрбие беру жаман
достардан, зиянды баспалардан қорғау және т.б. арқылы
жүзеге асады.
Бүкіл
жамандықтардың басы – жаман дос. Жаман дос – баланың
дөрекі, өтірікші, ұрлықшы және әдепсіз
болуына себепші болады. Мұндай жаман мінездерге ұрынғандар
ұзақ жылдар бойы бұл жаман мінезінен арыла алмайды.
Баладан жақсы
қасиеттер, жақсы әрекеттер көрген кезде, оны
мақтау керек, марапаттау керек. Кейде адамдардың арасында
мақтау керек. “Менің ұлым сөйтті” деген секілді
сөздермен жақсылыққа ынталандыру керек. Өрескел
іс-әрекеттер істесе немесе бір жаман сөз сөйлесе, бірнеше рет
көрмегендей сыңай таныту керек. “Олай істеме!” демеу керек,
жазғырмау керек. Жиі жиі жазғырылатын бала батылданып жасырын істеп
жүргендерін де ашықша істей бастайды. Істеген жаман істерінің
зиянын өзіне жұмсақ тілмен түсіндіру керек, ескерту
керек! Істелген іс дінге қайшы болса, ол істің зиянын,
жамандығын және нәтижесін түсіндіріп, ондай жаман іске
тосқауыл болу керек.
Әке -
өзінің әке екендігін, үстемдігін білдіруі керек. Анасы
баласын әкесімен қорқытуы керек!
Бала
жалықпауы үшін күнде бір мезгіл ойнауына рұқсат
беру керек. Жалығудан және ренжуден жаман мінездер пайда болады
және адамның көңілі жүдейді. Баланың
ешкімнен ақша сұрауына рұқсат бермеу керек. Көп
сөйлемеуді, үлкендерге құрмет көрсетуді
үйрету керек. Жақсы адамдардың жақсылықтарын
айтып солардай болуға тырысуы керектігін және жаман
адамдардың жамандықтарын айтып, ондай болмау керектігін
үйрету керек.
Баланың
әр қалаған нәрсесін алып беру және сәнді,
салтанатты өмір сүруін қамтамасыз ету дұрыс емес.
Өйткені бала өскенде де әр қалағанына қол
жеткізе алатынын ойлап, оған ұмтыла беретін болады, ал бұл
жүзеге аспай қалған кезде өмірге ренжіп, қиялдары
қирап ешкімді тыңдамайтын құлақсыз қырсыққа
айналады. Өзіміз халал тамақ жегеніміздей балаларымызға да
халал тамақ беруіміз керек. Хараммен қоректенген баланың
денесі нәжіспен иленген қамырдай болады. Мұндай балалар
жамандыққа, опасыздыққа үйір болады.
Балаға ысырап
етпеуді, қанағатшыл болуды үйрету керек. Кейде
құр нанмен де күнелтуді әдеттендіру керек. Жаман
жерлерге баруына жол бермеу керек. Бала жаман адамдардың қасында
жүрсе, әдепсіздікпен ұятсыздықты, өтірік айтуды
үйренеді.
Отбасы тәрбиесіне қатысты
тәлім-тәрбиелік идеялар қазақтың халық
педагогикасында Қорқыт ата кітабында, Әбу Насыр
әл-Фараби еңбектерінде, Жүсіп Баласағұни, Сайф Сараи
шығармаларында, хандық дәуірдегі ақын-жыраулар
мұраларында, Ы. Алтынсарин еңбектерінде, Абай
Құнанбаев, А.Байтұрсынов, Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев
мұраларынан да елеулі орын алғанымен әлі толық зерттеле
қойған жоқ. Кейінгі кездерде отбасы тәрбиесіне
қатысты Х. Арғынбаев, Г. Уманов, К. Оразбекова, Ж. Қоянбаев,
З.Әбілова т.б. еңбектері бар.
Ата-ана — алғашқы тәрбиеші
балаға ең үлкен әсер етушілер. Ж.Ж.Руссо: “Балаға
соңғы тәрбиешінің әсерінен гөрі
алдыңғысынікі көбірек”, - деп тұжырымдаған.
Отбасылық
қатынастың ерекшеліктерін А.И.Захаров, А.С.Спиваковская,
А.Я.Варга, Э.Г.Эйдемиллер, Ю.Гиппенрейтер, М.Буянов, З.Матейчик,
Г.Хаментаускас, А.Фром, Р.Снайдер, т.б. ғалымдар зерттеген [2, 20].
А.Е.Личко отбасылық
қарым-қатынас мәселесін зерттей келе отбасындағы жайсыз
жағдайларды көрсетті (гиперопека, қараусыздық, “отбасы
пірі”, жетім қыз” жағдайы).
Бүгінгі таңда отбасылық
дағдарыстардың шиеленісуі, оның ішінде әке мен
баланың, анасы мен қызының тіл табыса алмау мәселелері,
нәтижелерінде қақтығыстардың, үйден кету
жағдайлардың мысалдарына жиі кезігіп жүрміз. Оның
зардаптары, жалпы жас қоғамымыз үшін, айқын
көрінуде. Оған себеп, отбасылық жылулыққа,
татулыққа деген саналы көзқарастың
жетіспеушілігі, мәдениеттің төмендігі. Мұның
өзі уақыт талабына сай ізгіліктік негізінде отбасылық
жағымды қарым-қатынасты қалыптастыру қажеттілігі
мен психология практикасында бұл
мәселенің жеткілікті зерттелмеуі арасында қарама-қайшылықты
тудырады.
Отбасы — неке
негізінде немесе қан жағынан туыстас шағын топ, олар
өзара көмек көрсету, жауапкершілік алу және
тұрмыстық жалпылылықта байланысады (Эйдемиллер, Э.Г.Юстицкий
В.В., 1990) [3].
Отбасы балаға ықпал етеді, оны қоғамдық
өмірге жетелейді. «Отбасының тәрбие институтты ретінде
маңызы онда бала өз өмірінің маңызды
бөліктерін өткізеді және де тұлға ретінде
қалыптасуына ықпал ету ұзақтығы жағынан
басқа тәрбие институттарына бой бермейді» деп көрсетті
Шужебева А.И өз зерттеу жұмысында.
Қазіргі таңда отбасы
қызметінің ортақ топтамасы немесе жіктемесі жетік түрде
толық жасалмаған. Мысалға, Г.М.Свердлов және
В.Л.Ресенцев (1958) отбасының маңызды қызметтеріне ұрпақ
жалғастыру, тәрбиелеу, шаруашылық және өзара
көмек көрсету қызметтерін айтады.
70-шы жылдары басты назар отбасындағы
қарым-қатынас пен оның тұлға қалыптасу
процесінде алатын орны туралы Б.П.Парыгин, А.Г.Харчев. Ол әйел
адамның кәсіби іс-әрекетімен отбасы жағдайындағы
міндеттерін үйлестіре білу сипаты және де отбасы өміріне
қалай ықпал етеді» деген тақырыптарда С.Голод, З.Янкова т.б.
зерттеді.
70-шы жылдардың аяғына қарай
отбасы мен неке психологиясында неке жұптарындағы
әлеуметтік-перцептивті үрдістерді зерттеп, анықтаған
Ю.Е.Алешина, «қалалық отбасыларда некелік рольдерді бөліп
беруді», З.И.Янкова және т.б.
қарастырды. Отбасы ішіндегі қарым-қатынастың даму
заңдылықтарын саналы түрде түсіну талпыныстары
жасалды,зерттегендер мысалға А.А.Бодалев, Н.Н.Обозов және т.б.
Соның қарым-қатынасындағы маңызды обьект
бала. Бала қай жас ерекшелік кезеңінде болмасын, ол әрдайым
отбасының яғни ата-ананың қамқорлығын
қажет етеді.Сол кезеңнің бірі яғни бала өміріндегі
толқымалы кезең студенттік
кезең [2].
Қазіргі зерттеулерде отбасына байланысты
оның әртүрлі аспектілерін қамтиды: тұлға
дамуының негізгі көздері мен механизмдері туралы зерттеген
ғалымдар Фельдштейн Д.Л.Кондратьев және т.б.
тұлғалық жаңа құрылымдардың
ерекшеліктері туралы шетелдік ғалымдардан Кон И.С. Дубровина Р. зерттеді,
ал жас ерекшелік дағдарысының құрылымын зерттегендер
Гаврилова Г.П., Драгунова Т.В. және т.б, ал танымдық
эмоциялық – еріктік және мінез-құлықтың
ерекшеліктерін Кучинский, жеке тұлғаның өзіндік
сананың құрылымы мен қызметі туралы Баруалкина В.В.
тұлғаның анамальды даму механизмдері туралы Дозорцева Е.Г
сияқты ғалымдар зерттеді.
Отбасы туралы басқа
көзқарас А.И.Захаровтың пікірлерінде жазылған.
«Әлеуметтік психологияда «Бастапқы топ» деген түсінік бар.
Бұл топтағы байланыстар топ ісіне оның
мүшелерінің тікелей келісімдеріне, эмоционалдық
әсерлерінен құрылады, оның қатысушыларының
жоғары дәрежедегі бірігуін қамтамасыз етеді. Мұндай
бастапқы топ — отбасы болып табылады, ол жаңа мүшелердің
сырттай «тәсілдерінің» арасында емес, балалардың
дүниеге келуі арасында көбейіп, өсетін жалғыз топ»
Отбасы қатынасының
категорияларына құрылған отбасы анықтамаларының
ішінде А.Г. Харчев берген анықтама ерекшеленеді: «Отбасы — бұл
кішкентай топ ретінде ата-аналар мен балалар арасындағы өзара
қарым-қатынастың нақты тарихи жүйесі, оның
мүшелері некелік немесе туысқандық қатынаспен,
тұрмысының ортақтығымен және өзара
моральдық жауапкершілікпен байланысқан және
халықтың рухани туындыларымен қоғам сұранысына
негізделген әлеуметтік қажеттілік».
А. И. Антонов отбасын
«адамдардың біріккен жалпы отбасылық ортақ әрекетіне
негізделіп, ата-ана-туысқандық желілермен байланысқан
және балалардың өсіп-жетілуі мен отбасы
мүшелерінің өмір сүруін қолдау» деп
түсіндіреді [2].
Отбасылық қатынас жеке
тұлға мен қоғамның өзара байланысында
қарастырылады. Бұл бағыттың негізін салушылар мен
жақтаушыларына У. Джемс, Ч. Кули, У. Томос, Ф. Знанецкий, Ж. Пиаже, З.
Фрейд және т.б. жатады.
Қандай да болмасын жолдың
алғашқы қадамынан басталатыны сияқты, адамның
жеке тұлғасының қалыптасуы да отбасынан басталады.
Отбасы — бұл адамға өмірлік
құндылықтар жайында түсінік беретін алғашқы
ұжым. Адам қандай дәрежеге жетеді, жалғыз
тұлға бола ма немесе адамгершілік тұрғыдан кеміс болып қалыптасады
ма, мұның бәрі көбіне ол адамның балалық
шағында қаншалықты дұрыс ата-аналық тәрбие
алғанымен байланысты. Қарым-қатынас —
адамзат өмірінің аса маңызды және негізгі сферасы
болып, соның нәтижесінде тұлғааралық байланыс
орнығып, өзара мәміле қалыптасып дамиды.
Қарым-қатынас дегеніміз өзара пікір алмасу, сезім
әлемінде бірлесіп ләззат алу, қайғы, қуанышта
ортақтас болу секілді кең ауқымды эмоция спектрлерін
қамтиды. Қарым-қатынас барысында екі не бірнеше
психологиялық жүйе, екі не бірнеше рухани әлем және
ой-пікір, сана-сезім, мінез-құлық,
қылық-жорықтар арасында келісім, не өзара түсінік
тұрғысында, не болмаса қақтығыс, талас-тартыс,
қарама-қайшылық тұрғысындағы мәміле
үрдісі іске асады. Отбасы қарама-қатынасында, олардың
ішінен келісім, өзара түсіністік, бірінің екіншісіне бой
сынуы, бірінің екіншісін құптауы секілді
қарым-қатынасының қазіргі кездегі басты ерекшелігі — әр тұлғаның мейлі
балалары, мейлі ересектері болсын, мағлұмат байлығы
(информационное богатство) болып, өзара қарым-қатынас осы
мағлұмат алмасу кезінде өте тығыз орнығуы
ықтимал.
Сонымен, отбасы белгілі
дәстүрлердің, жағымды өнегелердің,
мұралардың сақтаушысы. Онда
бала алғаш рет өмір жолымен танысады, моральдық нормаларын
игереді. Сондықтан отбасылық өмір - жеке адамның азамат
болып өсуінің негізі. Отбасы ғасырлар бойы адам баласы
тәрбиесінің құралы болып келеді. Сондықтан ол адам
үшін ең жақын әлеуметтік орта.
Отбасы - оқыту мен тәрбие жұмысындағы мектептің
одақтасы. Ол бала тәрбиесі жөнінде мектеппен тығыз
байланысты болуды өте жақсы түсінеді. Бала
тәрбиесінің отбасында, мектепте нәтижелі болуы
ынтымаңтастыққа негізделеді [4].
Отбасы тәрбиесі - бұл
қоғамдық тәрбиенің бір бөлігі, мемлекет
алдындағы ата-аналардың борышы. Үкімет отбасына үнемі
қамқорлық жасауда. Қамқорлықтың
түрлері: балалар мекемелері жөнінде халықтың
қажеттілігін толық қанағаттандыру, балалардың еңбек,
спорт лагерьлерінің, жас натуралистер станцияларының,
ғылыми-техникалық және көркем шығармашылық
үйірмелерінің жұмысын кеңейту; ананы, балалық
шақты қорғауға ерекше көңіл бөлу,
отбасы мүшелерінің демалуы үшін санаториялардың,
демалыс үйлерінің жүйесін кеңейту; аналар
жағдайын еске алып, өйелдердің халық
шаруашылығына қатысуын үйлестіру. Сондықтан отбасындағы
басты мәселелердің бірі - баланың тіршілік әрекетін
ұйымдастыру, сол арқылы тұлғасының дамуына
ықпал ету.
Әдебиеттер:
1. Қиын өмірлік жағдайға тап болған отбасылар
мен балаларға мекенжайлық әлеуметтік-психологиялық
көмек көрсетуді ұйымдастыру бойынша ұсыныстар. –
Өскемен, 2009
2. Никандров Н.Д. Ценности как основа целей воспитания //
Педагогика, 1998, №3, с.3-10.
3. Эйдемиллер Э.Г., Юстицкис В. Психология и психотерапия семьи - 3-е изд. -
СПб.: Питер, 2002. - 656 с
4. Табылдиев Ә. Халық тағылымы. – Алматы: «Рауан», 1994