Т.ғ.д. Кушнир В.Г., аға оқытушы Бекмухамбетова Ж.К.

А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті

Көң жинауды механикаландыру

 

         Мал шаруашылық фермаларын кешенді механизациялауда көңді шығару технологиялық процессі маңызды орын алады. Көңді шығару машиналарының өнімділігін арттыру мақсатында жасалады. Мал шаруашылығы, ауыл шаруашылығы жалпы өнімдерінің жартысынан көбін беретін маңызды саласы болып табылады. Ет, сүт, жұмыртқа халықтың қоректенетін негізгі өнімдері және ақуыздың басты көзі болып табылады. Оларсыз сапалы қоректену мүмкін емес. Мал шаруашылығы өнеркәсіп үшін бағалы шикізаттар түрлерін береді: жүн, тері, елтірі және т.б. Мал шаруашылық сапаларының дамуы жыл бойы еңбектік және заттық қорларды ауыл шаруашылығында өнімді қолдануға мүмкіндік береді. Мал шаруашылық салаларында өсімдік шаруашылығының қалдықтары қолданылады, бағалы органикалық тыңайтқыштар – көң және сұйық қи жасалады. Соңғы жылдары мал шаруашылық өнімдерінің меншікті салмағы ауыл шаруашылығының жалпы өнімдерінің түбегейлі 45% құрайды. Мал шаруашылығының дамуы тұрғындардың қоректену бағалығын және еңбекшілердің әл – ауқаттарының көтерілуін анықтайды. Оның өнімділігі малдың күтілуі мен гигиенасына байланысты. Мал шаруашылығының қора – қопсаларын көңнен тазалау технологиялық процесінің де маңызы аз емес, көңді шығаруды жүйелі және сапалы жүргізу қажет. Бұл үшін тиімді және өнімділігі жоғары машиналар болуы керек. Өндірістердің қарқындалуы мен мамандандырылуы мал шаруашылығының жаңа, жетілдірілген қалыпқа көшуіне өнеркәсіптік процестері толық механикаландырылған және электрлендірілген, еңбекті ұйымдастырудың озық тәсілдерін жаңа техникалар мен өнеркәсіптік технологиялар базасында мал күту мен тамақтандырудың тиімді әдістерін енгізуге мүмкіндік береді.

         Ұсынылған машина мал шаруашылық және құс шаруашылықтарының қора – қопсаларынан сұйық және жартылай сұйық, саңғырық шығарып және артуға арналған құрылғыға жатады.

         Сұйық және жартылай сұйық көң шығаратын құрылғы қабырғалары өз ара кезектесіп орналасқан антифриз материалы мен бетоннан бойлық тілімдермен жасалған бойлық және көлденең көң шығару каналдарынан жасалған үш бұрыш ішіне орналасқан, үсті тормен жабылған тасымалдағыш жұмысшы мүшесінен тұрады. Жұмысшы мүше икемді цилиндрлік винт тәріздес жасалып, бос бір ұшы каналдың басында, жетегі өнімді түсіретін жағына орналасады. Антифриз материалынан жасалған тілімдер көң каналын бойлап жұмысшы мүшемен жанасатын сызықтық бойына орналасқан, ал жетек білігі шашырауды тойтарғыш қалқаншасы арқылы өтеді [1].

         Мұндай құрылғының көңді шығару өнімділігі жоғары емес, себебі икемді цилиндрлік винт тәріздес жұмысшы мүшеге сұйық және жартылай сұйық көң және саңғырық шығару кезінде тұрақсыз жүктемелер әсер етеді. Икемді цилиндрлік винттер мен көңдік каналдардың параметрлері оның ұзындығы бойынша тұрақты болғандықтан көң каналдар бойымен жылжыған кезде каналдың бірлік ұзындығына келетін меншікті көлем өседі. Бұл каналдардың шамадан тыс толып көңнің тордан шығып кетуіне, яғни көңнің жылжуына кедергі және үдеріс энергия сиымдылығы артады. Сонымен қоса көңнің құрамындағы қатты бөлшектердің жұмысшы мүше мен каналдың қабырғасының арасына тұрып қалу мүмкіндігі артады. Соңғы жағдайда бос ұшының айналу күші көп есе артқандықтан икемді цилиндрлік винттің осі өзінің бастапқы қалпынан ауытқиды. Бұл икемді цилиндрлік винттің бос ұшының солқылдап торға соғылып жануарларға қатты әсер етіп, олардың өнімділігін азайтып, ауруға соқтыруы мүмкін.

         Осыны ескере отырып сұйық және жартылай сұйық көң мен саңғырықтарды шығарудың өнімділігін арттыратын, сонымен қатар малға көрсетілетін кері әсерлерді және энергия сиымдылықты төмендететін міндет пайда болды.

         Бұл міндет қабырғалары өз ара кезектесіп орналасқан антифриз материал мен бетоннан бойлық тілімдермен жасалған бойлық және көлденең көң шығару каналдарынан жасалған үш бұрыш ішіне орналасқан, үсті тормен жабылған тасымалдағыш жұмысшы мүшесі бар сұйық және жартылай сұйық көң шығаратын құрылғымен шешіледі. Жұмысшы мүше икемді цилиндрлік винт тәріздес жасалып, бос бір ұшы каналдың басында, жетегі өнімді түсіретін жағына орналасады. Антифриз материалынан жасалған тілімдер көң каналын бойлап жұмысшы мүшемен жанасатын сызықтық бойына орналасқан, ал жетек білігі шашырауды тойтарғыш қалқаншасы арқылы өтеді. Жұмысшы мүше икемді цилиндрлік винт тәріздес, қадамы мен шыбықтық диаметрі жетек бағытына қарай азаятын бір кірімді цилиндрлік қысу серіппесі.

         Мал шаруашылығының қора қопсаларынан сұйық және жартылай сұйық көң шығаратын құрылғыда қабырғалары өз ара кезектесіп орналасқан антифриз материалы мен бетоннан бойлық тілімдермен жасалған бойлық және көлденең көң шығару каналдарынан жасалған үш бұрыш ішіне орналасқан, үсті тормен жабылған тасымалдағыш жұмысшы мүшесі бар. Көң каналдарының және көлденең қимасы үш бұрыш пішінді және үсті тормен жабылған. Жұмысшы мүшесі икемді цилиндрлік винт тәріздес, қадамы мен шыбықтық диаметрі жетек бағытына қарай азаятын бір кірімді цилиндрлік қысу серіппесі, өнімді шығаратын жаққа орналасқан, антифриз материалынан жасалған тілімдер көң каналдарын және бойлап жұмысшы мүшемен жанасатын сызықтық бойына орналасқан, ал жетек білігі шашырауды тойтарғыш қалқанша арқылы өтеді.

         Құрылғы келесідей жұмыс атқарады: сұйық және жартылай сұйық көң тор арқылы көңдік каналға түсіп, жұмысшы мүшемен қармалады да, көлденең көң каналымен жылжиды. Көң каналдан шығуға жылжыған сайын икемді цилиндрлік винт тәрізді жұмысшы мүшеге әсер ету қарқыны жетек бағытында винттің қадамы азаюы есебіне тұрақты көбейеді. Бұл көң каналының толып кету мүмкіндігін болдырмайды, өнімділігін көтереді, көң шығару процесінің энергосиымдылығын төмендетеді, көңнің құрамындағы қатты бөлшектердің жұмысшы мүше мен каналдың қабырғасының арасына тұрып қалу мүмкіндігін азайтады.

         Құрылғының қосылу мерзімінің азаюы, икемді цилиндрлік винттің бос ұшының солқылдап торға соғылмауы, көңнің цилиндрлік винттің ұзындығы бойына бірқалыпты таратылуы, малдарға кері әсерін көрсетпейді, олардың өнімділігі артады және ауру азаяды. Жұмысшы мүшемен көң көлденең канал арқылы қорадан шығарылады. Көңді шығару процесі қалыпты өтуі үшін алдымен көлденең каналдағы жұмысшы мүшені қосып, содан кейін ғана бойлық каналдағы жұмысшы мүшені қосу қажет.

 

Пайдаланылған әдебиет:

1. Ресей Федерациясының жасалымына патент №2210887 С2, МПК А 01К1/06.Бюл. №24, 2003.