Мал азықтық
өсімдіктердің барлық түрлерінен сүрлем дайындауға болады. Бірақта белгілі
өсімдік топтары сүрлемдік дақылдар болып бөлінген. Олар көк балаусасының өнімі
жоғары және тұрақты, қоректілігі жақсы, астық дақылдарының жиыны басталғанша
сүрлемге салуға дайын болуы шарт. Негізгі сүрлемдік дақылдарға жүгері,
күнбағыс, африкалық тары, құмай, жер алмұрты, мал азықтық қырыққабат жатады.
Бұдан басқа сүрлемнің қоректілігін көтеру үшін құнарлығы жоғары бұршақ
тұқымдастарын (шығыстың ешкі шөбі, эспарцет, мүйіз бас шөп т.б.), картоп, мал
азықтық сәбізді және де жаңа сүрлемдік өсімдіктерді (аю балдырғаны, құлқайыр,
марал шөп тамыры т.б.) пайдалану өте орынды [1].
Өсіру
агротехникасының ғылыми жетістіктерін сақтап өндіріске енгізе отырып аңыздық
және шабыннан кейінгі себілген дақылдардан мол көк балауса өнімін алуға болады.
Шабыннан кейінгі егістік ретінде көптеген сүрлемдік дақылдарды өсіреді. Оларды
алғашқы үсік түскенге дейін жинайды. Біздің республикада, әсіресе оңтүстік
аймақтарда, шабыннан кейін сүрлемге жүгеріні, күнбағысты, жер алмұртын,
құмайды, мал азықтық қарбызды т.б. себуге қолайлы.
Жасыл
өсімдіктер сыртында, вегетация кезінде эпифит микроорганизмдер тіршілік етеді.
Олар негізінен топырақтан түседі де, өсімдіктер сыртынан қоректік заттар тауып,
тіршілік етеді; жыл маусымына, ылғалдылыққа және өсімдіктердің түріне
байланысты сандар мөлшері өзгеріп отырады. Бұлардың ішінде көбірек таралғаны –
спора түзбейтін таяқша сапрофит бактериялар. Олардың ішінде: сүт қышқылы
бактериялары, ішек таяқшалары, зең саңырауқұлақтары мен ашытқы саңырауқұлақтар
кездеседі.
Шырынды
мал азығын даярлау үшін сүрлеу әдісін қолданады. Сүрлеу дегеніміз –
микробиологиялық және химиялық факторларды пайдалана отырып, жемшөпті
маңызды биологиялық қосылыстармен байыту және сақтау. Сүрлеудің артықшылығы
ылғал жемшөпті ауа райының жағдайларына байланыссыз шырынды күйінде сақтауға
мүмкіндік береді. Пішенге арнап жиналған шөпке қарағанда сүрлеу процесі
шөптегі қоректік заттардың шығынын кемітеді. Сонымен бірге мұнда микробтар
көмегімен түрлі органикалық қышқылдар, витаминдер, амин қышқылдары түзіліп, азық
сапасы едәуір жақсарады. Онда кейде спирт
те кездеседі. Сапалы сүрлемде сүт қышқылы — 15%-дай болады. Осы сүт қышқылының көмегімен азық ұзақ уақыт бұзылмай
сақталады, яғни конвервіленеді. Әрине сүт қышқылының қажетті мөлшерде түзілуі
үшін сүрленетін азықта жеткілікті мөлшерде қант пен оның эпифит
микроорганизмдерінің құрамында сүт қышқылы бактериялары мол болуы тиіс [2].
Жалпы
сүрлем даярлаудың екі әдісін ажыратады: салқын әдіспен жемшөпті
сүрлегенде онда температура +30°,+35°-тан аспайды. Бұл үшін көк шөпті шауып,
турап, тез арада сүрлем қоймасы – орға салып, әбден нығыздайды, үстінен ауа
енбейтіндей етіп, қымтап жабады. Сонда сүрлемде тез арада органикалық
қышқылдар, соның ішінде басым көпшілігі сүт қышқылы түзіледі. Ғалымдардың
анықтауы бойынша сүрленетін жемшөпте рН-ты 4,2 жеткізуді қамтамасыз
ететін сүт қышқылының түзілуіне қажетті қанттың пайыздық мөлшерін «қант
минимумы» деп атайды. Бұл теорияның көмегімен өсімдіктердің сүрленгіштігін
алдын ала анықтауға болады және ол барлық өсімдіктерді сүрлену дәрежесіне
байланысты үш топқа бөлуге мүмкіндік береді.
Оңай сүрленетін өсімдіктер. Бұл өсімдіктердегі қант
мөлшері, сүрлемге қажетті қышқыл түзуге керекті қант мөлшерінен
әлдеқайда көп болады. Екінші сөзбен айтқанда, азықтардағы қант мөлшері
«қант минимунынан» артық. Оларға: жүгері, африкалық тары, құмай, судан шөбі,
күнбағыс, капуста, қарбыз, сұлы т.б. жатады.
Сүрленуі қиын өсімдіктер. Мұнда сүрлемге қажетті сүт
қышқылы түзілетін қант мөлшері өсімдіктердің сүрленуіне жеткілікті
мөлшерде ғана болады. Оларға: сиыржоңышқа, қызылбас беде, картоп және қант
қызылшасы, сабақ-жапырақтары, қамыс, жусан т.б. өсімдіктер жатады.
Өсімдіктердегі қант толық сүт қышқылына айналады. Өйткені сүт қышқылы
бактериялары да сүрлемдегі қантпен қоректеніп, өсіп дамиды. Демек екінші
топтағы өсімдіктерді сүрлегенде, оны шіруден сақтап тұра алатындай сүт қышқылы
түзілмейді. Сондықтан бұл топтағы өсімдіктерден сапалы сүрлем алу үшін
сүрлеудің арнаулы тәсілдерін (химиялық консервілеу, бұқтыру, бактериялы
ашытқылар қосу т.б.) қолданылады.
Жеке
сүрленбейтін өсімдіктер. Бұл өсімдіктерге сүрлемді шіруден сақтап тұратын сүт қышқылын
түзуге қажетті қант жетіспейді. Оларға жантақ, мия, қалақай, соя, қызанақ,
қауын және қарбыздың жапырақ-сабақтары жатады. «Қант-минимумы» теориясының
дұрыстығын еліміздің көптеген ғылыми мекемелерінде жүргізілген тәжірибелер
дәлелдеді. Әдетте өсімдіктердегі қант минимумы, ондағы нақты қант
мөлшеріне сай келмегенде сапалы сүрлем алуға болмайды. Сондықтан бұл екі
көрсеткіштің арасында бір байланыс болу керек.
Бактериялардың
ылғалды жерде ғана тіршілік етіп, дами алатыны мәлім. Сондықтан өсімдіктің бойында
ылғал неғұрлым аз болса, соғұрлым ашу процесі де баяу жүреді. Сапалы сүрлем
алуға қажетті ылғалдылық 70-75%-дан артпауы тиіс.
Сүрлемдегі органикалық қышқылдардың арақатынасы мен
мөлшері
|
Сүрлем сапасы |
Органикалық қышқылдар мөлшері, % |
|||
|
рН |
Сүт қышқылы |
Сірке қышқылы |
Май қышқылы |
|
|
Сапалы сүрлем |
4,0-4,2 |
2,2-2,4 |
0,6-0,80 |
Жоқ |
|
Орташа сапалы сүрлем |
4,3-4,6 |
1,3-1,5 |
1,0-1,2 |
0,1-0,15 |
|
Сапасыз сүрлем |
4,7 және одан да жоғары |
1,0-1,2 |
0,8-1,0 |
0,8-1,1 |
Бұл
– органикалық қышқылдардың тез арада жиналып, азықтың оңай консервілеуіне
көмектесетін жағдай. Ылғал артқан сайын сүрлемде май қышқылының мөлшері артып,
сүрлемнің сапасын нашарлатады.
Мал
азықтық ашытқы саңырауқұлақтарды көбінесе құрама азықтарға қосып малға, құсқа
береді. Сонда оның бұл азықтағы мөлшері 3-5%-дай болу керек. Іс жүзінде малдың
бір килограмм тірілей салмағына бір грамдай ашытқы құлақтар пайдаланылады.
Ашытқы
саңырауқұлақ азықтық дәмін жақсартады және түрлі витаминдерге байытады. Сонымен
қатар мұндай азықтарда белгілі мөлшерде сүт қышқылы да жиналды. Соның
нәтижесінде мал қышқыл азықты аса сүйсініп жейді. Азыққа ашытқы
саңырауқұлақтарды қосу барысында құрғақ затқа шаққанда белок мөлшері
13-17%-ға артатыны дәлелденеді.
Елімізде
астық өндіру – ауыл шаруашылығының барлық салаларының қарқындап жамуына жол
ашады және сонымен бірге оның негізгі бір көзі болып саналады. Астықты жинау
науқанында жауын – шашынның болуы, алынатын дән сапасының төмендеуіне әкеліп
соқтырады. Үймедегі ылғал да тез қызып кетеді. Онда микроорганизмдердің
бірқатар топтары тіршілік ете бастайды. Сөйтіп, ылғал дән өте күшті “тыныс
алады” да, онда едәуір мөлшерде көмір қышқыл газы бөлінеді. Мәселен, ауа
бармайтын жерде сақталған дәннің әрбір 100г. Құрғақ затына шаққанда
бөлінетін көмір қышқыл газының мөлшері 1,02г болады. Егер
осы дәнді натрий метабисульфитімен өңдесе, онда газ мөлшері 0,008 г-ға
дейін азаяды.
Республикамыздың
дән балансында мал азығына арналған мал азақтық дәндердің мөлшері жыл санап
артуда.
1. Микробиология негіздері. Дарқанбаев., Шоқанов. Алматы.
1996ж.
2. Микробиология. Шоқанов. Алматы. 1997ж.