Өсімдік
биттерінің «бал сөлі» туралы
Әбдіхалықова Достықгүл
Сәдірқызы
Биология пәнінің мұғалімі,
Қазақстан
Табиғатта әрбір тірі ағза бөлек өмір
сүрмейді. Оны басқа көптеген тірі табиғат
өкілдері қоршап жүреді және олардың барлығы
бір-біремен тығыз байланыста тіршілік етеді. Ағзалар
арасындағы арақатынас пен олардың өмір сүру
жағдайларына әсер ететін табиғат құбылыстары
болады. Табиғат құбылыстарында бір ағзалардың
өмір сүру әрекеттері екіншілеріне әсер етуі
жағдайлары бар. Табиғатта екі не одан да көп
түрлердің бірігіп өмір сүруі жиі кездеседі. Ол
көптеген жағдайларда екеуіне де қажет болып табылады.
Бұндай бірге өмір сүрушілік ағзаның симбиотикалық
(«сим»- бірге, «био»-өмір) арақатынасы деп аталады. Әр
түрлі жануарлар арасындағы арақатынастар әсері
жағымды және жағымсыз болуы мүмкін. Бір-біріне жағымды арақатынастар
көбіне пайда келтіреді. Бірігіп тіршілік ету арқылы пайдасын
тигізді. Өсімдік биттері мен құмырсқалардың
селбесуіне тоқталайық.
Өсімдік биттеріне келсек,
олардың 4000-ға жуық түрі белгілі,
соның ішінде 1000-ға жуығы Еуропада мекендейді. Барлық өсімдік
биттері өсімдік
сөлімен қоректенеді. Бұдан басқа, көптеген
түрлері өсімдік ауруларын таратады. Өсімдік биттері – кішкентай жәндіктер, көлемі бірнеше миллиметрден
аспайды. Оны «ағаш биті» деп те атайды. Тек кейбір түрлері
ғана 5-7 мм-ге дейін өсе алады. Өсімдік биттерінде өсімдік
жапырағы мен сабағын тесуге әдейі арналған
құйрығы болады. Қанаты жоқ және
қанаты бар түрлері болады. Біріншілері өздері көбеюмен
қамтамасыз етілген, ал екіншілері қожайындары көмектеседі.
Өсімдік биттері көбіне көмірсутектері мол
өсімдік сөлімен қоректенеді және барлығынан
бұрын оның құрамындағы амин
қышқылдарын қажет етеді. Сонымен бірге олар көп
көлемде тәтті «бал сөлін» бөледі, мұнысымен
әр түрлі басқа жәндіктер мен омыртқалыларды өзіне тартады.
Өсімдік биттерінің 10 туысы бар.
Соның өмірде көп кездесетін түрі – нағыз
өсімдік биті. Ол 1802 жылы табылған.
Күнде көріп жүрген құмырсқалар мен бірге тіршілік етеді.
Құмырсқалармен симбиоз, яғни бірге өмір
сүру тән. Кейбір құмырсқалар өсімдік
биттерін (мирмекофилия)
қорғайды («бағады») және одан жауапты канты бар
бөлінділер алады. Құмырсқалар өсімдік
биттерінің тәтті шірнесіне тез жиналады.
Өсімдік биттері мен
құмырсқаларда мутуализм арақатынасы бар.
Құмырсқалар өсімдік биттерінің бөлінетін қантты «бал сөлімен»
қоректенеді. Керісінше, құмырсқалар өсімдік
биттерін жыртқыштар мен паразиттерден қорғайды. Шынында,
бал құмырсқалары өсімдік биттерінің денсаулығы
сау болу үшін өте қызықты,
таңғаларлық
әрекеттер жасайды. Өсімдік биттері өзі мекендейтін өсімдіктің
қантқа толы сұйықтығын сорып алады. Бұл
сұйықтықтың құрамында азот аз
болғандықтан, өзіне жеткілікті болатын азық алу
үшін он өсімдік биті оны өте
көп мөлшерде алады. Содан кейін сондай көп мөлшерде
құрамында қант мөлшері жоғары «бал сөлі»
деген қалдық шығарады. Қант бар жерде де
құмырсқалар болады. Кейбір құмырсқалар
қарны өте ашқан кезде, олар бал сөлін алу үшін
тіптен өсімдік битін «сауады». Ол
үшін құмырсқалар мұртшаларымен өсімдік
битін сипайды! Кейбір жағдайларда, өсімдік биті бұған
үйреніп кетіп, сөлді өз бетінше шығару
қабілетінен айырылды.
Құмырсқалар өз өсімдік битін «бағады», олардың дұрыс тамақтануы мен
қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Мекен етіп жүрген
өсімдікте азық таусылса, құмырсқалар оларды
жаңа өсімдікке апарады. Егер жыртқыш жәндіктер немесе
паразиттер өсімдік
биттеріне
зиян жасауға тырысса, құмырсқалар оларды
жан-тәнімен қорғайды. Кейде құмырсқалар
қан қызы сияқты жыртқыш жәндіктердің
жұмыртқаларын бұзуға дейін барады. Өйткені
қан қызы көбейіп өсімдік биттеріне қауіп төнбесін деп ойлайды.
Бал
құмырсқаларының кейбір түрлері қыс кезінде
де өз өсімдік биттеріне қамқор
жасауды жалғастыра береді. Олардың жұмыртқаларын
үйіне апарып, өз ұясында тығып қояды. Оларды жылы
жерде, ылғал жерде сақтайды да, егер бұл шарттар
бұзылса, басқа орынға тасиды. Көктемде өсімдік
биті жұмыртқасынан
шыққанда, оларды
өсімдікке апарып қоректендіреді.
Құмырсқалар
өсімдік биттерін
жалпы қамқоршысы болып келгенімен
де, олар өз пайдасын әрқашан ойында ұстайды. Өсімдік
битінде негізінен
қанат жоқ, бірақ белгілі бір табиғи жағдайлар
оларда қанат пайда болуына әсер етуі мүмкін. Егер
оладың саны тым көп болса
немесе азық көзі
таусылса, қанаты бар өсімдік биті
жаңа жерге ұщып кетуі мүмкін. Өз азығын
жоғалтқысы келмейтін құмырсқалар өсімдік биттерінің енді дамып келе
жатқан қанаттарын жұлып тастайды. Бұл өсімдік
биті үшін пайдалы. Өйткені олар ұшып кетсе,
құмырсқалар оны қорғай алмай, басқа
жыртқыштар оларды жойып жібереді.
Құмырсқалар өсімдік биттерін «сауатынын» Карл Линней
білген болатын. Сондықтан ұлы ғалым өсімдік
битін құмырсқаның сиыры деп
атаған. Бірақ тек қана 100 жылдан соң 1861 жылы, неміс
натуралисті Хубер бұл симбиоздың қызық түрін
терең зерттеп, бейнелеп берді.
Өсімдік биті
құмырсқаларды қантымен тартады. Қант, яғни
оның ерітіндісі біз білетіндей
өсімдік биттері қарнының артқы бөлігінен
шығарады. Шынында бұл эксперементтер, тек өте тәтті:
қант сиропына айналдырылған (диастаза ферментінің
әсерінен) өсімдік сөлі. Өсімдік биті оларды сондай
көп мөлшерде сорады – оны толығымен қорытып,
сіңіруге үлгермейді.
Кейде өсімдік битінің қарнының соңында
кішкентай тәтті тамшы қалып қояды. Өсімдік биті оны
артқы аяқтарымен өзінен итеріп, әрменірек лақтырады.
Тамшылар жапырақтар мен өсімдік сабағына түседі де,
оларды тәтті жылтыр жабын жабады.
Осы өсімдік биттерінің шығаратын
заттарын немістер «бал сөлі» деп атайды. Құмырсқалар
осы сөлді ұнатады. Басында олар оны жапырақтардан жалап
жейтін, кейін оны бірден өсімдік биттерінің қарнынан алып алуға
үйренген. Содан соң құмырсқалар мен өсімдік
биттерінің қарым-қатынастары
тығызырақ болды: өсімдік биттерінің көптеген
түрлері жақын жерде құмырсқалар жүрсе,
тәтті бөлінділерді шашыратып шығармайды, құмырсқалар
өздері келгенше күтеді.
Бұрыннан құмырсқалармен симбиозда өмір
сүретін өсімдік биттері «балын» шығара алмайтын болып
қалған. Құмырсқа оны мұртшалармен қыдықтайды
– сауады. Сонда өсімдік биті тәтті
сұйықтықтың тамшысын шығарады.
Құмырсқа – шопан оны бірден ұстап алып, сабақпен
төмен қарай жүгіреді. Өзінің бауыр
құмырсқасын кездестіреді де, оны тоқтатады. Шамалы
уақыт олар бір нәрсе туралы кеңеседі, сосын мұртшаларымен
«амандасқандай» болады. Содан кейін құмырсқа-шопан
екіншісіне тәтті жүкті береді де, өзі қайтадан
өсімдік битіне асығады. Өсімдік битін жиірек
қыдықтаған сайын, ол көбірек тәтті сөл
өндіреді.
Кейбір өсімдік биттерін құмырсқалар
«сауған» кезде, шамамен әрбір минутта бір тамшы шығарады. Ол
үзілмей жапырақтан құмырсқаның аузына
өсімдік сөлін бөледі.
Қара ағаш құмырсқасы жазда 5,107 литр
(6,454 кг) «сүт сауады». Оның 20 мың өсімдік биттерінен
тұратын колониялар көне кесілген ағаштар ішінде
орналасқан.
Сорғыш бақша құмырсқасы басқа
түрдің өсімдік биттерімен бірлесіп тіршілік етеді.
Олардың илеуі үлкен емес:
оларда шамамен 4 мың құмырсқа бар және
соған орай жазда 1,7204 л (2,145 кг) сүт береді.
Құмырсқа сұйық өнімін таситын
«сүт құятын» мөлшері
қара ағаш құмырсқасында 2 куб мм, ал бақша
құмырсқасында кішірек – 0,81. Бірінші түрдің
құмырсқасы илеуіне 5 литр тәтті «сүт» әкелу
үшін, 2 124 000 рет жайылымға және керісінше жол
жүріп өті керек, ал бақша құмырсқасы сол
жолды 2 553 000 рет жүреді.
Әрине, өсімдік битін бір ғана
құмырсқа саумайды, шамамен жұмысшы
құмырсқалардың 15-20 проценті. Сонда да әр
ағаш құмырсқасы жазда жайылымға 500 рет, ал
бақша құмырсқасы 2 жарым мың рет барады:
күніне 25 рет ол онда барып-қайту керек екен!
Құмырсқалар өсімдік биттерін тек
қана сауып қана қоймайды, оларды одан басқа тағы
да көп жұмыстары бар.
Күзде оларды ұядағы жылы жерге апару керек. Көктемде
жайылымға шығару қажет.
Өсімдік биттерін жауларынан және жағымсыз ауа
райынан жақсырақ қорғау үшін
құмырсқалар өсімдік сабақтарын топырақпен
жауып, олардың үстіне жеркепелер салады. Олардың астында
өсімдік биттері толық қауіпсіздікте өсімдік сөлін
сорып жатады. Жеркепелердің кіретін және шығатын жерлерін
жақсы қорғайды. Өсімдік биттеріне жасалынған қорғаныштарды
көп көруге болады.
Егер құмырсқалардың бәйтерек
түбіріндегі терең ұяларын ағаш қалдықтарынан
жасалған қорғаныштарын бұзса, онда өсімдік
биттерін көруге болады.
Қорқып кеткен өсімдік биттері ағаштан құйрықтарын шығаруға
асығады, бірақ оны бірден шығару оңай емес.
Құмырсқа-шопандар қашудың орнына ағаштан
шыға алмай жатқан өсімдік биттеріне жүгіріп барып, оларды бар күштерімен тартады. Содан
соң оны көтеріп алып, қашып кетеді. Кейбір өсімдік
биттері солармен бірге қашады, ал
құмырсқалар оларды қорғап жүреді.
Өсімдік биттері
ешқашан және еш жерде құмырсқаларсыз
көре алмайсың. Тіптен олардың жұмыртқалары
қыста құмырсқа ұясында сақталады.
Құмырсқалар оларды жалап, өзінікіндей күтеді. Ал
көктемде олардан шыққан «бұзауларды» ағаш
бұтақтарына апарады. Кейбір зерттеушілердің айтуынша,
өсімдік биттері құмырсқалардың көмегінсіз
тәтті тамшылар шығара алмайды.Тек қана
құмырсқалардың мұртшаларымен жасалған
массаждан кейін ғана сөлді бөледі. Өсімдік биттері мен құмырсқалардың
арасындағы байланыстың тағы бір таңғаларлық
формасы ашылды. Өсімдік биттер тобына, мысалы «қан қызы»
жақындаған кезде, оларды бірінен соң бірін жей
бастағанда қауіпті сезген өсімдік биттері ұшқыш зат бөле бастайды. «Қауіп иісін»
сезген өсімдік биті құйрықшаларын шығарып,
жыртқыштан қашуға тырысады және бұл жиі
олардың қолынан келеді. Өсімдік биттері «бағып» жүрген құмырсқалар
бұл заттың иісін танып, көмекке жетіп келеді.
Ең
таңғалдыратыны, құмырсқалар келгеннен кейін,
өсімдік биттері қауіп заттарын бөлуді тоқтатпайды,
бірақ өздері оған көңіл бөлмейді. Өйткені олардың жанында оларды қорғайтын
құмырсқалар бар, сондықтан қорқудың
еш қажеті жоқ.
Жоғарыда айтылғандардан мынадай қорытынды жасауға болады:
құмырсқалар мен өсімдік биттерінің өзара пайдалы арақатынастарында
үлкен мәні зор. Нәтижесінде құмырсқалар
өсімдік биттеріне, ал олар өз кезегінді
құмырсқаларға әбден үйреніп селбесіп
тіршілік етеді. Бұл
құмырсқалар мен өсімдік биттерінің арасындағы өзара пайдалы симбиоз
табиғаттағы көп кездесетін жағдай. Біз оны
бақшада, далада, орманда – барлық жерде көре аламыз.
Оның табиғатқа маңызы зор. Өсімдік биттеріне көптеген түрлері тек қана
құмырсқалар арқасында тірі қалған.
Өсімдік биттеріне сөлі
пайдалы жәндіктердің біразына азық болып табылады. Тіптен бал
жасаушы аралар да өсімдік биттерінің «бал сөлін» жинайды. Өсімдік биттері, әрине өсімдіктерге зиян
келтіреді, бірақ оның орны құмырсқалар мен
басқа да сөлмен қоректенетін жәндіктердің
әрекетімен толтырылады.
Табиғаттағы жәндіктердің бір-біріне
пайда келтіре отырып тіршілік етуі
ұлы достықтың белгісі деп ойлаймын. Мұны
өзімнің өсімдік
биті мен құмырсқа арасындағы
ара-қатынасты зерттеу барысында аңғардым. Бұл
жәндіктердің бір біріне деген көмегі, қиындықтан
құтқаруы, бізге үлгі өнеге боларлықтай.
Зерттеу барысында бұл жәндіктер тіршілігінде
қазақтың тұрмыс тіршілігіне ұқсастық
байқалады. Ата-бабаларымыз малды жазда «жайлауға», қыста
«қыстауға» апарып, күтіп баққан. Оның
сүтін сауыншылар сауған. Осы бір көрініс жәндік
арасында байқалуы мен таң қалдырды. Құмырсқаны
«шопан», «сауыншы» орнына, ал өсімдік битін сиыр орнына қойып елестеттім. Жануар мен адам арасындағы
қамқорлық, көмек, бір-бірінсіз өмір сүре
алмау, жәндіктер арасында болатынын білдім. Жәндіктер
арасындағы мұндай селбестік мықты болады. Осыны
балаларға насихаттауға, ағаш арасын бақылауға,
жәндік арасындағы достықты тамашалауға шақыру
керек. Құмырсқа
өте еңбекқор жәндік екенін білеміз. Өсімдік биті сүті оған
ерекше қасиет береді. Өсімдік биті сүтін ішпейтін жәндіктер құмырсқа
секілді еңбекқор емес.
Жалпы, бология оқулығындағы селбестік
тақырыбына өсімдік биті мен құмырсқа
арасындағы қарым-қатынасты енгізу қажеттігін
ұсынар едім. Өсімдік биттерінің «бал сөлінің»
пайдасы бар екендігіне және тұрмыс пен шаруашылықта
пайдаға жаратуға
болатындығына сене отырып, өсімдік битінің сүтін
ғылыми түрде тереңнен зерттеу қажет деп ойлаймын.
Әдебиеттер:
1.
Шарева И. Зоология
беспозвоночных: Книга для учителя. Москва:
Просвещение,1999.–
304 с.
2.
Сәтімбеков
Р., Әлімқұлова Р. Қызықты биология.
2-бөлім.
Жануарлар
дүниесі (Омыртқасыздар). Алматы: Таймас, 2007.– 136 б.
Статья
рассматривает существование вшей и муровьев, aтакже о польземедового сока растительных вшей.
Summary
This
article considers the existenceofliceand mutualants,alsouse ofhoneyjuiceof plantlice.