Өткелбаева А. А.

Магистрант

Ш.Есенов  атындағы  Каспий мемлекеттік

технологиялар  және инжиниринг университеті.

Жаңаөзен, Қазақстан

Моноқалаларды дамытудың әлемдік тәжірибедегі әдістері

      Осыған дейін елімізде басты назар, барлық күш пен жігер, инвестициялар ірі қалаларға және облыс орталықтарына бағытталып келді. Ондай қалалар экономикалық өсу аймақтарына айналып, өзімен қоса өзге де шағын қалаларды биікке алып шығады деген оймен келдік. Алайда, өз тәжірибеміздің көрсетуінше ол іс жүзінде жүзеге аспады. Керісінше, «даму нүктелері» деп аталатын қалалар қаржылық инвеститциялық, материалдық және еңбек ресурстарын бұрынғыдан да көп қажет етті. Әрине бұл аудан аралық табыс теңсіздігін арттыратыны белгілі. Бұл жағдай онсызда күйзеліс аймағына айналғалы тұрған,бір салаға дағдыланған моноқалаларға жығылған үстіне жұдырық болды.

     Елімізде жалпы халық санын қосқанда 1,53 млн. құрайтын 27 моноқала бар. Олардың  ахуалы төмен, тұрғындардың 30%-50% жұмыссыз. Ертеңгі күні шаруашылықтарына негіз болып отырған табиғи ресурстары сарқылса көретін күндері қараңғы. Бұл мәселенің алдын алу үшін бір салалы шағын қалалардың дамуына жіті көңіл бөлу керек.[1]  

  Моноқалалар проблемасы жеке алғандағы ауданның немесе қаланың проблемасы ғана емес, тұтас Қазақстанның проблемасы. Және оның шешімін табу еліміздің өркениетті мемлекет болып дамуы үшін өте қажет. Мұндай тіршілігі бір салаға байлаулы аудандар біздің мемлекетте ғана емес, өзге елдерде де бар. Осы тұста АҚШ, Канада, Германия сияқты еңселі мемлекеттердің елеулі тәжірибесін зерттей кетейік:

     ХХ ғасырдың ортасында индустриялық кезеңге қадам басқан, өндірісі дамыған елдерде бір салаға бағытталған қалалар мен аудандар қалыптасты. Ондай қалалар әлеуметтік экономикалық жағдайға жақсы әсер етіп қана қоймай, өз елдерінің ахуалын жақсартқан көшбасшыларына айналды. Алайда, постиндустриялық өндіріс пен ғылыми технологияға көшкен кезде, моно елді мекендер шектеулі ресурстар мен артта қалған технологиясының кесірінен жарамсыз болып қалды.[2]   

АҚШ

      50-ші жылдардың соңы мен  60-шы жылдардың басында экономикасы артта қалған аудан болып Аппалачи ерекше көзге түсті. АҚШ энергетикалық теңгерімін  мұнай мен газға алмастырғаннан кейін, таскөмір өндірісімен тыныстаған Аппалачи дағдарысқа ұшырады. Бұл жерден еңбекке жарамды деген 2 млн. адам көшіп кетті. Оңтүстік Шығыс, Озарк, Тор Корнерс штаттары  да «құлдырау аймақтары»  тізімінің қатарына сап түзеді. Соның салдарынан бұл аудандар халқының 15 % жоғалтып алды.

Солтүстік және Солтүстік Шығыс штаттарында ғылыми техникалық ревалюция басталмас бұрын, қара металлургия, таскөмір өнеркәсібі, автомобиль өнеркәсібі  АҚШ тың басты индустриялық күші болатын-ды. Ал қазір Құрама Штаттарда бұл салалар күйзелістің генераторы іспеттес.

АҚШ-тағы моносалалы аудандарды экономикалық сауықтыру мақсатында 1960-70 жылдары федералды үкімет тарапынан бағдарламалардың бүткіл топтамасы қабылданды. 1965 жылы тұрғын үй құрылысының министрлігі құрылып «қоғамдық жұмыстар мен экономикалық даму бағдарламасы» іс жүзінде жүзеге асырылды. Соның арқасында күйзеліс аудандарында ірі жол құрылысы басталды.Сол жылы «Аппалачидің аудандық даму бағдарламасы» да пайда болды.Оның алдындағы міндеті автокөлік жолдарының құрылысы арқылы жекеленген ауданның экономикалық қоршауын бұзып, шаруалық өрісін кеңейту еді. Бағдарламаның мақсаты- Аппалачи халқына салауатты өмір салтын ұстануға мүмкіндік беріп, еңбекпен қамту.

Еңбек нарығын мемлекеттік реттеу 4 бағдарламадан тұрды:

-  еңбекпен қамтуды арттырып, жұмыс орындарын көбейту

-  жұмыс күшін дайындау

-  жұмысқа қабылдауға әсер ету

-   жұмыссыздықтан әлеуметтік сақтандыру.

Жалпы АҚШ қа еңбек нарығын орталықсыздандыру әрекеті тиесілі. Әр штаттың  жұмыссыздарға көмек, еңбекпен қамту,жұмыссыздықтан сақтандыру фондтары туралы өзіндік заңнамалары бар.

Канада 

      «Шикізаттық моно мамандану аймақтық дамудағы тұрақсыздықты тудырады» деген тұжырымға алғашқы боп мән берген ел  Канада болды. Сол себептен экономиканы әртараптандырудың  әр түрлі шаралары қабылдануда. Мысалы: ағаш өңдеу, қызмет сферасы және де шағын бизнесті қолдайтын бағдарламалар құрылды. Солтүстік аймақтарда  (Квебек, Онтарио, Альберта, Манитоба және т.б.) мемлекеттің күшімен электроэнергетика және транспорттық коммуникация сияқты инфрақұрылым қалыптасуда.

«Жұмыссыздық тек қана құлықсыз жұмыскердің ғана емес, қоғамның проблемасы»деген, сондай ақ  «өз кінәң үшін ғана емес басқа да объективті себептердің салдарынан жұмыстан айырылып қалуға болады» деген тұжырымдар Ұлы күйзеліс кезеңінде пайда болды.

1955  жылы еңбектік қамтудың Ұлттық қызметі және жұмыссыздықтан сақтаудың жүйесі құрылды. Сақтандыру қысқамерзімді жұмыссыздықтың алдын алатын жәй бағдарлама ғана емес, экономикалық тұрақтылықты күшейтетін үлкен көмек еді.1966 жылы жұмыссыздықтан сақтандыру  Канадалық әлеуметтік қолдау жоспарына еніп, жұмыссыздар мен жұмысшыларға сүйеніш болды.

Германия

Рур аймағы Германияның өркениеттенуінде маңызды рөл ойнаған 11 қаладан құралған алып бірлестік. Екінші Дүние Жүзілік соғыстан кейін ол көмір өндірісіне негізделген экономикасын алғашқы он жылдықтың ішінде ақ қалыпқа келтіре алды. 50 жаңа шахталар ашылды. 1954 жылы көмір өндіріс қоры  112,8 млн тоннаға жетті. Бірақ 1950 жылдардың соңында  көмір өндірісін күйзеліс дерті шарпыды. Сол тұста сұйық отын тасымалдауда кедендік баж салығы алынып тасталды да, импорттық мұнай қолжетімді және көмірмен салыстырғанда әлде қайда тиімді болды. Күйзелістің басты себебі де осы еді. Нәтижесінде көптеген шахталар жабылып, жұмыссыздық тез ұлғайды.

       Рурдың экономикасын толық құлдыраудан құтқару үшін жедел шаралар қабылдау керек болды. Құтқару жоспарының басты бағыты ескі өндіріс салаларын жаңартып, жоғары білім алуды дамыту,техникалық орталықтар құрып, қоршаған ортаны жақсарту болды. 1960-1980 жылдары біліктілікті арттырып, жастардың арасындағы жұмыссыздықты қысқартып жаңа мамандарды еліктіру мақсатында 5 жаңа университет  ашылды. Жергілікі студенттердің басым бөлігі тегін оқыды, ал жағдайы төмендері степендиямен қамтамасыз етілді. Технологиялық орталықтар саны 12 ге жетіп, ауданның ғылыми инновациялық мүмкіндігін арттырды. Көмір өндірісімен айналысатын кәсіпорындар металлургиялық заводтар мен электростанциялармен ұзақмерзімді келісімшартқа отырды.

      Мемлекет жұмыс орындарын ашу және сақтау мақсатында жұмысберушілерге салықтың мөлшерін төмендетіп, әлеуметтік төлемдерден босатты. [3]

     Әлемдік тәжірибеде мемлекеттік және аудандық қолдау шаралары арқылы моно салалы қалаларды дамытудың осындай нәтижелі жолдары бар. Мұндағы басты орын алатын жұмыссыздықты сақтандыру бағдарламасы. Ол жұмыссыз азаматтарға ғана емес, жағдайы нашар жұмыскерлерге де көмек көрсете алады.

      Осындай бағдарламаларды іске асыру қоғамдық ұйымдар мен жергілікті биліктің белсенді қатысуымен жүреді. Көптеген шет елдік тәжірибелерді талдасақ: өзінің территориялық орналасуын, аймақтық ерекшелігін ескере отырып,бәсекеге қабілетті өндіріс зонасын қалыптастырған аймақтар жақсы жетістіктерге жеткен.

 

 

Жүктемелер:

1.     http://www/pravdakaz.info/

2.     www.group-global.org/ru/publication/view/6866

3.     http://kapital.kz/tag/

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Вишевская Н.Т. Реформа законодательства о защите занятости в странах с развитой рыночной экономикой // «Труд за рубежом», № 1, 2002. С. 88-108.

Гранберг А.Г. Основы региональной экономики. 3-е изд. М.: ГУ ВШЭ, 2003. 495 с.

3.Дёшина С.П. Диверсификация экономики моногорода как фактор снижения социальной напряженности // Вестник Ижевского государственного технического университета. 2010. № 1. С. 69-72.

Карпов Е.В. Концепция стратегического плана социально-экономического развития крупного промышленного моногорода (на примере Магнитогорска)// Научный вестник Уральской академии государственной службы: политология, экономика, социология, право. 2007. № 1. С. 63-66.

Реструктуризация градообразующих предприятий: уроки и передовой опыт Восточной Германии // Исследовательский центр ИПМ, Немецкая экономическая группа в Беларуси. Интернетресурс: http://www. research.by/

6.Тарасюк В.М. Как развивать моногорода// Дайджест-финансы. 2010. № 3. С. 41-45.

Ткачук С.Н. Малый бизнес - важный резерв развития моногорода // Экономические и социал-ьные перемены: факты, тенденции, прогноз. 2010. Т. 11. № 3. С. 34-42.