Экономические науки/3.Финансовые отношения.
Балмаханов
Азамат
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік
университеті
Экономика мамандығының 1 курс магистранты
Талапбаева Гульнар Едиловна
«Экономика және менеджмент» кафедрасының
аға оқытушысы, э.ғ.к
Кәсіпорын
қаржыларының түсінігі, кәсіпорында қаржыларды
басқару ерекшеліктері
Шаруашылық жүргізуші
субъектілердің қаржысы − бірыңғай қаржы
жүйесінің құрамды бөлігі және
айырықша сферасы болып табылады, оның орталықтандырылмаған
бөлігін құрайды, материалдық және
материалдық емес игіліктер жасалатын және елдің қаржы
ресурстарының негізгі бөлігі қалыптасатын
қоғамдық өндірістің басты буынына қызмет
көрсетеді. Елдегі ақша қатынастарының аса маңызды
сферасын, атап айтқанда, жасалатын қоғамдық
өнімді, ұлттық табысты және ұлттық
байлықты − халықтың қажеттіліктерін,
өндірістік емес сфераның материалдық шығындарын
қамтамасыз етудің көздерін алғашқы бөлуді
қамтитындықтан бұл буынның қаржысы
қаржылардың негізгі, бастапқы бөлігі болып табылады.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің
қаржысы қаржы жүйесінің сферасы ретінде
қоғам экономикасының іргетасын қалыптастырады,
өйткені мұнда материалдық және материалдық емес
игіліктер жасалады. Шаруашылық жүргізуші субъектілер
қаржысының сферасы шеңберінде материал, еңбек
және қаржы ресурстарын көпшілік бөлігі
шоғырладырылады, бұл қоғамда ұлғаймалы
ұдайы өндіріс процесін қамтамасыз етеді.
Шаруашылық жүргізуші
субъектілер қаржысының болуы, жалпы мемлекеттің қаржысы
сияқты, тауар-ақша қатынастарының өмір
сүруімен және экономикалық заңдардың
іс-әрекетімен байланысты.
Шаруашылық жүргізуші
субъектілер қаржысы ақша нысанында ұлғаймалы
ұдайы өндіріс процесінің негізгі жақтарын білдіреді
және экономикалық заңдардың талаптарына сәйкес
оны жүзеге асыруға септігін тигізеді. Ол ұлттық
шаруашылықты одан әрі дамытуға қажетті ақшалай
табыстар мен қорланымдарды бөлу және пайдалану үшін
қолданылады. Даму ұлттық шаруашылықты басқару
жүйесінің маңызды экономикалық инструменті, экономиканы
қайта құрудың қуатты құралы болып
табылатын шаруашылық жүргізуші субъектілердің берік әрі
жақсы қалыптасқан қаржыларысыз мүмкін емес.
Өндірістік қатынастардың бір бөлігі ретінде олар
басқа өндірістік қатынастардың жиынтығында басқарудың
төменгі буындары шаруашылық қызметінің тиімділігне
тікелей әсер етеді.
Шаруашылық жүргізуші
субъектілер қаржысы өзіне қоғамдық −
пайдалы қызметтің сан алуан сфераларындағы
өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс,
көлік, жабдықтау-өткізу (делдалдық), сауда, дайындау,
геологиялық барлау, жобалау қызметін, халыққа
тұрмыстық қызмет көрсетуді, байланысты,
тұрғын үй-коммуналдық қызметтерін, түрлі
қаржы, кредит, сақтық, ғылыми, білім, медицина,
ақпарат, меркетинг және басқа қызметті жүзеге
асыратын кәсіпорындардың, фирмалардың,
қоғамдардың, концерндердің, коpпopациялаpдың, ассоциациялардың, салалық министрліктер
мен басқа шаруашылық органдардың,
шаруашылықаралық, салааралық, кооперативтік
ұйымдардың, мекемелердің қаржыларын кіріктіреді.
Ұлттық
шаруашылықтың әрбір саласы қаржысының бұл
саланың техникалық-экономикалық ерекшеліктерінен туындайтын
елеулі айырмашылықтары бар. Бірақ сонымен бірге барлық
салалардың қаржысының мәні мен оны
ұйымдастырудың негізгі қағидаттары бірдей, бұл
шаруашылық жүргізудің орта қағидаттарына
және бірыңғай экономикалық заңдарға
байланысты. Мұның бәрі олардың барлығын
қосалқы категорияға − жалпы «қаржы» категориясы
сияқты оның функцияларын орындайтын шаруашылық
жүргізуші субъектілердің қаржысына біріктірудің
мүмкіндігі мен қажеттігін алдын ала анықтайды.
Шаруашылық жүргізуші
субъектілер − кәсіпорындар мен ұйымдар (фермалар, компаниялар,
фермер шаруашылығы, шаруашылық серіктестіктері, ассоциациялар мен
корпорациялар (бірлестіктер), ұлттық компаниялар және
басқалары), мекемелер әр түрлі белгілері бойынша сыныпталады
және оларды не ол, не бұл түрі бойынша айырудың
негіздемелері қаржыны ұйымдастырудың сипатына елеулі
әсер етуі мүмкін.
Қазіргі нарықтық
экономика жағдайында шаруашылық жүргізуші субьектілер
арасынан корпорациялар маңызды
орынға ие. Соңғы онжылдықта «экономиканың
корпоративті секторы» деген термин қазіргі заман бизнесінің экономикалық
теориясы мен тәжірибесіне кең түрде енуде. Экономиканың
нақты секторындағы жетекші орынды корпорациялар алады.
Мысалыға, АҚШ-та компания нарығының 1\20 бөлігін
алатын корпорациялар жалпы сату көлемінің 80%-на ие.
Корпорация (латын сөзінен алғанда) – тап немесе маманданған
мүдделермен біріккен қоғамдастықты, қоғам,
одақ, тұлғалар тобын білдіреді. Ол капиталистік жүйеде
кеңінен қолданылатын акционерлік қоғам формасы,
қазіргі кезеңде монополиялық бірлестіктердің негізгі
түрлеріне айналып отыр.
Корпорация – бұл
профессионалдық қызығушылықтарының жалпы
ұқсастығы біріктіретін тұлғалар тобы, серіктестік
екенімен келісе отырып, «корпоративті» деген термин толығымен
корпорацияға қатысты және оңашаланған, тар
топқа арналған
қызығушылық позициясы тарапынан түсіндіріледі
деп айта аламыз. Соған сәйкес, бұл жерде нарықтық
экономиканың кез келген саласында
қызмет атқаратын, ерекше қызығушылыққа ие
ірі кәсіпорын жеке қаржылық нәтижелерге
қызығады және тек бұл ғана емес. Осы ірі
кәсіпорындардың (серіктестіктердің) құрушылары
тұрақтылыққа өте қызығады және
корпорация мүшелерінің меншігі акционерлік капиталдағы
үлесіне сай келетінімен бекітіледі. Осылайша, сірә біздің
нарықтық экономикадағы тәжірибеміз үшін
және зерттеу теориясында
«корпоративтік қаржылар», корпоративтік кіріс салығы (салық
заңдары), корпоративті басқару (қаржылық
менеджмент) деген түсініктер
қалыптасты.
Ал енді кейбір экономист
ғалымдардың пікірлеріне көз салатын болсақ:
Ван Хорн корпорацияға келесідей анықтама береді: «Корпорация – бұл заңды негізде
құрылған кәсіпорын, оның мүлікті иемденуге
және міндеттемелерді алуға мүмкіндігі бар».
С.Росс бұл ұғымға келесідей түсініктеме келтіреді:
«Корпорация –
құрылтайшылары бір немесе одан да көп жеке немесе заңды
тұлғалар болатын дербес жеке тұлға ретінде
құрылған бизнес түрі».
Ал, В.Г. Золотогоровтың
сөздігінде былай көрсетілген,
корпорация (латынша
corporatio - бірігу, қауымдастық, одақ) – меншікті
(капиталды) ұжыммен бірге басқаруға арналған,
меншіктіліктің акционерлік формасы. Бірақ та, бұл
түсінікке шаруашылық серіктестіктер секілді қызметтің
ұйымдық-құқықтық формалары
әрқашан сай келе бермейді, себебі олар әрқашан да
бірігу негізінде (одақ, қауымдастық) құрыла
бермейді, керісінше, көбіне оның құрушысы болып жеке
тұлға табылады (заңды және жеке тұлғалар).
Қазіргі уақытта, ұсақ және орташа
кәсіпорындар шаруашылық серіктестіктер формасында
құрылған. В.Г. Золотогоров,
нарықтық экономикалық мемлекеттердің
тәжірибесі бойынша, корпорация
– ірі өндірісті басқарудың мейлінше кең тараған
түрі деп атап өтеді. Соның нәтижесінде, жалпы
ұлттық өнім өндірісінде үлкен орын алатын ірі
кәсіпорындардан үлгі алған шаруашылық
субъектілерінің қызметі корпоративті формаға ие болады. Соның ішінде , корпорациялар жайлы
айта келіп, біз өндіріспен айналысатын және коммерциялық
қызмет атқаратын, жеке меншік формасына тәуелді емес
кәсіпорындарды ойға аламыз.
Көптеген жағдайларда
корпорациялар акционерлік қоғам нысанында ұйымдастырыла
отырып, өздерін шаруашылық субьектілердің өзіндік
және ерекше түрі ретінде көрсетеді. Корпорация унитарлы акционерлік компания ретінде сирек
кездеседі, негізінде, әр кәсіпорын өз қызметін
атқаратын, өз ісі бар, бір құрылымға бекітілген
кәсіпорындардың күрделі жүйесі түрінде кездеседі. Корпорациялар акционерлік
қоғам ретінде келесідей ерекшеліктермен көрініс табады:
Біріншіден, қолда бар акциялар
нысанындағы капиталдары бар ірі компаниялардың акцияларын қор
нарығында сатылады және сатып алынады.
Екіншіден, акционерлік
қоғамдардың ерекшеліктерінің қатарына
олардың өздерін-өзі басқаруымен қызмет
атқаратын заңды тұлға ретінде көрсетуінде.
Үшіншіден, акционерлік
қоғамдар өндірістік және коммерциялық
қызмет мақсатында ұйымдастырылады.
Төртіншіден, қазіргі
заманның акционерлік қоғамдары өздерін бизнесті
ұйымдастырудың тиімді нысаны ретінде көрсетеді.
Олар едәуір қосымша
құн жасайды, ірі капитал қорын жинақтайды,
қарыздың жоғары деңгейін болдырмауға тырысады,
үлкен табысқа ие және жетекші қаржылық
технологияларды қолданады.
Ірі акционерлік қоғамдар экономиканың
корпоративті секторын құрайды. Олар нарықтық жағдайда
бизнесті ұйымдастырудың әр түрлі және
қазіргі заманның талаптарына сай технологияларын қолданады.
Сонымен қатар, ірі акционерлік
қоғамдардың қаржыларының жиынтығы
түріндегі корпоративті қаржылар – компания мен экономиканың басқа
да қатысушылары арасындағы қаржылық нысанадағы
әр түрлі ішкі және сыртқы
қарым-қатынастарын білдіреді. Олар компанияның табыстарын
құру, бөлу және пайдалану процесінде пайда болады.
Корпоративті қаржылар ақша қатынастарының
ауқымдылығымен және әртүрлілігімен ерекшеленеді.
Басқа
бизнес ұйымдарымен салыстырғанда корпорациялардың
айрықша белгілері – олар меншік иелеріне тәуелсіз қызмет
етеді, сонымен қатар, жауапкершілігі шектеулі серіктестікпен немесе жеке
кәсіпкерлікпен салыстырғанда маңызды артықшылықтары
бар. Корпорация меншік иелеріне жауапкершілігі шектеулі емес өз атынан
ақшалай нысанда капитал тарту құқығына ие.
Сондай-ақ, корпорацияға қатысты кемшіліктерді
қанағаттандыру үшін акционерлердің жеке мүлкін
тәркілеу мүмкін емес. Корпорация меншігінің бір
бөлігіне құқығы акционерлік капиталдағы
үлесімен расталады, мұндағы әр акция иеленушіге
акцияның жалпы мөлшеріне сәйкес мүлік бөлігі
тиесілі.
Келесі
бір артықшылығы – акцияларды өзге
тұлғаларға беруге болады. Сонымен қатар, акция иелері
өз акция пакетін басқа инвесторларға сатып, корпорациядан
шыққанымен кәсіпорын өз қызметін
тоқтатпайды.
Сонымен,
бизнесті ұйымдастыру нысаны ретінде кәсіпорынның негізгі
артықшылықтары болып келесілер табылады: меншік
құқығын иелену және жаңа акция пакеттерін
эмиссиялау көмегімен салыстырмалы түрде аз уақытта
қосымша ақша ресурстарын алу. Бұл екі артықшылық
индустриалды дамыған елдерді корпоративтік қаржыландыруда
маңызды рөл атқаратын қаржы нарығында іске
асырылады.
Қазіргі заманауи
нарықтық экономика жағдайда әрекет ететін кәсіпорынның келесідей типологиясын жасауға болады:
1. Классикалық
корпоративті құрылым меншік пен басқаруға анық
шек қоюмен, компания иелерін жалданған жұмысшыларға
қарсы қоюмен сипатталады. Даму барысында оны ұйымдастырудың
формалары жетілдендіріле берді. Бұл – айтарлықтай бастапқы
қоры бар, қызметкерлер құрамы үлкен, материалды
өнім өндіру саласында әрекет ететін өнеркәсіптік
кәсіпорын.
2. Эстетикалық
құрылым: басты меншік иесі мен ұйымдастырушы-мемлекет.
Мұндай корпорацияның мақсаты - өндірістің максималды
нәтижелілікке жету емес, алдыға қойылған тапсырмаларды
жүзеге асыру. Ол тоталитарлы режим кезінде болған немесе
тапсырмаларды ұлттық экономика ауқымында шешу үшін
жасалатын болған.
3. Креативті
құрылым: оның жұмысы ішкі ұмтылысты және
құрушылар үлгісін жүзеге асыруға
бағытталған, экономикалық тұрғыдан қолайсыз
болуы мүмкін; бір немесе бірнеше шығармашылық
тұлғалармен құрылады және жоғары сұранысқа
ие өнімдерді өндіру немесе ақпараттық технологиямен
байланысты қызмет көрсету саласында әрекет етеді.
АҚШ,
Канада, Жапония және тағы басқа индустриалды дамыған
елдерде кәсіпкерлік қызметтің корпоративтік
ұйымдастырылу нысаны шешуші болып табылады.
Мамандардың
бағалауы бойынша, бүгінгі таңда 150 мемлекеттегі 180
мың бөлімшелерін қосымша алғанда корпоративтік
құрылым белгілеріне ие 40 мыңға жуық
салааралық бірлестіктер бар. Олар дамыған мемлекеттердің
саудасы мен өнеркәсіп өнімдерінің 50%, «ноу-хау»,
технология, жаңа техникаға барлық лицензиялар мен
патенттердің 80%-ға жуығын бақылауда.
Шоғырландыру мен орталықтандыру
корпоративтік құрылымдардың құрылуына
бастапқы негіз қызметін атқарады.
Корпоративтік, яғни
кәсіпорынның қаржыларын ұйымдастыру белгілі бір
қағидаларға негізделеді, олардың қатарына
төмендегілер жатады:
- шаруашылық қызметті өзін-өзі реттеу;
- өзін-өзі қаржыландыру және өзін-өзі
реттеу;
- айналым қорларын қалыптастыратын көздердің меншікті
және тартылған болып бөлінуі;
-
ақшалай
ресурстардың болуы.
Шаруашылық
қызметті өзін-өзі реттеу қағидасының
мәні – корпорацияларға өндірістік және
ғылыми-техникалық дамуы туралы шешімдерді қабылдауға
және оны іске асыруға қолда бар материалдық,
еңбек және қаржылық ресурстар тұрғысынан
дербестік беру. Кәсіпорын тікелей өз қызметін жоспарлайды
және өндірілетін өнімге (қызметке) деген
сұранысына байланысты даму перспективасын анықтайды. Жедел
және ағымдағы жоспарлардың негізін өнімді
тұтынушылар мен материалдық шикізаттарды жеткізушілермен
жасалған келісім-шарттар (контрактілер) құрайды.
Қаржылық жоспарлар өндірістік (бизнес-жоспарларды)
жоспарларда көзделген шараларды ақшалай ресурстармен
қамтамасыз етуге, сонымен қатар мемлекеттің бюджет
жүйесінің мүддесіне кепілдік беру бағытталған.
Қосымша
қаржы ресурстарын тарту үшін кәсіпорындар бағалы
қағаздарды (акциялар, облигациялар) шығарады және
қор биржаларының қызметіне қатысады.
Өзін-өзі
реттеу қағидасының мәні – кәсіпорынның дамуына
жұмсалған қаражаттар пайда және басқа меншікті
қаржылық ресурстар есебінен өтелуі тиіс. Бұл
қаражаттар кәсіпорынның меншікті капиталының минималды
нормативтік экономикалық тиімділігін қамтамасыз етуге қажет.
Қаржыландыру жай және ұдайы өндірістегі меншікті
көздердің және бюджет есебінен жүргізіледі және
бюджет жүйесіне салық төленеді.
Өзін-өзі
қаржыландыру өзін-өзі өтеуге қарағанда тек
рентабельдік жұмысты емес, сонымен бірге, бюджет жүйесінің
кірісін қалыптастыруды жай және ұдайы өндірісті іске
асыратын коммерциялық негіздегі қаржы ресурстарын
қалыптастыруды көздейді.
Өзін-өзі
қаржыландыру қағидасы келісім-шарттағы міндеттемелерді,
несиелік-есеп айырысу және салықты төлеу ережелерінің
орындалуы үшін кәсіпорынның материалдық
жауапкершілігін күшейтуге мақсатталған.
Шаруашылық
келісім-шарттарды бұзғаны үшін айыппұл төлемдерін
өтеу, басқа ұйымдарға шығындарын төлеуден,
кәсіпорынды өнімді (жұмысты, қызметті) жеткізу міндеттемесін
орындаудан босатпайды.
Айналым
капиталының қорлану көздерінің меншікті және
тартылған болып бөлінуі экономиканың арнайы салаларында
өндірісті ұйымдастыру және технологиялық
ерекшеліктерімен анықталады.
Маусымдық
сипаттағы өндіріс салаларында айналым қорларының
тартылған көздерінің үлесі басым, ал ауыр
өнеркәсіп, көлік, коммуникация салаларында меншікті айналым
қорлары басым.
Қаржы резервтерін құру
қағидасы нарықтық конъюнктура жағдайында
корпорацияның серіктестіктері алдындағы өз міндеттемелерін
өтемеу жауапкершілігін реттейтін тұрақты қызметін
қамтамасыз ету үшін қажет.
Акционерлік
қоғамдағы қаржы резервтері таза пайдадан заңды
негізде құрылады, ал басқа шаруашылық жүргізуші
субьектілерде олардың жинақталуы құрылтайшылық
құжаттарда белгіленеді.
Тәжірибеде
бұл қағидалардың іске асырылуы қаржы саясатын
жасау және шаруашылық субьектінің қаржысын
басқару жүйесін ұйымдастыру арқылы жүргізіледі.
Ол үшін төмендегідей жағдайларды ескерген жөн:
-
қызмет
саласы (коммерциялық және коммерциялық емес);
-
қызмет
түрі (бағыты) – экспорт,
импорт;
-
салалық
ерекшелігі (өнеркәсіп, құрылыс, көлік, байланыс,
ауыл шаруашылығы);
-
кәсіпкерлік
қызметтің
ұйымдық-құқықтық нысандары.
Бұл
қағидаларды орындау кәсіпорынның табыстылығын
және қаржылық тұрақтылығын тәжірибе
жүзінде арттырады.
Кәсіпорын қаржысының
ұйымдастырылуы келесідей негізде жүргізіледі:
Бірінші – кәсіпорындарды
заңды тұлға деп тану белгілері:
- мүліктің жекешеленуі, бухгалтерлік баланстың болуы;
- осы мүлкімен міндеттемелері бойынша жауапкершілік;
-
банкте
есеп шотының болуы;
-
өз атынан
қатынасқа түсуі.
Екінші
– кәсіпорын қаржысының ұйымдастырылу
қағидасы:
-
дербестік;
-
өзін-өзі
қаржыландыру;
-
қаржылық
қызметтің нәтижесіне қызығушылық;
-
қаржылық
қызметтің нәтижесіне жауапкершілік;
-
қаржылық
қызметті бақылау.
Үшінші
– кәсіпорынның қаржылық ресурстарының
қалыптасу көздері:
-
амортизациялық
төлем;
-
қаржылық
қызметтерден және шаруашылық іс-әрекеттердің
барлық түрлерінен келетін пайда;
-
серіктестікке
қатысушылардың қосымша пай жарнасын төлеу;
-
шығарылатын
облигациялардан алынатын қаражат;
-
акционерлік
қлғамдардың жабық және ашық түріне
акцияларды шығару арқылы және үйлестіру арқылы
жұмылдыратын қаражаттар;
-
банктерден
алынатын мезгілінен бұрын төленетін несиелер және басқа
кредиторлардан алынатын несиелер (облигациялық заемдардан басқа);
-
басқа
да заңды қаражат көздері.
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі
1 Гашеева
Н.П. Что и как проверять в финансовой отчетности. //
Финансовый директор. – 2010. - № 2 – С
3-4.
2 Герчикова
И. Н. Финансовый менеджмент: Учебное пособие. - М.: Издательство АО
«Консалтбанкир». 2005.- 312 с.
3 Уткин Э.А. Финансовое управление. -М.:ЭКМОС, 2007.
4 Ермасова
Н.Б. Финансовый менеджмент: Учебник. / Н.Б. Ермасова. - Москва: Высшее
образование, 2008. -
470 с.