Рахымжанова Т.А.

М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Қазақстан

 

ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫНДАҒЫ ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІҢ РӨЛІ  МЕН МӘНІ,ҚАЛЫПТАСУ ЖОЛДАРЫ

 

 

Шағын және орта бизнес түсінігінің мәнін ашпас бұрын, алдымен оның қалыптасу көздерін анықтап алу керек. Экономикалық теорияда кәсіпкерліктің алғашқы анықтамасына қатысты қайшылықтар бар. Көптеген теоретиктер кәсіпкерліктің шығуын француз экономисі Р.Контильион (18ғ) есімімен байланыстырады, ол кәсіпкерлікті сипаттайтын функционалдық негізі ретінде тәуекелділікті ұсынады, яғни кәсіпкерлік-тәуекелділікпен байланысты болып келетін адамдардың қызметі. Бірақ соңғы уақытта кейбір теоретиктер әйгілі араб ойшылы Ибн-Кальдунның кәсіпкерлік теориясын ұстанады, «касб» түсінігі негізгі құраушы категория деңгейіне дейін көтерілген.

Кейбіреулері болса, шағын бизнес барлық ежелгі мәдениетте дамыған деп тұжырымдайды. Бұл істе арабтар, вавилондықтар, египеттіктер, иудилер, гректер, финикшілер және римдіктер ерекшеленген. Мұнын дәлелі тұтынушылар мен кәсіпкерлерді қорғауға бағытталған Хамураппи заңдары болып табылады. Қазіргі уақыттағы алдынғы қатарлы ғылыми-техника дамудың теоретигі Кристофер Фример және менеджмент теоретигі Питер Друпердің айтулары бойынша кәсіпкерліктің кезектілік теориясынан ұсынған, оны алғаш зерттеген Иозеор Шулепеттер болып табылады. Теорияның мәні келесіде, кәсіпкерлік-экономикалық дамуда қозғалатын өзіндік элемент.

Сонымен, қазіргі ұрпақ теоретиктеріне кәсіпкерліктің алғашқы пайда болу төңірегіндегі сұрақтарын бірнеше рет қарастыруларына тура келеді, бұл бір қатар экономистер мен студенттерді дұрыс емес бағытта талқылауды қорғайды.

Кәсіпкерліктің анықтамасына тоқталмас бұрын кәсіпкерлікті қандай категорияға жатқызу керек екендігін нақтылап алайық.

Одақтық Республикалардың тәжірибесінде экономиканы құрамдас элементтерге шартты бөлудің дәстүрлі жүйесі кеңінен қолданылған, ол халық шаруашылығының даму бағытын және заңдылығын  жан-жақты танып білуге мүмкіндік береді, сондай-ақ жаңадан қалыптасқан мәселелерді өз кезеңінде байқауға және олардың жедел шешілуі бойынша шаралар қолдануға мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта нарықтық қатынастар жүйесінде кәсіпорындар келесідей айрықша ерекшеліктерімен сипатталады, мөлшері, жұмыс істеушілер саны, қай салаға жататындығы, негізгі және айналым қорларының құны, шығарылатын өнім көлемі.

Сонымен кәсіпорындардың үш түрін бөліп көрсетуге болады: ірі, орта және шағын. Олардың кешені бірін-бірі толықтыра отырып, экономиканың тұтас ағзасын құрайды.

Ірі кәсіпорындар – нарыққа негізгі өнім шығарушылар болып табылады. Ірі кәсіпорындар – экономика «қаңқасы», экономикалық тұрақтылықтың базисі [1].

Шағын және орта кәсіпорындар, үнемі жаңарып тұратын номенклатурасымен және ассортиментімен, аз ғана партияда өнім дайындау, шектеулі тұтынушылар жағдайында елеусіз материалдар мен шикі затты қолдану қажет болған жағдайда пайда болады. Сонымен, шағын кәсіпорындар нарықтың салыстырмалы толған кезінде жекелеген тапсырыстарды есепке алып өнімді аяқтайды, яғни ұсақ – түйек өнімдер өндіріледі. Сонымен қатар, шағын кәсіпорындар қызметтің барлық саласында нолдік нәтиже алумен байланысты жоғары тәуекелге ие болып табылады. Бұл әрі инновациялық қызмет, әрі жаңа технологияны игеру. Өнімнің  жаңа түрін игеру. Шағын кәсіпорындардың капиталымен тәуекел,

іріге қарағанда қоғамға аз шығындар алып келеді, сондықтан мемлекет шағын кәсіпорындарды құру және дамыту үшін арнайы жеңілдіктер тәртібін тағайындау керек.

Сондай-ақ шағын бизнес сферасына өздерінің тәуелсіз меншігі бар, шаруашылық еркіндікке ие және өз қызметі сферасында үстемдік етпейтін фирмалар жатады. Көптеген шетелдік зерттеулер шағын кәсіпорындарға 500 адамнан аспайтын жұмысшылар бар және сату көлемі 20 млн. доллардан аспайтын фирмаларды жатқызады. Бірақ бұл көрсеткіштер шартты болып табылады.

Қазақстанда шағын және орта бизнеске бірнеше инвесторлармен құрылатын, географиялық шектелген зоналарда қызмет ететін және нарықтың шектеулі үлесіне ие, басқаруды құрушылар жүзеге асыратын, барлық негізгі стратегиялық шешімдерді өздері қабылдайтын кәсіпорындар жатады. Басқару сипаты икемділігімен, формальділіктің жоқтығымен шешімін қабылдау барысында, өндіріс саласында да, басқару саласында да жұмысшылардың өзара алмасуының жоғарылығымен ерекшеленеді.

Нарықтық экономиканың шаруашылық жүргізуші  субъектілерде «кәсіпкерлік» және «бизнес» ұғымдары өзара тығыз байланысты.  Кәсіпкерлік пен бизнесті экономикалық қызметтің бір түрі ретінде қарастыра отырып, отандық және шетелдік зерттеушілердің айтулары бойынша, бұл терминдер - өндіру немесе алу және тауарларды сату, басқа тауарларға айырбастау үшін қызмет көрсету немесе жай қызмет көрсету, серіктестіктер арасында екі жақты пайда табу негізіндегі ақшалар арқылы пайда табуға  бағытталған, жеке тұлғалармен, кәсіпорындармен немесе ұйымдармен жүзеге асырылатын (тек заңмен тыйым салынбаған) еркін шаруашылықты білдіреді.

Бірақ «кәсіпкерлік» және «бизнес»  түсініктері экономикалық тұрғыдан қарастырғанда синонимдер болып табылады. «Бизнес» түсінігі экономикалық тұрғыдан қарағанда кеңірек. Шетелдік әдебиеттерде нарықтық экономика бойынша бизнес қоғамның қажеттілігін қамтамасыз етуге қажетті өндіріс жүйесі ретінде анықталады. Бизнес нарықтық экономиканы барлық қатысушыларының арасындағы қатынастарды қамтиды және тек қана  жалдамалы  жұмысшылардың да, мемлекеттік құрылым қызметкерлерінің де қызметтерін қамтиды. Жалпы түрде бизнес – бұл нарықтық қатынастар жүйесіндегі адамдардың іскерлік белсенділіктері. Ал, кәсіпкерлік қызмет бизнестің бір формасы ретінде қарастырылады және оның әр түрлі сфераларында жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасының Азаматтық  Кодексіне сәйкес (жалпы бөлім): «кәсіпкерлік – азаматтар мен заңды тұлғалардың меншік нысанына қарамастан, тауарларға (жұмысқа, қызметке) сұранысты қанағаттандыру арқылы пайда табуға бағытталған, жеке меншік немесе мемлекеттік кәсіпорындарды  шаруашылық басқару құқығына негізделген ынталы қызметі. Кәсіпкерлік қызмет кәсіпкердің өз атынан, өз тәуекелімен және өзінің мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылады».

Соған қарамастан, тәжірбиеде «кәсіпкерлік» пен «бизнес» терминдері бірін – бірі алмастыруда. Нақтылап кететін жағдай, «кәсіпкерлік» және «шағын бизнес» бірі – біріне синоним бола алады. Өйткені, шағын бизнес кәсіпкерлік пен айналысатын шағын кәсіпорындардың қызметін қарастырады. Әрі қарай, мен осы дәстүрлі қалыптасқан көзқарасты ұстанатын боламын. Бәрімізге белгілі, шағын және орта бизнесте жеке секторлар басшылық етеді. ­Өзінің кәсіпорынын ашу барысында адамдарды не қозғайды? Келесідей себептерді бөліп көрсетеді пайда табу, қоғамның әлеуметтік, экономикалық және материалдық жағдайын жақсарту. Басқалардың ішінде кәсіпкерлік қызметпен айналысудың  мотиві ретінде келесілерді көрсету керек: тұлғалардың өзін - өзі қалыптастыру мүмкіндігі, шаруашылық процеске халық қаржысының бір бөлігін қосу, қосымша және басқа да ресурстарды қосу, азаматтардың өз табыстарын заңды жолмен арттыруға ұмтылу [2].

Дамыған елдердің экономиканы көтеру үшін шағын кәсіпкерлікке үлкен мән беріп келе жатқаны айтылып та, жазылып та жүр. Қазақстан Республикасында кейінгі жылдары жергілікті жерлерде шағын кәсіппен айналысу ісі жолға қойылып, оларға мемлекет тарапынан азды-көпті қолдау көрсетілуде.Нарықтық экономика республикамызда өзінің алғашқы қадамдарын жасау үстінде. Жаңа шаруашылық қатынастарды дамытуға бағытталған заңдар мен қаулылар топтамалары қабылданды. Шетел инвестицияларына жол ашатын механизмдер жасалып, жеке кәсіпкерлікті, ірі бизнесті дамыту бағдарламалары жүзеге асырылып келеді. Көптеген шетелдік қаржы несие мекемелері, ірі фирмалар Қазақстанды өз өнімдерін өткізетін нарыққа айналдырумен қатар біріккен кәсіпорындар ашуды қолға алды. Осы өндіріс орындарының, сондай ақ, кейбір отандық ошақтардың тауарлары Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы  елдерінде, ішінара «алыс шетелге» жөнелтілуде. Тікелей алыс берістің арқасында сыртқы нарыққа шығу шаруашылық қызметтің құрылымы мен түрлерін ғана емес, қызметкерлердің ойлау жүйесін өзгертті. Еркін бәсекенің пайда болуы кәсіпорындарымызды нарық жағдайында шаруашылық субъектілерінің табысты жұмыс істеуі үшін осы заманға ғылыми теория мен практиканың әдіс амалдарын қолдана білудің маңызы зор, сондықтан кәсіпкерлік пен бизнес нарықтық экономиканың қозғаушы күші болып табылады.

Бүгінгі экономика өзінің негізгі үш субъектісінің: өндірушінің, тұтынушының және үкіметтің іс қимылымен сипатталады. Қандай да болсын кәсіпорын өзінің серіктестерімен нарықтық қарым қатынаста әрекет етеді. Ал, бұл жағдайда тек заманға сай, бәсекелестік қабілеті жоғары өнім шығаратын кәсіпорын ғана жетістікке жете алады.

Қоғамдық өмірдегі әлеуметтік-экономикалық өзгерістерді дұрыс талдаудың өтпелі кезеңнің қиыншылықтарын мұндағы қателіктерді азайтудың бірден-бір жолы – әлемдік  экономикалық теорияларды, ілімдерді көрнекті экономист ғалымдардың еңбектерін терең зерделеп, зияткерлік қабілеттігімізді күшейту. Мұндай қажеттіліктің маңызы тұңғыш президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан - 2030» атты стратегиялық даму бағдарламасында анық байқалады. Қазақстанда қалыптасып отырған экономикалық жағдай дәл қазір кәсіпкерлік  пен бизнестің белсенділігінің артуына жол ашты.

ҚР-ның табиғи монополияларды реттеу, бәсекелесті қорғау және шағын бизнесті қолдау жөніндегі агенттігі ҚР-ның Президентінің «Қазақстан - 2030» атты даму стартегиясын іске асыру Қазақстан Республикасы да жеке кәсіпкерліктің жасақталуы мен қалыптасуына негіз қалады [3].

 

Шағын кәсіпкерлік экономикасының жинақтылығы салыстырмалы түрде аздаған инвестициялармен тәуекелінің неғұрлым аздығымен қысқа мерзім ішінде, бірінші кезекте тауар айналысы саласындағы сол кездегі жағдайды өзгертуге және тұрақтандыруға мүмкіндік береді.

Бизнестегі, кәсіпкерліктегі үдерістерді талдау экономиканың осы секторы дамуының серпінді үдемелі сипаты бар екенін және әлеуметтік шиеленісті төмендету факторымен халықты жұмыспен қамтамасыз етудің негізі бола отырып, өзінің оң нәтижесін беріп отырғанын анықтайды. Сөйтіп, кәсіпкерлік пен бизнес сипаты экономикаға барған сайын тиісті икемділік беріп, оның дамуының шешуші факторы болып келеді. Бизнес және кәсіпкерлік жаңа кәсіпорындар мен жұмыс орындарын құру жолымен халықты жұмыспен қамтамасыз етуде нарықты әр түрлі тауарлармен, қызмет көрсетулермен толықтырып отырады.

Бизнес пен кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекеттік бағдарламасының басты мақсаты – өндірістік саласының серпінді дамуын қамтамасыз ететін мемлекеттік қолдау болып табылады. Қазақстан Республикасы Заңында кәсіпкер азаматтар мен бірлестіктердің пайда алуға бағытталған және олардың тәуекел етуімен, сондай ақ мүліктік жауапкершілігі негізінде жүзеге асырылатын ынталы қызметі, барлық шаруашылық қызметін емес, тек тәуекелмен, ынтамен, іскерлікпен, дербестікпен, жауапкершілік және белсенді ізденуменен байланысты шаруашылық қызметін кәсіпкерлік қызмет деп санауға болады. Ал, бизнестің негізгі мақсаты – халықты жұмыспен қамтамасыз ету, оның мәселелерін шешу және еңбекке деген ынтасын дамыту, тұтыну нарығын мол ассортиментті тауарлармен және қызмет етумен толтыру.

Бизнеспен айналысу ол өзіне де, халыққа да пайдалы өнімдер өндірумен қатар, ел экономикасын көтеруге де барынша көмегін тигізеді. Бизнес дегеніміз  - адамның   аз ақшадан көп ақша табуы. Республиканың қай жеріне бармаңыз, сатып алуға болатын түрлі заттар көбейді. Оны өздеріңіз де сатып алуға құмартатындарыңыз анық. Бірақ соны сатып алуға қаражат жағы қиындау.

Барлық заттардың құны күннен күнге көтеріліп жатыр. Бұл – нарық заңы. «Жұмыс бізді үш түрлі қырсықтықтан – зерігуден, кемшіліктен және мұқтаждықтан құтқарады» деген екен Вольтер.

Ал, С.П.Королевтің мына бір керемет сөздерін есте тұтқан ләзім: «Егер сіз көп іс тындырып, бірақ оны сапасыз, нашар істесеңіз, атқарған ісіңіздің көптігіне қарамастан оны жұрт тез ұмытады. Ал, нашар істегеніңізді еш ұмыта алмайды. Сондықтан, аз да болса, сапалы жұмыс істеңіз. Сонда жұрт сіздің аз жұмыс атқарғаныңызды тез ұмытады да, керісінше, сол ісіңіздің жақсылығын көпке дейін ауыздарынан тастамайды». Бұл – өте дұрыс айтылған сөз. Әр істің санынан гөрі сапасы керек. Бұрынғы Кеңестер Одағында социалистік экономика негіздеріне қайшы келетін буржуазиялық институт ретінде жарнамаға жағымсыз көзқарас қалыптасты. «Жақсы тауар жарнамасыз ақ өтеді» деген пікір салдарынан экономика мен әлеуметтік психологияның осы бір маңызды саласына мән берілмеді. Арнайы зерттеу жұмыстары жүргізілмеді. Шынтуайтына келсек, нарық қатынастары қанат жайған қазіргі кездің өзінде республикамызда бұл тақырыпқа жазылған еңбектер жоққа тән. Еуропаға бізден гөрі қарыс сүйем болса да жақын тұрған Ресей мен Украинада, Балтық бойы мемлекеттерінде жағдай басқаша. Бұл елдердің жоғарғы оқу орындары жарнама, көпшілікпен жұмыс істеу мамандықтары бойынша білім береді, ірі кәсіпорындарда, әсіресе біріккен фирмаларда жарнама орталықтары құрылған.

Алайда, жекелеген отандық компаниялардың, қаржы-несие мекемелерінің жарнама қызметіне белсене араласа бастауы бұл саланың республикамызда өріс алғанын байқатады. Негізінен алғанда тауар түрлерін жарнамалауға бағытталған баспасөз хабарламаларының, теледидар бейнебаяндарының мақсаты – өнім өткізу көлемін ұлғайтуға жәрдемдесу  болып табылады.  Міне, сондықтан да дамыған елдердің дегені жүріп тұрған компаниялар мен фирмалары қаржы-несие мекемелері,  атап айтқанда, банктері жарнамадан қаржы аямайды.  Мәселен, АҚШ-та бұл мақсатқа жұмсалатын қаржы  бүгінде қарулануға бөлінетін қаржының тең жарымына жуығын құрайды.  Яғни, «жарнама – сауданың қорғаушы күші» ғана емес, жалпы даму дәрежесінің де бірегей көрсеткіші.

Жарнамалық қызметті жоспарлаудағы ең күрделісі жарнамалық қаржыларды анықтау. Жарнамалық қаржыларды анықтаудың бірнеше әдістері бар:

1.                     Бекітілген пайыз әдісі – өткен жылғы немесе болашақ тауар айналымынан (сатудан) белгілі бір пайыз бөлу.

2.                     Бәсекелеске теңесу әдісі – жарнамаға  шығаратын қаржы нарықта сізбен теңдес үлгісі бар бәсекелестің қаржысына тең бөлу керек.

3.                     Жоғары шығындар әдісі – мүмкіндігінше көп қаржы бөлу керек.

4.                     «Мақсат–міндет» әдісі –  жарнамалық қаржысы орындалған тиісті жұмыстың ғана функциясы деген тұжырымға негізделген [4].

 

Әдебиеттер:

1.       Бердалиева К.Б. «Қазақстан экономикасын басқару негіздері».
Алматы-2006ж.

2.       Ермаков В.А. «Қазақстан қазіргі дүние әлемінде», Алматы – 2002 ж.

3.       Мейірбеков А.Қ. «Кәсіпорын экономикасы», Алматы - 2003 ж.

4.       Набиев Е.Н. «Халықаралық  экономикалық  қатынастар», Алматы – 2007

5.       Тоқсанова А. «Шағын кәсіпкерлікті басқару», Алматы – 2005 ж.