Демеубаева Акмарал, Мамишова Каракоз, Саттаров Мейрхан

Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

 

ИННОВАЦИАЛЫҚ КӘСІПКЕРЛІК ОБЪЕКТІСІНЕ ЖАҢАЛЫҚ ЕНГІЗУДІҢ ОБЪЕКТИВТІ ҚАЖЕТТІЛІГІ

 

Өндірістік кәсіпкерлік – бұл нарықтық экономика субъектілерінің, болашақта тұтынушыларға сатуға арналған тауар өндіру, жұмыстарды атқару және қызмет көрсетуге бағытталған экономикалық белсенді әрекеті. Бұл кезде өндіру функциясы анықтаушы болып табылады. Жалпы қоғамдық тұрғыдан өндірістік кәсіпкерлік басымдылық маңызға ие, өйткені қоғамдық байлық материалдық, ғылыми-техникалық және сервистік өндіріс саларындағы жағдайға тәуелді.

Бұдан бөлек, тауар өндіру саласындағы кәсіпкерлік әрекет негізгі және қосалқы сипатта болуы мүмкін. Негізгілерге, нәтижесі тұтынуға дайын тауар өндіру болатын кәсіпкерлік әрекет түрлері жатады. Қосалқыларға, мақсаты тікелей тауар шығарушыларға, өндіру процесі барысында өндірілетін тауардың сандық және сапалық көрсеткіштерін жақсартуға ықпал ететін, әдістер мен амалдарды құрастыру және беру болып табылатын кәсіпкерлік әрекет түрлері жатады. Бұған әрекеттерінің нәтижесі тікелей тауар өндірушілерге жаңа техника, технология немесе ғылыми-техникалық жаңалықтарды, өндірістік сипаттағы қызмет көрсету (құрылыс жұмыстары, транспорттық қызмет және т.б.) болып табылатын кәсіпкерлік фирмалар да жатады.

Осыған байланысты экономикалық әдебиетте кәсіпкерліктің екі моделі бөліп қарастырылады: классикалық және инновациалық. Кәсіпкерліктің классикалық моделі (дәстүрлі, репродук­тивті кәсіпкерлік) кәсіпкер жұмысты ресурстардан ең жоғары қайтарым алуға ұмтылып ұйымдастырады деген болжамға сүйенеді. Нақты осы модель шеңберінде өндірістің өсуін басқару концепциясы  қалыптасады деп есептеледі, оны жүзеге асыру кәсіпкер үшін сыртқы факторлар – субсидиялау, үкімет тарапынан протекционизм – есебінен бірқатар шараларды жүргізуді талап етеді. Рентабельділікті жоғарылату, өндірісті жетілдіру және өнім ассортиментін жаңарту үшін ішкі мүмкіндіктер де жұмылдырылады.

Екінші модель – инновациалық кәсіпкерлік (продуктивті) кәсіпорынның дамуының жаңа жолдарын іздеуді қарастырады, бұл өсуді, немесе инновацияны басқару концепциясы туралы айтуға мүмкіндік береді. Кәсіпкерлік әрекет тәжрибесінің құрамына, оның кез-келген формасында, әдетте инновациялық процесс кіреді. Өндіріс толық инновацияларға негізделген жағдайда, оның мұндай ұйымдастырылуының нәтижесі жаңа тауар немесе жаңа сипаты, қасиеттері бар тауар болады. Бірақ, нарыққа дәстүрлі тауарларды шығару да, өндірісті ұйымдастыруға, өндірістің техникалық элементтері немесе өндірілетін тауардың сапалық көрсеткіштерін өзгертуге байланысты қандай да бір жаңа элементтер мен әдістерді қолданып жүзеге асырылуы мүмкін. Бұл жағдайда дәстүрлі тауарларды жартылай инновация енгізу арқылы өндіру туралы айтуға болады.

Инновациалық кәсіпкерлік Қазақстан Республикасы ғылыми қауымдастығы мен кәспкерелер үшін салыстырмалы жаңа ұғым. Дәл қазіргі уақытта ҚР жаңашылдықтың шарықтау кезеңін басынан өткізуде. Шарықтау – бұл жаңа мүмкіндіктерге ұмтылған кәсіпкерлердің әрекеттерінен туындаған құбылыс. Шарықтау шектен тыс оптимистік үміттер есебінен күшеюі мүмкін. Шарықтаудың мәнін өндірістік жүйеге алғы технология, басқару әдістерін және жаңалықтарды енгізу деп түсіндіруге болады.

Экономиканы басқарудың бір формалары мен әдістерінің орнына басқалары келеді. Бұл жағдайда инновациялық қызметпен, басқарудың мемлекеттік деңгейінен бастап, шағын бизнесте жаңадан құрылған жауапкершілігі шектелген серіктестікке дейінгі, барлық шаруашылық субъектілері айналысуға мәжбүр.

Инновцияларды дамытудың ынталандырушы механизмі бірінші кезекте нарықтық бәсекелестік болып табылады. Өндірушілер мен тұтынушылар ескірген техника мен технологияны пайдалану барысында дифференциалды зардап (шығын) шегеді, оның нәтижесінде инновация негізінде өндіріс шығындарын азайтуға мәжбүр. Тиімді инновацияларды алғашқы болып игерген кәсіпкерлік фирмалар өндіріс шығындарын азайтуға және оған сәйкес сататын тауарлардың (өнімдердің, қызметтердің) құнын төмендетуге, нәтижесінде ұқсас  тауарларды (өнімдерді, қызметтерді) ұсынатын фирмалармен күресте өзінің нарықтағы жағдайын нығайтуға мүмкіндік алады.

ХХ ғасырдың 30-шы жылдары Й. Шумпетер алғашқы рет “инновация” ұғымын қолданды, және оны өнеркәсіпте тұтыну тауарларының жаңа түрлерін, жаңа өндіріс құралдарын, нарықтар мен ұйымдастыру формаларын енгізу және пайдалану мақсатындағы өзгерістер деп түсіндірді [1].

Қазіргі уақытта инновациялық кәсіпкерліктің пайда болу қажеттілігін келесілер айқындайды:

·       өндірістің интенсивті факторларының күшеюі, олар ғылыми-техникалық прогрессті экономикалық әрекеттің барлық салаларында қолдануға ықпал жасайды;

·       жаңа техниканы құру мен енгізудің тиімділігін арттырудағы ғылымның анықтаушы ролі;

·       жаңа техниканы құру, игеру мерзімін елеулі қысқарту, өндірістің техникалық деңгейін жоғарылату, ғалымдар мен жаңашылдардың шығармашылығын жаппай дамыту қажеттілігі;

·       ғылыми-техникалық өндірістің ерекшелігі, шығындар мен нәтиженің белгісіздігі, зерттеудің айқын көрінетін көп варианттығы, қатер және мүмкін теріс нәтижелер;

·       жаңа өнімді игеру барысында шығындардың көбеюі және экономикалық көрсеткіштердің нашарлауы;

·       техника мен технологияның жедел моральдық ескіруі;

·       жаңа техника мен технологияны жеделдетіп енгізудің  объективті қажеттілігі және т.б.

Инновациалық кәсіпкерлік деп техника-технологиялық жаңалықтарды құру және коммерциялық пайдалану процесін түсіну керек. Әдетте, кәсіпкерлік әрекеттің негізінде жаңа нарық құрып, жаңа қажеттіліктерді өтеуге мүмкіндік беретін, өнім мен қызмет саласында жаңалық енгізу жатады. Сондықтан біздің ойымызша «кәсіпкерлерді инновациялық ой қабілеті ерекшелейді. Инновация – кәсіпкерліктің ерекше құралы»  деп атап көрсеткен П. Дракер шындыққа жақын [2].

Дракер П. инновациалық идеяның жеті көзін бөліп атайды:

§             ұйым немесе сала үшін күтпеген оқиға – күтпеген табыс, күтпеген шығын, күтпеген сыртқы оқиға;

§             бейконконгруэнттік – күнделікті өмір (шындығында қандай) және ол туралы біздің түсінігіміздің (қандай болу керек) арасындағы сәйкессіздік;

§             процесстің қажеттілігіне негізделген жаңалық енгізу (процесстің қажеттілігі деп, түзетілуі мүмкін және түзетілуі керек кемшіліктері мен осал жерлерін түсіну керек);

§             сала мен нарық құрылымындағы кенеттен болған өзгерістер;

§             демографиялық өзгерістер;

§             көзқарас, көңіл-күй және құндылық ұстанымдардағы өзгерістер;

§             жаңа мағына (ғылыми да, ғылыми емес те).

Австриялық ғалым И. Шумпетер [3] бес типтік өзгерістерді бөліп қарастырады:

1. Жаңа техниканы, жаңа технологиялық процесстерді немесе өндірісті жаңа нарықтық қамтамасыз ету (сатып алу-сату).

2. Жаңа қасиеттері бар өнімдерді енгізу.

3. Жаңа шикізатты пайдалану.

4. Өндірісті ұйымдастыруды және оны материалдық-техникалық жабдықтауды өзгерту.

5. Жаңа өткізу нарықтарының пайда болуы.

Инновациялық процесстің тауарлыққа айналу барысында оның екі органикалық кезеңі бөліп қарастырылады: а) құру және тарату;  б) жаңалықты диффузиялау. Біріншісі, негізінен, тәжрибелік-конструкторлық жұмыстар, тәжрибелік өндіріс пен өткізуді ұйымдастыру, коммерциялық өндіріс сияқты ғылыми зерттеудің кезеңдерін біріктіреді. Бірінші кезеңде әлі жаңалықтың пайдалы әсері жүзеге асырылмайды, тек қана мұндай жүзеге асырудың алғы шарттары құралады. Екінші кезеңде қоғамдық-пайдалы әсер жаңалықты өндірушілер, сонымен қатар өндірушілер мен тұтынушылар арасында бөлінеді.  Диффузия нәтижесінде өндірушілердің де, тұтынушылардың да саны және сапалық сипаттары өзгереді. Жаңалық енгізу процестерінің үзіліссіздігі нарық экономикасында жаңалық енгізу диффузиясының жылдамдығы мен кеңдігіне анықтамалық әсер етеді.

Инновацияның диффузиясы – уақыт бойында ол арқылы жаңалық коммуникациялық каналдар арқылы әлеуметтік жүйе мүшелері арасында жеткізілетін процесс. Жаңалық ретінде шаруашылық субъектісі үшін жаңа болып табылатын, идеялар, бұйымдар, технологиялар және т.б. болуы мүмкін. Бір сөзбен айтқанда диффузия – бұл бір рет игерілген және пайдаланылған инновацияны жаңа жағдайда немесе жаңа қолдану орнында тарату. Инновацияны тарату – бұл ақпараттық процесс, оның формасы мен жылдамдығы коммуникациялық каналдардың қуаты, шаруашылық субъектілерінің ақпаратты қабылдау ерекшеліктері, олардың осы ақпаратты пайдалану қабілеті және т.б. тәуелді. Бұл нақты экономикалық ортада әрекет етуші шаруашылық субъекттер инновацияларды іздеуде әртүрлі көзқарасты ұстануы және оларды игеру қабілеттерінің әртүрлілігіне байланысты.

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер

1.    Основы инновационного менеджмента: Учеб. пособие/под ред. П.Н.Завлина, А.К.Казанцева, Л.Э.Миндели./ М.: Экономика, 2004.

2.    Основы менеджмента. Мескон М.Х., Альберт М., Хедоури Ф., – М.: 2006

3.    Новицкий Н. Инновационный путь развития экономики//Экономист. 2004. №6.

4.    Менеджмент (теория и методология). Тихомирова А.В., – М.: 2004