Экономические
науки/9.Экономика промышленности.
Жусупова Айдана Абдуганиевна
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда
мемлекеттік университеті
«Экономика»
мамандығының 1 курс магистранты
Талапбаева Гульнар Едиловна
«Экономика және менеджмент»
кафедрасының аға оқытушысы, э.ғ.к
Шағын
қалаларға өнеркәсiптiк өндiрiстi енгiзудiң
оптимизациясы
Шағын қалаларда өндiрiстi енгiзу мен дамыту проблемасы
өндiрiстiң аймақтық экономикалық даму
маңызына ие. Кешендi даму мен өндiрiстi орналастыру
экономиканың қарқынды даму жағдайында өте
қиын және ауқымды тапсырма, яғни оны шешу үшiн
кешендi өндiрiстiк жағдайын, бiр-бiрiмен байланысы мен факторларын
есепке алу керек. Бұндай жағдайда аймақтық
дамудың оптималды вариантын табу тек математикалық әдiстердi
қолдану мен қазiргi заманғы есептеу техникаларының
көмегiмен ғана мүмкiн.
Елiмiзде және шетелдерде аймақтық даму мүмкiндiгiн
қарастыратын математикалық модельдердiң көптеген
тәжiрибелерi қордаланған, ел экономикасының модельдiк
жүйесi мен өндiрiс көшiн орналастырудың модельдiк
жүйесi қалыптасқан.
Аймақтық деңгейде экономиканы дамыту мен өндiрiстi
орналастырудың әртүрлi мақсатты бағыттағы
бiрнеше модельдiк типтер қолданылады. Бiздiң ойымызша оларды
үш топқа бөлуге болады: аймақтық
жүйенiң баланстық моделi, эконометрикалық модель
және орналастырудың оптималды моделi.
Өндiрiстi орналастыруды
оптимизациялауда екi критерийдi қолданған тиiмдi:
шығынның минимумы мен пайданы максимизациялау.
Кәсiпорынға бiр өнiмдi өндiрiстi орналастырып
оптимизациялауда осы екi критеридiң бiрiн қолдану мiндеттi
түрде тиiмдiлiгiн көрсетедi. Салааралық факторлармен
байланысты орналастырудың артықшылығын анықтау кезiнде ол
критерилерге байланысты әртүрлi болып келедi, яғни әр
өнiм түрiнiң пайдалылығына байланысты өзгерiп
отырады.
Негiзгi жағдайда дамуды оптимизациялау және талдау мен жұмыстың
тиiмдiсiн таңдау негiзiнде өндiрiстi орналастыру бойынша
шығынды минимумдау
критерийдiң келесi шарттардың бiрiн қолдану кезде
мүмкiн болады: а) өнiмге сұраныс iс жүзiнде сату
бағамына байланысты емес және мiндеттi қанағаттандыруға
жатады; б) өнiмдi сату бағамын шемiм қабылдау кезiнде орнату
мүмкiн емес немесе жеткiлiктi дәрежеде сенiмдi емес; в)
ресурстардың қол жетiмдiлiгiн жоспарлау жүйесi
сұранысты жоспарлауға қарағанда тұрақсыз.
Осылардан шыға отырып, шағын қалаларда өндiрiстi
орналастыру моделiн оптимизациялаудың критериi ретiнде жалпы
шығынның қосындысынан шыға отырып, ең аз
мөлшерiн таңдау керек.
Осыған байланысты өндiрiстi орналастыру тапсырмасының
мақсатты функциясы өнiмнiң көптеген түрлерiн
шығаратын өнеркәсiптердi көптеген пунктерде
(қалаларда) орналастыруды қарастыруға байланысты келесiдей
болуы мүмкiн:
|
L=ΣΣΣCijr*xijr→min |
(1) |
Мұндағы:
Cijr – i-қалада j-тұтынушы
үшiн r-өнiмге бiр өнiмнiң кешендi шығыны;
Xijr - i-қаладан j-тұтынушыға
r-өнiмдi тасымалдау көлемi;
i – кәсiпорын орналасқан қаланың индексi;
j - өнiмдi тұтынушының индексi;
r - өнiм түрiнiң индексi.
Кешендi шығынның коэффицентi көрсетiлген
шығынның жиынтығы ретiнде қаралады.
Кәсiпорынды пункте орналастырудың капиталды шығыны осы
формула бойынша өзiне өнеркәсiп құрылысының
құны мен өндiрiстiк және әлеуметтiк
инфрақұрылымға салынған капиталды қосады.
Осыған байланысты өндiрiстi дамыту мен әлеуметтiк
инфрақұрылымдар шығындары кәсiпорынның
құрылысын жүргiзу орнына байланысты өзгерiп отырады. Осыған
байланысты орналастырудың жалпы инфрақұрылымдық
шығындарын төмендетудiң оптимизациясы пайдалылық
критериi ретiнде кәсiпорынды аймақтың iшiнде орналастыру
қарастырылады.
Сондай-ақ инфрақұрылымға капиталсалуды төмендету
факторы ретiнде урбанизациялық эффекттi қарастыруға болады.
Урбанизациялық эффектiнiң қолайлығы қалалар
мiнездемесiне байланысты толықтай зерттелмеген. Оның тек жас дамушы
өнеркәсiп орталықтарында тиiмдiлiгi жоғары екендiгi
белгiлi.
Урбанизация эффектiлiгiн қаланың дамуындағы
өнеркәсiптiң көлемi мен өндiрiс
деңгейiнiң функциясы ретiнде қарастыруға болады:
|
ΔК=f(Rr, Rv) |
(2) |
Мұндағы:
ΔК – урбанизация эффектiсiнiң есебiнен капиталды салымды
үнемдеу;
Rr – кәсiпорындағы өндiрiстiк-өнеркәсiп
мамандарының саны;
Rv – қаладағы бiр жылдық өнеркәсiп
өнiмiнiң жалпы көлемi.
Кәсiпорынның көлемiне байланысты урбанизация
эффектiсiң ауқымы керi тәуелдi, ал қаланың
өнеркәсiптiк даму деңгейiне байланысты – тiкелей. Осыны
ескере отырып, функцияның параметрлерiн таңдамалы мәлiметтер
қолдана отырып, сосын қалалар арасындағы
инфрақұрылымға жұмсалатын қосымша капитал
салымының көлемiне байланысты мейлiнше аз квадраттар әдiсi
арқылы бағалауға болады.
Ағымдағы шығындардың деңгейiне
өндiрiстiң шоғырлану дәрежесi ықпалды әсер
етедi. Ол бiрдей уақытта шоғырлануға тәуелдi және
тәуелдi емес шығындардың көлемiне әсер етедi,
соған байланысты шоғырландыру эффектiсi жиынтық ретiнде
қаралады.
Пайдаланылған
әдебиеттер тізімі
1 Региональная экономика: Учеб. Пособие для вузов / Под ред. Под. Ред.
Т.Г.Морозовой. М.: Банки биржи ЮНИТИ, 1999. – 419 с.
2 Гранберг А.Г. Основы региональной экономики:
Учебник для вузов- М.: ГУВШЭ, 2000.- С.327-330;
3 Власов В.И. У малых городов большие проблемы. –
ЭКО. 2003, № 12. - С. 117-122.
4 Архангельский В. «Региональная экономическая
политика и механизмы ее реализации» // Аль –Пари – 2001, №3. - С. 17-21