Современные информационные технологии/ 4.Информационная безопасность

 

К.э.н, Алдажаров К.

Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық  университеті,  Алматы қ.

Досымбеков Т.К

Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық  университеті 2-курс магистранты, Алматы қ.

 

Қатынас құруды бақылаудың автоматтандырылған жүйелері

 

Қазіргі таңда мекемелер қауіпсіздікті кұшейту үшін әр түрлі шаралар қолданылады, соның ішінде қатынас құруды бақылау жүйесі кең қолданыста болып жатыр.

 Қатынас құруды бақылау жүйесі – бұл заманауи техникалардың көмегімен адамдарды бөлмелерге немесе күзетілетін аймақтарға өткізуді басқару міндеттері, сондай-ақ есепке алу және бақылау міндеттері орындалатын техникалық және ұйымдық құралдардың жүйесі [1].

Кәсіпорынның өтетін жері, цехтарға және басқа бөлмелерге кіретін жерлерге бөгейтін қондырғылармен (құлыптармен, турникеттермен, шлагбаумдармен) және кіру карталарын оқығыштармен жабдықталады. Осы қондырғылардың барлығы жүйенің контроллерлеріне – жүйенің желіге біріктірілетін және компьютерге қосылатын интеллектуалдық бөлігіне қосылады, компьютердің көмегімен олардың күйін басқару және бақылау жүзеге асырылады.

Адамдарды идентификациялау үшін жүйеде жеке коды бар контактысыз пластик карталар қызмет етеді. Әр картаға картаның иесі және кіру деңгейі туралы ақпарат сәйкестікке келтірілген. Осы карталарды рұқсат қағаздар немесе кілттер ретінде пайдалана отырып, қызметкерлер аумаққа, цехтарға және басқа бөлмелерге өтеді. Картаны өтетін нүктеде орнатылған оқығышқа жақындатқан кезде жүйе контроллерде сақталып тұрған ақпаратты картадағы кодпен салыстырады және картаның иесіне кіруге рұқсат етілген-етілмегендігін анықтайды. Егер кіруге рұқсат етілген болса, жүйе автоматты түрде турникеттен немесе құлыптан өтуге мүмкіндік жасау үшін блоктан шығарады.

Кіруді бақылаудың автоматтандырылған жүйесі персоналдың барлық өтулерін есте сақтап қалады және бұл ақпарат жұмыс уақытын есепке алуды және тәртіпті бақылауды ұйымдастыру үшін пайдаланылады [2].

Бұл жүйенің мекемеде енгізу не береді? Біріншіден, қауіпсіздік проблеманы шешу. Электронды өткізетін жерді ұйымдастыру бөтен адамдардың кәсіпорынның аумағына рұқсатсыз кіруін болдырмау үшін бақылаудың тиімділігін айтарлықтай арттыруға мүмкіндік береді.

Персоналдың жылдам және еш кедергісіз өтуі үшін өтетін жерге электромеханикалық турникеттер орнатылады. Есептегішке кіру картасын көрсете отырып, қызметкерлер турникет арқылы өтеді, бұл рұқсат қағаздарды тексерген және жұмысқа кешігулерді тіркеген кезде, қателердің және теріс пайдаланулардың мүмкіндігін іс жүзінде нольге теңестіре отырып, адам факторының әсер етуін болдырмауға мүмкіндік береді.

Рұқсат қағазды басқа адамға беруден қорғау былайша іске асырылады: жүйе кәсіпорыннан шығуды жүргізбей, кәсіпорынға бір рұқсат қағаз бойынша екі рет кіруге мүмкіндік бермейді. Егер қызметкер сонда да аумаққа өтсе (мысалға, дуал арқылы), жүйе оны ішкі нысанға (цехқа немесе өзге бөлмеге) өткізбейді. Жүйе әрбір қызметкерге ол өзінің қызмет бабындағы міндеттеріне сәйкес және оған тиесілі уақытта болуға құқылы бөлмелерге кіруге рұқсат беруге мүмкіндік береді. Кіруді бақылау режимін күшейту және бөтен картаны пайдаланып қалу әрекеттерінен қорғау үшін кіретін адамның тұлғасын көп деңгейлі идентификациялау – «картаны, оған қоса құпия кодтың жинағын көрсету» шартымен кіруді ұйымдастыру мүмкін болады.

Екіншіден, басқарудың тиімділігі жоғарлату. Кіруді бақылаудың автоматтандырылған жүйесі қызметкерлердің кәсіпорынның аумағы бойынша барлық орын ауыстыруларын қадағалап отырады. Жұмысқа кешіккендер, жұмысқа шықпағандар немесе жұмыстан уақытынан бұрын кетіп қалғандар туралы есептер күн сайын да, уақыттың кез келген аралығы ішінде де толтырылуы мүмкін. Жұмыс уақытын есепке алудың бағдарламалық модулі кез келген күрделіліктегі көп ауысымды және сырғымалы кестелерді ұйымдастырған кезде жұмыс уақытын автоматты есепке алуды, тіркеуді қамтамасыз етеді, әр қызметкердің жұмыс істеуінің дербес кестесіне сәйкес, белгіленген үлгідегі табельді автоматты түрде қалыптастырады.

Рұқсат қағаздарды беру модулі: қызметкердің фотосуреті, аты-жөні, тегі, бөлімшесінің атауы бар рұқсат қағаз түріндегі кіру картасын толтыруға мүмкіндік береді.

Жоғарыда көрсетілген жүйенің программалық мүмкіншіліктері аппараттық жабдықтарды жұмыс істетуге қолданылады. Негізгі апараттық жабдық – турникеттер. Олардың түрлері келесілерге бөлінеді [3]:

Турникеттер-триподтар.  Бұл турникеттер жинақы және жоғары өткізу қабілетін қамтамасыз етеді. Олардың пиктограммалары бар, қоса енгізілген жарық таблосы, өтудің нақты фактін тіркеуге мүмкіндік беретін, планкалардың бұрылуын көрсеткіштері бар. Оларда басқару пультінің немесе радиобасқару қондырғысының көмегімен турникетті ыңғайлы басқару бар, RS-232 интерфейсі арқылы тікелей дербес компьютерге қосылу мүмкіндігі бар.

Турникетті компьютерге қосқан кезде қосымша мүмкіндіктер пайда бола бастайды: турникет арқылы жасалған өтулердің санын есептеу мүмкіндігі пайда болады. Төтенше жағдайларда ғимаратта адамдардың қанша саны бар екендігін анықтау мүмкіндігі әрқашан болады; адамдардың тобын өткізуді ұйымдастыру мүмкіндігі пайда болады (турникет N адамның өтуі үшін ашылады, топтағы соңғы адам өткеннен кейін турникет жабылады); «Бөлмеде N саннан көп емес адам» режимін ұйымдастыру мүмкіндігі пайда болады (кірген және шыққан адамдардың саны белгіленген деңгейге жеткен кезде, турникет кіру үшін жабылады және кезекті адамның шығуы жасалған кезде ғана ашылады). 

Тумбалы турникеттер. Кіруді бақылауға және басқаруға аса жоғары талаптары бар нысандарда адамдар ағынын бір-бірден бөлуге арналған. Бірнеше турникетті қатармен орнатқан кезде олардың корпустары, қосымша қоршауларды орнатусыз-ақ, өтетін аймақты қалыптастырады. Турникет арқылы бір мәрте өту режимінде рұқсат етілген бағытта тек бір адам ғана өте алады. Адам өткеннен кейін ротордың демпфирлеуші қондырғының есебінен бастапқы күйге дейін бір қалыпты автоматты бұрылуы жүреді, бұдан кейін ротор сенімді блокталады.

Роторлы турникеттер. Қауіпсіздікке аса жоғары талаптар қойылатын нысандарға кіруді ұйымдастыру үшін қолданылады. Бұл турникеттер басқаруда ыңғайлы етеді, жоғары өткізу қабілетіне ие, адам өткеннен кейін жабық қалыпта аса жоғары фиксациялануды қамтамасыз етеді. Бірқалыпты жүрісін, инерциялық айналуын және шусыз жұмыс істеуін электр жетегі қамтамасыз етеді.

Сонымен қатар қатынас құруды бықылау жүйсінің негізгі элементі ретінде пластикалық карточкалар қолданылады. Стандартты пластикалық карточка ПВХ-дан жасалған және бір немесе екі жағынан бояумен тысталған, өлшемі 86x54 мм тікбұрыш болып келеді. Қолданылатын мақсатына сәйкес, карточкалардың қарапайым жіктелімін келтіруге болады. Клубтық карточкалар: құрамында карточканың иегерінің қандай да бір құрылымға немесе ұйымға (спорттық клуб, түнгі клуб және т.с.) тиесілігі туралы ақпарат болады. Идентификациялық карточкалар: бұл жеке бас куәліктері, жүргізуші құқықтары және т.б. Оларда иегерінің фотосуреті, жеке бас мәліметтері, арнайы номерлері және басқа да ақпарат болады. Дисконттық карточкалалар: бұл карточкалар бойынша әртүрлі сауда мекемелерінде тауарларға немесе қызметтерге жеңілдік алуға болады. Жарнамалық-ақпараттық карточкалар: олар жарнама таратушы функцияларын атқарады. Банк карточкалары:  қолма-қол емес есеп айырысулар үшін пайдаланылады. Дербестендіру үшін оларда магнит жолағы, пайдаланушының жеке номері, тегі және голограммасы болуы мүмкін. Смарт-карточкалар: негізгі ерекшелігі – осында бұл компьютерлік интерфейс арқылы оқылатын және өңделетін ақпараттың көп мөлшері болуы мүмкін интеграцияланған шағын чип. Қоса енгізілетін, қайта жазылатын шағын схемасы бар карточкалар: осыған өзгертілетін ақпарат жазылатын, жадының белгілі көлемі бар.

Карточкалардың барлық түрлерін жасау стандарттарға сәйкес жүргізіледі:

- ISO-7810 «Идентификациялық карталар – физикалық сипаттамалары»;

- ISO-7811 «Идентификациялық карталар – жазу әдістері»;

- ISO-7812 «Идентификациялық карталар – номерлеу жүйесін және эмитенттердің идентификаторларын тіркеу рәсімі»;

- ISO-7813 «Идентификациялық карталар – қаржы транзакцияларына арналған карталар»;

- ISO-7816 «Идентификациялық карталар – контакттарымен шағын схемасы бар карталар»;

- ISO-4909 «Банк карталарымагнит жолағының ішінің жолының мазмұны».

Пластикте үлкен (бірнеше мың) карточкалар көлемін басып шығару үшін ірі пішімді парақтық офсет машиналар,  мысалға, КВА, Komori, Heidelberg қолданылуы мүмкін. Үлкен пішімінің арқасында параққа өлшемі 54x86 мм болатын жүзден аса карточканы орналастыруға болады [4].

Аз таралыммен (500 картаға дейін) шығару үшін термосублимациялық принтерлер қолданылады. Осындай принтерлердің кейбір үлгілері түптеуді, магнит жолағын, штрих-кодты кодтауды және т.с. жасауға қабылетті. Таралымның артуымен принтерде басып шығарған кезде әр бедерлеменің (оттисктің) құны өте жоғары бола бастайды.

 

Қолданылған әдебиеттер:

 

1.     www. wikipedia.org: Свободная энциклопедия.

2.      http://control-systems.kz/skud.html : Система контроля и управления доступом (СКУД).

3.     http://www.podkontrolem.ru/category/turnikety: Виды турникетов.

4.     http://www.podkontrolem.ru/category/beskontaktnye_karty_dostupa.