Иманбеков М.М., Маженова Р.Б., Конхашова У.М.

Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті

Заманауи білім берудегі педагог-психолог мамандарды кәсіби даярау

      

       Қазіргі таңдығы өзекті мәселелердің бірі – жоғары білікті, сапалы, теорияда және тәжірибеде кәсіптік мәселелерді шеше алатын, сонымен қоса кәсіптік іс-әрекет жүйесін құратын, іс жүзінде қолдана алатын және түзететін мамандарды дайындау болып табылады. Білім беру саласында білікті мамандарын дайындау жүйесін үздіксіз жетілдіріп отыру қажеттілігі туындады.

       Педагогика және психология мамандығы бойынша сапалы мамандарды  кәсіби даярлауда ғылыми қызығушылықтың пайда болуы сол салаға көптеген ескертулердің үздіксіз болып отыратынымен, сонымен қатар олардың іс-әрекетінде, тәрбиелеу және оқыту үрдісінің басқа субъектілер жағынан күтпеген жағдайда болатын өзекті мәселелерді шешуде және оны шешудегі техникалық қатынаста әртүрлі мәселелердің туындауымен байланысты. Осы қарама-қайшылықтардың мәні іс-әрекеттер мазмұнында, мемлекеттік стандарттардың талаптарында және жоғарғы оқу орындарында оқыту барысында мамандарды кәсіби даярлау мазмұнында сәйкес келмеушіліктердің болуы. Мәселелерді шешудің қажеттілігі берілген қарама-қайшылықтарды жою жолдары мен тәсілдерін іздеп табу болып табылады. Сонымен қатар болашақ педагогика және психология мамандығы бойынша сапалы кәсіптік білім беруді дамытуды қамтамасыз етіп отыратын негізгі тұтас жүйе - барлық білім беруге қатысты қоғамның және мемлекеттің талаптар жүйесі болуы қажет. Кәсіптік білім берудің мазмұны мен маманның іс-әрекетінің мазмұны арасындағы күрделі жүйелік байланыс қазіргі заманғы ғалымдармен жете түсіндіріледі, сонымен қатар тек осы арқылы кәсіптік даярлаудың сапаларын жоғарлату жолдарын табуда жаңа теориялық қатынастар мен шешімдердің логикасын анықтайды. Дегенмен осы мәселе шешілмеген болып отыр. Бір жағынан зерттеулер санының көп болуы педагогика және психология мамандығына қатысты болып келеді.

       Педагог-психологтарды кәсіби даярлау жүйесіне өзгерістер енгізу қажеттілігі оның мазмұны мен құрылымын реттейтін детерминантты іздеу мәселесін тудырды. Отандық кәсіби-психологиялық білім берудің мазмұны мен құрылымын зерттеуде көптеген ғалымдар (Г.С.Aбрамова, Ф.Е.Василюк, И.В.Дубровина, Е.А.Климов, Р.В.Овчарова, А.В.Перовский және т.б.) қазіргі уақытта екі қағиданың бар екені жайлы ескеріп өтті: академиялық және практикалық.Талдау нәтижесі олардың белгілерін: мақсаты арқыды, мазмұны арқылы және тәсілдері арқылы анықтауға мүмкіндік береді. Сонымен академиялық қағида, көбіне дәстүрлі теориялық білім мен оны меңгерген психолог‑зерттеушілерді дайындауға негізделген. Осындай даярлау жүйесі барысында танымдық іскерлік пен дағды қалыптасады. Практикалық қағида, тәжірибелік іс-әрекетіне бейімделген, яғни тәжірибелік іскерлік пен дағдысы қалыптасқан, практикалық психологтарды даярлауға негізделген.

       Қазіргі уақытта кәсіптік мәселелерді нәтижелі шеше алатын кәсіби білім берудің мазмұны мен технологиясын құрастыру белсенді түрде жүруде. Оқу жоспарын мен бағдарламаларын мемлекеттік білім беру стандартының талаптары негізінде талдау білім берудің теорялық және тәжірибелік мазмұны арсындағы өзара байланыстың болуын талап етеді. Демек, осы мәселенің шешімі дәстүрлі академиялық және практикалық бағыттар ортасында орналасқан, осының негізінде педагог-психологтарды теорилық және практикалық тұрғыдан даярлау мақсатында ортақ шешімге келе алады. Осы негізгі мәселелерді қарастыра отырып болашақ мамандардың жоғарғы оқу орындарында білім алуы яғни, кәсіптік даярлаудың мақсаты тек біліммен ғана қамту емес, сонымен қатар тәжірибеде кәсіби мәселелерді шеше алуға дайындығын қамтамасыз ету қажет.

       Жыл сайын халыққа білім беру жүйесіне шамамен мыңдаған жоғары оқу орнындарын бітірушілер келіп қосылады. Яғни, студенттер белгілі бір кәсіптік даярлау жүйесінен өтеді.

       Жоғары оқу орындарында педагогика және психология мамандығы бойынша болашақ мамандарды даярлауды жетілдіру жолдары  белгіленген:

·        жаңа оқу жоспарлары жасалды, онда студенттерді тиянақты даярлаумен қоса, оқытудың практикалық бағытына да айрықша көңіл бөлінеді. Жаңа оқу жоспарларында студенттерге жан-жақты сапалы білім беруге ұмтылады. Бірінші курстан бастап үздіксіз педагогикалық және психологиялық іс – тәжірибеден өткізу енгізілді.

·        жаңа оқулықтар жасалып, қолданылып жүрген оқу бағдарламалары мен оқулықтар өңделеді. Онда оқуды өмірмен және студенттердің тәжірибелік ісімен байланыстыру күшейтіледі. Педагогтар мен психологтарды іс – тәжірибеден өткізу мақсаты айқындалады, яғни болашақ педагог-психологтар арнайы оқу орындары мен орта кәсіптік білім беру мекемелерінде жұмыс істеуге даяр болуы керек. Халыққа білім беру жүйесінің барлық буындарында барлық педагог-психологтар мен тәрбиешілер үшін жоғары педагогикалық және психологиялық білім алу міндеті қойылады.

·        студенттердің оқуы, еңбегі, тәртібі жөніндегі жеке жауапкершілігі арттылған. Болашақ маман өзінде қоғамдық белсенділікті, ұжымда өмір сүру мен жұмыс істей алуды, алуан түрлі іскерлік пен дағдыны қалыптастыруды дамытуы тиіс. Мұның барлығы педагог-психолог өмірін барынша қызғылықты, әрі мазмұнды ете түседі. Студент білімінің сапасына ерекше талап қойылады.

Қолданған әдебиеттер:

1.      Сластенин В.А. и др. Педагогика: Учебное пособие для студентов

педагогических учебных заведений. М.: 1997.

2.      Климов Е.А. Как выбрать профессию. М.: «Просвещение», 1990.