Сәби жастағы балаларды дамыту және
тәрбиелеу.
Аубакирова С.Д., Жомартова А.Д.
Балалық шақ кезеңінің ерекшелігі.
Балалық
шақ кезеңінің (1-3 жас) бір қатар сапалы, физиологиялық
және психикалық ерекшеліктері бар, ол тәрбиелеудің
әдістері мен маңызын анықтайдыжәне осы жастағы
балалар үшін арнайы жағдайларды жасауды талап етеді.
Балалық
шақтың ерекшелігі:
1) Дене
және психикалық дамудың қарқындылығы. Бала
өмірдің бірінші кезеңінде өз салмағын еселейді,бойы
орташа 25 см. өседі, кейінгі 2
жылда салмағы мен бойының өсу қарқыны
қысқарады: екінші жылда ол 11см өсіп, салмағы 2,5-3 кг артады; үшінші жылда бойы 8см,
салмағы- 1,5-2 кг артады.
11-12 айда бала
өз еркімен жүре бастайды, 6-10 сөз айтады, 2 жасында – 200 - 300 сөз, 3 жасында
1200-1500 сөзге дейін. Бала қарапайым мінез-құлық
ережесінмеңгеріп, оның құштарлығы,
дағдысы,талғамы қалыптасады.
2) Бала
организмі қамкөңілдігінің артуы, органдар мен
жүйенің жеткіліксіз морфологиялық жетілуі. Дамудың
тез қарқыны, қолайсыз фон күйінде болады – организм дамымаған кезде, бұл
оның ренжігіштігін арттырады. Көп жағдайда балалар ішкі
органдар іс-әрекетінің жетілмеушілігіне шалдығады.
Бұған қоса, олар тез шаршайды, бір әрекеттен
басқа әрекетке ауысуы қиын, жоғары қозғыштықтарымен
ерекшеленеді.
3) Дене және
психикалық дамудың өзара байланысы. Бұл
кез келген жасқа тән жалпы заңдылық, бірақ
балалық шақта ол ерекше айқын, байқалады,
себебі бұл кезде организмнің барлық іс-әрекеті
қалыптасады. Өмірдің бірінші жылында баланың
ақылы мен адамгершілігінің дамуы оның дене жағдайы мен
көңіл күйіне тәуелді. Жүйке процестері
салмақтылығының жеткіліксіздігіне, оның
құбылмалылығына балалар арасындағы жанжал мен еркелік
себеп болады. Денсаулықтың нашарлауы
төңірегіндегілердің қатынасына әсер етеді:
әсерге алғырлығы төмендейді, бағдарлау реакциясы
мұқалады, балалар бастапқы білгенін, сөйлеу және
қозғалу икемін ұмытады. Бұл ерекшіліктерді білу
балалардың денсаулығына мұқият қарауды,
олардың жүйке жүйесін сақтауды талап етеді.
4) Сыртқа
әсер қажеттілігі бірінші 3 айда байқалады. Оны
қанағаттандыруда балада жағымды сезінуді, барлық
төңірегіндегілерге қызығушылық тудырады. Бала
ересектермен ұйымдастырылған және бағытталған
әсерді неғұрлым көп алса, ол соншама оған
мұқтаж. Ересектердің әсер етуінен осылай оның
белсенділігі қалыптасады. Қозғалыс белсенділігі дене
және ақыл-ой дамуын сәйкестендіреді. Қозғалыс
жетіспеушілігі, тапшылық және төңірегіндегілердің
бірсарынды әсер етуі
психикалық дамудың тез төмендеуіне әкеледі.
5) Жоғары
жүйке іс-әрекетінің ерекшелігі – жүйке
жүйесінің төзімділік және функционалдық
жетілуінің жетіспеушілігі, ми қабығы жүйке
клеткаларының жұмысқа қабілеттілігінің баяу дамуы
және т.б.
Жүйке
процестерінің жетіспеушілігі (тежелу қалпы басымдылығы)
балалар мінез-құлқының ерекшелігінде байқалады:
олар тез қозады, көп қозғалады, күтуге
қабілетсіз. Жүйке процестері
қозғалғыштығының жетіспеушілігі ұйқыдан сергектенуге және
сергектенуден ұйқыға, мерзімі ұзартылған
реакциядан іске немесе басқа да жағдайларға ауысу
қиындығынан туындайды.
Ми дамуы
сыртқы ықпалдың, тәрбиенің
әсеріненоның қарқынды қарекетін қамтамасыз
етеді. Егер сыртқы әсер болмағанда немесе ол жетіспегенде
орталық жүйке жүйесінің дамуы тежеледі. Н.М. Щеловановпен жоғарылатылған
бұл ереже, кеңес үкіметі кезінде балабақша
мекемелерінде орын алған психикалық госпитализмнің себебін
ашу мүмкіндігін берді.
Госпитализм
жабық түрдегі балабақша мекемелерінде
тәрбиелетін балалардың дене және психикалық дамуын
тежейтін теріс әрекеттер жиынтығын анықтайды. Балалар
мінезінің және дұрыс даму барысының өзгеруі
балабақша мекемелерінде балалардың өмірін дұрыс
ұйымдастырмау, тәрбие рөлін (медико-гигиеналық
күтімді және қозғалысты шектеу) дұрыс
бағаламау нәтижесінде болады.
Өмірдің бірінші жылында балалардың
бастапқы білуі.
Әрбір жас
ерекшілік кезінде даму жетістігін анықтайтын, сол және басқа
жас кезеңде ғана емес,
келесі дамуға қолайлы негіз болатын маңызды бастапқы
білу байқалады.
Өмірдің
бірінші жылында балалардың бастапқы білуі:
1) Бірінші 3 айда көру,
есту және эмоционалды реакция дамуы жүзеге
асырылады.Баланың көру зейіні 8-14 күнде туындайды. Басында
заттың
қозғалған ой өрісіне. 1 айдың соңы
–2 айдың басында ол қозғалмайтын заттарға, онымен
сөйлесіп отырған адамның бетіне зейін қояды. 2-2,5 айында бала ілулі тұрған
ойыншыққа ұзақ қарайды және
төңірегіндегілердің қозғалысын бақылайды.
Дыбысқа
құлқ түру 9-10 күнде байқалады. 1 айында
өте ұзақ құлақ түреді. 3 айында бала
жалпы ортадан қабылданған ашулы үнді айыра бастайды. 3 айдың соңында баладыбысты
ойышықтар мен сөйлеген ересектердің дыбыс көзін іздей
бастайды. Осылай, көру және есту анализаторларының арасында
байланыс туындайды.
2,5 айдан бастап 5-6
айға шейін көру және есту қабылдауы жетіледі, дауыс
реакциясы мен қолдың ұстап алу қозғалысы дамиды.
2) 5-6 аптада
үлкендерге жауап ретінде бірінші күлімсіреу байқалады. Сондықтан да жымию әлеуметтік
реакция болып саналады.
3) 2,5-3 айында «жандану
кешені» (Н.М. Щеловановтың термині) байқалады. Баланың
эмоционалды көрінуіне рекцияның бірнеше түрі кіреді:
эмоционалды (жымию), дауыс (былдырлау), қозғалыс (қол,
қозғалысы).
4)
Алғашқы 3 айдабаланың ақылы дамиды, одан жылдың
соңында қозғалыс қалыптасады:
еңбектеу,жүру. 3-5 аптада ішімен жатып, басын көтеріп,
ұстап тұруға талпынады.
2,5-3 айында бірнеше минут ішімен жатып, басын жоғары
көтереді.
5) Дауыс
реакциясының тууы. 2-4 айында «былдырлау»
туындайды. 4-6 айында –гуілдейді, 6 айында
- былдырлайды.
Екінші
жартыжылдықта дауыс реакцисы жетіледі: балалардакейбір дыбыстарды
қайталап сөйлеу талпынысы пайда болады. Бірінші жылдың аяғында алғашқы ойланып
айтылған сөздер шыға бастайды.
6) Негізгі
қозғалыстардың дамуы: еңбектеу -7 айында, отыра білу –
8 айында, өз еркімен тұру– 11 айында, өз еркімен жүру –
12 айында.
1) жұмысқа
қабілеттілік шегіне сәйкес сергіту ұзақтығын
қамтамасыз ету;
2)
күндізгі және түнгі ұйықтату санын
қажетінше қамтамасыз ету;
3)
емізу арасында белгіленген, тиісті жас аралығын сақтау;
4)
ұйықтату, емізу, сергітудің тиімді алмасуын қамтамасыз
ету.
Бала
ұйықтап тұрғаннан кейін, сергітудің алдында
тамақтанған кезі аса тиімді саналады.
Өмірдің екінші жылында балаларды дамыту
және тәрбиелеу.
Өмірдің
екінші жылында келесі қасиеттермен сипатталады: бала сөйлеп,
жүре бастайды, сөзі қарым қатынас құралы болады;
Жүйке
жүйесінің жұмысқа қабілеттілігі артады. Бірінші
жартыжылдықта балалар 3-4 сағатқа белсенді сергейді, екінші
жартыжылдықта – 4-5 сағатқа.
Балалардың
психикалық және дене дамуының қарқыны
өмірдің бірінші жылына қарағанда,екінші жылда өте
қарқынды.
1 жылдан бастап – 1
жыл 2 айда бала өз еркімен қасықпен тамақтануды
үйренуі қажет. 2 жылда ол өз еркімен тамақтану
машықтарын жақсы меңгере алуы қажет. 1 жылда
балаға өз еркімен киініп, шешінуді, керек киімді тауып
әкелуді және т.б.
үйрету қажет. 1 жыл
9 айда бала үлкендердің аздап көмектесуімен жартылай шешінуді
білуі қажет (колготки, бәтеңке, құлақшын
шешуді). 2 жылда ол ересектердің көмегінсіз өз киімінің
жартысын киіне алуы қажет.
Өмірдің
екінші жылында балаларды тәрбиелеу процесінде сергектену процесіндегі
олардың әрекеттену маңызына үлкен назар аудару
қажет.
Оқыту
процесінде балаларды дамыту. Балалардың назары үйренген және
өз еркімен орындай алатын – құрылыс материалдарына,
көпшілік дидактикалық ойыншықтр – пирамида, матрешка,
салынбалы кубик және т.б. ойыншықтар мен материалдарға
түседі.
Әрекет ету балалармен үлкендердің
қарым-қатынасын орнатуға көмектеседі. Әрекет
етуді меңгеру процесінде балалар
сенсорлы дамиды, мәні мен құрамын қабылдау
жетіледі (нысаны, түсі,
көлемі, кеңістіктегі орны). Бала тәрбиешінің
тапсырмасын басында үлгі бойынша, кейін өз еркімен орындайды (2-3
түсті шарлардан белгілі түсті таңдау және т.б.).
Сенсорлы
тәрбиелеу тапсырмаларды шешуде, түсі, формасы бойынша
ойыншықтарды, құралдар мен материалдарды таңдауда
маңызды рөл атқарады.
Бір белгілері
бойынша қарама-қарсы, бірақ басқаша жағынан
ұқсас (мысалға, бір түсті, бірақ көлемі
әртүрлішарлар) заттарды таңдауы тиіс. Сюжетті ойындр үшін
қуыршақтар және көлемі орташа бейнелі ойыншықтар,
ірі ыдыс-ақ жиынытығы, қуыршақ жиһазының
кейбір заттары (үстел,
орындық, керует) қажет. Балалар ірі және мықты
ойыншық жиһаздарға өздері отырып алады.
Жинақтама
ойыншықтарды дұрыс орналастыру: қуыршақтың жанына
көрпе қою және үстелге ыдыстарды жинап қою
және т.б. Бұл балаға ойын ойнауда бір емес, бірнеше заттарды
қолдануға көмектеседі, яғни ойынды қиындатады.
2 жылдың
соңында балалардың әрекетінде сюжетті ойындардың
элементтері байқалады. Ойында ойыншықты ғана емес, орнын
ауыстыратын нақты заттарды қолдана бастайды.
Балалардажүйке-психикасы дұрыс дамыған кезде бір-бірімен
қарым-қатынас жасау талабы қалыптасады.
Қарым-қатынас жасау элементтері ең алдымен, балалар
әрекетке түскенде пайда болады (теңдесін қайталау, онымен
ойнау – допты тебу).
Алайда
балалардың арасында төбелесу жиі туындайды, себебі балалар
сөйлей алмағандықтан, өз талаптарын түсіндіре
алмайды. Теңдесінің
ойыншығы төбелесудің себебі болуы да мүмкін.
Балаларды сүйіспеншілікке, нәзіктікке үйрету керек: басынан
сипау, балаға аяушылық таныту.
Өмірдің
2 жылында балаларда қозғалыстың басты түрі жүру
болып табылады. Бала одан үлкен
қажеттілікті сезінеді, сондықтан да ол балаға бағдарлай
алу мүмкіндігін береді. Төңірегіндегілерді кеңінен
бағдарлай алудағы баланың белсенді қозғалысы
психикалық іс-әрекеттің дамуынасебепші болады (сезіну,
қабылдау, көрнекі-әсерлі ойлау). Бұған
қоса, баланың жүруі аса автоматтандырылып, қолдың
белсенді әрекетіне алғышарт жасайды. Ол тепе-теңдікті
жоғалтып, құлап қалудан, қолға заттарды
алып, әкетіп жүруден қорықпайды.
Бос кеңістікті
қамтамасыз ете отырып, балада қимыл белсеңділігінің
әртүрлі түрлерін қалыптастыру үшін арнайы
құрал-жабдықтады алу қажет (баспалдағымен
төбешік, ылди алаңы және
т.б.).
Аяқ пен
қол қимылының үйлесімділігін дамыту үшін балалар
қолда таси алатын (ірі жұмсақ ойыншықтар,
қуыршақтар, себеттер), тесмамен сүйрейтін (машина), алдынан
итеріп сүйрейтін (сырғанау) ойыншықтар жиынтығы болуы
керек
Қимыл
белсендігін реттеу – бала дене дамуының маңызды жағдайы.
Қимыл
ойындарын міндетті жүргізу керек. Қимыл ойындары кезінде балалармен
сезінген қуану, таңқалу сезімдеріқимылды жақсы
меңгеруге себептеседі. Баланың жалпы дамуындағы маңызды
бағалылық әнмен сүйемелденген қимыл ойындарын,
ән ырғағында орындалтын қимылды, қимыл
үйлесімділігін, ырғағын тәрбиелеуге көмектеседі.
Гимастикамен айналысу белсенді қимылды қалыптастыруда маңыды
рөл атқарады.
Өмірдің 2 жылында белсені сөйлейді.
1-ші
жартыжылдықта сөзді түсіну аса қарқынды дамыса,
ал
2-ші жартыжылдықта белсенді сөйледі. Сөзді түсіну тез дамиды. Зат
және әрекет сөздерін бірнеше рет айтудан кейін, оны бала
қалай есте сақтағанын байқау жеткілікті.
Өмірдің 2 жылында балалардақарым-қатынас
қабілеті қалыптасады. Бұл заттар мен
құбылыстардағы жалпы ойдағы бөлінісі,
бұған негізделген олардың ой бірлестігі.Басында балалар
заттарды сыртқы айқын белгілері бойынша жалпылайды: кез келген
жұмсақ, үлпілдек ойыншықтарды мысық деп атайды.
Балаларда заттар мен
ойыншықтардың айырмашылығын жаттықтыруда
- ең алдымен таныстар
арасында үлкендермен айтылатын
затты тануды үйрету керек;
- сосын бөгде адамдар арасында;
- бір белгісі бойынша жақын
(көлемі, түсі);
- көп белгісі бойынша
ұқсастар арасында (бір түсті, бір көлемді
қоңыз және тасбақа).
Түсі, формасы,
ұзындығы, материалы бойынша ерекшеленетін біркелкі
ойыншықтардың топта бар болуы қарым-қатыныс
қызметтерін дамытуға көмектеседі.
Баламен
сөйлескен кезде үлкендер заттардың сипатты белгілерін
көрсетуі керек (құстар ұшады, доп сырғанайды
және т.б.).
Өмірдің 2 жылында жеке сөздерінің дамуы баяу болады..
1 жыл 6 айында сөздік қорында
барлығы 20-30 сөзғана болады.
Балалардыың сөзі
үлкендердің сөзіне ұқсамайды, оны автономды деп атайды. Бұл айтылыс жетілмеуінен
туындаған жеңілдетілген сөздер (би-би, сү (сүт)).
Жеке сөздердің пайда болуынан
қарым-қатынас мүмкіндігі артып, бұл сөздік
қорын кеңейтеді. 2 жылда 300 сөзге дейін жетеді.
Өмірдің 2 жылының
аяғында балалар 3-4 сөзден тұратын сөйлем
құра бастайды.
Баланың белсенді сөзі
үлкендермен қарым-қатынаста қажеттілік
туындағанда дамиды. Баланың ыммен, ишарамен көрсетілген
өтінішін қанағаттандырмау керек. Алайда оның мүмкіндігін есепке алу қажет.