Оразалина А.Р.
№ 42 «Тілек»
балабақшасының тәрбиешісі
Қазақстан.
Мектеп
жасына дейінгі балалардың тілінің дамуы
«Өзге тілдің
бәрін біл,
Өз
тіліңді құрметте»,
-
деп ұлы ақын Қадір – Әлі жырлағандай, өзге
тілді білу қажет, ал өз тілімізді одан да артық білген
жөн. Тәуелсіз елдің тірегі – білімді ұрпақты
тәрбиелеу.
Бала
тәрбиесі – баршамыздың ісі. Отбасыныңда,
балабақшаның да мақсат мүддесі, ол болашақ
ұрпақ тәрбиесі.
Тәрбиенің
негізгі құралы – тіл. Тіл – ұлт мәдениетінің
қайнар көзі.
«Ана
сүті бой өсірсе, ана тілі ой өсіреді», - демекші мектеп
жасына дейінгі кезіндегі балалармен сөздік жұмысын жүргізу
ісі, тіл дамудың негізгі бір міндеттері болып табылады.
Ой
– тіл қанаты. Тіл дамытудың негізгі міндеттерінің бірі –
балаларға сөздік жұмысын жүргізу ісі. Біз балалармен
сөздік жұмысын жүргізе отырып, балалардың тілін дамыту үшін мынадай талаптарды
орындау қажет:
·
Сөздің мәніне, көңіл күйге
әсерін байқай отырып, сөздік қорын байыту,
·
көркем сөздерді пайдалана отырып,
байланыстырып сөйлетуге үйрету;
·
ауызша сөйлетуіне мән бере отырып, ойын
әсерлі жеткізе білуге үйрету;
·
мәнерлі оқуға, өлең –
тақпақтарды нақышына келтіре оқуға, жаттап
алуға машықтандыру;
·
мәнерлеп оқу дағдыларын
қалыптастыра отырып, мәтін мазмұнын әсерлі жеткізе
білуге үйрету.
Тіл
– әлеуметтік рухани – адамгершілік, эстетикалық
тәрбиенің қайнар көзі.
Балалардың сөйлеу мүмкіншіліктерінің даму
барысында сөздерді, сөйлемдерді диалог, монолог үлгілерін қайталай беру жолымен
емес, жалпы белсенді түрде сөйлеу арқылы үйрету керек.
Мектеп
жасына дейінгі балалардың сөздік қорларын дамыту ісінде
мынадай жұмыс түрлерін жүргізіп отыруға болады:
1. Айналада бар, күнделікті өмірде пайдаланып жүрген
заттарды (киім – кешек, ыдыс – аяқ, тағам, үй
мүліктері) көрсету баланың қолына беріп, атын
сұрап айтқызу. Осы заттарды қайда, неден(ағаштан,
шыныдан, шыттан,жүннен, темірден т.б.)жасалатынын кімге, неге, не
үшін керек екенін ұғындыру.
2. Баланы белгілі заттардың атына байланысты сөздерден
сөйлем құрап айтуға үйрету.Мұндай суретті
сөздік атты кітапшада жеке заттар мен оларға байланысты іс –
әрекеттер көрсетілген. Бала суреттен үйдегі затты
көрсетіп, бірден атын атаса, екіншіден сол заттардың
көмегімен жасалатын іс – әрекеті, оның ерекшелігі туралы
сипаттама айтуға жаттыға бастайды.
3. Балалар сөзді , сөйлемді дұрыс айтуға үйрене
бастаған соң, шағын әңгіме
құрастыруға дағдылану керек.
·
Баланың
бақылау кезінде көргендері жайлы жетекші сұрақ беріп
әңгімелеу;
·
Ойыншықтары, жақсы көретін кітабы
жайында әңгіме айтқызу.
·
Оқылған ертегі, әңгіме
мазмұнын сұрап, әңгіме желісін бұзбай айта білуге
үйрету.
·
Жеке заттық атауларды білдірумен қатар киім,
мал, төл, ағаш, тамақ, жеміс – көкөніс т.с.с.
жалпы ұғымды білдіретін сөздерді түсіндіру.
Белгілі грамматикалық формаларды
дұрыс қолданып, сөйлей білуге үйрету: ішінде,
үстінде, астында, қасында, артында, ортасында, шетінде деген
сөздерді сөйлем ішінде қолдана білуін қадағалау.
Ол үшін балаға сурет көрсетіп әңгімелескенде,
нақтылы бір жұмыс түрін орындатқанда, ойын кезінде
мынадай сұрақтар беруді ұмытпаған жөн.
·
Қуыршағың қайда отыр?
(үстелдің немесе диван, орындықтың қасына
қойып)
·
Кітап қайда тұр? Немесе балалардың
ойыншығын жасырып қойып, тапқызу т.б. ол жөнінде
сұрап әңгімелесу.
·
Затты жекеше, көпше айтуға үйрету:
қуыршақтар, кітаптар, ойыншықтар , Кімнің?,
Ненің? Кімдікі? – деген сұрақтарға жауап ала
отырып, тәуелдік, жалғаулар
жалғап айта білуге
жаттықтыру.
Сондай-ақ,
ойын – балалар үшін айналадағыны танып, білу тәсілі. Ойын бала тілінің дамуына ықпалын
тигізіп, таным белсенділігінің дамуына жол ашады. Баланың білуге
деген құштарлығы, сөйлеуі ойын үстінде
қалыптасады.
Ойындар
мазмұнына қарай, өзіне тән ерекшеліктеріне қарай
сюжетті – рөлді, драматизациялық, дидактикалық
құрылыс материалдары, қимылды ойындар, ұлттық
ойындар болып бөлінеді.
Ойын
балалардың тілге деген қызығушылығын арттыруы
тәлім . Ойын барысында тілі де
нанымды және сенімді шығады.
Тіл
дамыту ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде
драматизацияланған ойындар балаларға керекті сөздер мен
сөйлемдерді меңгеруді, интонацияны дұрыс пайдалануды,
оқытуды дамытуда көп әсерін тигізеді. Бұл ойын
түрі басқа ойын түрлеріне қарағанда
күрделірек. Себебі, ол ертегілерден және әдеби
шығармалардан құралады. Рөлдік ойындарды
меңгергеннен кейін балалар бұл ойынның түрін тез
меңгереді. Осы ұсынылып отырған ойын түрлері
балалардың тілге деген қызығушылығын арттырып,
оқу – тәрбие үрдерісін іске асыратын ұтымды бір жолы.
Дегенменде,
тіл дамыту жұмыстарын қазақ халқының
ғасырлар бойы жинаған ауыз әдебиеті негізінде
ұйымдастыру тиімді тәсілі. Өйткені ұрпақтан
ұрпаққа мұра болып келе жатқан халық шығармашылығы:
·
ғажайып ертегілер
·
мақал - мәтелдер
·
жұмбақтар
·
жаңылтпаштар тәрбие әліппесі, өнер көзі болып табылады.
Тіл
мәдениетіне тәрбиелеуде жұмбақтар үлкен рөл
атқарады, жұмбақтар баланы
байқағыштыққа, тапқырлыққа баулып, ой
– қиялын ұштастыруға көп әсер етеді.
Жаңылтпаштар
кез – келген тақырыпта тіл ұстарту, сөздің дыбысталу
нақышын дұрыс, тез, шебер айта білуге жаттықтырады. Айта
алмайтын дыбыстарын тез айтуға үйретеді.
Жаңылтпаштарды
халық бала псиологиясы мен тілінде болатын мүкістерге байланысты
шығарған. Тілі шыға бастаған жас бөбекпен, тілі
шыққан балдырғандардың тілінде көбінесе «Р»
дыбысы мен «И» дыбысын, «Ш» дыбысын «С» дыбысымен шатастыру байқалады. Әсіресе, тілдің
алдыңғы дірілмен айтылатын «Р» дыбысын айту алғаш
көптеген бөбектерге қиын сияқты болып көрінеді.
Сондықтан жаңылтпаштар да, көбінесе сол «Р» дыбысы мен «И»
дыбысын қатар айтуға құрылған.
Мақалдар
– нақыл, өсиет түрінде айтылатын ой түйіндері, сөз мәйегі.Тіл ұстарту, тіл
ширату балаларға мақал, мәтел туралы түсінік беріліп,
оларды қолданудың қажеттілігі туралы айтылады.
Қазақ
халқы – сөз қадірін біліп, қасиетті сөзді
қастерлеп, аузынан тастамай, өнеге ретінде данышпандығын
өлең өрнектермен өрнектеп, терең мағыналы
сөздермен зерлеп келе жатқан халық. Яғни, балаларға
тақпақ жаттатқанда дұрыс ырғағы мен бет
құбылыс арқылы әрбір сөздің мән –
мағынасын тыңдаушыға әсерлі жеткізу, толық
ұғындыру
Мектеп
жасына дейінгі балалар түсінгенін, қабылдағанын, естігенін,
қиялын, ойын тіл арқылы білдіреді.
Жоғарыдағыларды
зерделей келсек, бала болашағы бір отбасының ғана емес,
бүкіл қоғамның, халықтың, бір
ұлттың бүгіні мен ертеңін жалғастыратын алтын
көпірі, асыл мұраты іспеттес.
Ана
тіліміз, қасиетті қазақ тілі – аса бай, оралымды сұлу
тіл. Тіл – адамның өмірлік
қажетін өтейтін қатынас құралы.
«
Бала тілі – бола алмаса ана тілі,
Ана тілі бола алмайды ешқашан» - деп
ақын Қ. Мырзағалиев айтқандай ақыл –
өсиеттерді санада ұстап, өз ұрпағымыздың
бойына тіл мәдениетімізді, сөз әдебін дарыту.
Тіліміздің тағдыры – өзіміздің тағдырымыз. Ол
халық тарихымен бірге жасап, ұрпақтан –
ұрпаққа қатынас құралы ретінде қызмет
етеді. Сонда ғана ана тіліміз өз тұғырына берік
орнайды.
Әдебиеттер:
1. Табылдиев
Ә. Халық тағылымы. Алматы: Қазақ университеті,
1992
2. Журнал «Бала
тәрбиесі» №10. 2012
3. Журнал
«Тәрбиеші» , №3.2012