Инновациялық білім беру жоғары спаның
кепілі
Жұман С.Ә т.ғ.к., асс
профессор
Өркениеттi қоғамды
құрудағы мемлекеттiң қалыптасуы алдымен
өскелең ұрпақтың еркiн ойлай бiлуi мен
шығармашылығы, кәсiби бiлiктiлiгi мен бiлiмiне байланысты
болмақ. Білім
технологиялары мен бағдарламаларын бағалау негізінде білім сапасы
ұғымы жатыр. Бұл
термин қазіргі білім
саласында кеңінен қолданғанымен, бұл
ұғымның
мәнісі мен маңызы осы кезге дейін
ғылыммен де, практикамен де, білім
әкімшілігімен де, педагогикалық қоғамдастықпен де
ашыла қоймаған.
Философиялық
сөздік сапа категориясына мынадай түсінік береді. Сапа
заттың мәністік анықталуы, осы қасиетімен ол басқа заттардан ерекшеленеді. Заттың сапасы
оны біртұтас қамтитын айнымас бөлігі.
Сапа, әдетте заттың бөлек, жеке қасиеттерін анықтамайды. Сол себепті
сапа ұғымы зат болмысымен тығыз байланысты. Зат өзінен – өзі
сапасын жоғалтуы
мүмкін емес.
Міне, осылай
«білім сапасы» сөз тіркесінде
неғұрлым
күрделі іс «білім»
терминінің мәнін ашып көрсету. Бүгінде, елімізде соңғы он жылда түбегейлі өзгерістерден
кейін білім жағдаяты да күрделі түрленуден өтті.
Ұғымның
мәні қалай өзгерді екен? Бір жағынан, білім мекемелер, мектеп, институттарда
бұрынғыдай балалар мен
жастар білім алуда, ал, екінші жағынан, осы мекеме түлектері мүлде
басқа кейіпте, және
бұл
өзгерістің
себебі жеткілікті дәрежеде білімдегі
өзгерістермен шартталады.
Сол себепті білім мәселесі тиянақты талдауды талап етеді.
Соңғы он жылдықта білім сарапшылары «сапа» сөзін жиі қолданады.
Сапаны бақылап отыру
білім мекемелерінің білімнің негізгі
құндылықтары:
ақиқатты еркін
іздену мен білімді
ниетімен таратуды сақтап қалу
үшін қажет. [1,2]
Білім сапасы көп
жағдайда білім нәтижелері мен қойылатын талаптардың өзара
сәйкес келуінің өлшемі ретінде түсіндіріледі. Алайда, нәтижелерді сәйкестендіретін талаптардың қайдан
алынатынына, осы талаптар
мен білім сапасының интегралды сипаттамалары қандай екеніне талдау жүргізсек, көптеген
дәлсіздіктерге кездесеміз.
Айырмашылық, ең алдымен,
білім мақсаты мен
мәнісі әркелкі түсінуден туындайды.
Көпшіліктің
ұйғаруынша, білім-
білік, ептілік, дағдыны
үйретудің
тәсілі мен үрдісі.
Осындай түсінік ұстанымынан білім мақсаты «әлеуметтік тапсырыспен» түсіндіріледі, кәсіптік білім сапасы
практика талаптарына сай
бағаланады. Мұндай
баға
тұтынушылық
ұстанымға тән осындай
көзқарас
материалды өндіріс саласында оң көрсеткіш
танытқанмен, білім
саласына жат нәрсе.[2]
Соңғы кезде жоғары білім
саласында
тұлғаға – бағдарлы ыңғай
кеңінен таралуда. Оның мәнісі - білім, білік, ептілік,
дағдыны үйрету тәсілі емес,
тұлғаның
даму әдісі ретінде
қарастырылады. Тұлға
еркін шығармашыл іс- әрекет субьекті деп
танылады. Мұның
өзі адамды өз
дамуын
құндылық ретінде қарастыруға бағдарлайды.
Адамның шығармашылық әрекет субъекті ретінде қалыптасуы оның
дамуының басты желісін
құрайды. Білім
осы дамуда шешуші рөл
атқарады.
Білім алу
үрдісі кезінде жас кезеңдеріне сәйкес адамда белгілі бір
әрекет түрлері мен
қабілеттер
қалыптасады. Мұндай
білім нәтижелері
әрекеттену тұрғысынан білім
сапасын белгілі бір жас кезеңдегі тұлға дамуы
нәтижелерінің мәдениет аясындағы осындай даму
мүмкіндіктеріне сай келуінің өлшемі деп тануға болады.
Осы
тұрғыда кәсіптік білімнің сапалық интегралды өлшемін
адамның еңбек әрекетінде өзін іске асыруына
қабілеттілігін көрсетеді. Бұл өлшем түрі
іс-әрекетке қабілет танытудың үш критерийінің
(кәсіптік, иновациялық, өзін-өзі дамыту) жиынтығы
ретінде анықталады.
Соңғы кезде елімізде тауар мен қызмет сапасына деген
талап арта түсті. Ең алдымен, бұл жай
бәсекелестіктің жандануымен түсіндіріледі. Мұндай
бәсекелестікке себептер – экономикалық байланыстардың
кеңеюі, нарық экономикасы жағдайындағы жақын
және алыс шет елдер арасында тауар жеткізудің артуы.
Осыған байланысты өндіріс үдерістерін
жетілдірудің түрлі құралдары кеңінен пайдалануда,
оның ішінде, сапа негізінде жалпыға ортақ басқару ұстанымдары
жүзеге асуда.
Бұл жайдың өзі өндіріс компаниялары үшін
жаңа стратегия ғана емес, күн көрудің
қажетті құралы.
Алайда
соңғы он жылдың тек өндіріс үшін ғана емес,
білім саласы үшін де дамудың жаңа жолын іздестірудің
уақыты болып табылады. Бүгінгі білім саласының
қызметкерлерінің көбі білім сапасы идеясын оқу
орнының жоғарғы бәсекелестігіне, оңтайлы
ұйымдасуына кепілдік беретін басты ғылыми тұжырымдама ретінде
қабылдап, білім әрекетінің әлемдік нарығына
халқаралық стандартқа сай жоғары білікті мамандары
шығаруға мүдделі.
Кез
келген әрекетте табысқа жетудің негізгі ұстанымы –
тұтынушыға бағдарлану. Тұтынушыны
анықтаудың өзі барлық ұйымдарда сапа
жүйесін ендірудің сыни қадамы.
Алайда,
жоғары білім басқа қызмет сапаларынан ерекше екенін
ұмытпаған жөн, себебі студенттер – тек қана «тауарды
тұтынушы» емес.[3]
Жоғары білім – пайда түсіретін көп тұлғалардың ұзақ мерзімді
инвестициялары.
Студенттер, алғашқылар болып тапқанмен, оны кешірек
өзінің өндірістік іс – әрекеті барысында
қанағаттануын да сол кезде ғана өлшеп – сынауға
болады. Оқу орны сапа жолына түспестен бұрын, ол алдымен
қазіргі жоғары білімнің реалистік үлгісін
қабылдауы қажет. Бұл үлгіде студент – өнім, ал
жұмыс беруші – тұтынушы.
Әрбір ЖОО жеткізуші рөлінде болып, мүдделі
тұлғалардың бес негізгі «субьект топтарын» емденеді:
1)
Берілген ұйымның өнімін қызметін тұтынушы
(ЖОО үшін бұл студенттер, мемлекет).
2) «Шикізат» жеткізуші (мектептер, колледждер
және т.б.)
3) Персонал
(ПОҚ, ғылыми құрам, қызмет көрсету
персоналы)
4) Жоғары
тұтатын ұйымдар (ҚР Білім Министрлігі)
5) Әлеуметтік
инфрақұрылым (аудан, қала, республика)
Қорыта айтқанда сапа
жүйесінің басты міндеттерінің бірі – аталған
топтардың әрқайсысының шынайы
мұқтаждығын тепе –
теңдікке қол жеткізіп, оны орнықтыру мақсатында
анықтап, зерделеу бүгінгі күннің қажеттілігі. Міне,
осылай білім сапасын қамсыздандырудың теориялық негіздерінің негізгі заңдылықтарын
ұғынудың өзі педагогтың мәдениетін көтеріп, оқу үрдісінде кәсіптік, иновациялық,
өзін-өзі дамытудың тиімді жолдарын қалыптастыруға
бағдарлайды.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1.
Панасюк В.П. Системное
управление качеством образования в школе. -
С-Пб- М., Издательство Российского государственного педагогического
университета им. А.И. Герцена, 2000, - 240 с.
2. Симонов
Л. В., Ершов П.М. Темперамент. Характер. Личность.-М., 1984 .
3. Лебединская
Н.А. Инженерная педагогика: Учебное пособие. - Новосибирск, 1998. - 265 с.